Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаа кіріспе дифзачет.docx
Скачиваний:
337
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
256.44 Кб
Скачать

Аяқтың, шаштың күтімі. Жыныс мүшелерін жуу

Шашты күту

Егер науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалса, оның шашын төсек үстінде жуады. Легенді керуеттің бас жағына қойып, желкесіне дейін шалқайтып, астына көтеріп қояды.

Ал науқас еркек болса, шашы қысқа етіп алынып, 7-10 күнде бір рет су сабынмен жуылуы тиіс. Ұзын шашты әйелдердің шашын жуып болғаннан кейін, оны сүлгімен құрғатып сүртеді. Сосын майда тісті тарақпен екіге бөліп тарайды.Науқастың өздерінің жеке тарағы болуы керек. Егер шашта қайызғақ болса,онда тарақты сірке қышқылы ерітіндісіне батырып алып, тарау керек.

Аяқты жуу

Өте ауыр халдегі науқастар жеке гигиенасын сақтауды қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ал ауыр халдегі науқастардың аяғын аптасына 2-3 рет жатқан төсегінде жуады. Кереуеттің үстіндегі матрасты түріп, легенді қойып, аяғын жуып, құрғатады.

Науқастың тырнақтарын алу

Жабдықталуы: жылы су, сабын, сүлгі, қайшы.

Іс-әрекеттер:

1. Қолғапты кию

2. Науқастың қол ұшын сұйық сабын қосылған жылы суы бар ыдысқа 2-3 минутқа салу

3. Судан V-саусақты шығарып, құрғатып, тырнақ 1-2мм қалдырып абайлап қысқартылады

4. Кезекпен саусақтарды судан алып, сүлгімен сүрту және абайлап тырнағын алу.

5. Басқа ыдысқа жылы су және сабын қосып науқастың аяқ басын 3-5 минутқа салу.

6. Аяқ басын судан алып құрғату,сүлгі үстіне қою.

7. Ұқыптылықпен тырнақтарды қысқарту

8. Қолғапты шешу, қолды жуу.

Науқастарды куту; физиологиялық қажеттіліктерді атқаруға комектесу

Науқастың физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көмек көрсету

Қажеттіліктер. Бұзылған қажеттілікті қанағаттандырудағы медбикелік іс-шаралар

Тыныс алу - Кереуеттің бас жағын көтеру;

- науқасты “Фаулер”қалпында жатқызу;

- науқасты жөтелу техникасына үйрету;

- науқасты тыныс алу жаттығуларына үйрету;

- тұншығу кезінде өзіндік көмек тәсілдеріне үйрету;

- ингаляторды қолдану ережелерін үйрету;

Тамақтану - Науқасқа тамақтану кезінде көмек беру;

- науқасты адекватты тамақтануға үйрету;

- диета сақтау бойынша науқасқа және оның туыс-тарына ұсыныс беру;

Су ішу

- Науқасқа су ішу кезінде көмектесу;

- қажет сұйықтықтың керекті мөлшерімен қамтама-сыз ету;

Бөліп шығару

- Науқасты жеке дәрет ыдысы мен зәр қабылдағыш-пен қамтамасыз ету;

- науқасқа және оның туыстарына памперс, зәр қабылдағыш, нәжіс қабылдағышты қолдануды үйрету;

- науқастың әжетханаға жетуіне көмектесу;

- дефекация мен зәр шығару кезінде науқасқа қауіпсіздікті және оқшаулануды қамтамасыз ету.

Ұйықтау

- Ұйықтау үшін жайлы жағдай жасау;

- ұйқы бұзылуының себептерін анықтау;

- ұйқыны реттейтін дағдыларды (бал қосылған жылы сүт, ұйқы алдында серуендеу) үйрету;

- науқасты күн тәртібін құрастыруға (дем алу және жұмыс істеу режимін сақтау) үйрету; үйрету.

Қозғалу

- Қимыл-әрекеттер шектелуінің адамның тәуелділік жағдайына қаншалықты әсер ететінін анықтау;

- науқас пен оның туыстарын төсекте қозғалуға,емдік дене шынықтыру әдістеріне үйрету;

- науқастың қозғалуына рұқсат етілген жағдайда төсектен тұру, балдақпен, таяқпен жүру әдістерін

Клизмалар

Клизма деп диагностикалық және емдік мақсатта тоқ ішектің төменгі бөлігіне әр түрлі сұйықтықтарды енгізуді айтамыз.

Мақсаттарына қарай клизмалар екі топқа бөлінеді:

- тазалау және босату клизмасы;

- дәрілік және қоректік клизмалар.

Тазалау клизмасы кезінде жіберілген сұйықтық механикалық, температуралық және химиялық әсер етеді, перистальтиканы күшейтеді, нәжіс массаларының бөлінуін жеңілдетеді.

Жіберілген сұйықтықтың мөлшері неғұрлым көп болса, клизманың механикалық әсері де күшті болады. Механикалық әсерден басқа перистальтиканы жіберілген судың температурасы да күшейтеді. Атониялық іш қатуда сұйықтық температурасы +12С˚ болуы керек, спастикалық іш қатуда ішектің бұлшық еттерінің босаңсуы үшін жылы немесе ыстық клизмалар қолданылады, судың температурасы +37˚-40˚-42˚С.

Тазалау клизмасы

Мақсаты: ішектерді нәжіс массасынан, газдардан тазалау.

Көрсетпелер:

• Іш қатқанда;

• Уланғанда;

• Операция, босану алдында;

• Науқастың ас қорыту мүшелерін, зәр шығару жүйесін ренгенологиялық зерттеуге дайындау;

• Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуге дайындау;

• Дәрілік және қоректік клизма жасар алдында;

Қарсы көрсетпелері:

• Тік ішектің және анус аймағының іріңді қабынуы

• Ас қорыту жолдарынан қан кету;

• Тік ішектің қатерлі ісіктері;

• Жедел аппендицит және перитонит

• Ішектерге операция жасағанда алғашқы күндері

• Жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілігі

Қажетті заттар: Бір рет қолданылатын Эсмарх кружкасы, оны ілетін штатив, залалсыздандырылған вазелин майы, клеенка, дәрет ыдысы (егер процедура палатада орындалатын болса), 1,5-2л жылы су, латекс қолғаптар, медициналық халат, клеенкалы алжапқыш.

Міндетті шарттар:

Жіберілетін судың температурасы іш қату түріне байланысты:

- атониялық іш қатуда- 12˚-20˚С;

- спастикалық іш қатуда- 37˚-40˚-42˚С;

- іш қатуда- 20˚-25˚С.

Іс -әрекеттер:

1.Науқасты процедура мақсатымен, жүргізу кезеңдерімен таныстыру, келісімін алу.

2. Мейірбике қолын тазалап жуып, биялай киеді, алдына клеенкадан жасаған алжапқыш кию керек.

3. Эсмарх кружкасына 1-1,5л 18-20˚С температурасы әзірлеген суды құйып штативке ілу керек;

4. Вентильді ашып, судың ағынымен ішіндегі ауаны шығарыңыз;

5. Ұштықтың басына вазелин майын жағыңыз;

6. Клеенка төселген кушеткаға сырқатты сол жақ қырымен тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызыңыз;

7. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, құйрықты ашыңыз, оң қолмен ұштықты ақырын айналдырып, тік ішекке алдымен кіндікке қарай, содан соң омыртқаға қатарласып 8-10см тереңдікке енгізіңіз;

8. Ішекке су ақырын баратындай болып, тиегін ақырын ашыңыз, науқастың босаңсуын және ішімен дем алуын сұраңыз.

Ескерту: науқас спастикалық ауырсынуға шағымданған кезде ауырсыну басылғанға дейін процедураны тоқтатыңыз. Егер ауырсыну басылмаса, дәрігерге хабарлаңыз.

9. Ішекке ауа кетпес үшін кружканың түбіне аздап су қалдыр, тиегін жауып, ұштықты шығарып алыңыз;

10. Сырқатты шалқасынан жатқызып, демін тереңірек алып 10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз;

11. Дәретке унитазға, егер палатада жасалған болса дәрет ыдысына отырғызыңыз; ішек босағаннан соң шат аралығын жуыңыз.

12. Дәрет ыдысын қолданып болған соң, ішіндегі қалдық заттарды унитазға төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу керек;

13. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа қоямыз;

14. Клеенкадан жасалынған алжапқышты пен төселінген клеенканы 2 рет 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

Бірнеше минуттан кейін ішектен сумен бірге нәжіс шықса, тазалау клизмасының дұрыс жасалған болып саналады.

Тазалау клизмасына арналған жүйе

Тазалау клизмасы

Сифонды клизма

Мақсаты: ішекті нәжіс массасынан және газдардан эффективті тазалау.

Көрсетпелері:

• Тазалау және босату клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда;

• Іш айдайтын дәрілер әсер етпегенде тоқ ішекті жуу үшін;

• Емдік мақсатта сигма тәрізді ішек түйілуінде;

• Іш қуысына операция жасағаннан (ішектерден басқа ағзаларға) кейін;

• Динамикалық ішек өткізбеушілігінде;

• Ішектен уды, токсинді, шырышты, іріңді, сыртқа шығару үшін;

Қарсы көрсетпелері:

• Тік ішектің іріңді қабынуы;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Жедел аппендицит, перитонит

• Тік ішектің түсуінде, геморройда

• Тік ішектің қатерлі ісігі

• Асқазан, ішектен қан кеткенде

Қажетті заттар: ұзындығы 1,5м бір рет қолданылатын, ұшында бірнеше тесігі бар түтік, сиымдылығы 1литр шыны құйғыш.10- 12литр бөлме температурасындағы су,сиымдылығы 1литр ожау, табақ, клеенка алжапқыш, клеенка, залалсыздандырылған вазелин майы, 1рет қолданатын биялай, бетперде, іштен шыққан қалдықты құятын ыдыс (тазик);

Іс -әрекеттер:

1. Науқасты процедура мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру, келісімін алу.

2. Халат, клеенка алжапқыш, қолғап кию. Кушеткаға клеенка жайып, оның шетіне су құятын ыдыс немесе шелек қойылады;

3. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу;

4. Түтіктің ұшынан бастап 20-30см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.

5. Залалсыздандырылған салфетканы сол қолмен ұстап, 1-2-ші саусақтармен құйрықты ашыңыз, оң қолға резеңке зондты ұстап, кіндікке қарай 3-4см енгізіңіз, сегізкөз омыртқа бойымен ішекке 20-30см тереңдікке енгізіңіз;

6.Түтікке шыны құйғышты кигізіп құйғышты қисайтып кушетканың деңгейінен төмен ұстаңыз;

7.Әзірленген құйғышты 1л сумен толтырыңыз;

8. Құйғышты біртіндеп сырқаттың денесінен жоғары етіп ұстап су құйғыштың сағасына жеткенше көтеріңіз /ішекке ауа кетпеуін қадағалаңыз/;

9. Құйғышты бұрынғы қалыпқа дейін төмендетіңіз;

10.Құйғыштың жуылған суға толуын күтіңіз;

11.Құйғышқа толған сұйықты ыдысқа немесе шелекке төгіңіз;

12.Құйғышқа қайтадан су құйып, жоғарыдағы тәсілмен жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз;

13. Құйғышты шығарып алып, іште қалған судың төгілуі үшін түтікті 15-20 минутқа дәрет ыдысына салып қойыңыз;

14.Тік ішектен түтікті ақырын шығарып алыңыз;

15. Клеенкадан жасалынған алжапқышты және төселінген клеенканы 2 рет 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

16. Дәрет ыдысын қолданып болған соң ішіндегі қалдық заттарды унитазға төгіп, сумен шайып, 1% лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа салу керек. Одан алып, ағынды суда шайып, әжетханадағы арнайы шкафқа қоямыз;

Сифон клизмасы ауыр манипуляция, сондықтан процедураның кезінде сырқаттың жағдайына көңіл бөлу қажет.

Гипертониялық клизма

Мақсаты: ішектің перистальтикасын күшейту, ішек қуысына сұйықтық транссудациясын жасау.

Көрсетпелер: Іштің қатуында және әртүрлі кең көлемді ісіктерде;

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Жедел аппендицит;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша , бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 100мл 10%-NaCL-ерітіндісі немесе 20-30% 50мл магний сульфат ерітіндісі, бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) босататын ерітіндіні (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз.

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты киіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты шалқасынан жатқызып, тереңірек дем алдырып, сұйықты ішінде 20-30 минутқа ұстап қозғалмай жатуын айтамыз (транссудат әсерінен нәжіс массалары жұмсарып, перистальтика күшееді).

10.Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;

11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста (арнайы медициналық шкафта) сақтау керек;

12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.

Клизма жасауға арналған резеңке баллон (груша)

Майлы клизма

Мақсаты: емдік мақсатта тоқ ішектің төмеңгі бөліктерін тазалау.

Көрсетпелер: тазалау клизмасы нәтиже бермегенде, іштің қатуында, іш қуысына операция жасалғаннан кейін алғашқы күндерде, босанудан кейін.

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Жедел аппендицит;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл майлы ерітінді (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Міндетті шарттар: майлы клизмадан соң науқас бірнеше сағат жатуы керек, сондықтан майлы клизманы түнде қойған дұрыс.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) майлы ерітіндіні (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз.

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты кийіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты шалқасынан жатқызып, тереңірек дем алдырып бір неше сағат жатуды айтамыз;

10.Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;

11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста сақтау керек (арнайы медициналық шкафта);

12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.

Дәрілік клизма

Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету.

Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Қатерлі ісіктер;

• Ішектерде операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: Жане шприці немесе резеңке груша, бір рет қолданылатын жел шығаратын түтік, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздан- дырылған салфетка, жаялық, шымылдық.

Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жанэ шприціне жылы (ішекті механикалық, термиялық, химиялық тітіркендірудің алдын алу мақсатында) дәрілік затты (дәрігердің тағайындағаны бойынша) сорып алыңыз, ұштыққа вазелин майын жағыңыз (дәрілік ерітіндінің температурасы 37˚С-тан төмен болған жағдайда дефекацияға алып келеді);

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5. Халат, қолғапты киіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен ұстап, құйрықты ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікті ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Түтікшеге Жане шприцін немесе резина баллонды жалғастырып ерітіндіні ақырындап жіберіңіз (жіберуден алдын ауасын шығаруды ұмытпаңыз);

8. Резина баллонды қысқан күйінде шығарып алыңыз;

9. Сырқатты ыңғайлы етіп жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз.

10. Жане шприцін ағынды суда шайып 1% лизоформин ерітіндісіне 30 минутқа салу керек;

11. Ауызы жабық, сыртында белгісі бар ыдыста сақтау керек (арнайы медициналық шкафта);

12. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

13. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

14. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.

Тамшылы клизма

Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның сорылуын қамтамасыз ету.

Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда

Қарсы көрсетпелер:

• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;

• Қатерлі ісіктер;

• Ішектерге операция жасағанда;

• Тік ішектің түсуінде;

Қажетті заттар: тазалау клизмасына арналған жүйе, дәріні тамшылатып жіберуге арналған жүйе, штатив, залалсыздандырылған вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде, залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық, жылытқыш t-40-45˚С

Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу қажет, енгізілетін ерітінді 40-42˚С-ке дейін жылытылған болуы керек.

Іс-әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

2. Процедураны жүргізуге қарсы көрсетпелер жоқтығына көз жеткізу.

3. Жүйені дәрілік затпен (дәрігердің тағайындағаны бойынша) толтыру, 1м биіктікте штативке бекіту, жүйенің алдыңғы және артқы қабырғаларына жылытқышты бекіту.

4. Сырқатты сол жақ қырынан кушетканың шетіне тізесін кіндігіне жақындата бүгіп жатқызу керек, шымылдықты қойыңыз;

5 . Халат, қолғапты кийіңіз. Науқастың жамбасы астына клеенка, үстінен жаялықты жайыңыз.

6. Сол қолмен құйрықты ашып, оң қолмен жүйенің үштігін ақырын айналдырып тік ішекке алдымен кіндікке қарай 3-4см, содан соң омыртқаға қатарластырып 10-15см тереңдікке енгізіңіз;

7. Жүйедегі қысқышты ашып енгізілетін ерітінді тамшыларының жиілігін реттеңіз ( минутына 60-80 тамшы);

8. Дәріні енгізіп болғаннан соң қысқышты жауып, жүйені ақырындап шығарып алыңыз.

9. Сырқатты ыңғайлы етіп жатқызып, үстіне көрпе жабыңыз.

10. Клеенканы 1% лизоформин ерітіндісіне малынған дәке салфеткамен сүртіңіз;

11. Қолғапты шешіп, дезерітіндіге салыңыз, қолды жуыңыз.

12. Тағайындау парағына процедураның орындалғаны және науқастың реакциясы туралы белгілеңіз.

Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу

Ұштық, жел шығаратын түтік, асқазан зонды манипуляция жасағаннан соң залалсыздандыру алдындағы өңдеудін бірінші үш кезеңінен өтеді:

1. 0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады.

2. 0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.

3. Ағынды су астында шаяды.

Залалсыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклавқа салынады: қысым 1,1 атм, t-120°С, уақыты 45 минут.

Жел шығаратын түтікті қолдану алгоритмі

Мақсаты: ішектегі газдарды сыртқа шығару.

Көрсетпелері: метеоризм, ішек атониясы, дәрілік клизманы қойған кезде

Қарсы көрсетпелер: ішектен қан кету, тік ішектің төмен түсуі.

Жабдықталуы: стерильді жел шығаратын түтікше, стерильді астауша, вазелин майы, стерильді таңу материалы, биялай, шымылдық, халат, үлкен жаялық, дәрет ыдысы, шпатель.

Міндетті шарттар: жел шығару түтікшесі 1 сағатқа дейін қойылады.

Іс-әрекетер алгоритмі:

1. Науқасқа процедура мақсатын, барысын түсіндіру және келісімін алу.

2. Науқастың кереуеті жанына шымылдықты қою.

3. Науқасқа сол қырымен жатуына көмектесі, аяқтарын ішіне қарай бұгу.

4. Қолғапты кию.

5. Науқастың жамбасының астына клеенка, үстіне жаялықты төсеп қою.

6. Кереуеттің жанына орындықтың үстіне ішінде шамалы суы бар дәрет ыдысын қою.

7. Түтікшенің бас жағын 20-30см-ге дейін вазелинмен майлау.

8. Түтікшені ортасынан бүгіп, бос ұшын 4-ші 5-ші саусақтармен ұстау қажет, ал бас жағын қарындаш ұстағандай етіп ұстау керек.

9. Сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен құйрығын ашып, оң қолмен жел шығаратын түтікшені 20-30см тереңдікке енгізу қажет.

10. Түтікшенің бос ұшын дәрет ыдысына салу керек.

11. Белгілі уақыт өткеннен соң (1 сағатқа дейін) түтікшені алу қажет.

12. Қолданылған түтікшені зарарсыздандыру ерітіндісіне салу керек.

13. Анальді аймақты вазелин майына батырылған салфеткамен сұрту.

14. Клеенка және салфетканы арнайы қапшыққа салу.Қолғапты шешу, дезерітіндіге тастау, қолды жуып құрғату

Терінің ойылып қалған жарасының алдын алуы

Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің семуі (некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады.

Ойылулардың пайда болуының себептері:

1. Күтімнің нашарлығы.

2. Салдану.

3.Тері сезімталдығының бұзылуы.

4. Қан айналымының бұзылуы.

5. Дене қызуының көтерілуі.

6. Қоректенудің бұзылуы.

7. Зәр мен нәжістің ұсталмауы.

8. Анемия.

9. Наркоздың немесе наркотиктердің әсерінде болу.

10.Егде жас.

11.Жайылған ісінулер.

12.Ыңғайсыз төсек, онда тамақтың, дәрілердің ұнтақтарының, дөрекі тігістердің болуы.

13.Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпты болуы,

14.Төсек орын мен іш киімдердің таза болмауы.

15.Науқастың ессіз болуы.

16.Зат алмасу үрдістерінің айқын бұзылуы.

Ойылулардың алдын алу:

1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.

2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру.

3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу.

4. Резеңке шеңберлер қолдану.

5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу.

Алдымен бозару, содан кейін тері қызарып, ауырсыну, ісігу пайда болады, содан соң сүйек қабығының қамтылуымен жаралар жәнее емдеу дамиды. Зақымданған тері арқылы инфекция тусуі мумкін, бұл ірінге және қанның кағындысына (сепсис) әкелуі мүмкін.

Ойылулардың пайда болуы - науқас күтімінің жеткіліксіздігін керсетеді!

Ойылулардың емі алдын алу шараларынан күрделі. Алғашқы кезеңдерде зақымданған жерді 5 - 10% йод ерітіндісімен, 1% бриллиант жасылмен сүрту, физиотерапиялық ем жүргізіледі. Асептикалық тану жасалады. Егер ойылулар пайда болса, оны калий перманганатының 5 -10% ерітіндісімен сүртіп, Вишневский майымен, синтомицин және т.б. таңу қажет. Некрозда - маймен таңу. жалпы күшейту емі (қан құю, плазма), кейде операция - теріні ауыстыру қолданылады. Кейінгі кезде -ируксол деген препарат ұсынылады. Ол тәулігіне 2 рет 2 мм қалыңдыкта дымқыл таңу түрінде жасалады.

Науқастың денсаулығы бұзылмас үшін оны әртүрлі қосымша аурулардан алдын ала қорғау керек. Мысалы, ауруханада немесе үйде жатқан науқас адам жеке басының тазалығын үнемі сақтап отырса, онда бұл науқастың тезірек жазылатындығы сөзсіз. Науқас адамның жағдайы неғұрлым ауыр болса, онда оны күту де соғұрлым қиын болады. Науқастың күтімі нашар болып, ағза күрт әлсірегенде, дененің қысым түскен жерлері ойылады.

Ойылған жер дегеніміз - үстіңгі, ал кейде тереңдеп жайыла түсетін беткі тінннің (терінің, тері астындағы шел қабатының, кілегей қабағының) жансыздануы. Ойылуға осал келетін жерлер: сегізкөз, құйымшақ, шонданай, үлкен ұршық, өкше, жауырын, тобықтың сыртқы бөлігі, желке, тізе, шынтақ.

Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер. Ойықтар - ауыр халдегі науқастарды нашар күтуінен, дымқыл, ластанған іш киімдерден, төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан, кірлеген теріден пайда болады.

Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу

Адамның денесіне қысым түсу себебінен тіндер мен сүйектердің шығып тұрған ұштары қысылып қалады, төсек орын, онсыз да әлжуаз тіндерді одан сайын қысады. Адамдардың сыртқы киімдері, аяқ киімінің байланған жерлері де адам денесін қысады. Осы әсерлердің бірде-бірі күнделікті өмірде тіндердің ойылып қалуына апара қоймайды. Бірақ қозғалыс жасамаған кезде немесе сезімталдықтан айырылғанда, бұл әсерлердің тіндерді зақымдану қауіпі туады.

Үйкелу терінің ажырауына себепкер болады, бет жағының жолақтануына әкеледі. Үйкелу ылғалданғанда болатын нәрсе. Адамдар оған кіші дәрет ұстамағанда, тер шыққанда, ылғалды және ылғалды сіңірмейтін іш киім кигенде душар болады.

Ойылуды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын дұрыс жасау қажет. Оның негізгі қағидалары:

  • Күнде науқастың ойылу мүмкін болған жерлерін қарау керек: сегізкөз, тобық, жауырын, шынтағын, самай аймағын. Бозарған және қызарған тері аймақтары анықталған жағдайда дәрігерді шақырту қажет және алддын алу және емдеу шараларын бастау қажет:

  • Егер пациенттің жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.

  • Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.

  • Тері тітіркендіргіштерін жою.

  • Тері тазалығын сақтау.

  • Тері ылғалдылығын төмендету.

  • Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп кайта салу керек.

  • Төсек жапқыш пен іш киімінің бүктеліп қалмауын қадағалау керек

  • Терісін жылы сумен жуу, зарарсыздандыру ерітіндісінің біреуімен сүрту: камфора қоспасы, камфора спирті, одан кейін құрғатып сүрту керек.

  • Астына төселетін ақ жайманың тігісі болмауы керек.

  • Терінің гиперемиясы (қызаруы) болған кезде, белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау керек.

  • Терінің суланып тұрған жерін суық сумен сабындап жуып, спиртпен сүртіп, ұнтақ себу керек.

Ойылудың даму кезеңдері

І кезең: Циркуляторлы бұзылулар кезеңі

Белгілі бір тері аймағының бозаруымен соңынан венозды гиперемиямен және шекаралары анық болмаған көгерумен сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда мұздай болады.

ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер және іріңдеу кезеңі

Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.

ІІІ кезең: Жазылу кезеңі

Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және дефекттің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.

Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі

1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу.

2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді, құрғақ таңғыш байлайды.

3-ші кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді. Ол кезде ультракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, облепиха майы), арасына дөңгелек резеңке салу қолданылады.

4-ші кезеңде терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады..

Науқасты бақылау. Дене қызуын өлшеу. Жеке бекет. 

Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Оны бірқалыпты ұстау күрделі жылу реттеу үрдістерімен қамтамасыз етіледі - құрамына перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (гипоталамус) терморецепторлар, бас миында орналасқан жылу реттегіш арнайы орталықтар және жылу белу әрі беру деңгейін реттейтін эфференгті жолдар кіреді. Дені сау адамның қолтық астындағы қызуы 36,4 - 36,8°С аралығында тербеледі. Ең жоғарғы летальды қызу (яғни адам өміріне сай келмейтін температура, бұл кезде адам өледі) 43°С-қа тең, мұндай қызуда организмде зат алмасуының қайтарылмайтын өзгерістері басталады, клеткаларда ауыр кұрылымдық заымданулар болады. Летальды ең төменгі кызу - 15 - 23°С.

Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4°С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1 - 0,6°С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17 - 21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу –таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы кыстағыға қарағанда 0,1 - 0,5°С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спротшыларда) кезінде байқалады.

Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С. 

Дене қызуын көбінесе қолтық астында (алдау күдіктелінсе-екі жақпыш да), ал шап қыртысында (балаларда), ауыз куысында (термометр резервуарын тілдің астына қояды), тік ішекте (вазелинмен майланған термометрдің резервуарын сол қырында жатқан науқастың тік ішегіне 2-3 см тереңдікке кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы міндетті. Дене қызуы қолтық астында калыпты жағдайда 36 - 37°С, және ол шырышты қабаттардағы қызуға қарағанда 0,5 - 0,8°С төмен екендігін есте сақтаған жөн.

Қызуды өлшеу былай жүргізіледі: құрғақ 35°С-ден төмен көрсеткішпен термометрді адын ала кұрғатып сүртілген қолтық астына терімен толық жанасатындай етіп орнатады (науқастың иығын кеуде клеткасына қысу), 7 - 10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады. Содан кейін термометрді сілкіп, 4/5 белігіне дейін немесе толығымен хлораминнің 1% зарарсыздандыру ерітіндісіне (немесе басқа дез. Ерітіндіге) 15 минутқа салып қояды, содан соң ағынды сумен шайып, құрғақ күйінде түбінде мақтасы бар ыдысқа сақтайды.

Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, электротермометрлер, тез анықтау үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз киындысы.

Дене қызуының тәуліктік тербелулерін сызып керсету үшін температуралық беттер толтырады.Температуралық парақтарды әр науқасқа толтырып, күніне екі рет термометрия нәтижелерін жазып отырады. Абсцисс осі бойымен ауру күндері, ординат осінде температуралық тор орналасады, оның бөліктері 0,2°С-қа тең. Бетке күнделікті екі реттік термометрия нәтижелерін нүктемен белгілейді, оларды біріктіреді де температуралық қисық сызық сызылады.

Қызба (febris) - бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организмнің белсенді қорғану-бейімделу реакциясы. Көбінесе бұл пирогендер.- белоктық заттар - патогенді бактериялар мен вирустар, олардың токсиндері, сондай-ақ ыдырау өнімдері. Қызба көптеген жұқпалы аурулардың негізгі белгісі болып табылады. Қызба реакциясы механикалық, химиялык және физикалық зақымданулардың себебінен болған жұқпалы емес (асептикалық) қабынуларда да болуы мүмкін. Қан айналуының бұзылуы нәтижесінде, мысалы миокард инфарктінде, дамыған тіндер некрозы да қызбамен өтеді. Қызба қатерлі ісіктерде, зат алмасуының артуымен өтетін кейбір эндокринді ауруларда (тирертокрикоз), аллергиялық реакцияларда, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуында (термоневроз) және т.б. байқалады.

Қызбаны қажетті алмасу үрдістерін демейтін және организмге түскен бактерия, вирустармен күресті кеп жағдайда жеңілдететін организмнің бейімделуші реакциясы деп караған жөн. Пиротерапия (қызуды жасанды көтеру) кейбір аурулар кезінде (сылбыр өтетін инфекцияларда) қолданылады. Дегенмен, жоғары қызба ауру ағымы мен нәтижесіне (егде немесе өте жас адамдарда, қосымша аурулар болғанда және т.б.) көбінесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Қызбаның түрлері:

Қызудың кетерілу дәрежесіне байланысты:

  • субфебрильді (38°С-тан артпайды),

  • орташа немесе фебрильді (38 - 39°С),

  • жоғары немесе пиретикалық (39 - 41°С),

  • аса жоғары немесе гиперпиретикалық (41°С-тан жоғары).

Ағым ұзақтығына байланысты:

  • еткінші (ұзақтығы бірнеше сағат),

  • жедел (15 күнге дейін),

  • жеделдеу (15 - 45 күн) және созылмалы (45 күннен артық).

Дене қызуынын тәулік бойғы (кейде ұзағырақ уакыттағы) тербелу сипатына байланысты:

1) тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі ГС-тан аспайтын тәуліктік тербелумен; 2) ремиттеуші (босаңсытатын) (febris remittens) - ұзақ қызба, қызудың тәуліктік тербелуі 1-ден 1,5°С-қа дейін қалыпты деңгейге дейін төмендеусіз; 3) ұстамалы безгек (febris intermittens) қызудың 1°С-тан жоғары тәуліктік тербелуімен сипатталады, бірақ танертеңгілік уақытта оның қалыпты деңгейге дейін төмендеуі байқалады; 4) гектикалық (febris hectica) (титықтататын) – тәулігіне бірнеше рет қайталанатын дене қызуының көп (3-5°С-қа) көтерілуімен және тез түсуімен сипаталатын қызба. Дене қызуы қалыпты немесе қалыптыдан төмен - 36°С-тан төмен түседі; 5) бұрмаланған қызба (febris inversia) - әдеттегі тәуліктік ырғақтың ауысуымен сипатталады, бұл кезде таңертеңгілік қызу кешкідегіден жоғары; 6) толқын тәрізді қызба (febris indulans), тұрақты көтеріңкі кезеңдер қалыпты қызу кезеңдерімен бірнеше күн бойы алмасып отырады; 7) бұрыс қызба (febris atypica), тәулік бойғы тербелуде заңдылықтың болмауымен сипатталады.

Бір ғасырдан аса уақыт бұрын ұсынылған температура қисықтарының бұл түрлері осы күні де диагностикалық маңызын сақтаған, бірақ казіргі антибактериялық және ыстық түсіретін дәрілерді алғашқы күндерден бастап кеңінен қолдану салдарынан температуралық кисық аурудың табиғи дамуы кезінде болатын пішінін жоғалтады.

Қызудың көтерілуін әр науқас әртүрлі өткізеді: кейбіреуі субфебрильді қызудың өзінде ауыр қиналады.

Қызбасы бар сырқаттың күтімі оның кезеңіне көп байланысты.

Бірінші кезең - қызудың өршуі. Жылу бөлудің жылу беруден неғұрлым басымдылығы байқалады. Клиникада бұл қалтыраумен, бұлшық еттердің тартып ауыруымен, бас ауруымен, аяқ-қолдардың бозаруымен және көтеруімен (цианозымен) сипатталады. Мұндай кезде науқасты жылыту (төсеккке жатқызу, қымтап жабу, жылытқыштар қою, ыстық шай беру), дәрілік емнің қажеттігі туралы сұрақты шешу, ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің жағдайын мұқият бақылау қажет.

Екінші кезең - қызудың жоғары деңгейде сақталуының салыстырмалы тұрақты кезеңі. Жылу бөлу және жылу беру үрдістерінің теңесуімен сипатталады. Қалтырау азаяды, тері тамырларының жиырылуы төмендейді және бозаңдық гиперемиямен (кызарумен) алмасады. Сырқаттар бүл кезде эдетте жалпы әлсіздікке, бас ауруына, ыстықтауға, ауыз кебуіне шағымданады. Жүрек-кан тамыр және тыныс алу жүйелері қызметінің қатерлі бұзылулары болуы мүмкін: тамыр соғуының жиілеуі (тахикардия), тыныс жиілеуі (тахипноэ), кейде қан кысымының төмендеуі байқалады, сондықтан әрдайым сәйкес емдік дәрілерді тағайындау сұрақтарын шешу қажет. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі жағынан айқын бұзылулар болуы мүмкін - бас ауруы, ұңқысыздық, галлюцинациялар, сандырақтау, ал кішкентай балаларда құрысып-тырысулар. Қызбасы бар сырқаттың ауыз қуысы күтімі мү_қият жүргізілуі қажет, еріндері мен езулерінде пайда болған жарылуларды вазелин майымен немесе глицеринмен майлау. Қарсы көрсеткіш болмаса жиі, бөліп-бөліп, көп сұйықтық ішкізу (сусындар, морстар, компоттар, мииерал сулар) ұсынылады. Қатаң төсектік тәртіптегі науқастарға дәрет ыдысы мен зәр қабылдағышты береді, ойылулардың алдын алуды жүргізеді.

Үшінші кезең - қызудың төмендеу кезеңі, шеткі қан тамырлардың кеңеюі, тер бөлінудің көп артуы салдарынан жылу берудің жылу бөлуден неғұрлым басымдылығымен сипатталады. Ол әртүрлі өтеді. Дене қызуынын біртіндеп. бірнеше күн ішінде түсуі литикалық немесе лизис деп аталады. Тез, көбінесе 5 - 8 сағатгың ішінде, жоғары мөлшерден (39 - 40°С) қалыпты немесе сәл қалыпты деңгейге түсуі кризис деп аталады. Дене қызуының критикалық түсуі медицина қызметкерлерінен батыл шараларды қолдануды қажет етеді: жүрек жиырылуының күшеюіне және қан қысымының көтерілуіне мүмкіндік туғызатын, тыныс және тамыр қозғалысы орталықтарын қоздыратын дәрілік заттарды енгізу. Сырқатты айналдыра жылытқыш салады, ыстық қою шай береді, төсек орын жапқыштары мен іш киімді уакытымен ауыстырады.

Науқастың жағдайын бақылау

Медбике науқас жағдайын бақылап, өзгерістерді уақытылы анықтап, дәрігерге хабарлауы тиіс. Науқасты бақылау кезінде медбике назар аударуы қажет: -сана жағдайына; -науқастың төсектегі қалпына; -бет-әлпетіне; -тері жамылғылары мен кілегей қабықтардың түсіне; -қан айналым және тыныс алу мүшелерінің жағдайына; -зәр шығару мүшелерінің қызметіне т.б.

Дене қызуы және оны өлшеу

1. Терморегуляция

Сау адамның қалыпты жағдайда дене қызуы тәулік бойы 37˚С-тан аспайды. Бұл жылу өндіру және жылу беру сияқты күрделі жылу реттеу жолымен қамтамасыз етіледі. Жылу өндіру бұлшық ет және ішкі мүшелердегі тотығу процестері арқасында жүзеге асырылады. Алмасу процестерінің өнімділігі неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым жылу жасау көбейе түседі. Жылу беру - терідегі бай тамырлар торына байланысты болады. Олар өз сағасын бірден тез өзгерте алады. Жылу беру - жылу тарату, жылу сәулелену және булану жолдарымен жүзеге асырылады.

Ағзаның жылу өндіруі жеткіліксіз болса немесе ағза салқындағанда тері тамырлары рефлексті түрде тарылады да, жылу беруі төмендейді. Тері құрғақ, суық болады, кейде қалтырау пайда болады. Ол қаңқа бұлшық еттерінің жылу жасауының жоғарылауына әкеліп соғады. Керісінше, жылу көп болған жағдайда (ағза қызғанда) тері тамырларының рефлекстік түрде кеңеюі байқалады. Терінің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылайды, сондықтан жылу беру, оны өткізу және сәулелендіру жоғарылайды. Егер бұл механизмдер жеткіліксіз болса, тер бөлу кенеттен күшейеді. Тер дене бетінен булана отырып, ағзадағы жылудың өте күшті бөлінуін іске асырады. 

Сонымен, терморегуляцияның күрделі механизмі ағзаның ішкі ортасындағы температуралық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, ол алмасу процестерінің қалыпты жүруі үшін қажетті болып келеді. 2. Дене қызуын өлшеу

Күні бойы кездесетін дене қызуының физиологиялық ауытқулары тәңертеңгі және кешкі қызу арасындағы айырмашылық орташа есеппен алғанда 0,3-0,5 градусты құрайды.

Жастарға, орта жастағы адамдарға қарағанда сәби жастағы және қарт адамдардың дене қызуы төмендеу болады. 

Ерте балалық шақта тәулік ішінде үлкен ауытқулармен көрінетін дене қызуының аса тұрақсыздығы байқалады. Қалыпты жағдайда дене қызуы ас қабылдағаннан кейін физикалык күшті жұмсай отырып, жұмыс істегенде айқын көрінетін көңіл-күй жағдайлары, әйелдерде жүктілік және етеккір келу кезеңдерінде аздап жоғарылайды. Қалыпты жағдайларда сау адамдардың дене температурасы физиологиялық жағдайларына байланысты 0,5°С деңгейінде ауытқиды. Сонымен қатар, қалыпты жағдайда теріде өлшенетін дене қызуы (табиғи қатпарлардағы) кілегей қабаттағы қызудан (ауыз қуысы, тік ішегі, қынап) 0,5-0,8°С төмен. Қолтық асты аймағындағы дене қызуы 36-37° С-қа тең. 

Жоғарыда айтылған деректерге сүйене отырып, дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек: таңертең - ұйқыдан кейін, ашқарынға(сағат 7.00 - 9.00 аралығында) және кешке -күндізгі демалыстан кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта (сағат 17.00-19.00 аралығында). Кейбір жағдайларда (дәрігердің белгілеуі бойынша) дене қызуын әрбір 3 сағат сайын өлшеу керек, оны температураның профилін өлшеу деп атайды. 

Дене қызуын қалыпты жағдайда максимальді медициналық термометрмен өлшейді. Ол бір шетінде сынап орналасқан резервуарды жұқа шыныдан жасалған және корпустан тұратын аспап. Резервуардан термометрдің басқа шетіне капилляр шығады. Кызған және көлемі үлкейген сынап капилляр бойымен жоғарыға көтеріледі. Капилляр бойында термометр шкаласы орналасқан. Шкала температураның нақты градусына дейін анықтауға есептелген. Ол үшін оның бойында осыған сай арнаулы бөлінулер бар. Медициналық термометрмен 34-42° С-қа дейін дене температурасын өлшеуге болады. 

Термометр сынап бағанасының ең жоғары көтерілу биіктігін керсетеді, сондықтан ол ең жоғары (максимальді) деп аталады.

Бірақ капиллярдың төменгі бөлігі бірден тарылып, кедергі жасағанынан сынап өзегінен резервуарға өзінен-өзі аға алмайды. ЕСКЕРТУ! Сынапты резервуарға қайтару үшін термометрді сынап бағанасы 35° төмен орналасқанға дейін сілку керек. Манипуляцияны жүргізгеннен кейін термометрді зарарсыздау керек: 15 минутта 1% деохлор немесе 3% су тотығы ерітіндісінде 80 минут батыру, дезинфекциялық ерітінді қоңыр шыныдан жасалған ыдысқа құйылу қажет, себебі күннің көзінде, жасанды жарықта ерітінді өз қасиетін тез жоғалтады.  Абайлаңыз! Термометр жұқа нәзік шыныдан жасалған. Ма-нипуляцияны орындау алдында міндетті түрде термометрдің бүтіндігіне көз жеткізу керек. Құрамында сынабы бар аспаптармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесі 

Медициналық термометр жұмыс барысында сынуы мүмкін. Ұсаққа бөлініп, ыдырап кететін сынаптың өзі зиянын тигізбейді. Сынаптың буы өте қауіпті. Сынап буы - нейротоксикалық у. Сондықтан сынапты тез жинап алу керек. Науқастарды бөлмеден шығарып, сынапты шаңсорғышпен немесе жұмсақ нанның ортасымен батыра отырып жинайды. Жиналған сынапты тығыз жабылатын шыны ыдысқа орналастыру керек. Содан соң қолды мұқият жуу керек.

Емделушінің дене қызуын өлшеу

Мақсаты: науқастың жағдайын бақылау. 

Қажетті заттар: - медициналық термометр  - астауша  - сүлгі  - дене қызуын есепке алу журналы  - қызу парағы - зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс  - таза термометрді сақтауға арналған ыдыс  - мақта  Іс-әрекеттер алгоритмі:  1. Термометрдің бүтіндігіне көзіңізді жеткізіңіз! 2. Сынап бағанасы 35° төмен болғанша термометрді сілкіңіз. 3. Қолтық астында қабыну құбылыстары мен терінің зақымдануларының бар-жоғын байқаңыз. 4. Қолтық асты терісін құрғақ орамалмен сүртіңіз. 5. Термометрдің сынабы бар резервуарын қолтық астына орналастырыңыз. 6. Дене температурасын 10 минут ішінде өлшеңіз.

Термометрді зарарсыздандыру

Термометрді пайдаланып болғанан соң, сынап бағанасы 35ºС-қа төмендегенше сілку керек, 1% хлорамин ерітіндісінде 15минут салып алады да, құрғақ салфеткамен сүртіп, таза ыдысқа немесе өзінің қорапшасына салып қояды.

Дене қызуын өлшегеннен сон, термометр көрсеткіштерін жеке температуралық параққа енгізеді. Оны стационарға түсетін әрбір науқасқа арналған медициналық картамен бірге қабылдау бөлімінде ашады. Онда дене қызуынан басқа тамыр соғу көрсеткіштерін, артериялық қысымды тіркейді.

ЕСКЕРТУ! Дене қызуы, артериялық қысым, пульс көрсеткіштерін температуралық параққа графикалық тәсілмен тіркейді, сол жақта тігінен "Т", "П", "АҚ" шкалалары болады. Кейбір температуралық парақтарда бір минут ішінде тыныс алу жиілігін графикалық тіркеуге арналган "Ц" шкаласы да бар. Температуралық парақтың төменгі бөлігінде емделушінің дене салмағын тәулік бойы қабылданған және бөлінген сұйықтық (су балансы), мөлшерін нәжіс бөлу туралы деректерді жазады және жүргізілген санитарлық өңдеуді + белгісімен белгілейді. ЕСКЕРТУ!

Т, РS, АҚ деректерін дұрыс енгізу үшін шкаланың бөлінулерінің бағасын есептей білу қажет. Ауруханада алған күн графасын екіге бөледі:- "У" - таңертеңгі және "В" - кешкі. Таңертеңгі деректер "У" графасында нүктемен белгіленеді. "В" графасында кешкілік деректер белгіленеді. Нүктелерді бір-біріне қосқанда температуралық кисық пайда болады.

Қызба

Қызба - бұл дене қызуының 37°С-тан жоғары болуы. Түрлі сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде дамитын ағзаның белсенді, қорғану - бейімделу реакциясы. Ондай тітіркендіргіштер пирогендік заттар (грек тілінен аударғанда Руr- от, ыстық, gепеs - туғызатын) деп аталады. Оларға микробтар, олардың улары, сары сулар, вакциналар, жарақаттануда, ішкі қансырауларда, некрозда, күйіктерде пайда болатын ағза тіндерінің ыдырау өнімдері жатады. 

Пирогендік заттар терморегуляцияның өзгеруін тудырады. Жылу беру бірден төмендейді (тамырлар тарылады, жылу жасау жоғарылайды). Ол дене ыстығының жиналуына және дене қызуының көтерілуіне әкеледі. Осы кезде дамитын қызба, алмасу процестерінің жылдамдығының жоғарылауына әкеледі. Инфекция және баска пирогенді факторлармен күресуге қажетті ағзаның қорғану күшін жұмылдыруда маңызды рөл атқарады.

Қызба кейде неврогенді түрде орталық жүйке жүйесінің функционалды және органикалық зақымдалуынан дамиды. ЕСКЕРТУ! Жоғарылау дәрежесіне қарай температура субфебрилді қызба (38°С-тан жоғары емес) орташа, біркелкі қызба (фебрилді) (38-39°С-қа дейін), жоғары немесе пиретикалық қызба, (39-41°С) өте жоғары немесе гиперпиретикалық қызба (41°С-тан жоғары) болып бөлінеді.

Қызба дамуы үш кезеңнен түрады:

Бірінші кезең – дене қызуының көтерілуі: жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Жылу бөлу тері тамырларының тарылу салдарынан бірден төмендейді. Дене температурасының жоғарылауына қарамастан тері суық "қаз терісіне ұқсас" болады. Науқас бас ауруына, сүйектердің сырқырауына, қалтырауға шағым жасайды да, көпке дейін жылына алмайды.

Бұл кезеңде емделушіге тыныштық жағдай жасап, оны төсекке жатқызып, жылы жауып, аяғына жылытқыш қойып, ыстық шай беру керек.

Дене қызуының салыстырмалы тұрақтылығының II кезеңі: бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Тері тамырлары кеңейіп, жылу бөлу күшееді де, жылу жасаумен теңеледі. Сондықтан температураның әрі қарай жоғарылауы тоқтайды да, температура тұрақталады. Осы кезеңде емделушінің денесі қызып, бас ауруы, сүйектің сырқырауы, ауыздың құрғауы байқалып науқас шөлдейді. Науқас есінен танып, есеңгіреуі, сандырақтауы мүмкін. Терісі ыстық, беті қызарған. Осы кезеңде жылы көрпелерді жеңіл жамылғышпен ауыстыру керек, науқасқа (мейілінше көбірек) витаминді салқын сусындар (морс, итмұрын тұнбасы) беру керек. Арасында ауыз қуысын әлсіз сода ерітіндісімен шаю керек (0,5 литр суға 2 ас қасык сода). Осындай емделушілерге жеке мейірбикелік пост белгілеу керек, егер мүмкін болмаса посттағы мейірбике науқасқа жиі-жиі келіп, оның тамыр соғуы мен жалпы жағдайын бақылауға міндетті.

Дене қызуы неғүрлым жоғары болса және оның ауытқуы көп болса, соғүрлым науқас жүдейді. Ағзаның қорғаныс күштерін жоғарылату үшін және энергетикалык шығынның орнын толтыру үшін науқасқа сұйық немесе жартылай сұйық түрінде калориясы жоғары және тез сіңірілетін азық-түліктер беру керек. Тәбеттің төмендеуіне байланысты науқасты тәулігіне 5-6 рет кішігірім мөлшермен тамақтандыру қажет. Рационда ас тұзын шектейді. Ол диурездің күшеюіне әкеледі. Витаминді сусындар ішу диурездің күшеюіне, сонымен қатар қызба кезінде қанға сіңген улы заттарды ағзадан шығаруға көмектеседі. Науқасқа минералды су берілетін болса, сол суды біраз уақыт ашық түрде ұстау керек (газдарын кетіру үшін және метеоризмнің алдын-алу үшін).

Мейірбике тері күтімін және ойықтың алдын-алу шараларын жүргізеді. Барлық физиологиялық бөлінулерді ауыр қызбасы бар емделушілер төсекте жасайды. Мейірбике оны әрқашан есте сақтау керек.

III кезең. Дене қызуының төмендеуі әртүрлі жүреді. Температура кризистік түрде, яғни жоғары цифрлардан бірден төмен қарай (мысалы 40-36°С) бір сағат ішінде төмендеуі мүмкін. Ол тамыр тонустарының, артериялық қысымның бірден төмендеуімен, жіп тәріздес пульстің болуымен қатар жүреді. (Жедел тамыр жетіспеушілігі - коллапс). Науқастың терісі бозарады. Сипағанда суық көрінеді, қатты терлейді, ерні көгереді, күшті әлсіздікті сезінеді. Бұл жағдай кризис деп аталады және шұғыл шаралардың өткізілуін талап етеді. ЕСКЕРТУ! 1. Науқасқа мәжбүрлі жағдай жасау қажет: аяғын жоғары көтеріп, басынан жастықты алып тастау керек. 2. Науқасты жылы қымтап, жылытқыштар қойып, ыстық шай немесе кофе беру керек. З. Дәрігерді шақыру. 4. Тері астына егу үшін 10 % сульфокамфокаин ерітіндісін дайындау керек. 5. Емделушінің жағдайы жақсарғанда оны кұрғатып сүртіп, дене киімін және төсегін ауыстыру керек. 

Көбінесе дене қызуы біртіндеп лизистік түрде төмендейді. Ол тершеңдікпен, әлсіздікпен қатар жүреді. Температура түскен соң науқас ұйқыға кетеді. Бұл жағдайда оны оятудың қажеті жоқ.

Қызба кезеңдерінің сипаттамасы

І-кезең: дене қызуының көтерілуі.

Науқас шағымдары: бас ауру, сүйек сырқырауы, әлсіздік, қалтырау.

Тері жамылғылары: "Құс терісі" түрінде.

Естің жағдайы: өзгермеген.

Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: Жылу өндіру жылу бөлуден басым болады.

Науқасты күту алгоритмі: 1. емделушіні жылыту; 2. жылы көрпемен жабу; 3. аяғына жылытқыш қою; 4. ыстық, тәтті шай беру.

II кезең: дене қызуының тұрақты болуы.

Науқастың шағымдары: бас ауруы, сүйек сырқырауы, сусау, ауыз құрғауы.

Тері жамылғылары: беті қызарады, тері ыстық, ауыз қуысының кілегей қабаты құрғайды, еріні қызарады.

Ес жағдайы: елес, сандырақ пайда болу мүмкін. Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: тепе-теңдік қалыпты болады.

Науқасты күту алгоритмі:

  1. жеке пост ұйымдастыру;

  2. науқасты салқындату:

а) маңдайына компресс немесе мұзды мұйық қою; ә) теріні сірке қосылған суық сумен сүрту; б) суық сумен ылғалдалған жамылғышпен орау;

3. дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу; 4. ауыз қуысының кілегей қабатын жуу; 5. ерінді вазелинмен майлау; 6. физиологиялық бөлінулер кезінде күтім жасау; 7. науқасты тамақтандыру;

ІІІ кезең: дене қызуының төмендеуі - кризис.

Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу.

Тері жамылғылары: терісі бозғылт, суық, жабысқақ термен қапталған.

Естің жағдайы: санасы бұзылады, кейде есін жоғалтады.

Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: жылу өндіру жылу беруге қарағанда азаяды.

Науқасты күту алгоритмі: 1. төсектің аяқ жағын жоғарылатып, жастықты алып тастау; 2. дереу дәрігерді шақырту; 3. кофе немесе ыстық шай беру; 4. науқасты қымтап жабу; 5. 10% сульфокафокаин және 10% кофеин бензоат-натрий ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау; 6. науқастың киімін ауыстыру;

IV кезең: температураның төмендеуі - лизис.

Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу.

Тері жамылғылары: дымқыл.

Естің жағдайы: есі сақталған.

Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: жылу өндіру жылу беруге қарағанда азаяды. Науқасты күту алгоритмі: 1. тыныштық; 2. төсекті және іш киімін ауыстыру; 3. дәрумендірілген сусын; 

Дене қызуының шектен тыс көтерілуі (гипертермия) әсіресе жас нәрестелерде жиі ұшырасады. Қызуы 39-40-410С - ға дейін көтерілсе шектен тыс көтерілуі дейміз. Бұл сәбилердің миындағы дене қызуын реттеу орталығының әлі жөнді пісіп жетілмеуіне байланысты. Шұғыл ем қолданбаса ауыр асқынуларға апарып соғуы ықтимал. Қызуы шектен тыс көтерілген сәбидің сіркесі су көтермейді, қатты мазасызданып, тамақ іщуден бас тартады, шөлдеп, еріндері көберсіп, бет-әлпеті жиі өзгеріп, жүрегі қатты соғады. Бірте – бірте тынысы жиілеп, тілі күрмеліп, буын-буыны былқ-сылқ етіп босап, есі кіресілі-шығасылы боп шоши береді, сандырықтап, қол-аяғын ербеңдетіп дөңбекши береді.

Қызуы шектен тыс көтерілгенде мынандай көмектер көрсетеді: 1) Баланы шешіндіріп тек іш киімімен қалдырады; 2) Еңбегіне төбесіне және мойын, қолтық, шаптағы, артериясына мұз қояды; 3) Бүкіл денесін камфорлы спиртпен немесе қарапайым спиртке жартылай су қосып сүртіп шағады; 4) Желдеткіш арқылы денесіне салқын жел үрлейді;  5) Салқын физиологиялық ертіндімен асқазанын жуады немесе клизма жасайды; 6) Венасына салқын физиологиялық ерітінді тамызады.

Сонымен қатар дене қызуын реттейтін дәрілер (аналгин, аминазин, аспизол, аспирин) беріледі, оны дәрігер рұқсатымен береді.

Құсу. Науқас балалардың құсу себебі әртүрлі. Жаңа туған нәрестелердің асқазан ішек жолдарында іштен туған кемістік кеселдері ішегі түйіліп, соқыр ішегі қабынып, құрсақ ағзалары ми қабығы жарақаттанып немесе іріңдесе құсады. Кей кездерде операциялардан кейін де құсады. Құсықтың қауіпті жағы бар. Егер құсықпен тыныс жолы бітеліп қалса бала табан астында өліп кетеді. Лоқсыған кезде баланың шыңғырып жалауының пайдасы бар, себебі құсық тыныс жолына түспейді. Бала лоқсыған кезде дереу қырына жатқызып, басын сәл төмен түсіріп, астына шара қою қажет. Құсып болған соң естияр балаларға ауыздарын суық сумен шайдырады, ал сәбилердегі құсықтар қалдығын электр сорғышпен сорғызып, дәкемен ептеп сүртеді.

Мейіркеш баланың қай мезгілде, неліктен құсқанының, оның құрамында не бар екенін (запыран, тамақ, жалқық, қан, нәжіс) жазып алып, емдеуші дәрігеріне көрсеткені абзал.

Қан кету әртүрлі жағдайларда болады. Ағып жатқан қанды дер кезінде тоқтатпаса қансырауға әкеп соғады. Яғни бала қансырау талмасына түсуі мүмкін. Егер өткір қан кетудің салдарынан жалпы қанның 30%-ін жоғалтатын болса, онда баланың қаны азайып, ауруға (анемия) ұшырайды. Соның салдарынан миына оттегі жетіспей тіпті өліп кетуі мүмкін.

Қан кету үдей түскен жағдайда қанның құрамы сілтіленеді (ацидозға ұшырайды), ұзақ қан тамырларындағы қан айналысы (микроциркуляциясы) бұзылады, қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер) капиллярлардың қуысында түйдектеліп (агрегацияланнып) қалады. Несеп бөлінуі басында рефлекторлы түрде азайып кетеді (олигурияға ұшырайды), ал декомпенсация сатысында, бүйректің қан айналысының бұзылуына байланысты несеп мүлдем бөлінбей қалады (анурияға ұшырайды).

Кеселдің клиникалық нышандары. Көзге бірден түсетін объективті нышандары: терісі суланып, өңі бозарып, еріндері қуқыл тартып, көздері шұңірейіп, жақтары суланып, тамыры жиі әрі әлсіз соғады, тыныс алуы жиілейді, жағдайы өте ауырланып Чейн-Стокстың тыныс алуы байқалады. Субъективті нышандары: басы айналады, әлсіздік пайда болады, аузы кебеді, шөлдейді, лоқсиды, көзінің алды қарауытады, әлсірей береді.

Мүмкіндігінше тез емдесе қансырау асқынбайды. Бала қанды өте көп – жоғалтқан жағдайда, оның қанының тобын, резусын анықтағанша венасына дәрілік сұйықтарды құя беру қажет. Себебі баланың организміне эритроциттерден гөрі, плазманың жоғалуы салдарынан АҚҚ азаюы өте зиянды әсер етеді. Сондықтан венасына альбумин, протеин, полигалюкин тәрізді сұйықтарды құйған тиімді.

Қанның сыртқа ағуы. Артериядан аққан қан алқызыл, вена қанының түрі шие түстес қызыл қошқыл болады. Қан қолқадан, сан және қолтық асты артериясынан, венасынан ақса бала бірнеше минуттің ішінде өліп кетеді. Егер мойындағы немесе кеудедегі вена зақымданса, ол эмболия тәрізді ауыр асқынуларға әкеп соғуы ықтимал.

Қанның ішке ағуы. Іште орналасқан ірі қан тамырларының жарақаттануы салдарынан болатын бұл кеселді анықтау өте қиын. Оның нышандары: егер қан асқазан-ішек жолдарынынң қуысына ағатын болса, онда қан ауыз бен тік ішек арқылы ағып шығады. Бірақ қанның қайсы ағзадан ағып жатқанын дәл табу бастапқыда оғңайға түспейді, себебі ауыздан шыққан қанның көзі өкпеде, кеңірдекте, жұтқыншақта, көмекейде, өңеште, асқазанда, ұлтабарда орналасуы кәдік. Сондықтан аққан қанның түр-түсін, сапасын білу диагнозды дәл қоюға көмектеседі: көбіктеніп шыққан алқызыл қан-өкпеден; “кофенің қоюы” тәрізді болса-асқазаннан немесе ұлтабардан; Нәжісі қара май тәрізді (мелена) болса, онда қан асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен; егер нәжісі алқызыл қан аралас түсетін болса, онда қан тік ішектен, ирек ішектен, тоқ ішектен, бүйеннен (инвагинация-бір ішектің екінші ішектің қуысына кіріп кетуі); несебі қан аралас болса онда бүйрегі, несеп бөлгіш қуығы, үрпісі жарақаттанған болып табылады.

