Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаа кіріспе дифзачет.docx
Скачиваний:
337
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
256.44 Кб
Скачать

Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту, төсектегі қалпы

Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың белсенді, белсенді емес, мәжбүрлік қалпын ажыратады. Белсенді қалыпта науқас төсектегі өз қалпын емін-еркін өзгерте алады және жүре алады. Белсенсіз қалыпта науқас өздігінен қозғала алмайды. Мысалы зілді мертігулерде, жаралануда, сал болып қалғанда және т.б. Мәжбүрлік қалып дегеніміз науқастар ауырсынуын жеңілдету мақсатында қабылдайтын қалып. Мысалы, ортопноэ - қан айналымының жетіспеушілігі бар науқастардың аяқтарын төмен түсіріп, отыруы, бұл кезде қан аяк көк тамырларында жиналады да өкпедегі кан іркілуі азаяды, ентігу біраз әлсірейді. Науқастың қалпы әрдайым оған тағайындалған қозғалу тәртібімен сәйкес келе бермейді. Науқастың белсенділік тәртіптері: 1. Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уакытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас  шалқасынан жатады, тек майда буындарын қозғалтуға рұқсат етіледі, күтімді толығымен мейірбике жүргізеді. 2. Төсектік (аурудың жеделдеу сатысында тағайындалады), науқас жатады, төсекте бұрылуға, ірі буындарын қозғалтуға болады, жартылай өзін өзі күтім жүргізуге рұқсат етілуі мумкін. 3. Палаталық, науқас уакытының көбін төсекте өткізеді, палатада жүруге болады, палатадан тыс шығуына болмайды, жекелей немесе топты ЕШК жаттығулары аздаған салмақ түсірумен палатада жүргізіледі, толығымен өзін- өзі күтеді. 4. Жалпы, уақытынын көбін жүрумен өткізеді, барлық емге баруына болады, топты ЕШК жаттығулары аз және орташа салмақ тусірумен арнайы залда жүргізіледі, толығымен өзін - өзі күтеді, далаға шығуға болмайды. 5. Аялағыш-жаттықтырғыш, күндізгі уақытта төсекте жатуына болмайды (тыныштық сағаттарынан басқа уақытта), ЕШК жаттығулары тек топты тәсілмен орташа және үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі, еңбекпен емдеуді тағайындауға болады, далада серуендеуге немесе жаттығуға болады, спорт ойындарының элементтері тағайындалады.

Шипажайлық емге жаттықтырғыш тәртіп колданылады. Науқас мекеменін барлық шараларына қатысады, ЕШК жаттығулары үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі. Науқастардың медициналық, тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіптік реабилитациясы мақсатында қалпына келтіру шараларының неғұрлым толық бағдарламасы тағайындалады.

Науқастың белсенділік тәртібі

Науқастың белсенділік тәртібі науқастың ауыр-жеңілдігіне байланысты бөлінеді:

  1. Жалпы

  2. Жартылай төсекті

  3. Төсекті

  4. Қатаң төсекті

1. Егер науқас адам өз бетінше жүріп-тұра алатын болса және өз аяғымен дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен кездесуге  шамасы келсе мұндай тәртіпті жалпы төсекте жату тәртібі деп атайды. 2. Егер дәрігер науқас адамға сырқатының ауырлығына байланысты көп  қозғалуға рұқсат етпесе, тек қажет болған жағдайда ғана қозғалуға, дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен кездесуге рұқсат етілсе мұндай тәртіпті жартылай төсекте жату  тәртібі деп атайды. 3. Егер науқас адамның тек өз төсегінде ғана қозғалуына рұқсат етіліп, басқа  артық қозғалыс жасауына рұқсат етілмесе мұндай тәртіпті төсекте жату  тәртібі деп атайды. 4. Егер науқас адамның өз төсегінде жатып қозғалуына рұқсат етілмесе (етпетінен, бір қырынан, отыруына) мұндай тәртіпті қатаң төсекте жату  тәртібі деп атайды. Төсек тартып жатқан науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі бар. Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:

  1. Белсенді

  2. Енжарлы

  3. Мәжбүр 

Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады. 

Енжарлық қалып – науқас қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды. 

Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі: 

Ортопное- өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды.  Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады. Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән. Амалсыз ішінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән. Арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард инфарктісінде қолданылады.

Науқастың төсектегі дене қалыптары :

1. Фаулер қалыпта жату – науқас жастықсыз кереуеттің ортасына арқасымен немесе шалқасынан жатады. Функционалды кереуеттің бас жағын 45-60˚С жоғары көтеру керек немесе үш жастықты бір-біріне қою керек. Жоғарғы Фаулер жағдайы – 90˚С, ал төменгі Фаулер жағдайы -30˚С-қа көтеру керек. Фаулер қалыпта жатуды - өкпе, жүрек демікпесінде, гипертониялық кризде, тері ойылуда қолдануға болады (сурет). 2. Симс қалыпта жату – науқасты бір қырынан жатқызу керек.Төменгі қолы арқасына қарай созылып, ал екі аяғы жеңіл тізесінен бүгіледі. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгіліп, төменгі аяғы төсекте созылып жатады. (сурет). 

Науқасты Фаулер қалпында жатқызу

Мақсаты: төсекте науқасты жартылай отыру қалпымен қамтамасыз ету.

Іс-әрекет

Негізделуі

1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын,  іс - әрекеттерді түсіндіру

Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады.

2. Науқастың келісімін алу

Пациент құқықтарын сақтау қамтамасыз етіледі

3. Кереуеттің бас жағын 45-60°С бұрышқа көтеру

Тамақтануға, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға ыңғайлы жағдай жасалады.

4. Науқастың басын төмен жастыққа қою

Мойын омыртқаларының бүгу контрактураларының алдын алу қамтамасыз етіледі.

