Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТехПр / vtpo.doc
Скачиваний:
104
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
845.82 Кб
Скачать

3. Пәннің атауы: Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері

Пререквезиттер: «Информатика», «Алгоритмдік тілде программалау», «Деректер қоры», «Компьютерлік модельдеу»

Постреквизиттер: «Объектілі-бағытталған жүйелер» және басқада арнайы курстар.

Курстың мақсаты мен міндеттері - ақпараттардың және басқару жүйелерінің теориялық негізін, ұйымдастырылған және интеграцияланған жүйелердің басқару принциптерін белгісіздік, көп критерилік шарттарын шешім қабылдау тәсілдерін меңгеру, сонымен қатар басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелерін жобалау метологиясын және қамтамасыз ететін ішкі жүйелерді өңдеуді меңгеру.

Интеграцияланған және ұйымдастырылған басқару принциптерін, жүйелік анализді, жүйенің тиімділік критерилерін құру принциптерін, басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелерін логикалық және концептуалды жобалау метологиясын білу қажет.

Басқару мен ақпататты өңдеудің компьютерлік жүйелерін үлкен және кіші жобалау этаптарында компьютерлік ақпаттық және басқару жүйелерінің теориясының талдау тәсілдерін қолдана білуі керек.

Басқару мен ақпататты өңдеудің компьютерлік жүйелерін математикалық, ақпараттық, лингвистикалық, программалық, техникалық, ұйымдық және заңмен қамтамасыз ету автономды ішкі жүйелерін жобалай білуі керек.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Жүйе және жүйелік талдау. Негізгі түсініктер мен аныктамалар. Жүйенің құрылымы мен оны талдау. Жүйелік талдау. Ұйымдасқан жүйелердегі басқару. Ұйымдасқан жүйе түсінігі. Екі деңгейлі ұйымдасқан жүйе құрылымы. Ұйымдасқан жүйелер іс-әрекетінің механизмдері. Компьютерлік жүйелердің жіктелінуі мен оларды жасау принциптері. Негізгі ұғымдары. Компьютерлік жүйенің өнімділігін және мүмкіншілігінің жалпы дамуы факторы. Компьютерлік жүйелердің құрастылылымы және жіктелуі. Компьютерлік жүйелердің жіктелуі. Компьютерлік жүйелерді жасау принциптері. Компьютерлік жүйелерді жабдықтау компоненттері. Компьютерлік жүйенің өмірлік циклі. Жоба түсінігі, жіктеу және негізгі этаптары. Компьютерлік жүйенің өмірлік циклының модельдері. Каскадты модель. Каскадты модель бойынша жасалудың негізгі этаптары, артықшылығы, кемшіліктері. Өмірлік циклдың спиральдік моделі, артықшылықтары және қолдану кезінде пайда болатын проблемалар. Компьютерлік жүйелерді жасаудың технологиясы мен әдістемесі. RAD әдістемелігі, шектелуі. Визуалдық программалау. Оқиғалық программалау.Мәліметтер қорын өңдеу әдістемесі. Мәліметтер қоры жайлы негізгі мәліметтер. Реляционды мәліметтер қорының негізгі түсініктері. Қатынастардың негізгі ерекшеліктері. Компьютерлік жүйелерде шешім қабылдау әдістері. Компьютерлік жүйедегі адамның ролі. Сценарийлер әдісі.

Бағдарламаның жетекшілері: Әйтімова Ұлзада Жолдасбекқызы

Еңсебаева Гүлзат Мұратбайқызы

Пәннің атауы: Технологиялық процестерді басқарудың ақпараттық жүйелері

Пререквезиттер: «Информатика», «Операциялық жүйелер», «Ақпараттық технологиялар»

Постреквизиттер: «АЖ программалық қамтамасыз ету»

Пәнді оқыту мақсаты-студенттерді ақпаратты автоматты түрде өңдеуді және басқаруды қамтамасыз ету мәселелерімен таныстыру, ақпараттық- технологиялар теориясы мен оны қолдану принциптері және тиімділігін бағалау әдістерін үйрету.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай білім және дағдыларды қалыптастыруы тиіс:

  • Ақпараттық-технологияларды басқару процестеріне қолдана білу;

  • Ақпараттың тиімділігі мен сапасын бағалайтын әдістерді білу;

  • әрбір компьютерлік жүйеге ақпарат қауіпсіздігінің автоматтандырылған ішкі жүйесінің кірістірілу мүмкіндігінің бар екендігін оқып-білу;

  • компьютерлік жүйелердің аппараттық және программалық құралдарына қойылатын талаптарды ақпаратты қорғау тұрғысынан сипаттай алу.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Кіріспе раттық жүйелердегі технологиялық процестерді басқару» пәні және оның мазмұны. Ақпараттық технологиялар туралы негізгі түсініктер, ұғымдар мен терминология.

