Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаа кіріспе дифзачет.docx
Скачиваний:
337
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
256.44 Кб
Скачать

Жуғыш ерітіндіні дайындау

1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.

2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.

3. 978 мл су.

Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.

Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

Химиялық тобы

Препараттары

1. Құрамында галогені бар қосылыстар

Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты.

Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон

2. Тотықтырғыштар

Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты

3. Ауыр металл тұздары

Сынап: сынап дихлориді /сулема/, сынаптың сары тотығы.

Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол.

Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,

Мыс: мыс сульфаты

Висмут: ксероформ, дерматол

4. Альдегидтер мен спирттер

Формальдегид, гексаметилентетрамин, Этил спирті

5.Фенол мен оның туындылары

Таза фенол /карбол қышқылы/, ихтиол

6. Нитрофуран туындылары

Фурациллин

7. Бояғыштар

Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты.

8. Қышқылдар мен сілтілер

Қышқылдар : бор,салицил

Сілтілер: аммиак ерітіндісі

9. Детергенттер

Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын

10. Табиғи препараттар

Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т.б.

Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2

ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН

  • 0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;

  • 1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;

  • 2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;

  • 3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.

Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.

ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ

Тура пайдалану алдында қолданылады;

  • 0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;

  • 1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;

  • 2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;

  • 3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.

Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы

Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.

Кальцийдің нейтралды гипохлориді – ерітіндісі шамалы лайланған, оны дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады.

Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған заттарды толық батыруда қолданылады. 0,25% ерітіндісі бактериалды инфекцияда (туберкулезден басқа) 15 минут экспозициямен толық батыруда қолданылады. Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін 0,125% ерітіндісі жуушы ерітінді құрамында қолданады.

Хлориксидин биглюконат – 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Хирургиялық құрал-саймандарды, хирург, мейірбике, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін қолданылады.

Сүтегінің асқын тотығы – 3 – 4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш ерітінді құрамында құрал-саймандарды тазалау үшін қолданылады.

Деохлор таблеткалары таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар ретінде натрий тұзды дихлоризоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2%) белсенді хлор кіреді. Деохлор таблеткалары суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір, хлор иісі болады. Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімі 3 күннен артық болмауы керек. Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін, санитарлық техникалық құралдарды, киімдерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, науқас күтіміне арналған заттарды дезинфекциялауға арналған.