Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

22-02-2016_08-49-44 / гастра каз

.doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
559.62 Кб
Скачать

@ ирригоскопия

~ Науқас А. 32 жаста, оң жақ эпигастрий аймағында сол жақ кеудесіне таралатын қарқынды ауырсыну сезіміне, жүрек айну, қыжыл, көп ретті қүсуға шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, тілі сұр жабындымен жабылған. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі, Анамнезінде қышқылдығы жоғары гастрит. Қанда гемоглабин 107г/л, ЭТЖ-8 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

@ асқазанның пилорикалық бөлігінің жарасы

@ өт тас ауруы

@ асқазанның қатерлі ісігі

@ панкреатит

@ жедел аппендицит

~ Протонды помпаның ингибиторы:

1 лансапразол

2 рабепразол

3 омепразол

4 домперидон

5 фуразолидон

@ 1,2,3

@ 1,4,5

@ 1,2,4

@ 1,2,5

@ 2,4,5

~ Созылмалы панкреатит патогенезінде роль атқарады:

1. панкреатит ферменттерінің белсенділенуі

2. аутоиммунды бұзылыс

3. паренхиманың қабынуы

4. қантамырлар спазмы

5. іштегі қан айналым қысымының жоғарылауы

@ 1,3,5

@ 2,4

@ 1,5

@ 1,2,5

@ 2,3,4

~ Гастроэзофагеалды рефлюксті ауруынының симптомдары:

1.күйдіру

2.кекіру

3.дисфагия

4.одинофагия

5.ықылық тию

@ 1,2,3,4

@ 1,4,5

@ 1,2,4

@ 1,2,5

@ 3,2,4,5

~ Науқас К. 32 жаста, оң жақ эпигастрий аймағында сол жақ кеудесіне таралатын қарқынды ауырсыну сезіміне, жүрек айну, қыжыл, көп ретті қүсуға шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, тілі сұр жабындымен жабылған. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі, Анамнезінде қышқылдығы жоғары гастрит. Қанда гемоглабин 107г/л, ЭТЖ-8 мм/сағ. Диагнозды анықтау үшін жүргізілетін тексеру:

@ көздемелі биопсиямен ФЭГДС

@ 24-сағаттық рН-метрия

@ асқазан қышқылдығын анықтау

@ асқазандық манометрия

@ баримен ренгеноскопия

~ Науқас А. 25жаста, оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезіміне, жүрек айну, қыжыл, құсуға шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі. Анамнезінде қышқылдығы жоғары гастрит. Қанда гемоглабин 107г/л, ЭТЖ-8 мм/сағ. Клиникалық хаттамаға сәйкес емдеу тактикаңыз:

@ антисекреторлық препараттар

@ ферменттік препараттар @ антибиотиктер

@ гастропротекторлар

@ табиғи асқазан сөлі

~ Науқас В., 47 жаста, оң жақ қабырға астының ауыруына, әлсіздікке, тэбетінің жоғалуына, ішінің үлкеюіне шағымданады. Бір ай бұрын ауру сезімі пайда болып іші үлкейген. Анамнезінде вирусты гепатит В. Объективті: жүдеу, склерасы субиктериялы, пальмарлы эритема, телеангиоэктазия, қызыл иектің қанағыштығы, асцит. Қан талдауында билирубин 45,8 ммоль/л, тікелей билирубин 25 ммоль/л, АЛТ 3,98 ммоль/л, АСТ 2,89 ммоль/л, тимол сынамасы 12Б. Сіздің диагнозыңыз:

@ вирусты этиологиялық циррозы

@ вирусты гепатит

@ созылмалы гепатит

@ бауыр эхинококозы

@ бауырдың қатерлі ісігі

~ Ойық жараның асқынуы:

1. қан ағу

2. пенетрация

3. перфорация

4. склероз

5. реактивті панкреатит

@ 1,2,3,5

@ 1,3,4

@ 2,4,5

@ 1,2,4

@ 2,3,4,5

~ Созылмалы панкреатиттің өршуінің клиникалық белгілері:

1. жүрек айну

2. сол қабырға астының ауырсынуы

3.кофе қоюы сияқты құсу

4.мелена

5.нәжістің майланып жылтырауы

@ 1,2,5

@ 1,4,5

@ 1,2,4

@ 2,3,5

@ 2,4,5

~ Бауыр циррозына тән белгілер:

1.терінің қышынуы

2.дене қызуының көтерілуі

3.геморроидалдық веналардың кеңеюі

4.ер кісілерде гинекомастия

5.сол қабырға астының ауырсынуы

@ 1,3,4

@ 1,4,5

@ 1,2,4

@ 1,2,5

@ 2,4,5

~ Клиникалық хаттамаға сәйкес ойық жараның тікелей рентгенологиялық белгілері:

@ «ниша» анықталуы

@ баридің іркілуі

@ мүшенің деформациясы

@ дуоденогастралдық рефлюкс

@ қатпарларының болмауы

~Науқас А., 36 жаста тамақтанудан соң 2-2,5 сағ өткеннен кейінгі ұйқы безі аймағының ауырсынуына, журек айнуға шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болған, осы уақыт аралығында 4 кг азған. Объективті: жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Іш аймағын пальпациялағанда эпигастральді аймақтың ауырсынуы. Қанда: эр-3,8млн. Нв-110 г/л ЦП-0,8 лейк-8,2мың. СОЭ-18 мм/сағ. Рентгенологиялық: ортаңғы үшінші антральді бөліктің кіші илімінің дұрыс емес формасы. Сіздің диагнозыныз:

@асқазан ойық жарасы

@асқазанның антральді бөлігінің полипі

@гастрит В типі, асқыну фазасы

@асқазан рагі

@Мэллори-Вейса синдромы

~Бауыр циррозының инструментальді диагностикасы:

1. Бауырды ультрадыбыстық зерттеу

2. ретроградты холангиография

3. бауырдың пункциялық биопсиясы

4. бауыр тамырларының ангиографиясы

5. фиброэзофагогастродуоденоскопия

@1, 3, 5

@2, 4, 5

@3, 4, 5

@2, 3

@1, 2

Науқас Э., 36 жаста тамақтанудан соң 2-2,5 сағ өткеннен кейінгі ұйқы безі аймағының ауырсынуына, журек айнуға шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болған, осы уақыт аралығында 4 кг азған. Объективті: жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Іш аймағын пальпациялағанда эпигастральді аймақтың ауырсынуы. Қанда: эр-3,8млн. Нв-110 г/л ЦП-0,8 лейк-8,2мың. СОЭ-18 мм/сағ. Рентгенологиялық: ортаңғы үшінші антральді бөліктің кіші илімінің дұрыс емес формасы. Клиникалық хаттамаға сәйкес керекті зерттеу:

@ ЭФГДС биопсиямен

@ асқазан сөлін фракционды зерттеу

@ гастрография

@ асқазан сөлінде сүт қыщқылының болуы

@ ирригоскопия

~ Созылмалы гастритте асқазан сөлінің жетіспеушілік белгілері:

1.тәбетінің төмендеуі

2.тамақтан соң жүрек айну

3.аш қарынға жүрек айну

4.ішкен тамақпен кекіру

5.қыжыл

@ 1,2,4

@ 1,3,5

@ 1,2,4,5

@ 2,3,4,5

@ 2,4,5

~ Ф. деген 48 жастағы науқас оң қолға берілетін оң қабырға астындағы ауыру сезімі, өт қоспасымен құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына-18 жыл. Об-ті: тамақтануы жоғары, көзінің ақ қабығы сарғыш, оң қабырға астында ауыру сезімі, бауыры ұлғаймаған, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өтті барлық үш порцияда зерттеуде-кілегей, лейкоциттер, IV порцияда-лямблиялар. Тағайындалатын препарат:

@ фуразолидон

@ аллохол

@ лиебил

@ атропин тері астына

@ эритромицин

~Науқас П., 20 жаста шағымдары: тамақ қабылдауға байланыссыз оң жақ мықын аймағының ауырсынуы, күніне 4-5 рет сұйық шырышсыз қансыз үлкен дәрет , әлсіздік, температураның 37,8гр дейін жоғарылауы. 8 кг азған. Обьективті: іші жұмсақ, мықын аймағындағы ауырсыну. Қанда: Нв-96 г/л, лейк.- 7,9 мың., СОЭ - 36 мм/сағ. жалпы белок- 68 г/л. Емдеу тактикасына қосу керек:

@ преднизолон

@ гидролизат казеина

@ эритромицин бұлшықетке

@ бисептол

@ невиграмон

~Колиттің симптомокомплексіне кіреді:

1.сол жақ мықын аймағындағы ұстамалы ауырсыну

2. кіндік айналасы және оң жақ мықын аймағының ұстамалы ауырсынуы

3. тенезмдер

4. үлкен дәретсіз щырышты дәрет

5. тоқтаусыз сұйық дәрет

@ 1,3,4

@ 2,3,5

@ 2,3,4

@ 1,3,5

@ 2,4

~Жіті вирусты гепатит ке тән лабораторлы анализ озгерістері:

1. лейкоцитоз

2. лейкопения

3. нейтрофиллез

4. салыстырмалы лимфомоноцитоз

5.төмен СОЭ

@ 2,4,5

@ 1,2,5

@ 2,4

@ 1,4,5

@ 2,3,5

~Науқас Л., 50 жаста оң қабырға асты аймағының ауырсынуына, оң жақ жауырынға таралуына шағымданады. Қарағанда: нәрлі тамақтанудың жоғарылауы, склерасы субиктериялық. Іші жұмсақ, Мерфи, Ортнер симптомдары оң. Қанда: лейк-9,5 мың, СОЭ-28 мм/сағ, билирубин 28 мкмоль/л. Өтте (порция В) шырыш қалдықтары, көп лейкоциттер, май қышқылдарының кристалдары. Сіздің диагнозыныз:

@ созылмалы калькулезді емес холецистит

@ созылмалы холангит

@ созылмалы калькулезді холецистит

@ жіті холангит

@ 12-ішектің жара ауруы

~ Созылмалы панкреатиттің ішкі секрециясының бұзылысы синдромына кіреді:

1.ауырсыну

2.стеаторея, креаторея

3.жіті фазаның көрсеткіштерінің жоғарылауы

4.ішек диспипсиясының симптомдары

5.дене салмағының төмендеуі

@ 2, 4, 5

@1, 3, 5

@2, 3, 4

@3, 4, 5

@4, 5

~ Науқас К., 36 жаста, нэжісінің қан аралас сүйық болуына, салмағының төмендеуіне, температурасының жоғары болуына шағымданады. 2 жыл бойы ауырған. Қанда лейк-8,8 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ. Ректоромоноскапияда: тоқ ішектің кілегей қабаты ісінген, қатпарлары қалыңдаған, жараланған. Ренгенде: ішек қуысының тарылуы, «шнур» симптомы анықталған. Сіздің диагнозыңыз:

@ Крон ауруы

@ бактериалды дизентерия

@ созылмалы энтерит

@ созылмалы колит

@ иерсиниоз

~ Гипербилирубинемия неғұрлым тән:

@ созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды түріне

@ созылмалы панкреатиттің ауырсыну түріне

@ созылмалы панкреатиттің латентті түріне

@ созылмалы панкреатиттің склероздаушы түріне

@ созылмалы панкреатиттің рецидивтік түріне

~ 40 жастағы Д. науқас әйел тамақтан кейін пайда болатын, жатқанда күшейетін төс артындағы ауырсынуға; қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтпелі, асқазанның кардия бөлігінің артқы көкірек қуысына шығуы және контрастық заттың асқазаннан өңешке өтуі байқалады. Мүмкін диагноз:

@ диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

@ өңештің обыры

@ кардия ахалазиясы

@ өңештің дивертикулы

@ өңештің пептикалық жарасы

~ 45 жастағы науқас ұзақ уақыт гастроэзофагеалды-рефлюкстік аурумен ауырады, соған байланысты протон помпаларының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 аптада тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің, іште шұрылдау сезімінің пайда болғанын айтады. Емдік ашығу мен левомицетин қабылдау әсер бермеген. Диагнозды дәлелдеудің неғұрлым деректі тәсілі:

@ нәжісті бактерияға зерттеу

@ копрограмма

@ колоноскопия

@ ирригоскопия

@ нәжісті жасырын қанға зерттеу

~ 19 жастағы Д. науқас ұн мен жарма тағамдарынан кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді жиі (күніне 8 ретке дейін) нәжіске; әлсіздікке, жүдеуге шағымданады. Объективті: шашының түсуі, тырнақтың қатпарлануы мен сынғыштығы, сүйектердің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері. Диагнозды дәлелдеуде деректі тәсіл:

@ d-ксилозамен сынама

@ глюкозотолеранттық тест

@ ацидотест

@ нәжісті бактериологиялық зерттеу

@ Helicobacter pylori анықтау

~ 35 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырлыққа, нәжістің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивалары субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, пальпацияда сезімтал. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализдерінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 бірлік, АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферменттік анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесінің мүмкін көрсеткіші:

@ трансаминазалар деңгейі

@ бауыр мен көк бауырдың өлшемдері

@ жалпы билирубиннің деңгейі

@ тікелей билирубиннің деңгейі

@ IgM, HBcorAg болуы

~ 32 жастағы К науқас іштің оң жақ жартысының сыздап ауырсынуына, тәулігіне 5-6 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы жарты жылда 4 кг салмақ жоғалтуына, ірі буындардағы ауырсынуға, дене қызуының 37,2С дейін көтерілуіне шағымданады. Бірнеше рет жедел аппендицит күдіктелініп хирургиялық бөлімшеге жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбеген. Тексергенде: іші жұмсақ, оң мықын аймағында ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Колоноскопияда: илеоцекалдық аймақта афтылар анықталды. Тоқ ішек шырышты қабатының биопсиясы: гранулематоздық қабыну. Мүмкін диагноз:

@ Крон ауруы

@ ащы ішектің лимфомасы

@ спецификалық емес жаралы колит

@ целиакия

@ Уиппл ауруы

~ 29 жастағы науқас әйел майлы тамақтан кейін оң қабырға астындағы толғақ тәрізді ауырсынуға, кезеңді – іштің кебуіне, үлкен дәреттің тұрақсыздығына шағымданады. Фракциялық дуоденалды зондтаудың нәтижелері: ІІ фракция ұзақтығы - 6,5 мин, ІІІ фракция - 4,5 мин, IV фракция- 40 мин. Өт қабын УД зерттеу: өт қабының өлшемі 9х7 см, қабырғасының қалыңдығы 3,5 см. Өт қабының дискинезиясының типі:

@ гиперкинетикалық

@ гипокинетикалық

@ гипертониялық

@ гипотониялық

@ норматониялық

~ 45 жастағы Н. науқас әйелді 10 жыл бойы жұтынудың, әсіресе қатты тағамды жұтудың, кезеңді қиындауы мазалайды, жұтуды жеңілдету үшін тамақтану кезінде артқа шалқаюға мәжбүр; құсу; физикалық күштемемен байланысы жоқ төс артындағы ауырсыну. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Неғұрлым тиімді тактика:

@ нифедипин

@ метоклопрамид

@ лактулоза

@ домперидон

@ цизаприд

~ Науқас В, екі жақты аднекситке байланысты 24 күн бойы көлемді антибактериялық терапия қабылдаған 28 жастағы науқас әйелде кенеттен іштің төменгі және бүйір бөліктерінде толғақ тәрізді ауырсыну, тәулігіне 6 ретке дейін су тәрізді нәжіс, дене қызуының 38одейін көтерілуі пайда болды. Зерттегенде: іші жұмсақ, пальпацияда тоқ ішек бойында ауырсыну. Анализінде: Нв 124 г/л, лейкоциттер 12 мың, лейкоцитарлық формуланың таяқшаядролық ығысуы 12% дейін, ЭТЖ 35 мм/сағ. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді тактика:

@ ванкомицин + метронидазол + бацитрацин

@ метронидазол + амикацин + бактисубтил

@ бацитрацин + пефлоксацин + бифиформ

@ левомицетин + гентамицин + платифиллин

@ цефтриаксон + цизаприд + линекс

~ 72 жастағы Т. науқас әйелді эпигастрий аймағында керіп ауырсыну, тамақтан кейін толып тұру сезімі; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт әрі құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлық стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

@ табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма

@ сорбифер + алмагель + гепабене

@ фамотидин + панзинорм + но-шпа

@ цизаприд + алмагель + мезим-форте

@ домперидон + креон + бифидумбактерин

~ 53 жастағы науқас В. эпигастрий аймағындағы және оң қабырға астындағы тұйық ауырсынуға, ішінің ұлғаюына, ентігуге, іш қатуға бейімділікке, жалпы әлсіздікке, ұйқысының қашуына шағымданады. Бір апта бұрын кофе қоюы тәрізді құсу болған. Қарағанда склерасы субиктерлі; теріде – арқасында тамыр жұлдызшалары; тілі ылғалды, ашық-қызыл түсті; пальмарлық эритема. Іші үлкейген. Айқын гепатоспленомегалия. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

@ верошпирон + гептрал + лактулоза

@ линекс + цизаприд + никотин қышқылы

@ мильгамма + интерферон индукторлары + креон

@ гептрал + лазикс + домперидон

@ интерферон + эссенциале + цианокобаламин

~ 38 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, мұрыннан қан кетулерге, әлсіздікке, ұйқысының қашуына шағымданады. Объективті: көрінетін шырышты қабаттары субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, пальпацияда сезімтал. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л , тікелей билирубин 22,4 ммоль/л, тимол сынамасы - 12 бірлік, АЛТ- 6,4 ммоль/л, АСТ-5,9 ммоль/л. ПЦР: HBV – оң. Неғұрлым тиімді тактика:

@ пегинтерферон

@ эссенциалдық фосфолипидтер

@ гептрал

@ преднизолон

@ метотрексат

~ Маскүнемдікке салынған 52 жастағы К. ер адамда 3 жыл бойы іштің жоғарғы бөлігінде және кіндік аймағында ауырсынулар, жүрек айнуы, қуырылған тамақты көтере алмау мазалайды. Соңғы жылы диареяға байланысты 6 кг салмақ тастаған. Науқастың жағдайы диета сақтағанда және майды толық доғарғанда жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылған. Креонның дозасын таңдауда неғұрлым деректі зерттеу:

@ копрограмма

@ жасырын қанға нәжісті зерттеу

@ панкреозим-секретиндік сынама

@ глюкозаға төзімділікке сынама

@ сутегілік сынама

~ Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән белгі:

@ аш қарынға және түнгі ауырсынулар

@ қыжылдау

@ жүрек айнуы

@ ерте тою сезімі

@ эпигастрий аймағында тамақтан кейін керу сезімі

~ 54 жастағы науқас Э. тамақтан кейін 40-60 минуттан соң эпигастрий аймағында басып ауырсынуға, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализі: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенде: асқазанның үлкен иіні мен синусы аймағында алып қыртыстар, олардың привратникке қарай өтуімен. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі тәсіл:

@ ЭФГДС межелі биопсиямен

@ қарыншаішілік манометрия

@ ирригоскопия

@ ректороманоскопия

@ колоноскопия биопсиямен

~ 39 жастағы науқас әйел іштің төменгі бөлігінде дефекациядан кейін азаятын толғақ тәрізді ауырсынуға; нәжістің тәулігіне 3-4 ретке дейін жиілеуіне, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Зерттегенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, іштің әсіресе сол жақ төменгі бөлігінде шамалы ауырсыну анықталады. Анализдерінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішектің органикалық өзгерістері анықталмайды. Неғұрлым мүмкін диагноз:

@ тітіркенген ішек синдромы

@ тоқ ішектің дивертикулезі

@ Гиршпрунг ауруы

@ псевдомембранозды колит

@ созылмалы дизентерия

~ 24 жастағы науқас оң қабырға астында тұйық сыздап ауырсынуға, кезеңді – іштің кебуіне, нәжістің тұрақсыздығына шағымданады. Фракциялық дуоденалды зондтау: ІІІ фракции көлемі - 2,5 мл, IV фракция көлемі - 15 мл, өттің шығу жылдамдығы - 2,2 мл/мин. Өт қабын УД зерттеу: Өт қабының өлшемі 12х7 см, қабырға жуандығы 3,5 см. Өт қабының дискинезиясының типі:

@ гипокинетикалық

@ гиперкинетикалық

@ гипертониялық

@ гипотониялық

@ норматониялық

~ 35 жастағы Ө. науқас оң жақ кеуде клеткасында күйдіру сезімімен кезектесетін кезеңді ауырсынуға; ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Соңғы айларда кейде дисфагия мазалайды. Пневмониямен жиі ауырады. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі зерттеу тәсілі:

@ өңешті рентгендік зерттеу

@ электрокардиография

@ бронхоскопия

@ фиброэзофагогастродуоденоскопия

@ кеуде клеткасының рентгеноскопиясы

~ 45 жастағы К. науқас әйел оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстар, әлсіздік пен жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауы, кезеңді сарғаюға шағымданады. Соңғы кезде аяқ қолдарының треморы, сөзінің бұзылуы, бұлшық еттердің гипертонусы пайда болды. Объективті: тері жабындылары сарғыш; бауыры ұлғайған және тығыздалған; офтальмоскопияда көздің сыртқы мөлдір қабығының айналасында жасылтым сақина анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

@ Коновалов-Вильсон ауруы

@ созылмалы гепатит

@ гемохроматоз

@ бауырдың жедел дистрофиясы

@ біріншілік билиарлық цирроз

~ 32 жастағы С. науқас әйел оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, әлсіздік пен жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, полиартралгияға, миалгияға шағымданады. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығып тұр, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, ауырсынады; көк бауырдың өлшемі 8-6 см. Қанда: АЛТ – 1,2 ммоль/л, АСТ – 0,89 ммоль/л, тимол сынамасы – 8,5 бірлік, гамма-глобулиндер – 35%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

@ созылмалы белсенді гепатит

@ вирусты гепатит

@ біріншілік билиарлық бауыр циррозы

@ бауырдың жедел дистрофиясы

@ гепато-лентикулярлық дегенерация

~ 47 жастағы Д. науқас бір жыл бойы ішімдік, кофе және цитрустыларды қабылдағанда пайда болатын төс артындағы қыжылдау мен ауырсынуға шағымданады. Ауырсынулар еңкейіп жұмыс істегенде күшейе түседі. Қышқылмен және ащымен кезеңді құсу мазалайды. Спазмолитиктер мен аналгетиктердің әсері жоқ. Клиникалық хаттамаға сәйкес неғұрлым тиімді тағайындау:

@ домперидон + рабепразол

@ маалокс + фамотидин

@ гастроцепин + сукральфат

@ фамотидин + висмут субцитраты

@ омепразол + метронидазол

~ 32 жастағы науқас эпигастрий аймағында тамақтан кейін 1,5 сағаттан кейін пайда болатын ауырсынуға; қышқылмен кекіруге, қыжылдауға шағымданады. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінде шырышты қабат күрт қызарған, бірен–саран эрозиялар. Клиникалық хаттамаға сәйкес және Маастрихт-4 ұсыныстары бойынша неғұрлым тиімді тактика:

@ амоксицилин + кларитромицин + рабепразол

@ домперидон + алмагель + де-нол

@ маалокс + фамотидин + домперидон

@ омепразол + гастроцепин + тетрациклин

@ амоксиклав + метронидазол + висмута субцитрат

~ 56 жастағы Д. науқас әйел эпигастрий аймағында ауырсынуға, өт аралас құсуға, таңертеңгілікте ауыздағы ащы дәмге. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий мен оң қабырға астында ауырсынады. Оң жақ төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық ет аяқшаларының арасын басқанда ауырсыну анықталады. ЭФГДС: эрозивті гастрит. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді емдеу тактикасы:

@ домперидон + одестон + сукральфат

@ алмагель + урсофальк + дюфалак

@ мизопростол + алмагель + омепразол

@ висмут субцитраты +маалокс + фамотидин

@ амоксицилин +кларитромицин + рабепразол

~ 25 жастағы науқас іштің оң жақ жартысында сыздап ауырсынуға, тәулігіне 6-8 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы екі жылда 8 кг салмақ тастауға, ірі буындардағы ауырсынуға, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Жедел аппендицитке күдіктенумен бірнеше рет хирургиялық бөлімшеге жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбеген. Зерттегенде: екі балтырда түйінді эритема, оң мықын аймағында айқын ауырсыну, көк еттің тітіркену симптомы теріс. Клиникалық хаттамаға сәйкес неғұрлым тиімді тактика:

@ преднизолон + сульфасалазин

@ цизаприд + сульфасалазин

@ преднизолон + азатиоприн

@ дебридат + эспумизан

@ азитромицин + бускопан

~ 34 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырсыну мен ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, шөлдеуге және ауыздың құрғауына шағымданады. Объективті: терінің түсі сұрғылт-қою; бауыры ұлғайған, пальпацияда тығыз. Қанда: қант деңгейі жоғары. ЭКГ: өткізгіштіктің бұзылуы, вольтаждың төмендеуі, кеуде тіркемелерінде Т тісшесінің жалпақтануы. Неғұрлым тиімді тактика:

@ десферал

@ лактулоза

@ д-пеницилламин

@ преднизолон

@ азатиоприн

~ Науқас әйел 39 жаста 5 жыл бойы атрофиялық гастрит бойынша есепте тұрады. Пальпациялағанда тоқ ішек және кіндік маңайының ауырсынуы байқалады. Копрограммада: стеаторея, креаторея, амилорея, лямблия цисталары анықталған. Сiздiң диагнозыңыз:

@ созылмалы энтероколит, өршуі

@ созылмалы гастрит, өршуі

@ созылмалы энтерит, өршуі

@ созылмалы панкреатит

@ iшектiң дискинезиясы

~ Н. атты 86 жастағы науқас бел аймағына берілетін ішінің ауру сезімі, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында шырыш пен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен арықтауға шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішектің бөлігіндегі полиптер. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімі байқалады. Қанында: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ - 52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см қуыстың циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Мәліметті зерттеу әдісі:

@ нысаналы биопсиямен колоноскопия

@ ЭФГДС

@ дуоденография

@ асқазан рентгеноскопиясы

@ асқазан сөлін фракционды зерттеу

~ Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антральды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулары байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз:

@ созылмалы гастрит В түрі

@ созылмалы гастрит А түрі

@ асқазанның ойық-жарасы

@ созылмалы панкреатит

@ созылмалы энтероколит

~ П. атты 30 жастағы науқас, тағам қабылдағаннан 30 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, қышқылды кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Қан анализі: аздаған гипохромды анемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді препарат:

@ пантапрозол

@ метилурацилді

@ антибиотиктерді

@ ацидин–пепсинді

@ висмут дәрілерін

~ К. атты 52 жастағы науқас, сұйық және қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауына, лоқсуға, физикалық жүктемемен байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл белгілер көбінесе түнгі уақытта эмоционалды күштемеден кейін пайда болады. Сіздің диагнозыңыз:

@ кардия ахалазиясы

@ өңеш дискенезиясы

@ өңеш дивертикулысы

@ өңештің пептикалық жарасы

@ гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы

~ Науқас К, 40 жаста, 3 жыл бұрын холецистэктомия болған. Шағымдары ішінің кебуіне, іш өтуіне шағымданады. Клиникалық хаттамаға сәйкес ең тиімді препарат:

@ креон

@ фестал

@ пантап

@ маалокс

@ омикап

~ 30 жастағы Ш. науқасты, бас сақинасы тәрізді бастың ауруы, тез шаршағыштық, ауа жетпеу сезімі, жүрек аймағының қағуы мазалайды. Ішінің ауруы, тәулігіне жиі 2-3 рет, аздаған көлемді сұйық нәжіс. Мәліметті зерттеу әдісі:

@ шырышты қабаттың биопсиясымен колоноскопия

@ ирригоскопия

@ ректоромоноскопия

@ құрсақ қуысы ағзаларының МРТ

@ тік ішекті саусақпен зерттеу

~ Науқас Ш, 40 жаста, аздаған сарғаюға, қызбаға, ішінің ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде соңғы бес жылда алкоголды шамадан тыс қабылдаған. Жалпы қарағанда: асцит, гепатомегалия. Қан анализінде – аздаған анемия, АлТ аздап жоғарлаған, қан сарысуында Hbs Аg анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

@ созылмалы вирусты гепатит В дельта­ агентпен, шамалы белсенділік дәрежесімен

@ созылмалы вирусты гепатит В, Hbе Аg ­позитивті, жүйелі белгілердің пайда болуымен, шамалы белсенділік дәрежесімен

@ созылмалы алкоголды гепатит, минималды белсенділік дәрежесімен

@ созылмалы вирусты гепатит С, 3А–генотип, жоғары белсенділік дәрежесімен

Соседние файлы в папке 22-02-2016_08-49-44