Автоматтандырудың, ақпараттандырудың және басқарудың негізі. АЖ-ді модельдеу және сипаттау. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және басқару технологиялары.Ақпараттық жүйелердің тиімділігі және сапалық бағалау әдістері, модельдері, критерилері мен көрсеткіштері.Жобаларды басқаратын автоматтандырылған ақпараттық технологиялар және бизнес процестерді модельдеу.Мамандардың автоматтандырылған жұмыс орны және электронды офистің ақпараттандырылған технологиясы. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі және компьютерлік жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі.Есептеуіш желілер және жүйелер.Ақпараттық жүйелердің құрылымдық ерекшеліктері. АЖ типтері, қасиетітері, құрастыру спецификалары.Компьтерлік жүйелердің және ақпараттық технологиялардың апараттық құралдары.Жобаларды басқару әдістері негізінде АЖ құрастыру. АЖ модельінің өмірлік циклі.АЖ құрастырудағы жаңаша әдіснамалар және технологиялар, стандарттар мен әдістемелер.Деректер қоры және деректер қоймасын басқару жүйесі. Берілгендердің реляциялық моделі құрылу принциптері. CASE технологиялар негізінде ДҚ құрылымын жобалау.Интернет: функциялары, принциптері, коммуникациялар. Интернеттегі сауда және финанстық жүйелер.

Бағдарламаның жетекшілері: Әйтімова Ұлзада Жолдасбекқызы

Мырзаев Раматилла Сулейменович

Бексейтова Айнұр Болатбекқызы

4. Пәннің атауы: Динамикалық жүйелерді тәжірибелік модельдеу

Пререквезиттер:«Математикалық талдау», «Программалау технологиясы», «Компьютерлік

модельдеу»

Постреквизиттер: «Математикалық программалау»

Пәнді оқыту нәтижежінде - динамикалық жүйелерді тәжірибелік модельдеуді үйренеді. Matlab, MathCad, Maple модельдеу пакеттері арқылы модельдеу. «Жыртқыш – құрбан» экожүйесінің математикалық модельдері. екі түрден тұратын «Жыртқыш – құрбан» экожүйесінің математикалық моделі. көп түрлі экожүйенің математикалық моделі. есептің математикалық модельдерін сапалық зерттеу, үш түрден тұратын экожүйе есебінің стационар шешімдері.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

«Жыртқыш – құрбан» экожүйесінің математикалық модельдері. екі түрден тұратын «Жыртқыш – құрбан» экожүйесінің математикалық моделі. көп түрлі экожүйенің математикалық моделі. есептің математикалық модельдерін сапалық зерттеу, үш түрден тұратын экожүйе есебінің стационар шешімдері. екі түрден тұратын экожүйенің толықтырылған моделі және оның орнықтылығы. өп параметрлі жоғарғы ретті динамикалық жүйенің дербес шешімдері. жүйенің теңдеулері және олардың дербес шешімдері.

Математикалық модельдеу пакеттері: Matlab, MathCad, Maple. Бағдарлама интерфейсі. Математикалық модельдерін құру әдістері. MathCad- та «Жыртқыш - құрбан» экожүйесін модельдеу.

Бағдарламаның жетекшілері: Төрешбаев Әбділда Төрешбайұлы

Махамбаева Индира Өтепбергенқызы

Мырзахметова Сағыныш Ертайқызы

Пәннің атауы: Динамикалық жүйелердің орнықтылығы

Пререквезиттер:«Математикалық талдау», «Физика», «Программалау технологиясы»

Постреквизиттер: «Компьютерлік модельдеу», «Математикалық программалау»

Пәнді оқыту нәтижежінде - динамикалық жүйелердің орнықтылығын зерттеу әдістері мен түрлерін зерттейді. Matlab, MathCad, Maple модельдеу пакеттері арқылы жүйенің орнықтылығын зерттеу. Орнықтылық туралы жалпы түсінік. Динамикалық жүйлер. І жуықтау бойынша орнықтылық. Жүйенің сызықты шешімдерінің орнықтылығы. Орнықтылық теориясының есебін шешу әдістері. Ляпунов жүйелері.

Бағдарламаның қысқаша курсы:

Орнықтылық туралы жалпы түсінік. Динамикалық жүйлер. І жуықтау бойынша орнықтылық. Жүйенің сызықты шешімдерінің орнықтылығы. Орнықтылық теориясының есебін шешу әдістері. Ляпунов жүйелері. Бір бос дәреже жағдайы үшін Ляпунов жүйесі. Жүйенің ауытқу қозғалысының теңдеулері. орнықтылық теориясының негізгі теоремалары. Көп параметрлі динамикалық жүйелердің кеңістіктегі шешімдерінің орнықтылығы. консервативті жүйедегі айнымалылардың орнықтылығы.

Математикалық модельдеу пакеттері: Matlab, MathCad, Maple. Бағдарлама интерфейсі. Математикалық модельдерін құру әдістері. MathCad- та «Жыртқыш - құрбан» экожүйесін модельдеу.

Бағдарламаның жетекшілері: Төрешбаев Әбділда Төрешбайұлы

Мырзахметова Сағыныш Ертайқызы

Бексейтова Айнұр Болатбекқызы

Соседние файлы в папке ТехПр