Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

22-02-2016_08-49-44 / ревматология каз

.doc
Скачиваний:
86
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
311.81 Кб
Скачать

@ Хортон ауруы

@ артериальды гипертония

@ мидың ісігі

@ омыртқа жотасының мойын бөлімінің остеохондрозы

@ бейспецификалық аортоартериит

~ Г. деген 45 - жастағы науқас, аяқтарының әсіресе, оң аяғының бірінші башпайының шыдатпай ауырсынуы, осы буынның ісінуі, терісінің қызаруы және дене қызуының 38°С-ға дейін жоғарылауына шағымданады. Буындағы ауырсыну сезімі жаңа туфлимен ұзақ уақыт жүргеннен кейін мазалаған. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан - башпай буындары аймағы ісініп, қызарған, қозғалысы шектелген, құлақ қалқандарында – ауырмайтын диаметрі 2-4 мм сары түсті тері асты түйіндері. Қанда: лейкоциттер -10 мың, ЭТЖ-30 мм/сағ. СРБ (++), мочевина 15,0 ммоль/л. ЖЗА: сал. тығыздығы-1014, эритроциттер - 5-7 к/а, ураттар (+++). Сіздің болжам диагнозыңыз.

@ подагралық артрит

@ ревматоидты артрит

@ остеоартроз

@ псориаздық артрит

@ реактивті артрит

~ С. деген 60 жастағы науауқас, шынтағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Жүрек ауыруын емдеген кезде диуретиктер мен гепарин қабылдаған. Қарап тексергенде: гиперемия, шынтақ буындарының аймағында ісінуі, осы буын қозғалысының шектелуі, үрме бұршақ сияқты тығыз түйіндер. Жүрек тондары тұйықталған, жыпылықтауыш аритмия. ЖСЖ- мин.100 рет. ЖҚА: эритроциттер - 4,2 млн. Гемоглобин 150 г/л, лейкоциттер 10 мың. ЭТЖ-2 мм/сағ. ЖЗА: сал. Тығыздық 1020, лейкоциттер 4 - 5 к/а., эритроциттер 6 - 8 к/а. Ураттар +++. Диагнозды дәлелдеу үшін қажет зерттеу әдісі.

@ зәр қышқылының деңгейін анықтау

@ қабынудың жедел фазалы көрсеткіштерін анықтау

@ Ваалер-Розе реакциясын

@ креатинин деңгейін анықтау

@ синовиальды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу

~ Тері жасалатын тігін цехында жұмыс жасайтын, 32 - жастағы әйел 1 айдың көлемінде тәуліктің екінші жартысында айтарлықтай жағдайын ауырлатпайтын дене қызуының көтерілуі мазалайды. Тершеңдік (таңертең дымқыл жастық), әлсіздік, шаршағыштық, ұшпалы буындардың ауруын байқайды. Көп сөйлейді, аздап қозғыш, беті қызыл, жөтеледі. Қан анализінде: гемоглобин 90 г/л, эритроциттер 3,5x1012/л лейкоциттер— 5,6x109/л, таяқша ядролы нейтрофильдер— 2%, сегменнтер — 65%; лимфоциттер —28%; моноциттер — 5%; ЭТЖ —15 мм/сағ. Бірінші кезекте қандай диагностикалық шараларды жүргіземіз.

@ кеуде қуысының рентген суреттемесі

@ антистрептолизин-О

@ Манту сынамасы

@ Хаделлсон реакциясы

@ қан бактриологиялық анықтау

~ 24 жастағы ер адам - кезеңді түрде (3-4 күнді үзіліспен) дене температурасының бірнеше күн қатарынан таңертең немесе кешке жоғарылауына, бас ауыруы, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, тітіркенгіштік, тізе және тобық буынындағы ауырсыну сезімі, буындарындағы «старттық» ауырсыну сезімі, аяқ – қолының бозаруына шағымданады. ЖҚА лейкоциттер – 3,4х109/л, лимфоциттер – 38%, ЭТЖ – 24 мм/сағ. Рентгенограммада: қос тізе буындарында субхондральды пластинканың кей жерлерінің қалыңдауы, тобығының сүйек жиектерінің үшкірленуі. Бірінші ретте жүргізілетін зерттеу.

@ Хедделлсон және Райт реакциялары

@ кеуде ағзаларының рентгенограммасын

@ жамбас сүйегінің рентгенограммасы, илеосакральды буынға көңіл аудару

@ урогенитальды инфекция – хламидиозға тексеру

@ бас миының компьютерлік томографиясы

~ 30 жастағы ер адамда склеродактилия, тырнақтық фалангалардың остеолизі, буындар маңындағы терілерде көптеген кальциноздар, өңештің дистальді бөлімінде моторикасының бұзылысы, орта бөлігінде дилятациясы анықталды. Болжамды диагнозыңыз.

@ жүйелі склеродермия

@ жүйелі қызыл жегі

@ дерматомиозит

@ ревматоидты артрит

@ Шарп синдромы

~ РФ (ревматоидты фактор) болып табылады:

@ агрегацияланған иммуноглобулиндерге антиденелер

@ иммуноглобулин G

@ клетка ядроларына антиденелер

@ нативті ДНК-ға антиденелер

@ комплемент

~ Жүйелі қызыл жегі ауыруы бар 36 жастағы науқас, ұзақ уақыт жүйелі түрде глюкокортикостероидтар қабылдаған. Белінің ауырсынуы қосылған себебінен омыртқа бағанасы бел бөлігінің рентгенологиялық зерттеуі жүргізілген, онда омыртқалардың екі жиектерінің иілуі (двояковогнутые), трабекулярлы сүйек кемігінің жоғалуы анықталды. Анықталған өзгерістердің себебі.

@ стероидты остеопороз

@ ревматоидты артрит

@ остеохондроз

@ спондилит

@ склеродермия

~ Геморрагиялық васкулитте зақымданады.

@ микроциркуляциялық арна

@ ірі калибрлі артериялар

@ орташа калибрлі веналар

@ ірі калибрлі веналар

@ самай артериясы

~ Әйел адам, 40 жаста, 4 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеу аясында аурудың белсенділігі өршей түскен. Клиникалық протокол бойынша бірінші топтағы базисті ем ретінде қажет препарат.

@ метотрексат

@ делагил

@ сульфасалазин

@ алтын препаратты

@ Д-пеницилламин

~ Ревматоидты артриттың IV рентгенологиялық сатысының басқа сатылардан айырмашылығы:

@ анкилоз

@ бұлшық ет атрофиясы

@ шеміршек деструкциясы (узуралар)

@ остеопороз

@ буын деформациясы

~ Ревматоидты артриттың диагностикалық критерийлеріне тән:

@ 6 апта бойы 1 сағаттан астам таңертеңгілік сіреспенің болуы

@ екі жақты сакроилеит

@ зақымданудың асимметриялығы

@ сақиналы эритеманың болуы

@ 2 апта ішінде 3 және одан да көп буындардың артриттері

~ Нейтропения, гепатоспленомегалия, буындардың ауыр зақымданулары, васкулит, өкпе фиброзы, инфекциялық асқынулар қаупі бар симптомокомплекс қай ауруларға тән:

@ Фелти синдромы

@ Вегенер гранулематозы

@ ересектердегі Стилл синдромы

@ жедел ревматикалық қызба

@ дәнекер тіндерінің жүйелі аурулары

~ Клиникалық протокол бойынша жедел подагралық артритті емдеудегі ең тиімді препараттар:

@ диклофенак

@ колхицин

@ преднизолон

@ аллопуринол

@ D-пеницилламин

~ Анкилоздаушы спондилоартритке тән белгілер:

@ сегізкөз-мықын буындарының екі жақты эрозиясы

@ «Балық» омыртқалары

@ омыртқалар денесінің остеофиттері

@ «Стақандағы қарындаш» симптомы

@ сегізкөз-мықын буындарының бір жағының эрозиясы

~ 40 жастағы С. науқас ревматоидты артритпен көп жыл бойы ауырған. 1 ай бұрын қақырықты жөтел пайда болып, қол басы буындарының күн бойы сіресуі мен ауырсынуы күшейген. Қарағанда: лимфаденопатия, қол басының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түйіндер. Өкпеде қатқыл тыныс, жайылмалы құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұнықталған, тахикардия. Гепатоспленомегалия. Қанда: гемоглобин – 96 г/л, эритроциттер – 3 млн., лейкоциттер – 2,3 мың, ЭТЖ – 56 мм/сағ. R-граммада: өкпе суретінің күшеюі. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.

@ кортикостероидтар

@ антибиотиктер

@ цитостатиктер

@ алтын препараттары

@ аминохинолин туындыларынан

~ Метотрексатпен базистік терапия алатын, ревматоидты артритпен ауыратын науқаста АЛТ деңгейі – 95,01 мккат/л, АСТ – 87,86 мккат/л. Сіздің диагнозыңыз.

@ токсикалық гепатит

@ бауыр циррозы

@ Фелти синдромы

@ майлы гепатоз

@ вирусты гепатит

~ 35 жастағы Б. науқас омыртқа жотасының бел-сегізкөз бөлігінің, оң жақ тізе буынының, сол жақ кол басының ІІ-ші саусағының ауырсынуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Қарағанда: басының шашты бөлігінде, шынтақ буындар тұсында гиперкератоз көрінісімен гиперемиялық ошақтар бар. Сол жақ кол басының ІІ-ші саусағы қысқарған, гиперемияланған, сосискатәрізді өзгерген. Бәшпай тырнақтары бозғылт, кейбіреулерінің ортасында нүктелі ойылымдар бар. Болуы мүмкін диагноз.

@ псориаздық артрит

@ Бехчет ауруы

@ Каплан синдромы

@ Бехтерев ауруы

@ реактивті артрит

~ 24 жастағы Н. науқас тізе мен сирақ-табан буындарының ауыруына, олардың ісінуіне, қозғалысының шектелуіне, дене қызуының 38°С көтерілуіне, несеп бөлгенде ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: сол жақ тізе мен сирақ-табан буындары ісінген, ыстық, пальпация кезінде ауырады, сіңірлері мен оң жақ өкше сүйегі ауырсынады. Қанда: гемоглобин – 130 г/л, эритроциттер – 3,8 млн., лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ., СРБ (+++). Латекс тестінде ревматоидты фактор 1:10. Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат.

@ макролидтер

@ алтын

@ цитостатиктер

@ аминохинолиндер

@ глюкокортикоидтар

~25 жастағы Г. деген науқас Стилл ауруымен ауырады. Клиникалық протокол бойынша базистік терапия өткізу үшін ең тиімді препарат.

@ кортикостероидтар

@ антибиотиктер

@ β-блокаторлар

@ антиагреганттар

@ кальций антагонистер

~ Остеоартроздың классификациялық диагностикалық критерийлеріне тән болатын белгілер:

@ ауырудың механикалық түрі

@ эритроциттердің тұну жылдамдығы айқын өсуі

@ буын маңы остеопорозы

@ ревматоидты фактордың анықталуы

@ 1 сағаттан астам таңертеңгілік сіреспе

~ 45 жастағы Н. деген науқас, өкше мен тізе буынының ісінуі мен ауырғандығына шағымданады. 1 ай бұрын жедел дизентерия ауруымен емделген. Қарағанда: оң жақ өкшесі мен сол жақ тізе буынының дефигурациясы, тері гиперемиялы. Қанда: эритроциттер – 4,2 млн., лейкоциттер – 11 мың, ЭТЖ – 26 мм/сағ.Болуы мүмкін диагноз.

@ реактивті артрит

@ сепсистік артрит

@ ревматоидты артрит

@ подагралық артрит

@ ревматикалық қызба

~ 30 жастағы А. деген науқас қол басы буындарының ісінуі мен ауырсынуына, таңертеңгілік қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: екі жақ қол басының II-IV саусақтарының проксимальды фалангаралық буындардың симметриялы дефигурациясы. Буындардың жазу қозғалысы, ауырсыну және экссудативті көрініс салдарынан шектелген. Қанда: эритроциттер 4 млн., гемоглобин 128 г/л, лейкоциттер 10 мың, ЭТЖ 41 мм/сағ., СРБ – оң. Диагнозды негіздеу үшін анықтау керек:

@ цитруллинденген пептидке антиденені

@ антинуклеарлы факторды

@ стрептококқа қарсы антидене титрін

@ уретраның эпителий қырындысынан хламидийді

@ сарысудағы зәр қышқылының деңгейін

~ 62 жастағы З. деген науқас тізе буынының физикалық күш түскеннен кейін «старттық түрдегі» ауырғандыққа шағымданады. Қарағанда: қол басы буындарының деформациясы, «геберден түйіндері» мен буындардың шала таюларының болуы, оң жақ тізе буыны дефигурацияланған, гиперемияланған. Қанда: ЭТЖ – 25 мм/сағ. Тізе буынының R-граммасында айқын остеофитоз. Клиникалық протокол бойынша тағайындаған жөн.

@ структумды

@ мабтераны

@ преднизолон

@ сульфасалазин

@ әйнек тәрізді дене

~ 56 жастағы С. деген науқас шынтақ буындарының ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: шынтақ буындарының тұсында ісіну, гиперемия, қозғалысының шектелуі, «фасоль» мөлшеріндей тығыз түйіндер. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ – 100 рет минутына. Қанда: эритроциттер – 4,2 млн., гемоглобин – 150 г/л, лейкоциттер – 10 мың. ЭТЖ – 2 мм/сағ. Зәр анализінде: үлестік салмақ – 1020, лейкоциттер – 4-5 в к/а, эритроциттер – 6-8 в к/а., ураттар (+++). Диагноз қою үшін ең мәліметті зерттеу әдісі.

@ зәр қышқылының деңгейін анықтау

@ Ваалер-Роузе реакциясы

@ креатинин деңгейін анықтау

@ қабынудың жеделфазалық көрсеткіштерін анықтау

@ латекс-тест

~ 20 жастағы С. деген науқаста 1 апта бұрын сол жақ тізе мен жамбас-сан буындарында ауырғандық пайда болған. Қарағанда: пальпация кезінде, сезімтал шап лимфатүйіндерінің ұлғаюы байқалады. Сол тізе буыны ұлғайған, ыстық және пальпация кезінде ауырсынады. Фабер симптомы сол жағында оң. Ахилл сіңірін сәл соққанда ауырсыну бар. Қанда: лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Зәр тұнбасының микроскопиясында – лейкоцитурия. Тағайындауға дұрыс зерттеу әдісі.

@ C. Trachomatis-қа антиденелерді анықтау

@ Ваалер-Роузе реакциясы

@ С-реактивты протеин

@ Зәр қышқылының деңгейін анықтау

@ Стрептококқа қарсы антиденелердің титрі

~ 45 жастағы науқас, сол табанының 1-ші бәшпайінің қатты ауырсынуына, буынның ісінуіне, табан үстінің қызаруына, дене қызуының 39°С көтерілуіне шағымданады. 1-ші табан-бәшпай буынының ісінуі мен қозғалысының шектелуі байқалады. Буын R-граммасында: «тескіш» симптомы, қанда: лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 45 мм/сағ., мочевина – 15 ммоль/л. Клиникалық протокол бойынша препаратты тағайындаған дұрыс.

@ индометацин

@ метотрексат

@ пенициллин

@ преднизолон

@ аллопуринол

~ 68-жастағы науқастың табанның бірінші саусағы қызарып ісінген. Жарақат болмаған. Подагра диагнозын тез арада қоюға көмектесетін белгі:

@ синовиалдық сұйықтықта урат криссталдарының анықталуы

@ қанда ревматоидты фактор анықталуы

@ колхицинді қолданғанда жақсы нәтиже алу

@ шынтақтағы ауырсынусыз түйін

@ ренгенде бірінші плюснефаланг буында эрозия

~ 18 апталық жүктілікпен әйел қол басы буындарының бір сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысуына, әлсіздікке, субфебрилдік температураға шағымданады. 6 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Қарағанда: екі қолдың II-IV саусақтарының проксималды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы, қозғалысының шектелуі. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:

@ преднизолон

@ кризанол

@ диклофенак

@ метотрексат

@ сульфасалазин

~ Г.деген 42 жастағы науқас жамбас пен иық аймақтарының бұлшықеттерінің ауырсынуы және әлсіздігі, беттің ісінуі және қызаруына шағымданады. Об-ті: параорбиталдық ісінуі жіне жоғарғы қабақтың эритемасы. Қанда: эритроциттер 3,4 млн, гемоглобин 116 г/л, лейкоциттер 12 тыс., таяқшаядролы 2%, сегмментядролы 56%, эозинофилдер 8%, лимфоциттер 26, моноциттер 8, ЭТЖ-40 мм/сағ. Жалпы белок-72 г/л, альбуминдер 46%, глобулиндер 54%, альфа1-3,5%, альфа 2-12%, бета-10%, гамма-28%, АЛТ-42 ЕД, АСТ-68 ЕД. Сіздің болжам диагнозыңыз.

@ дерматомиозит

@ жүйелі қызыл жегі

@ жүйелі склеродермия

@ ревматоидты артрит

@ біріншілік подагра

~ 24 жастағы С. деген науқас әйел дене қызуының көтерілуіне, буындарындағы ауырсынуларға, жүдеуге, шаштын түсуіне шағымданады. Объективті: бетсүйек үстінде эритема, қол-аяқ терісінде - «торлы ливедо»; қол ұшы буындары ісінген. Пульс минутына 120 рет. АҚҚ 170/110 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер 3,5 млн., гемоглобин 94 г/л, лейкоциттер 3,2 тыс., жас-10%, таяқша-8%, сегмент-62%, э-2%, лимф.-10%, м-8%, ЭТЖ-40 мм/ч, СРБ(+). Жалпы зәр анализі: протеин-2 г/тәул, эритроциттер көп мөлшерде, лейкоциттер 10-15 көру аймағында. Болжам диагнозыңыз.

@ жүйелі қызыл жегі

@ жедел ревматикалық қызба

@ жедел гломерулонефрит

@ дерматомиозит

@ жүйелі склеродермия

~ 46 жастағы науқас Б. деген әйел бетінң, қолдың және аяқтың ісінуіне, саусақтардың ұюына, жұтуының қиындауына, жөтелге және күштеме кезінде ентігуге шағымданады. Объективтi: терiсi тығыз, бозғылт; өкпесінде әлсiреген тыныс, әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Қанда: эритроциттер 3,2 млн. гемоглобин – 117г/л, лейкоциттер-7,4 тыс., ЭТЖ 38 мм/сағ. Сiздiң болжам диагнозыңыз.

@ жүйелі склеродермия

@ жүйелі қызыл жегі

@ дерматомиозит

@ түйінді периартериит

@ геморрагиялық васкулит

~ Д.деген 37 жастағы науқас жамбас пен иық аймақтарының бұлшықеттерінің ауырсынуы және әлсіздігі, беттің ісінуі және қызаруына шағымданады. Об-ті: параорбиталдық ісінуі жіне жоғарғы қабақтың эритемасы. Қанда: эритроциттер 3,4 млн, гемоглобин 116 г/л, лейкоциттер 12 тыс., таяқшаядролы 2%, сегмментядролы 56%, эозинофилдер 8%, лимфоциттер 26, моноциттер 8, ЭТЖ-40 мм/сағ. Жалпы белок-72 г/л, альбуминдер 46%, глобулиндер 54%, альфа1-3,5%, альфа 2-12%, бета-10%, гамма-28%, АЛТ-42 ЕД, АСТ-68 ЕД. Сіздің болжам диагнозыңыз.

@ "дерматомиозиттік көзілдірік"

@ "көбелек"

@ полиартериит

@ терінің индурациясы мен ісіну

@ таңертенгілік құрысуы

~ 24 жастағы С. деген науқас әйел дене қызуының көтерілуіне, буындарындағы ауырсынуларға, жүдеуге, шаштын түсуіне шағымданады. Объективті: бетсүйек үстінде эритема, қол-аяқ терісінде - «торлы ливедо»; қол ұшы буындары ісінген. Пульс минутына 120 рет. АҚҚ 170/110 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер 3,5 млн., гемоглобин 94 г/л, лейкоциттер 3,2 тыс., ЭТЖ-40 мм/ч, СРБ(+). Жалпы зәр анализі: протеин-2 г/тәул, эритроциттер көп мөлшерде, лейкоциттер 10-15 көру аймағында. Диагнозды нақтылауға керек зерттеу:

@ LE – жасушаларының титрін анықтауға

@ рентгенографиялық зерттеу

@ Ваалера-Розе реакциясы

@ антистрептолизин-О титрін

@ бүйректің ультрадыбыстық зерттеу

~ 46 жастағы Б. деген әйел науқас бетінң, қолдың және аяқтың ісінуіне, саусақтардың ұюына, жұтуының қиындауына, жөтелге және күштеме кезінде ентігуге шағымданады. Объективтi: терiсi тығыз, бозғылт; өкпесінде әлсiреген тыныс, әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Қанда: эритроциттер 3,2 млн. гемоглобин – 117г/л, лейкоциттер-7,4 тыс., ЭТЖ 38 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша осы ауруда қолданатын таңдамалы препарат:

@ Д-пеницилламин

@ преднизолон

@ метотрексат

@ тауредон

@ ремикейд

~ Лейкопения, полиартрит, лимфаденопатия, спленомегалия, гепатомегалия қатар келген симптомдар келесі буын ауруына тән:

@ ревматоидты артрит

@ Рейтер ауруы

@ псориатикалық артрит

@ остеоартроз

@ подагра

~ Науқаста бетінде амимия, ауызы айналасында «шақша» (кисет) тәрізді қатпарлар, қол ұшы саусақтарының терісі тығыздалған, жұтуынын қиындауы. Диагнозды анықтау үшін информативті зерттеу:

@ топоизомеразаға антиденелерді анықтау

@ циклдік цитрулиннирленген пептидке антиденелер

@ ревмотоидты факторды анықтау

@ қос спиральды ДНК- ға антиденелерді анықтау

@ антинуклеарлық антиденелерді анықтау

~ 30 жастағы науқас тұмаумен ауырғаннан кейін, бұлшық еттері ауырып, әлсізденген, қабағы іскен, аздаған физикалық жүктемеге ентігу пайда болған. Қарап тексергенде: жүрісі сылбыр - сүйретілген, қабағы іскен, қабағында, жақ пен мұрын қанаттарында және «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер. Сипағанда - иық белдеуінде, сандарында ауырсыну байқалады, қолын жоғары көтеруге қиналады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ - мин.100 рет АҚҚ 140/90 мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер 4,5 млн., гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 7 мың, ЭТЖ 66 мм/сағ. Диагнозды анықтауға информативті зерттеу.

@ креатинфосфокиназаны анықтау

@ қос спиральды ДНК- ға антиденелерді анықтау

@ ревмотоидты факторды анықтау

@ кардиолипинге антиденелерді анықтау

@ жегілік (волчаночный) антикоагулянтты анықтау

~ 15 жастағы науқас дене қызуының 37оС дейін көтерілуіне, әлсіздікке, мазасыздыққа, басы мен қолдарының өз бетімен қозғалуына, сөзінің түсініксіздігіне шағымданады. Балтырда боз-қызғылт түсті сақина тәрізді санаулы бөртпелер анықталады, дене температурасы 38,2оС. Қанда: лейкоциттер – 8,5 мың, ЭТЖ – 29 мм/сағ. Неғұрлым мүмкін диагноз:

@ жедел ревматикалық қызба

@ жүйелі қызыл жегі

@ шекелік артериит

@ түйінді полиартериит

@ бейспецификалық аортоартериит

~ Жүйелі қызыл жегімен ауыратын, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайтын 34 жастағы науқас әйел қызбаға, бетіндегі эритематозды бөртпелерге, ісінулерге, басының ауыруына, есте сақтауының нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Зерттегенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсікпен байланыстырады. Клиникалық протокол бойынша тиімді тактика:

@ метил-преднизолонмен пульс-терапия

@ преднизолонның дозасын тәулігіне 40-50 мг дейін арттыру

@ преднизолонды тоқтатып, азатиопринді тағайындау

@ преднизолонды тоқтатып, циклофосфамидті тағайындау

@ еміне кризанолды қосу

~ 23 жастағы жас қыз көру өткірлігінің төмендеуіне, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:

@ преднизолон + диклофенак

@ индометацин + стугерон

@ триамцинолон + продектин

@ метотрексат + преднизолон

@ метилпреднизолон + плазмаферез

~ 50 жастағы науқас әйел тізе буындарындағы жүргеннен кейін күшейетін «механикалық сипаттағы» ауырсынуға шағымданады. Объективті: қол басы дисталды фалангааралық буындардың қатты түйіндер мен шығыңқырау түрінде деформациясы. Тізе буындары дефигурирленген, периартикулярлық тіндер тығыздалған. Қанда: эритроциттер 4,2 млн, лейкоциттер 6,6 мың, ЭТЖ - 25 мм/сағ. Науқас 3 ай бойы стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдаған, бірақ ауырсыну синдромы басылмаған. Неғұрлым тиімді тактика:

@ артроскопия жүргізу

@ хондропротекторлар тағайындау

@ преднизолон тағайындау

@ колхицин тағайындау

@ Райта-Хеддельсон реакциясын жүргізу

~ 20 жастағы науқасты жарты жыл бойы тізе мен тобық буындарының ісіңкіреуі мен ауырсынуы мазалаған. Бір ай бұрын кеуде клеткасында, бел омыртқа аймағында, сол жамбас буынында ауырсыну пайда болған. Объективті омыртқа бойында ауырсыну анықталады, сол жақ жамбас буынында және омыртқада бүгу қиындаған, сол жақ төс-бұғана қосылысы тұсында деформация; ирит белгілері анықталады. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:

@ сульфасалазин+аркоксиа

@ диклофенк+метотрексат

@ преднизолон

@ Д-пеницилламин

@ хлорохин+10% индометацин жақпа майы

~ 65 жастағы науқас әйел сол жақ маңдай мен төбе сүйек тұсында қатты бас ауыруына, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті сол жақ шеке артериясы бойында пальпацияда ауырсыну, жуандау, ирелеңдеу анықталады, осы аймақта тері қызарған. Қан анализінде: лейкоциттер 6,5 мың 1 мкл-де, ЭТЖ 34 мм/сағ; СРБ +++. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:

@ преднизолон

@ мовалис

@ Д-пеницилламин

@ метотрексат

@ азатиоприн

~ 28 жастағы науқас әйел күрт әлсіздікке, жүдеуге, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуіне, тобық пен білезік буындарының ісіңкіреуі мен ауырсынуына, жоғары қанағыштыққа шағымданады. Қарағанда теріде шеттері қызарған ортасы депигментацияланған дискоидты ошақтар, гепатоспленомегалия, лимфаденопатия анықталады. Қан анализінде: эритроциттер 1,5 млн, лейкоциттер 2,5 мың, тромбоциттер 46 мың 1 мкл-де. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тактика:

@ метилпреднизолонмен пульс-терапия

@ гидрооксихлорохин

@ азатиоприн

@ циклофосфамидпен пульс-терапия

@ метотрексат

~ 45 жастағы науаста Рейно синдромы типі бойынша перифериялық вазоспазм ұстамалары, қол сусақтарының проксималды фалангааралық буындары аймағында терінің симметриялық қалыңдауы. ЭФГДС: рефлюкс-эзофагит. Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы: өкпенің екі жақты базалды фиброзы. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді тағайындау.

@ Д-пеницилламин

@ метотрексат

@ циклофосфамид

@ азатиоприн

@ плаквенил

~ 23 жастағы науқас арқасының төменгі бөлігінде және жамбас буындарында құрысу мен күшті ауырсынуға шағымданады. Рентгенографияда: сегізкөз-мықын қосылысы аймағында контурларының тегіс болмауы мен буын қуысының тарылуы анықталады. Клиникалық протокол бойынша неғұрлым тиімді емдеу тактикасы.

@ сульфасалазин + мовалис

@ преднизолон + диклофенак

@ преднизолон + метатрексат

@ тауредон + целебрекс

@ циклоспорин + преднизолон

~ Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқас, циклофосфан қабылдауда, қанда лейкоциттердің мөлшері 2,9 мыңға дейін төмендеп кеткен. Клиникалық протокол бойынша тиімді тактика.

@ циклофосфанды тоқтатып, преднизолонды 1 мг/кг дозада тағайындау

@ циклофосфанды тоқтату

@ циклофосфанды азатиопринге ауыстыру

@ циклофосфаннын дозасын төмендету, плазмаферезды бастау

@ циклофосфаннын дозасын өзгертпеу, бірақ қатар преднизолонды тағайындау

~ 50 жастағы науқас кешке қарай күшейетін аяқ буындарындағы ауыруға шағымдармен жолықты. Анамнезден: артралгия шамамен 7 жыл мазалайды, алғашында тізе буындарында орташа ауырсыну мен кезенді ісінуі байқалған. Халықтық дәрілермен өздігімен емделген. Объективті: тері шелмайы артығымен дамыған. III – IV саусақтың ұшында дистальды фаланг аралық буындарының шеткі бетінде қалың түйіндер. Тізе буындарының қозғалысында «Қырт». Солжақ тізе буыннын жергілігінде гипертермиямен ісіңкі. Тексеру: жалпы қан анализі: гемоглобин 120г/л, эритроциты 4,0х1012/л, түскі көрсеткіш 0,9, лейкоциттер 7,5х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы аққуыз 70 г/л, СРБ+. Клиникалық протокол бойынша сырқаттанудың базистік терапияның дәрісі ретінде болады:

@ хондроксид

@ делагил

@ преднизолон

@ циклофосфан

@ аллопуринол

~ 45 жастағы ер адам Г. атты науқас оң жақ аяғының үлкен башпайындағы қатты ауырсыну сезімі, ісінуі, табанның дорсальді бетінің қызаруы, дене қызуының 38-ге дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: оң аяқтың табан-фалангааралық буын аймағының ісінуі мен гиперемиясы, қозғалысы күрт шектелген, құлақ қалқандарында сары түсті, d 2-4 мм болатын ауырсыну сезімсіз тері астылық түйіндер. Қанда: лейкоциттер 10 мың, ЭТЖ 30 мм/сағ, СРБ (++), мочевина 15,0 ммоль/л. ЖЗА: меншікті салмағы 1014, эритроциттер 5-7 к/а, ураттар (+++). Клиникалық протокол бойынша тиімді препарат:

@ аллопуринол, себебі қан ұюдағы ураттардың пайда болуын тұншықтырып ксантиноксидазаға ферменттерді тежейді.

@ метотрексат, себебі фолий қарсы әсері жасушалардың митозын бәсендетеді

@ плаквенил, себебі дәнекер тіннің және иммунокомпетентті жасуша метоболизміне әсер етеді.

Соседние файлы в папке 22-02-2016_08-49-44