5. Науқас қолының астына жастық қою

Қолдың салмағының төмен тарту нәтижесінде болатын иық буыны капсуласының тартылуын, буынның шығып кетуін болдырмау қамтамасыз етіледі 

6. Бел аймағы астына жастық қойыңыз

Омыртқаның бел аймағына салмақ түсірмеу қамтамасыз етіледі 

7. Науқастың қабырғалары астына кішкене жастықша қойыңыз

Салмақ әсерінен тізе буындарының шектен тыс жазу, тізе асты артерияларының қысылуын болдыр-мау қамтамасыз етіледі. 

8. Балтырдың төменгі 1/3 аймағына кішкене жастықша қойыңыз.

Матрастың табанға қысымын ұзақ болдырмау қамтамасыз етіледі

9. Аяқ астына 90°С бұрышта тіреуіш қойыңыз.

Аяқтардың “салбырап” қалуын болдырмау.

Науқасты жоғары арқасымен жатқызу

Мақсаты: Науқастың арқасымен мәжбүрлі жату қалпы.

Іс-әрекет

Негізделуі

1. Науқастың бас жағын горизонталды етіп орналастыру

Арқасымен жатқызу қамтамасыз етіледі

2. Бел аймағының астына кішкене жастықша қою.

Омыртқаның бел аймағына салмақ түсірмеу қамтамасыз етіледі. 

3. Иықтың жоғарғы бөлігіне, мойын және басының астына кішкене жастық қою.

Мойын омыртқалары аймағында бүгілу контрактураларын болдырмау қамтамасыз етіледі. 

4. Санның сыртқы шетіне валик тәріздес жастықша қою.

Санның сыртқа қарай бұрылуын болдырмау қамтамасыз етіледі.

5. Балтырдың төменгі 1/3 бөлігіне валик қою.

Қысым төмендеп, ойылу пайда болу қаупі жойылады

6. Аяқ басына 90°С бұрышта тіреуіш қою

Аяқ басының “салбырап” қалуын болдырмау

7. Науқастың қолдарын алақанымен төмен қаратып, денесіне параллель етіп орналастыру, білек астына кішкене жастықша қою. 

Иықтың шектен тыс бұзылуын болдырмау, шынтақ буынының шектен тыс жазылуының алдын алу. 

Науқасты ішімен жатқызу

Іс-әрекет

негізделуі

1.Науқаспен амандасу, жағдайын сұ-рау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру 

Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады

2. Науқастың келісімін алу

Науқастың құқығын сақтау қамтама-сыз етіледі 

3. Кереуетті горизонталды қалыпқа келтіріп, жастықты алып тастау

Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі

4. Науқастың қолдарын шынтағында жазып, денесіне жақындату, қол ұшын санының астына қойып, қолы арқылы денесін айналдырып, ішімен жатқызу

Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі

5. Науқасты кереуеттің ортасына жатқызу

Пациентке ыңғайлы жағдай жасалады

6. Науқастың басын бір шетіне қарай бұру, басының астына кішкене жастық қою

Мойын омыртқаларының бүгу және шектен тыс жазуды азайту

7. Көк ет деңгейінен төмен іш аймағына кішкене жастық қою

Бел омыртқаларының шектен тыс жа-зылуы мен бел омыртқаларына салмақ түсу төмендейді

8. Науқастың қолдарын иығында бүгу, бас деңгейіне дейін көтеру 

Иық буынының шығып кетуін бол-дырмау

9. Аяқ басы астына валик қою

Аяқ басының “салбырап” қалуын және сыртқа қарай бұралуын болдырмау

Науқасты бір қырынан жатқызу

    1. Бір қолыңыздың алақанын жоғары қаратып науқастың белінің астына қойыңыз.

    2. Екінші қолыңызды науқастың жамбасының астынан сан аймағына жіберіп, алақаныңызды жамбас-сан буынында бекітіңіз.

    3. Науқасты өзіңізге қарай жылжытып, бір қырына қарай айналдырыңыз.

    4. Науқас төсектің ортасында орналасуы керек.

    5. Жоғарғы аяқты тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.

    6. Науқастың бас жағына жастық қойыңыз.

    7. Бүгілген аяқ астына жастық қойыңыз, аяғы сан деңгейінде орналасуы керек.

    8. Астындағы қолды шамалы бүгіңіз, жастық қасына орналастырыңыз.

    9. Үстінде орналасқан қолды шынтақта бүгіп, жастықтың үстіне орналастырыңыз.

    10. Төменгі аяқ басына тіреуіш қойыңыз.

    11. Науқасқа ыңғайлы екендігіне көз жеткізіңіз.

    12. Науқасты өзімізге қаратып айналдырып бір қырынан жатқызу

    13. Науқасты сол қырына айналдыру кезінде оның оң қолын көкірегіне, ал оң аяғын сол аяғының үстіне қойыңыз.

    14. Науқасты санынан (тізесіне жақындау) және иығынан ұстаңыз.

    15. Өзіңізге қарай науқасты айналдырыңыз.

    16. Жоғарғы аяғын тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.

Науқасты Симс қалпында жатқызу

Іс-әрекет

Негізделуі

1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру

Науқаспен қажетті қарым-қатынас жасалады

2. Науқастың келісімін алу

Науқастың құқығын сақтау қамтамасыз етіледі.

3. Кереуеттің бас жағын горизонталь-ды қалыпқа келтіру

Науқасты бір қырымен жатқызуға ыңғайлы жағдай жасалады

4. Науқасты бір қырымен және жар- тылай ішімен жатқызу

Симс қалпын қамтамасыз ету

5. Басына жастық қою

Мойынның шектен тыс бүгілуін болдырмайды

6. 90° бұрышта иықта және шын-тақта бүгілген «жоғарғы» қол асты-на жастықша қою. «Төменгі қолды» бүкпей төсекке қою

Дұрыс дене биомеханикасы қамта-масыз етіледі

7. Бүгілген «жоғарғы» аяқ астына жастықша қою, «төменгі» балтыр «жоғары» аяқ санының төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде орналасуы керек

Санының ішке қарай бұрылуын, аяқтың шектен тыс жазылуын болдырмайды

8. Аяқ астына 90° бұрышта тіреуіш қою

Аяқ басының бүгуін қамтамасыз ету, аяқ басының «асылып қалуын» болдырмайды

Дене биомеханикасы

Мейірбике науқасты көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді.

Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін.

Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек:

- егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек;

- науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек;

- алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды;

- егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға болады.Ауыр салмақты түрлі заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек.

Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру

1. Салмақты көтерместен бұрын аяқтың табандарының арасын 30 см алшақтықта ұстап, біреуін екіншісінен сәл алға жылжыту керек. Бұл қалыпта медицина қызметкері құлап қалмайтындай өзіне тепе - теңдікті, орнықты тіректі қамтамасыз етеді.

2. Науқасты немесе ауыр затты көтерместен бұрын, оның қасында тұрғанына, оған қол жеткізу үшін алға иілудің қажетсіз екеніне көз жеткізеді.

3. Науқас денесін немесе затты көтергенде өз денесіне тығыз жақындатып ұстау керек.

4. Көтергенде дененің жоғарғы жағын тік ұстап, тек қана аяқты тізеден бүгу қажет.

5. Науқасты бір қалыппен, жәймен көтереді.

6. Денені бұру үшін алдымен салмақты көтереді, табанға тіреліп, денені бүкпей, жәймен бұрылады.

Науқасты қозғалтқанда, оның көмек бере алатындығын тексеру мақсатында оған келесі сұрақтарды қоюға болады:

1. Науқас бір аяқта тұрып, өзін ұстай ала ма? (Кресло-каталкаға отырғызу кезінде бұл сұрақты қоюға болады, өйткені науқас біршама уақыт тік тұруға мәжбүр болады).

2. Тепе –теңдікті сақтай аласыз ба?

3. Көру және есту қабілетіңіз жақсы ма?

4. Мені жақсы түсінесіз бе?

5. Қозғалуға қорықпайсыз ба?

Дене биомеханикасының негізгі принциптері:

1. Ауыр көтерген кезде аяқтың арасы ашық, әрі дене тірегі мықты болуы керек.

2. Көтеру кезінде салған күшін көбейту үшін аяқтардың ара қашықты кеңейту керек.

3. Ауыр салмақты көтерер алдында бел мен іштің бұлшық етін тырыстыру керек.

4. Көмек көрсету кезінде науқастың денесі мен бетін өзімізге бұрып тұру керек.

5. Заттарды тізеден бүгілген аяқтың бұлшықетінің көмегімен көтеру керек.

6. Өзінің денесінен ауыр заттарды көтергенде және қозғалтқанда қосымша ретінде күшті қолдану керек.

7. Ауыр затты итеру арқылы қозғалтқанда, жұмсаған күштің тең жартысы

жойылады. Сол себептен ол затты тартып қозғалтқан дұрыс.

Науқасты көтергенде, қозғалтқанда келесі әдістерді қолдануға болады:

Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі

Көрсетпе: көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту

1. Науқастың жағдайын, айналасын бағалаңыз (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.).

2. Науқасқа қажетті қимылдың мақсатын түсіндіріңіз.

3. Науқастан өз қолдарын шынтақтан бүгіп, біреуін білегінен денесіне қысып ұстап, бір қолымен екінші білегін ұстауды сұраңыз. Егер бір қолы әлсіз болса, оны екінші қолымен ұстау керек.

4. Медицина қызметкері науқастың артынан келіп, оның қолтықтарының арасынан қолдарын өткізіп, екі білегінен ұстайды.

5. Қажетті жеріне осы қалыпта ұстап, жеткізіп орналастырады.

6. Болғаннан соң медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.

«Қолтық астынан ұстау» әдісі

Көрсетпе: көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту.

1. Отырған науқастың бір жағына тұрыңыз.

2. Бір аяғыңызды қасыңызға, екіншісін науқастың аяғының алдына қойып, оның тізелерін бекітіңіз.

3. Бір қолыңызды науқастың қолтық астына жіберіп, екінші қолыңызды артынан және алдына қарай жіберіңіз (үлкен саусақ қолдың асты аймағы сыртында орналасады.

4.Ыңғайлы тұрғаныңызға, денеңіздің салмағын бір аяғыңыздан екіншісіне жеңіл қозғалту мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

5.Науқасқа еңкеюін сұраңыз (оған көмек беріңіз), оның сізге жақын орналасқан иығы денеңізге тақалуы керек.

“Иықты көтеру” әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа (кресло-каталкаға) отырғызу

Отырғызу 2 және одан көп мейірбике көмегімен орындалады.

Көрсетпе: науқас отыруы мүмкін, бірақ аяқтарымен өзі жүре алмайды.

Қарсы көрсетпе: иықтың жарақаттануы, көкіректің және дене арқасының жоғары аймағының ауырсынуы.

1. Орындықты (кресло-каталканы) кереуетке жақындатып қойыңыз, кереуеттің және кресло-каталканың тормозға қойылғанына көз жеткізіңіз.

2. Науқасты төсегіне отырғызыңыз.

3. Науқастың екі жағынан тұру керек.

4. Науқасқа жақын тұрған қолыңызды оның санының астына жіберіңіз (екі мейірбике бір-бірінің қолдарын ұстайды).

5. Қолдарды науқастың жанбасына қарай жақындатып науқасы ұстау қажет.

6. Иығыңызды науқастың қолтық асты аймағына жіберіңіз, науқасқа қолдарын мейірбикелердің арқасына қоюды сұраңыз.

7. Бос қолыңызды шынтақта бүгіп, тірек ретінде қолданып, науқастың жамбасы артындағы кереуетке тіреңіз (аяқтарыңыз арасы ашық, тізелер бүгілген).

8. Қимыл-әрекеттер синхронды болуы үшін мейірбикелердің біреуі бұйырады, «3» дегенде тізе және шынтақты жайып, тік тұру керек.

9. Бос қолмен науқастың арқасынан ұстап кресло-каталка немесе орындыққа отырғызыңыз.

10.Ұстап тұрған қолыңызды тірек ретінде орындыққа қойыңыз.

11.Тізе мен шынтақты бүгіп, науқасты орындыққа (кресло-каталкаға) жайғастырыңыз.

12. Науқастың ыңғайлы отырғанына көз жеткізіңіз.

Науқастың аяқтарын төмен түсіріп отырғызу

Қозғалуға дәрменсіз, амалсыз жатқан және осындай жағдайда ойық жаралардың пайда болу қаупі болса, бұл тәсіл науқастың қалпын өзгерту үшін қолданады.

1. Науқастың жағдайын және айналасындағы заттардың тұрған қалыптарын анықтап алады.

2. Науқасқа қажетті қимылдың мақсаты түсіндіріледі.

3. Кереуеттің бүйірлік іргелері болса алып тастайды.

4. Науқасқа қарсы тұрып, сол қолды оның иығының астына, оң қолды тізесінің астынан өткізіп, үстінен орап ұстайды.

5. Науқасты көтеріп, төсектін үстінде 900 бұрып, аяғын төмен түсіреді.

6. Науқасқа қарсы тұрған күйінде сол қолмен иығынан, оң қолмен арқасынан тіреп ұстап тұрады.

7. Егер науқастың өздігінен отыра алатындай шамасы болса, онда аяғына шәркесін кигізіп, аяғының астына тіреуіш қояды.

Сана жағдайлары

1. Анық сана - науқас сұрақтарға жылдам және нақты жауап береді.

2. Сананың есеңгіреуі - науқас сұрақтарға дұрыс, бірақ кешігіп жауап береді.

3. Ступор – мелшиіп қатып қалу, науқас сұрақтарда кешігіп мағынасыз жауап қайтарады.

4. Сопор - патологиялық терең ұйқы, науқас ес-түссіз, рефлекстері жоғалады, науқас қатты ауыртқыштан басқа ешқандай тітіркендіргіштерге жауап бермейді.

5. Кома - сана бұзылуының ең ауыр түрі. Сана жоғалады, бұлшық еттер босаңсиды, сезімталдық және рефлекстер жоғалады.

Тыныс алу жиілігін анықтау. Тыныс алу ырғағының, жиілігінің және тереңдігінің бұзылуы

Тыныс алу мүшелерінін негізгі қызметі ағзаны оттегімен қамтамасыз ету, тіршілік барысында көмір қышқыл газын және суды шығару. Тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы бас мида орналаскан тыныс алу орталығымен реттеледі. Қандағы көмір қышқыл газының жоғарылауы тыныс алу орталығының қозуын тудырады, ол өкпе вентиляциясының жоғарылауына (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы жоғарылайды) әкеледі. Қандағы көмірқышқыл газының төмендеуі тыныс алу орталығының қызметін баяулатады, өкпе тынысын төмендетеді (тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғағы төмендейді).

Тыныс алуды бақылаған кезде тері жамылғыларының түсіне, тыныстың жиілігіне, ырғағына, тереңдігіне көңіл бөліп тыныс алу түрін бағалау қажет.

Тыныс алу әрекеттері тыныс алу және тыныс шығару әрекеттерінің кезектесуімен жүзеге асады. 1 минут ішіндегі тыныс алу саны тыныс алу жиілігі деп аталады.

Дені сау ересек адамда тыныс алу жиілігі минутына 16-20-ны құрайды, әйелдерде еркектерге қарағанда 2-4 тыныс алу көбірек. Тыныс алу жиілігі жынысына, дене қалпына, жүйке жүйесі жағдайына, жасына, дене температурасына т.б. байланысты болып келеді. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жасау қажет, өйткені ол ерікті түрде тыныстың жиілігін, ырғағын, тереңдігін өзгертуі мүмкін. Тыныс алу мен жүректің жиырылу арақатынасы орташа 1:4 сәйкес келеді. Дене температурасының 1°С-қа көтерілуі орташа есеппен тыныстың 4 ретке дейін жиіленуіне алып келеді.

Тыныс алудың түрлері

Тыныс алу беткей және терең болып келеді. Беткей тыныс қашықтықта естілмеуі немесе әлсіз естілуі мүмкін. Тыныс алудың физиологиялық типтеріне кеуделік, құрсақтық және аралас типтер жатады. Әйелдерде кеуделік тип, еркектерде тыныс алудың құрсақтық түрі кездеседі.

Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі өзгергенде ентігу пайда болады. Ентігудің бірнеше түрлері бар: инспираторлы ентігу - тыныс алу қиындайды; экспираторлы ентігу - тыныс шығару қиындайды; аралас ентігу - тыныс алу және тыныс шығару қиындайды. Жылдам дамитын ентігу - тұншығу деп аталады.

Тыныс алу мүшелерімен ауыратын науқастарды жиі ентігу мазалайды. Ентігу дегеніміз ауа жетіспеушілігімен сипатталатын тыныс алудың қиындауы.

Ентігуде тыныс алудың ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылады. Тыныс алу жиілігі дегеніміз адамның 1 минуттағы тыныс алу саны. Ересек адам тыныштық жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Физикалық күш түскенде немесе көңіл-күй бұзылғанда, сонымен қатар кейбір ауруларда тыныс алу жиілігі өзгереді. Тыныс алудың жиіленуі тахипноэ деп аталады.

Тыныс алу жиілігінің сирек болуын брадипноэ деп атайды. Шыныққан адамдарда, спортшыларда брадипноэ қалыпты жағдай болып есептеледі, ал кейбір ауруларда патологиялық симптом ретінде кездеседі. Апноэ - тыныс алудың болмауы.

Тыныс алу жиілігін анықтаудың алгоритмі:

1. Науқастың қолын шыбық артериясынан Рs анықтайтындай етіп (науқас назарын басқаға аудару үшін) ұстаңыз.

2. Екінші қолын кеуде торына (кеуделік типті тыныс алуда) немесе эпигастрий тұсына (іштік типті тыныс алуды) қойыңыз.

