Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаа кіріспе дифзачет.docx
Скачиваний:
337
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
256.44 Кб
Скачать

Тамақтану тәртібі

Тәулікті тамақтану құрамын ағзаның күнделікті энергетикалық шығынына, оның қажеттілігіне байланысты құру керек. Тәуліктік тамақтың құндылығы ағзаның қажеттілігіне сәйкес келуі керек. Ағзаның жалпы энергетикалық шығыны негізгі алмасу мен қосымша алмасудан тұрады.  Негізгі алмасу - бұл қоршаған ортаның температурасы 18-20˚С жағдайда, тамақтанудан 12-16 сағат соң психикалық тыныштық жағдайында ішкі мүшелердің қалыпты жұмысы және бұлшық ет тонусын бір қалыпты ұстауға қажет болған энергия шығыны.  Негізгі алмасу деңгейі ағза жасына, жынысына және конституциясына байланысты болады. Еркектерде негізгі алмасу әйелдерге қарағанда 10-15 есе жоғары, ал қарттарда ол төмен. Ағзаның энергетикалық шығындары килокалориямен (ккал) есептелінеді.  Тағамдық заттардың құрамын, олардың тамақтану заттарындағы калориясын арнайы кестелер арқылы анықтауға болады. Ағзаның физиологиялық қажеттіліктерін есепке алып тағамдық рацион калориясын есептеу қиын емес. Тағам құрамының калориялығы әр түрлі болуына қарамастан, тағам мөлшерін қабылдаған кезде асқазанды оптимальді толтырып, тойымдылық сезімін тудыру керек. Тойымдылық сезімінің созылу уақыты асқазандағы тағамның ыдырау ұзақтығына байланысты болады. Көмірсу тағамы асқазанда ұзақ тұрмайды, екінші орында ақуыздар, ең соңынан майлар ыдырайды.  Асқазан сөлінің бөлінуін күшейтетін күшті тітіркендіргіштерді (ащы дәмдегіштер, спиртті ішімдіктер) көп қабылдауға болмайды. Көкөністерді кеңінен қолдану ұсынылады, өйткені олар тағамның дәмдік қасиеттерін жақсартып, тәбетті қоздырады. 

Сау адамның рационалды тамақтану негіздері:

  1. Тәуліктік рационды, тамақтың жалпы мөлшерін сақтау (тамақтың жеткілікті энергетикалық құндылығы тәулігіне 2800-3000 ккал құрайды және адамның өмір сүру қалпына байланысты болады).

  2. Ағзаның қалыпты қызмет жасауы үшін тамақты тәулігіне 4 рет қабылдаған пайдалы. Тәуліктік рацион келесі пропорцияларда құрастырылуы керек: таңертеңгі ас - тәуліктік рационның 25%, түскі ас -30%, түстен кейінгі ас (полдник) - 20%, кешкі ас - 25% құрауы қажет. 

  3. Түнге қарай ақуыз қабылдау ұсынылмайды, өйткені ол жүйке жүйесін қоздырады.

  4. Ақуыз, майлар, көмірсулар (1:1:4), минералды заттар, дәрумендердің, судың түсуі балансталған болуы қажет және ағзаның энергия жұмсауына байланысты (жынысы, жасы, еңбек жағдайы) болып келеді. 

Тамақтану арқылы 3 өмірлік функциялар жүзеге асады:

  1. Пластикалық - жасуша мен тіндердің дамуы және үздіксіз жаңаруы қамтамасыз етіледі.

  2. Энергетикалық - тыныш жағдайда және кез-келген жүктемелерде қажет болған энергиямен қамтамасыз етіледі.

  3. Реттеуші - фермент, гормон және басқа зат алмасу процестерін реттеушілердің түзілуіне қажетті заттар қамтамасыз етіледі. 

Сауықтыру тамақтандыруды ұйымдастыру

Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – комплексті емдеудің ең маңызды элементі. Әдетте, ол емдеудің басқа әдістерімен (фармакотерапия, физиотерапевттік ем-шаралар) қатар жүргізіледі. Кейбір жағдайда ас-қорыту жүйесін немесе зат алмасу процестерін емдегенде емдік тамақтандыру басты емдік терапияға жатады, басқа жағдайда науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімділігін береді. 

Тәуліктік емдеу рационын диета деп атайды. Диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, оның кезеңдеріне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленеді. 

Кез-келген диета емдік тамақтандырудың келесі негізгі принциптерімен сипатталуы керек:

  1. Калориялығы және химиялық құрамы (ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, дәрумендердің белгілі мөлшері);

  2. Тағамның физикалық қасиеттері (көлемі, салмағы, температурасы, консистенциясы);

  3. Рұқсат етілген тағамдардың толық қамтылуы;

  4. Тағамды өңдеудің ерекшелігі;

  5. Тамақтану тәртібі.

Диетотерапияда қолданылатын принциптер:

  1. «Сақтау, қорғау» принципі - белгілі бір мүшені тітіркендіретін немесе патологиялық процесті күшейтетін тамақтану факторларын (химиялық, термиялық тітіркендіргіштер т.б.) шектеу. Бұл принцип ас қорыту мүшелерінің аурулары диетотерапиясының негізгі принципі болып саналады. 

  2. «Жаттықтыру» принципі - алғашқы тағайындалған қатаң диетаны кеңейтуден тұрады. Бұл бір жақты толыққанды диета емес. Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады. Олар калориясы шектелген немесе химиялық құрамы қайта түзілген тағамдардан тұрады. Оларды 7-10 күнде 1 рет тағайындайды. 

  3. «Коррекция» принципі - аурудың өршуіне алып келетін кейбір тағамдарды азайту немесе мүлде алып тастау. Мысалы - қант диабеті ауруы. Кейде диета коррекциясының өзі қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді.