Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаа кіріспе дифзачет.docx
Скачиваний:
337
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
256.44 Кб
Скачать

Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері

Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант, дәрігер) жүргізеді.

Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді (құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).

Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.

Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:

  • Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.

  • ыдыстардың қақпағы болу керек;

  • ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дезинфекциялық ерітінді концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы уақыты жазылады) .

  • қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т.б) қосымша

  • инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай зарарсыздандырылады

  • Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:

  • адамға зиянды болмау керек;

  • арзан болуы керек;

  • өткір иісті болмау керек;

  • жуу қасиеттері болу керек;

  • бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;

  • биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;

  • аз уақытта микробтарды тез жою керек.

Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері

  • Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.

  • Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;

  • Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.

  • Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері:

Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген:

  • қанмен, науқастың кілегей қабаты мен және биологиялық сұйықтықтармен қатынаспаған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;

  • туберкулез инфекциясымен қатынасқан бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;

Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс. Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек. Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.

Көп рет қолданылатын кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі:

  • зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 1 ыдыс

  • зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдыс

  • пинцет

  • құрал-жабдықтар

Іс-әрекеттер:

  • зарарсыздандыру ерітіндісі бар №1 ыдыста құрал-жабдықтарды бірнеше рет жуу керек, мақсаты қанның және дәрінің калдықтарынан тазалау.

  • құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдысқа 60 минутқа жібітіп қоямыз.

  • құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше ағынды суда жуу керек, сонан соң көп рет қолданылатын құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізуге жібереміз.

Қолдарға қан тигенде жүргізілетін өңдеу.

Оларды 2 минут ішінде антисептикалық ерітінділер мен мол дымқылданған тампонмен өңдеу керек.

А) 0,1 % дезоксон ерітіндісі

Б) 70 °С спиртке және 5 минуттан кейін ағынды сумен шаю.