3. Тыныс алу санын 1 минут ішінде есептеңіз.

Тыныс алу саны (жиілігі) температуралық параққа тіркеледі.

Тыныс алу ырғағы - белгілі уақыт аралығында пайда болатын тыныс алу әрекеттері. Егер осы аралықтар біркелкі болса -тыныс алу ырғақты, ал егер әртүрлі болса аритмиялы болады.

Кейбір ауруларда тыныс алу үстіртті (беткей) немесе өте терең болады

Тыныс алудың патологиялық типтері

- Куссмауль тынысы - сирек, шулы терең тыныс; терең комада байқалады;

- Биот тынысы - беткей тыныс әрекеттері және паузалардың кезектесуімен сипатталады, олардың созылу уақыттары бірдей (бірнеше минут);

- Чейн-Стокс тынысы-тыныс жиілігі және тереңдігі біртіндеп жоғарылайды, 5-7-ші тынысқа келгенде біртіндеп төмендеп паузамен аяқталады. Пауза бірнеше секундтан бір минутқа дейін созылады. Пауза кезінде науқас сыртқы ортада болжай алмайды немесе есін жоғалтады.Тыныс қалыптасқан жағдайда есі қалпына келеді.

- Грокк тынысы- бұл Чейн-Стокс тынысы сияқты. Бірақ бұл жерде тыныс алу паузасының орнында терең емес әлсіз тыныс алу қимылдары болады. Олар біртіндеп тереңдеп, кейіннен біртіндеп кері қайтады.

Тамыр соғуын анықтау, сипаттау. Артериялық қан қысымын өлшеу.

Артериалды пульс

Жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары қазіргі кезде неғұрлым кең таралған ішкі ағзалар патологиясы болып табылады және халықтың өлім-жітімінің себептері ішінде бірінші орын алады. Бұл қан айналымы ағзалары ауруларының алдын алудың, диагностикасынын және емінің жаңа әдістерін ізденуді қажет етеді. Кейінгі кезде кардиология саласында құрал-сайманды зерттеу тәсілдерінің қатары анағұрлым артты (ЭКГ мен АҚ - ды тәуліктік тіркеу, ЭхоКГ, доплерЭхоКГ және т.б.), бірақ науқастың гемодинамикасының жағдайы туралы құнды мәліметті беретін қарапайым зерттеу әдістері де (тамыр соғуын анықтау, АК өлшеу және т.б.) өз маңыздылықтарын толық сақтауда. негізгі

Артериялық тамыр соғуы, зерттеу тәсілі, оның сипаттамалары

Тамыр соғуы дегеніміз жүрек жұмысы кезінде (систола мен диастолада) қан тамырларының қанға толуының өзгеруіне байланысты олардың кабырғаларының оқтын-оқтын тербелуі. Диагностикалық мақсатта тамыр соғуын (артериялық) әртүрлі артерияларда анықтайды:

- ұйқы артериясында (m.stenocleidomastoideus бұлшық етінің алдыңғы қырында, оның ұзындығының ортасына таман), зерттеуді өте абайлап жүргізген жөн, өйткені ұйкы артериясы (a.carotis) бай рефлоксогендік аймақ болып табылады және жүректің жиырылуы жиілігінің рефлекторлы баяулау қаупі бар;

- самай артериясында;

- ұршық;

- бұғана асты;

- иық;

- кәрілгілік және т.б.

Тамыр соғуын көбінесе кәрі жілік артериясында анықтайды (исрифериялық тамыр соғуы), өйткені ол беткей орналасқан және оны кәрі жіліктің біз тәріздес өсіндісі мен кәрі жілік бұлшық еті сіңірінің арасында жақсы сипап табуға болады. Даму кемістіктері, тарылу, кәрі жілік, иық немесе бұғана асты артерияларының сырттан жаншылуы кезінде оң және сол қолда тамыр соғуы әртүрлі болуы мүмкін, мұндай кездерде тамыр соғуын зерттеу жаксы анықталатын қолда жүргізіледі.

Артериялық тамыр соғуының мынандай касиеттерін аныктайды:

1.Ырғағы - бірінен сон бірі өтетін тамыр соғуы толқындарының реттілігін бағалайды. Егер олардың аралығы тең болса, онда ырғағы дұрыс (ырғақты), ал егер әртүрлі болса - дұрыс емес (ырғақсыз-аритмиялық) деп саналады. Мерцательді аритмияда («жүрек сандырағы») жүректің жиырылу жиілігі тамыр соғуы толкындарынан көбірек болуы мүмкін. Мұндай кезде тамыр соғу тапшылығы деп анықтайды да оны санайды.

2. Жиілігі - тамыр соғу толқындарының бір минуттағы саны. Қалыпты жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60 - 90 аралығында тербеледі, бірақ жынысқа, жас мөлшеріне, ауа мен дененің температурасына, физикалық күш түсу деңгейіне байланысты көп өзгеруі мүмкін. Неғұрлым жиі тамыр соғуы кұрсақ ішіндегі кезеңде болады. 25 -60 жаста тамыр соғуы салыстырмалы тұрақты болып қалады. Әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда тамыр соғуы жиірек; спортшылар меп жаттыққан адамдарда, сондай-ақ егде адамдарда тамыр соғуы сиректеу, Тамыр соғуы тік тұрғанда, физикалық күш түскенде, дене температурасы көтерілгенде жиілейді. Тамыр соғуның 60-тан төмен сиреуі -брадикардия, ал 90-нан жоғары жиілеуі - тахикардия деп аталады.

3.Тамыр соғуының толуы артериядағы канның көлемімен анықталады, және жүректің жиырылу келеміне байланысты болады. Жақсы толғанда тамыр соғу толкыны жоғары, жақсы анықталады (тамыр соғуы толык), нашар толғанда - әлсіз, білінер-білінбес (тамыр соғуы бос). Білінер-білінбес, элсіз тамыр соғуы тамырдың білінбей соғуы - жіп тәріздес- деп аталады. Мұндай тамыр соғуы анықталса, мейірбике дереу дәрігерге хабарлауы керек.

