Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаа кіріспе дифзачет.docx
Скачиваний:
337
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
256.44 Кб
Скачать

Науқастың төсегін ауыстыру

Науқастың жай - күйіне қарай төсек-орын жапқыштарын ауыстырудың түрлі тәсілдері болады. 

Егер науқас жүріп-тұратын жағдайда болса, онда ол кіші мейірбике көмегімен төсек-орын жапқыштарын өзі ауыстырады. Егер науқастың басын көтеруіне рұқсат етілсе, кіші мейірбике оны орындыққа отырғызып, ақ жаймасын өзі ауыстырады.

Төсек тартып жатқан науқастардың ақ жаймасын ауыстыру анағұрлым қиын. Науқастың төсек-орын жапқыштарын әдетте екі адам науқасқа көп күш түсірмей отырып ауыстырады. Ол үшін ақ жайманы бас пен аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп, бел тұсынан /сегізкөз/ орап алады. Екі жағынан ораған таза ақ жайманы жайлап науқастың сегізкөзіне жақындатып салады. Содан кейін басы мен аяғына қарай түзетеді 

Төсек-орындарын ауыстырудың і тәсілі

Қажетті заттар :

  • таза төсек жиынтығы;

  • лас төсеніштер үшін кленка қап.

Іс- әрекеттер:

  1. Науқастың жастығын алыңыз. 

  2. Лас ақ жайманы бас жағынан орап, белдемеге /сегізкөзге/ дейін әкеліңіз және аяқ жағынан орап, белдемеге дейін әкеліңіз.

  3. Науқастың жамбас сүйегін көмекші мейірбикемен бірге көтеріп, ақ жайманы шығарып алыңыз.

  4. Екі жағынан ортасына дейін оралған ақ жайманы жамбас сүйегінің астына ақырын салыңыз.

  5. Бас жағын тегістеп, сосын аяқ жағын тегістеп жайыңыз.

  6. Басына тысы ауыстырылған жастықты қойыңыз.Тысы ауыстырылған көрпені үстіне жабыңыз.

Науқастың төсенішін басқа да тәсілмен ауыстыруға болады. Науқасты төсектің шетіне қарай жылжытып, кір жапқышты ұзына бойына бинт тәрізді орайды да, оның орнына тазасын төсейді, содан кейін науқасты қарама-қарсы жағына жылжытып, екінші жағынан кір жапқышты шығарып алып, тазасын жаяды. 

Төсек тәртібінде жатқан науқасты бір қырымен жатуға рұқсат етілген жағдайда пайдаланылады. 

Төсек-орынын ауыстырудың іі тәсілі

Қажет заттар:  - таза төсек жиынтығы; - лас төсеніштер үшін клеенка қап.

Іс - әрекеттер:

  1. Таза жайманы ұзына бойы жартысына дейін орап дайындап алыңыз.

  2. Науқастың басын көтеріп, жастықты алыңыз.

  3. Науқасты абайлап, төсектің шетіне жылжытып, бір бүйіріне аударыңыз.

  4. Кірлеген жайманы науқасқа қарай ұзынынан ораңыз.

  5. Орнына таза ақ жайманы төсеңіз.

  6. Абайлап науқасты жатқызып, келесі бүйіріне аударыңыз, енді ол таза ақ жайманың үстінде болуы тиіс.

  7. Босаған жақтан жайманы алып тастаңыз, таза ақ жайманы матрастың астына қайырыңыз. 

  8. Науқасты арқасына жатқызып, жастықтың тысын ауыстырып, басына жастаңыз.

  9. Көрпесінің тысын ауыстырып, науқастың үстіне жабыңыз.

Науқастардың киімдерін ауыстыру

Ауыр науқастар үшін, мысалы миокардтың инфарктысына арналған арнайы көйлектер тез киіліп шешіледі.

  1. Мейірбике науқастың киімін шешіндіру үшін науқастың жамбасының астына қолын тығып, көйлектің етегін ақырындап, бас жағына қарай көтереді. Содан кейін науқастың екі қолын жоғары көтеріп, көйлектен әуелі басын, сосын қолын шығарады.

  2. Егер науқастың қолы жарақаттанған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан кейін жарақаттанған қолынан шешеді.

Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді.

  1. Екі жеңін кигізіңіз, егер қолда жарақат болса, алдымен жарақат қолын, содан кейін сау қолын кигізіңіз.

  2. Көйлекті басынан кигізіп, етегін төмен қарай жазып, түсіріңіз.