Қанның қай жерден ағып жатқанын дәл табу үшін сыртқатты арнайы зерттеулерден өткізу қажет. Көмекейі мен жұтқыншағынан қан ақса ларингоскопия өңешіне эзафагоскопия, асқазанына – гастроскопия, ұлтабарына – дуоденоскопия, кеңірдегі мен өкпесіне – бронхоскопия, тік ішегіне

ректороманоскопия, тоқ ішегіне – колоноскопия, қуығына – цистоскопия жасайды. Ультрадыбыспен, рентгенмен, радиоизотоптармен тексерудің де маңызы зор.

Егер бас сүйектің ішіне, кеуде қуысына, құрсақ қуысына, жүрек қабына, буындарға қан ағатын болса, оны анықтау өте қиын болғанымен әрқайсысының өздеріне тән нышандары болады.

Аққан қанды уақытша торқтатудың тәсілдері. Сыртқа ағып жатқан қанды тоқтатудың ең тиімді тәсілі бұрау салу. Бұрауды көбінесе аяқ-қолдардан аққан қандарды тоқтатуға пайдаланады. Мойыннан аққан қанды сау жағының басы мен иығының арасына тіреп қойған Крамер темір торлы жақтауы арқылы салынған бұраумен, жақтау жоқ болған жағдайда, қарама-қарсы жақтың қолын басына қою арқылы таңады. Бұрауды салған соң уақытын көрсетіп жазып қояды. Бұрауды аяққа 2 сағаттан, қолға 1,5 сағаттан артық уақытқа салуға болмайды. Себебі бұрау шектен тыс көп уақытқа салынатын болса, қан айналысы бұзылып, аяқ-қолы іріп-шіріп өліп қалуы мүмкін.

НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ

Дені сау адамның тамақтану тәртібі.

Емдеу алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру. Емдәмдік мәзір туралы түсінік.

Тамақтану ағзаның физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Адам ағзасына қажетті заттарды тағам арқылы алады, олар ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер және сулар. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы 1 гр ақуыздың тотығуынан 4 ккал, 1 гр майдан - 9 ккал, 1 гр көмірсудан - 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес кұрастырылуы керек 100 - 120 г, өсімдік - 40 гр, жануар майы - 85 - 90 гр, өсімдік - 10 - 15 гр, көмірсулар - 400 - 500 гр, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тағам салмағы З кг дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыспен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Орта есеппен алғанда ересек адамдарда энергияның физиологиялық қажеггілігі Ресейде 2500 ккал (І996, 1998), Европаның көптеген мемлекеттерінде және АҚШ-та - 2200 - 2500 ккал деп анықталған төсек тартып жатқан науқастарда энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Белоктар, майлар, минералдың заттар ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін «кұрлыстық» заттар болып табылады.

Ақуыздар - тірі клеткалардың негізі, олар ферментгер мен гормондардың құрамына кіреді, тыныс алуға, бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады, ағзаны микробтар мен вирустардан қорғайды Ақуыздар жануар тағамдарының (сүт, ет, бальщ) және өсімдіктердің ( нан, жарма, бұршақ) құрамында кездеседі. Ресейде физикалық жұмыспен және спортпен шұғылданбайтын 18-29 жастағы дені сау адамның 1 кг дене салмағына тәулігіне орта есеппен 1,0 г ақуыз қажет. Европада және АҚШ—та ақуызға қажеттілік төмендеу, 1 кі дене салмағына - 0,75 - 0,85 г ақуыз . жануар ақуызы жалпы ақуыз мөлшерінің 50 пайызын кұрайды ( ресейде - 55 пайыз).

Майлар-ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады. Клеткалық мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы. Майлар арқылы ағзаға А, Д, Е дәрумендері, ауыстырылмайтын май қышқылдары, лецитин сияқты тіршілігіне қажетті заттар түсіп отырады. Майлар кейбір минералды заттар мен майда еритін дәрумендердің ішек арқылы сіңірілуін қамтамасыз етеді. Майлы тіндер - энергиялық заттардың белсенді қоры. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдерде тамақтануға жануар майлары көп мөлшерде қолданылады.

Көмірусулар - тамақтану мәзірінің негізгі бөлігін құрайды және оның энергия құндылығының 50 - 60 пайызын қамтамасыз етеді. Олар ақуыздар мен майлардың қалыпты алмасуы үшін қажет. Көмірсулар негізі өсімдік тағамдарында болады. Талшықтар, пектиндер, гемцеллюлозалар ішекте қорытылмайды және энергияны аз мелшерде бөледі. Көмірсуға тәуліктік қажеттілік дені сау 18-30 жастағы ерлер мен әйелдерде 360 және 300 г, немесе 1 кг қалыпты дене салмағына 5 г. Көмірсулардың жалпы мөлшерінің 80 пайызына жуығы крахмалдың (дәнді тағамдар, бұршақ, картоп) 15 пайызы - жеңіл қортылатын жай көмірсулардың, оның ішінде қант және кұрамында қанты бар тағамдардың, 5 пайызы - тағамдық талшықтардың (жеміс- жидектер, дәндер) үлесіне жатады.

Су - тағамдық мәзірдің маңызды бөлігі болып табылады. Ол зат алмасу үрдістерін, тағамның қорытылуын, зат алмасу заттарының шығарылуын, жылу реттеуді және т.б. қамтамасыз етеді. Су адамның дене салмағының 2/3 бөлігін құрайды және ағзаның суды 10 пайызынан артығын жоғалтуы адам өміріне қауіп төндіреді. Суға қажеттілік тамақтану сипатына және еңбегіне, климатка, денсаулық жағдайына және басқа да факторларға байланысты. Орта есеппен алғанда ересек адамның суға қажеттілігі тәулігіне 2,5 литр. Адам 1 - 1,5 л суды сұйықтық (сорпа, шай, компот) арқылы, 1 - 1,5 л -тағам өнімдерінен алады, 0,3 - 0,4 л ағзаның зат алмасуы кезінде түзіледі.

Минералды заттар - (натрий, калий, кальций, фосфор, темір, магний) - ағзаның қалыпты тіршілігіне қажет. Кальций мен фосфор сүйек, жүйке және бұлшық ет тіндерінің маңызды кұраушылары болып табылады. Натрий әртүрлі мүшелерге қозудың жүйке арқылы өткізілуінде елеулі роль атқарады, ағзада суды іркілтеді, қан тамыр қабырғасының жеткілікті тонусын қамтамасыз етеді. Калий бұлшық еттердің, сондай-ақ жүректің қозу, жиырылу және босаңсу үрдісіне қатысады.

Дәрумендер - тағамдык мәзірдің міндетті түрде болуы қажет және алмастырылмайтын кұраушы бөлігі болып табылады. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында дәрумендердің жеткіліксіз болуы гипо- немесе авитаминозға әкелуі ықтимал,

Емдік тамақтану

Ішкі ағза ауруларының негізгі кешендік емі болып табылады. Онда тамақтану тәртібін сақтау да кіреді, сау адам күніне 4 рет тамақтанады.

Мейірбикенің міндеті науқастарға жалпы күтім жасап, емдік тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.

Емдік тамақтануды немесе диетотерапияны емдік және алдын-алу мақсатында жедел және созылмалы ауруларда арнайы тағамдық рацион құру үшін қолданады. Емдік тамактанудың негізгі қағидаларының бірі: тағамдық рационның тепе-теңдігі. Емдәм тағайындағанда аурудың сипаты, ағза мүшелеріндегі бұзылулар дәрежесі ескеріледі. Соған байланысты тағамдық рационга сәйкес өзгерістер енгізіледі, белгілі бір өнімдер шектеледі, алып тасталынады, тамақ дайындау тәсілі өзгертіледі. Кейде, қысқа уақытқа физиологиялық толық емес емдом немесе ашығу тағайындалады. Кейбір ауруларды емдеуде тамақтану тәртібінде өзгерістер болады (тағам қабылдау жиілігі және ұзақтығы) және тағамдарды кулинарлық өңдеу сипаты да өзгереді. (бөлшектеу,жылы өңдеулер, буда және суда қайнату және т. б.)

Тағам құрамының сапалық өзгерістері - қиын қортылатын, дөрскі тамақтарды бермеу, тағамның жалпы мөлшерін азайту және арнайы кулинарлық өңдеу (майдалау, үккілеу) - асқорту жолын механикалық аялауды қамтамасыз етеді.

Химиялык аялау - бу_л ащы ет, бшіық, көкөніс сорпалары, қуырылған ет тағамдары, қою туздықтар, дәмдеуіштер сияқты ас қорыту сөлдерінің бөлінуін күшейтетін тағамдық заттарды бермеу. Сонымен қатар тағам өте қатты ыстық болмауы керек, асқазанның жылуыны сәйкес 36 - 37°С болуы қажет. Ауруханалық мекемелерде төрт реттік, ал кейбір аурулар тобына 5 - 6 жэне 8 реггік тамақтану ұймдастырылады. Күндізгі уақыттағы тағам қабылдаудың арасындағы үзіліс 4 сағаттан көп болмау керек.

Емдәмдік мәзірдің арнайы 30 дан аса қатары бар. Соынң 15 неғұрлым жиі қолданылады. Номерлік жүйедегі емдәмдер Ресейдің, ТМД және Қазақстанның ауруханаларында тамақтануды ұйымдастыруда қолайлы. Қазіргі кездегі диетологияда бұл жүйе ескірген болып саналады, өйткені ол негізінде науқастың жеке ерекшеліктеріне емес бір аурудың жалпы сипатына бағытталған, бір науқаста бір емес бірнеше аурулар болуы мүмкіндігі ескерілмеген. Кейбір мемлекеттерде, мысалы Германияның ауруханаларында, арнайы емдәм жоқ, тек бір базалық емдәм қолданыдады, оны емдеуші дәрігер мен диетолог әрбір науқасқа арнайы өзгертіп отырады.Барлық емдәмдар физиологиялық толық қүұрамды, үйлестірілген, яғни ақуыздар, көмірсулар, минералды заттар мен дәрумендер жеткілікті мөлшерде болуы қажет.