4.Тамырдың қатты соғуы тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Жоғары АҚ-да тамыр қатты соғады, ал төмен АҚ-да - жұмсақ болады.

5. Тамыр соғуынын биіктігі мен көлемі артерия қабырғасының тербелу амплитудасына байланысты болады. Жүректің жиырылу көлемі артқанда және тамыр қабырғасы серпілгіштігі төмендегенде тамыр соғуы биік және үлкен, ал жүректің қан шығару мөлшерінің төмендеуі, шок, коллапс кезінде - төмен жэне әлсіз болады.

6.Тамыр соғу жылдамдығы немесе түрі артерия көлемінің өзгеру жылдамдығымен анықталады. Артерияның тез көтеріліп, түсуі жылдам тамыр соғуына (қолқа жетіспеушілігінде), ал ақырын көтеріліп, түсуі -баяу тамыр соғуына тән (қолқаның тарылуында).

Тамыр соғуын зерттеу деректерін мейірбике температуралық параққа енгізеді (кызыл нүктелермен белгілейді).

Артериялық қысым, оны өлшеу тәсілі. Артериялық гипертензия, гипертониялық криз, артериялық гипотония туралы түснік.

Жүректің жұмысы кезінде артерия жүйесінде түзілетін қысым артериялық қысым деп аталады. Жүрек жү-мысының фазасына байланысты қысым систолалық (САҚ), яғни жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін-ақ артерия жүйесінде пайда болады (тамыр соғу толқынының ең жоғары көтерілуіне сәйкес келеді), және диастола кезінде артерияларда олардың серпілгіштігінің арқасында сақталатын диастолалық (ДАҚ) болады (тамыр соғу толқынының түсуіне сәйкес келеді). САҚ мен ДАҚ мөлшерлерінің арасындағы айырмашылық пульс қысымы деп аталады.

АҚ жүректің кан шығару мөлшеріне, жалпы перифериялық тамыр кедергісіне, жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. АҚ - ды өлшеу сау адамдардың, сондай-ақ науқастардың гемодинамикасының жағдайын бақылаудағы манызды тәсіл болып табылады.

АҚ-ды өлшеуді тіке және тіке емес тәсілдермен жүргізуге болады. Тіке тәсіл - бұл манометрдің датчигін қан тамыр жүйесіне енгізу. Бұл тәсіл ірі тамырлардағы немесе жүректің қуыстарындағы қысымды анықтау мақсатында катетрлеу кезінде қолданылады. Әдеттегі тәжірибеде АҚ-ды 1905 жылы орыс хирургы Н.С. Коротковпен ұсынылған тіке емес аускультативті тәсілмен сфигмоманометрді (тонометрді) қолдану арқылы өлшейді. Сфигмоманометр манжетпен және алмұрт тәріздес резеңке баллонмен біріктірілген сынаптық немесе көбінесе серіппелі манометрден тұрады. Ауанын манжетке енуі манжеттегі қысымды сақтап және жайлап түсіруге мүмкіндік беретін арнайы тетікпен реттелінеді. АҚ миллиметрлік бөлімдері бар циферблатгың қозғалатын тіліне берілетін серіппенің кедергі күшімен өлшенеді.

АҚ-ның мөлшерін мейірбике температуралық паракқа қызыл түсті бағаналар түрінде АҚ шкаласына сәйкес белгілейді.АҚ-ды әдіспен өлшеуге болады. Бұл әдіс АҚ көрсеткіштерінен басқа тамыр қабырғасының жағдайын, тамырдың серпілгіштігін, қан айналымының жылдамдығын бағалауға мүмкіндік береді. Сигналды компьютерлік өңдегенде жүректің жиырылу көлемі (ЖК), минөттік көлемі (МК), жалпы перифериялық тамыр кедергісінің (ЖПТК) мөлшері және олардың бір-біріне сәйкестігі есептелінеді.

- Үлкен адамның систолалық АҚ - ның қалыпты деңгейі 100-ден 139 мм.с.б. дейін тербеледі, диастолалық- 60-тан 89 мм.с.б. дейін.

- 140/90 мм.с.б. деңгейінен бастап және одан жоғары АҚ жоғары (артериялық гипертензия немесе артериялык гипотония), 100/60 мм.с.б. аз АҚ төмен деп саналады (артериялық гипотензия). АҚ-ның күрт көтерілуі гипертониялық криз деп аталады. АҚ-ның тез көтерілуінен басқа ол қатты бас ауруымен, бас айналуымен, лоқсумен және құсумен көрінеді.

Қалыпты АҚ категориялары

Оптимальды <120 /80

Қалыпты <130/85

Жоғары қалыпты 130-139 / 85-89

Жоғары АҚ категориялары

Артериялык гипертензия

1 дәреже 140-159 90-99

2 дәреже 160-179 100-109

3 дәреже >180 >110

Артериялық гипертензиясы бар науқастың күтімі кезінде науқастардың емдік-қорғау тәртіптің талаптарын сақтауына қатал көңіл бөлу керек, өйткені теріс эмоциялар, жүйке- психикалық күш түсулер, нашар ұйқы ауру ағымын нашарлатуы мумкін.

Гипертониялық криз дәрігердің шұғыл араласуын және гипотензивтік дәрілердің енгізілуін қажет етеді, өйткені ол бас миы (инсульт) мен жүрек қан айналымының бұзылуымен (инфаркт) асқынуы мүмкін. Дәрігер келгенше науқасты тыныштандыру, таза ауа ағынын арттыру қажет, аяққа ыстық ванна және қолға жылы ванналар жасауға болады. (судың температурасы 37 - 40°С).

Артериялық гипотензия сау адамдарда да, әсіресе астениктерде кездесуі мүмкін, бірақ жүректің қан шығару көлемінің, тамыр серпілгіштігінің төмендеуімен, айналымдағы қан көлемінің азаюымен өтетін қауіпті аурулардың белгісі де болуы мүмкін (миокард инфаркты, қан кету, шок, коллапс). Артериялық гипотензия жедел дамыған науқастың бас миына қанның келуін жақсарту үшін оны жатқызу керек, аяқ жағын сәл көтеру қажет, дәрігердің тағайындауы бойынша сәйкес дәрілік заттарды енгізу керек.

АҚ өлшеу.

1. АҚ әдетте иық артериясында, қажет болғанда - ұршық, тізе асты және т.б. артерияларда өлшенеді.

2. Әдеттегі жағдайда науқастың жатуына немесе отыруына болады (орындықтың аркасына сүйеніп), резеңке түтік шығатын шеті шынтақ бүгісінен екі көлденең саусақ мөлшерінде жоғары жерге, науқастың иығы мен манжеттің арасына бір саусақ сиятындай етіп оның иығына манжетті орайды.

3. Тексерілушінің қолының алақаны жоғары қаратылып, жүрекпен бір деңгейге жуықтау, ыңғайлы жатуы керек; шынтақ қуысына иық артериясының үстіне (оны пульсациясы бойынша табады) фонендоскоп орналастырылады.

4. Манжеттегі кысым манометр бойынша иық артериясындағы пульсация жоғалған деңгейден 30 - 40 мм с.б. артқанша тетігі жабық алмұрт тәріздес резеңке баллонмен манжетке ауаны үрлейді.

5. Содан кейін тетікті ашыңкырайды да иық артериясының аускультациясын жүргізе отырып, секундына 2 мм с.б. жылдамдығымен манжеттен ауаны шығарады.

6. Алғашқы дыбыс (Коротков тондары) пайда болуына сәйкес қысым деңгейін белгілейді - бұл систолалық АҚ, дыбыс естілмей кеткен деңгей -диастолалық АҚ.

7. Қазіргі кездегі кейбір құралдарда шкаланың сәулелік индикаторына дыбыс сигналдарын беретін микрофон бар.

Артериялық тамыр соғуын зерттеу.

1. Тамыр соғуын әртүрлі артерияларда анықтайды - ұйқы (m.sternocieidomastoideus бұлшық етінің алдыңғы қырында, оның ұзындығының ортасына таман), ұршық бұғана асты, иық артерияларында, бірақ көбінесе кәрі жілік артериясында.

2. Кәрі жілік артериясы кәрі жіліктің біз тәріздес өсіндісі мен кәрі жілік бұлшық еті сіңірінің арасында сипап анықталады, бұл кезде тексеруші оң қолының үлкен саусағы білектің сырт жағында, ал қалғандары - алдыңғы жағында болатындай кылып науқастын білезік буынынан сәл жоғары ұстайды.

3. Артерияны сипап тапқаннан кейін оны кәрі жілікке қысып басады, сол кезде тамыр соғу толқыны артерияның көтерілуі және түсуі сияқты болып сезіледі.

4. Оң және сол қолдағы тамыр соғуы әртүрлі болуы мүмкін, мұндай кезде тамыр соғуын зерттеу қолға жақсы білінетін жақта жүргізіледі.

5. Тамыр соғу жиілігін анықтау үшін тамыр соғу толқынын 15 секундта санайды да оны төртке көбейтеді, аритмия болса бір минут бойы санайды,

Артериалды пульс дегеніміз – қанның артериалды жүйеге айдалуы нәтижесінде артерия қан тамырлар қабырғаларының ырғақты қозғалуы.

Пульс сипаттамасы байланысты болады:

1. жүректің қанды айдау жылдамдығы мен көлеміне;

2. артерия қабырғасының күйіне (иілгіштігіне);

Тамыр соғуын анықтайтын орындар: ұйқы артериясы, шынтақ артериясы, ұйқы, самай, тізе асты, сан, табан бетіндегі артериялар. Артериалды пульс әдетте шыбық артериясында анықталады.

Шыбық артериясынан пульсті анықтау

Мақсаты: жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін бағалау.

Әзірлеу қажет:

• секундомер немесе секундты тілі бар сағат.

• қызу парағы.

• пациенттің медициналық картасы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Оң қолыңыздың саусақтарымен науқастың қол ұшын білезік буыны тұсынан ұстаңыз.

2. Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз.

3. 2-4 саусақтармен ырғақты соғатын шыбық артериясын сипап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз.

4. Пульс толқындарының сипаттамасын 1 минут ішінде анықтаңыз.

5. Пульсті оң және сол жақ шыбық артерияларында бір уақытта салыстыра отырып анықтау керек. Қалыпты жағдайда олар бірдей болуға тиіс.

6. Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады. Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен "П" (пульс) деп белгілейді. Пульс бағанасында пульстің жиілігі минутына 50- ден 160-ға дейін көрсетілген.

Диагностикалық мақсатта тамыр соғуын басқа да қан тамырларынан анықтауға болады:

- ұйқы артериясында - артерияны қатты қыспай кезекпен екі жақтан пульсті тексеру керек. Артерия қабырғасын қатты басқанда жүрек қызметінің күрт төмендеуі, жүректің тоқтауына дейін, естен тануы, бас айналуы, тырысулар болуы мүмкін. Пульсті мойын аймағында төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық етінің алдынан жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің арасынан сипап көреді;

- сан артериясында- пульсті созылған және сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексереді;

- тізе асты артериясында- пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі;

- самай артериясында- пульсті самай аймағында анықтауға болады;

- асықты жіліктің артқы артериясында - пульсті ішкі тобықтың артынан тобыққа қысып отырып тексереді;

- табан бетіндегі артерияда - пульсті табанының сыртқы беткейінде тексереді.

Пульстің қасиеттері

- Ырғағы – бұл белгілі уақыт интервалынан соң пульс толқындарының қайталануы. Егер уақыт интервалы біркелкі болса - пульс ырғақты. Егер уақыт интервалы біркелкі болмаса – пульс ырғағы дұрыс емес. Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия деп аталады. Оның түрлері:

а) экстрасистолия - жүректің кезектен тыс жиырылуы.

