Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТехПр / vtpo.doc
Скачиваний:
104
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
845.82 Кб
Скачать

1. Пәннің атауы: Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету

Пререквезиттер: «Информатика»

Постреквизиттер: «Операциялық жүйелер», «Бағдарлама әзірлеудің құрал-жабдықтары»

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету» пәні – жүйелік бағдарламалардың қызмет ету принциптерін, негізгі сипаттамалары мен қолдану облыстарын зерттейтін пән.Курсты оқып білу нәтижесінде студент операциялық жүйелер жайлы толық мәлімет алып, оларды құру және қызмет ету принциптері мен құрылымдарын зерттеу нәтижесінде операциялық жүйе түрлерінің арасындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін ажырата біліп, тәжірибелік мысалдармен көрсете білуі керек. Бұл пән бойынша 15 сабақ - лекция, 15 практикалық сабақ, 30 лабораториялық сабақ түрiнде өткiзiледi. Сонымен қатар пән бойынша 18 сағат оқытушы қатысуымен өзiндiк жұмысты орындау (ОСӨЖ) сабақтары ретiнде қарастырылған.

Лекциялық сабақтар пәннiң теориялық негiздерiн оқытуға, практикалық сабақтар лекциялық материалды бекiту және курс бойынша басқа мәселелердi қарастыруға арналады. Пән бойынша бақылау сұрақтары лекциялар жинағында әрбiр лекцияның соңында көрсетiледi. Компьютерлiк кластарда өткiзiлетiн лабораториялық сабақтарда студенттердің берiлген жеке тапсырмаларды өз бетінше орындап, операциялық жүйе түрлерінің қыр-сырын меңгеру үшін арналады. Лабораториялық сабақтарды орындауға қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар және жеке тапсырмалар сабақ кезiнде берiледi.ОҚӨЖ сабақтары сабақтан тыс уақытта (жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес) өткізіліп, студенттердің өткен тақырыптар немесе курстың түрлі сұрақтары бойынша оқытушыдан қажетті кеңестер алуына арналады.

Бағдарламаның жетекшісі: Әйтімова Ұлзада Жолдасбекқызы

Иманова Жанар Умирбековна

Пәннің атауы: Жүйелік бағдарламалау

Пререквезиттер: «Информатика»

Постреквизиттер: «Операциялық жүйелер», «Бағдарлама әзірлеудің құрал-жабдықтары»

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Жүйелік бағдарламалау» пәні студенттерді ыңғайлы, көрнекі алгоритмдік жабдықтауға үйрету, берілгендердің түрлі құрылымдарын модельдеу және бағдарламалауды кез келген есептеу класына пайдалануды үйрету болып табылады.

Бағдарламаның жетекшісі: Ким Светлана Трофимовна

Мырзаев Раматилла Сулейменович

Еңсебаева Гүлзат Мұратбекқызы

2. Пәннің атауы: Динамикалық жүйелерді зерттеу әдістері

Пререквезиттер: «Жоғары математика», «Компьютерлік модельдеу»

Постреквизиттер: барлық арнайы пәндер

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жүйелерге қатысты ғылыми және қолданбалы аспектілерін зерттеу заңдылықтары. Жүйенің және системотехникалық теориясы (мәселерері, мазмұны әдістері). Модельдердің түрлері, операциялық модельдері, зерттеу операциясының жабдықтары мен принциптері, негізгі түсініктері. Операцияның детерминделген модельдері. Математикалық программалау есебінің қойылуы және классификациясы. Сызықтық программалау есебінің практикалық маңызы. Динамикалық программалау есебі. Желіні есептеу әдістері мен сандық көрсеткіштері.Операцияның ойын моделдері. Басқарудағы ойын теориясын қлдану принцептері.

Бұл курс бойынша 10 лекциялық , 10 практикалық, 10 лабораториялық сабақтар және оқытушының қатысыуымен студенттердің өзіндік жұмысы үшін 30 сабақ. Лекциялық сабақтар пәннің теориялық негізін қалыптастырады. Практикалық сабақтарда өтілген тақырыптар бойынша есептер шығарады және өздеріне берілген жеке тапсырмаларды орындайды.

Бағдарламаның жетекшілері: Төрешбаев Әбділда Төрешбайұлы

Махамбаева Индира Утепбергеновна

Мырзахметова Сағыныш Ертайқызы

Пәннің атауы: Сызықты емес жүйелерді зерттеу әдістері мен модельдері

Пререквезиттер: Математикалық талдау, Алгебра және геометрия

Постреквизиттер: Автоматты басқару жүйелері

Бағдарламаның қысқаша курсы: Кіріспе. Фазалық кеңістік әдісі.Сызықты жүйелер. Ляпунов – Пуанкаре әдісі. Басқару есептерін шешу әдістері. Периодтық шешімдердердің бар болу шарттары. Ван – дер Поль әдістері. Автономды емес жүйелерді шешудің Малкин әдісі. Орнықтылық және стационар нүктелерді зерттеу. Асимптотты интегралды алгоритм. Ляпунов жүйесі. Канондық түрге келтіру мысалдары. Жәй түбір жағдайы. Квазисызықты теория. Каменков әдісі. Екінші ретті біртекті жүйелер. Сызықты емес жүйелер. Кез – келген ретті сызықты теңдеулерді шешу.

Бағдарламаның жетекшілері: Төрешбаев Әбділда Төрешбайұлы

Махамбаева Индира Өтепбергенқызы

Мырзахметова Сағыныш Ертайқызы

Соседние файлы в папке ТехПр