Емдәмдік мәзірлер (М.И.Певзнер ұсынған)

№1а, №1б, №1 емдәмдер. Асқазан жара ауруларының әртүрлі сатыларында, гастриттің аскынуында тағайындауға болады.Тағайындау мақсаты - асқазан жолдарын химиялық, механикалық, термиялық тітіркендіргіштерден сақтау. Тамақтану тәртібі: әр бір 2 - 3 сағат сайын аз мөлшерде тамақтану.

№2 емдәм. Шайнау аппратының қызметі бұзылғанда, созылмалы гастритте, созылмалы энтероколиттің асқынбаған кезінде тағайындауға болады. Операциядан және жедел жұқпалы аурулардан кейін тағайындалады. Тағайындау мақсаты: асқазан мен ішектердің қызметін қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5 рет.

№3 емдәм. Іш қату кезінде тағайындалады.Тағайындау максаты: ішектің қалыпты босатылып отыруын және перисталтикасын күшейту. Тағам өсімдік талшықтарына бай болуы кажет, сұйықтықты кебірек ішу керек.Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5рет, ал түнде жатарда бір стақан айран, қара өрік, қызылша жеу керек.

№4 емдәм. Ішекке операция жасағаннан кейін, жедел - созылмалы энтероколитте және гастроэнтероколитте тағайындалады.

Тағайындау мақсаты: ішектерді химиялық және механикалық аялау; ішектің перистальтикасын және ондағы ашу үрдістерін күшейтетін тағамдарды бермеу. Өсімдік талшықтарын және сүтті шектеу. Тамақтану тәртібі: күніне 5-6 рет, шектеулі мөлшерде. Сұйық ішу тәулігіне 1,5 л.

№5 емдәм. Бауыр және өт шығару жолдарының созылмалы ауруларының өршімеген кезеңінде (холецистит, гепатит, бауыр циррозы) және асқазан ішек жолының аурулары болмаған жағдайда ағайындалады.Тағайындау мақсаты: бауыр қызметінің бұзылысын қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі 2 - 2,5 сағат сайын тағам қабылдау және күніне жылы күйінде 2,5 л дейін сұйықтық ішу.

№6 емдәм. Подаграда және зәрқышқылды диатезде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: пуриндік алмасуды қалпына келтіру және зәр қышқылының түзілуін азайту. Пуриндік негізге бай тағамдарды шектеу, сілтілі радикалды сақтайтын (көкөністі, жемісті, сүтті) тағамдарды тағайындау. Тамақтану тәртібі: күніне 5 рет, күніне 2,5 л сілтілі сұйықтықты көп мөлшерде ішу

№7а, 76. 7 емдәм. Бүйрек ауруларында, жедел нефритте, бүйрек қызметі сақталған жедел гломерулонефритте және бүйрек жеткіліксіздігінде, гипертониялық ауруларда тағайындалады.

Тағайындау максаты: бүйректі аялауға мейлінше жағдай жасау. Тұзды шектеу арқылы көтерілген қан қысымына және ісіктерге әсер ету. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет.

№8 емдәм. Семіздік кезінде, арнайы тамақтануды қажет ететін қосымша асқорыту мүшелерінің, бауырдың және жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары болмағанда тағайындалады. Тағайындау мақсаты: майдың көп мөлшерде жиналуын болдырмау және жою мақсатында зат алмасуға әсер ету.

Көмірсулар мен майлардың есебінен тағамның құндыльнынң шектеу.Тамақтану тәртібі: жиі-жиі аз құнарлы тағам қабылдау. Аптасына 1 - 2 рет ашығу күндері тағайындалады.

№9 емдәм. Қан диабетінде, қосымша аурулары болмаған жағдайда, Тағайындау мақсаты: көмірсу алмасуының жақсаруына жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: күніне 6 рет.

№10, 10а емдәм. Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында, қан айналым жеткіліксіздігі болуына (№10) және болмауына (№10а) байланысты тағайындалады. Тағайындау мақсаты: емдәмге калийге бай тағамдарды енгізу, ас тұзын шектеу арқылы қан айналым жүйесін жақсартуға, ісіктерді азайтуға жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: аз мөлшерде күніне 6 рет тағам қабылдау.

№11 емдәм. Өкпе туберкулезі, арықтау кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: тағамның кұнарлығын арттыру арқылы ағзаның қарсы тұру кабілеттілігін жоғарылату, витаминдік тепе-теңдікті қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5 рет тағам қабылдау.

№12 емдәм. Жүйке жүйесінің аурулары кезінде тағайындалады.

Тағайындау максаты: жүйке жүйесін коздырмау, ащы тағамдарды және дәмдеушілерді ( приправа), кофені, шайды шектеу қажет.

№13 емдәм. Жұқпалы ауруларда және баспаның жедел сатысында және т.б. тағайындалады. Тағайындау мақсаты: қызба кезеңінде ағзаның қарсы -тұру қабілеттілігін жоғарылатуға жағдай жасау. Аз мөлшердс күніне 6 рет тағам қабылдау.

№15 емдәм. Барлық ауруларда. асқорыту жүйесінің қалыпты жағдайында.

Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет тағам қабылдау.

Емдәмдік тамақтануды ұйымдастыру

Ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруда медицина қызметкерлері және тамақ дайындайтын жердің қызметкерлері қатысады.

Емдеуші дәрігер науқасқа белгілі бір емдәм тағайындап, сырқатнамаға белгілейді. Бақылаушы мейірбике мөлшерлік-мәзір құрастырады. Онда қанша науқасқа қандай емдәмдік мәзір тағайындалғаны көрсетіледі. Барлық мөлшерлік-мәзірдің деректерін қосу негізінде талап етілген тағамдардын қажетті мөлшері дайындалады.

Әдетте ірі ауруханаларда науқастарды тамақтандыруды дәрігер-дитетолог басқарады. Тамақ дайындайтын жердің жұмысын бақылау аурухананың диетолог мейірбикесіне жүктеледі. Дайын тамақты тарату тек кезекші дәрігер сапасын тексергеннен кейін ғана жүргізіледі. Тамақты бөлімшенің дәмханасына әкелгеннен кейін жылытып, содан соң дәмхананы мен бақылаушы мейірбике тарата бастайды. Тамақты таратар алдында арнайы халат киген жөн. Халінің ауырлық деңгейіне байланысты науқастар тамақты асханада немесе палатада қабылдайды. Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру бақылаушы мейірбикенің міндетіне жатады. Халі ауыр науқастарды төсекте жатқан қалпында, төсегінің бас жағын көтеріңкілеп, тесек үстіне қойылатын үстелшені қолдану арқылы, ал ол болмаған жағдайда науқастың кеудесі мен мойнын сүлгімен жауып касықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. 20 - 30 минуттан қейін босаған тамақтың ыдысын алып кету керек. Домхана мек асхана үшін арнайы белгіленген тазалау кұралдары болады. Үстелдер мен еденді зарарсыздандырғыш ерітіндіні қолданумен ылғалды тазалау әр тамақтанудан кейін жүргізіледі. Ыдыстарды майды кетіретін заттарды қолданумен арнайы ванналарда жуылады, ыдыс жуатын аспаптар ыстық сумен шайылады, содан кейін 0,5% хлорамин ерітіндісіне батыру арқылы зарарсыздандырылады да ағынды сумен шайып, кептіреді. Жөке зарарсыздандырғыш ерітіндіге салынады.

Ауыр халдегі, әлсіреген науқастарды кейде қасықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. Бұл тамақтандырудың табиғи тәсілі. Кейбір жағдайларда, науқастар өздігінен тамақтана алмаса немесе кей себептердің салдарынан табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса жасанды тамақтандыру қолданылады.

Жасанды тамақтандырудың тәсілдері:

1. Асқазан зонды арқылы. Көрсеткіштері: ауыз қуысының мертігуінде, жуыну бұзылғанда, ес-түссіз жатқанда, кейбір психикалық ауруларда (тамақтанудан бас тартқанда). Зонд асказанға мұрын немесе ауыз арқылы енгізіледі. Зонд аркылы: сорпа, сүт, май, шикі жұмыртқа, шырын, балалардың тағамдық қоспалары беріледі. Қазіргі кезде арнайы препараттар (белоктық, майлық, күріш және басқа энпиттер) қолданылады. Тәулігіне 600 - 800 мл енгізуге болады.

2. Гастростоманың немесе еюностоманың көмегімен. Көрсеткіштері: көмекей, жұтқыншақ, өңеш зақымданғанда немесе зілді күйгенде, өңешке жасалған операциядан кейін.

3. Парентералды. Көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарында қорыту, сіңірілу бұзылғанда, анорексияда (тәбет болмағанда). тоқтамайтын кұсуда, тамақтанудан бас тартқанда. Осы мақсатта донорлық кан, белок гидролизаттары, тұз ерітінділері, глюкоза микроэлементтермен көк тамырға енгізіледі.

4. Қоректік клизма. Клизма көмегімен қоректендіруші ертінділерді енгізу. Қазіргі кезде өз маңызын жоғалтқан. Су, физиологиялық және т.б. ерітінділерді енгізуді емдік клизма деп атаған жөн.

Тамақтану – тірі ағзаның негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады.

Азық арқылы адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмір, сутегі, минералды тұз, су, дәрумендер жасуша мен тіндерді қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу процесіне түсіп ыдырайды да ағзадан шығарылады.

Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен (калория) өлшенеді. Ағзадағы 1г ақуыздың тотығуынан – 4 ккал, 1г майдан – 9 ккал, 1г көмірсудан – 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес құрастырылуы керек: өсімдік 40г, жануар майы – 85-90г, көмірсулар – 400-500г, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3кг-ға дейін жетуі керек. Физикалық жұмыспен айналысатын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан науқастарға энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералдық заттар ұлпалар мен тіндерді қалпына келтіру үшін «құрылыстық» заттар болып табылады. Тағамның құрамдас бөлімдеріне: ақуыздар, майлар, көмірсулар, су, минералды тұздар мен дәрумендер жатады.