э) аритмия – жүректің тәртіпсіз жиырылуы, соғу ырғақтылығының бұзылуы.

- Жиілігі Бұл 1 минут ішіндегі пульс толқындарының саны қалыпты жағдайда минутына 60-80; 80-нен жоғары болуы- тахикардия, 60-тан төмен болса- брадикардия деп аталады. Тамыр соғуының жиілігі жүрек соғысына сәйкес келуі керек және ол адам жасына байланысты болады

  • жаңа туылған нәрестеде 1 минутта 120-140 рет.

  • 1-2 жасар сәбиде – 110-120 рет.

  • 5-6 жаста – 100 рет шамасы.

  • 10 жаста – 90 рет, 12-13 жаста 80-70 рет.

  • Жеткіншектер мен үлкендерде 60-80 рет

  • Кернеулік Бұл тамыр қабырғасына қанның басу күші. Пульс толқынының өтуін толық

тоқтатуда жұмсалатын күшдеңгейімен анықталады. Ол қан қысымының өлшеміне тәуелді. Қан қысымы жоғарылағанда пульс қатты немесе кернеулі болады. Қан қысымы төмендегенде - пульс жұмсақ. Қалыпты кан қысымында - пульс орта кернеулі.

  • Толу Бұл тамырлардың қанмен толуы. Жүректің айдау өлшемімен (яғни қан тамырларына айдалатын қан мөлшерімен) анықталады, систола кезінде жүректің жиырылу күшіне тәуелді және артерияға айдалған қанның көлемімен анықталады.

  • Толық пульс - жүрек жеткілікті қан айдағанда болады, ал айналымдағы қанның көлемі азайғанда немесе жүректің айдау көлемі төмендегенде (қан жоғалтқанда) - бос пульс байқалады.

Соғу жылдамдығы кернеулік пен толу деңгейімен анықталады. Үлкен Рs – толуы жақсы, кернеулігі жеткілікті; кіші Рs - кернеуі аз; жіп тәріздес, әрең сипап сезіледі.

Есіңізде болсын:

• егер зерттеу барысында тамыр соғуы ретсіз немесе жіп тәрізді болса, онда мұны дәрігерге тез арада жеткізу керек.

Қан қысымын анықтау

Қан қысымы – жүректің жиырылып, босаған кезеңіндегі қан тамырлары қабырғасындағы қан қысымы. Оны сау адамның да, ауру адамның да, жүрек қан тамырлары жүйесінің күйін бағалау мақсатында өлшейді. Қан қысымы жүректің қан шығару мөлшеріне, қанның ағуына, жалпы шеткі қан тамырларының қарсылығына, қан тамырлары қабырғаларының созылмалылығына байланысты. Қан қысымы систола (ең көп), диастола (ең аз) және пульсті (тамыр) қысымдар болып бөлінеді.

Систола қысымы – тамырдағы қан толқыны ең көп көтерілген қысым, ол артерия жүйесінде жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін- ақ пайда болады.

Диастола қысымы – жүректің босаңсуының соңындағы қысым, тамырдағы қан толқыны түскен кезде болады.

Систола және диастола қысымдарының арасындағы айырма пульстік қысым деп аталады.

Веналық қысым төмен болады, венадағы қан қысымы қан шығаратын әдіспен өлшенеді. Қан капиллярлар кедергісінен өткен соң, оның қысымы төмендейді. Жіңішке венулаларда қан қысымы с.б.б. 6-15мм. Орташа жуандықтағы веналарда ол одан да төменірек, ал қуысты ірі веналарда қысым с.б.б. теріс 2-5 мм болуы мүмкін. Мұнда қан қысымын анықтау үшін оған кең түтікті ине кіргізіп, инені Вальдман флеботонометрімен байланыстырады. Адамның шынтақ ойығындағы венасында қан қысымы су бағанасы бойынша 60-120мм болады.

Қан қысымын өлшеу – жүрек қан тамыры және дем алу жүйелері аурулары кезінде қолданылатын маңызды диагностикалық әдіс. Қан қысымының қалыпты мөлшері бірқатар себептерге, әсіресе жасына, жүйке жүйесінің жағдайына, тәулік уақытына, т.б. байланысты белгілі бір кезде өзгеріп отырады. Систола қысымы 120-дан 140 мм сынап бағанасына, диастола 60-тан 80 мм сынап бағанасына өзгеріп отырады. Қан қысымы таңертең 5-10 мм сынап бағанасына кем болады.

Қан қысымын (АҚ) анықтау іс-әрекеттері:

Әзірлеңіз: тонометрді, фонендоскопты.

Іс- әрекеттер:

1. пациентті ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

2. пациенттің қолын (алақанын) жоғары қаратып ашыңыз.

3. пациенттің иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары арасына бір саусақ сиятындай етіп манжетті байлаңыз.

4. монометрді манжетпен қосыңыз.

5. шынтақ иініне фонендоскопты орналастырып, иық артериясының соғуын тексеріңіз.

6. резеңке баллонның тиегін жауып манжетке біртіндеп тамырдың соғуы естілмегенше ауа жіберіңіз және оның үстіне 30мм с.б. ауаны қосыңыз.

7. ауанын қысымынан шыны түтіктегі сынап көтеріліп (монометр қолданса стрелкасы «0»-ден жоғары көтеріледі). Ол манжеттегі ауа қысымының өскенін көрсетеді.

8. резеңке баллонының тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығарыңыз.

9. фонендоскоптағы бірінші естілген дыбысты (тамырдың соғуы) сынап бағанасы бойынша салыстырыңыз – бұл көрсеткіш – систолалық жоғары қысым болып саналады.

10. ауаны одан әрі ақырын шығарыңыз, сол кезде тамырдың соғуы естілмей қалады, бұл кезде көрсеткіші диастолалық – төменгі қысым болып саналады. Алынған мәліметтерді температура (қызу) қағазына жазыңыз.

Естеріңде болсын! Ересек адамның тұрақты қан қысымы 140/90 мм сынап бағанасынан 100/60 мм с.б. дейін болады.