Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

22-02-2016_08-49-44 / гастра каз

.doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
559.62 Кб
Скачать

@ созылмалы вирусты гепатит D, Hbv Аg­позитивті, шамалы белсенділік дәрежесімен

~ 42 жастағы С атты науқастың лабораторлы зерттеулерінде келесі өзгерістер анықталған: қанның жалпы билирубині 60 ммоль/л, Алт 120 бірлік, Аст 80 бірлік, сілтілі фосфатаза 200 бірлік, холестерин 5 ммоль/л. Дамыған жағдай:

@ бауырлық клеткалық жетіспеушілік синдром+ бауыр ішілік холестаз

@ бауыр ішілік холестаз+бауырдың мезенхимальды қабынуы

@ бауырдан тыс холестаз+ бауырлық клеткалық жетіспеушілік синдром

@ бауырлық клеткалық жетіспеушілік синдром+порталдық гипертензия

@ бауырдың мезенхимальды қабыну синдромы+ бауырдан тыс холестаз

~ Науқас П., 49 жаста, тамақ немесе алкоголь қабылдағаннан соң жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы батып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпацияда эпигастрии аймағының жайылмалы ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-сараң қан құйылулар бар. Тиімді препарат:

@ пантапрозол, себебі, тұз қышқылы синтезін тежейді

@ фамотидин, себебі, Н2 рецепторларды тежейді

@ метронидозол, себебі, антигеликобактерлік әсері бар

@ алмагель, себебі, антацидтік әсері бар

@ метацин, себебі спазмолитикалық әсері бар

~ 47 жастағы науқас соңғы 3 жыл бойы қыжылға шағымдалған, эндоскопиялық зерттеуде өңештің дистальды бөлігіннің шырышты қабатының 50% беткейін өзара жабысқан эрозиялар анықталды. Клиникалық хаттамаға сәйкес адекватты емдеу кестесі:

@ протонды помпаның ингибиторы + прокинетиктер + мукоцитопротекторлар

@ прокинетиктер+пробиотиктер+ протонды помпаның ингибиторы

@ премедикация+ хирургиялық ем (Ниссен бойынша фундопликация)

@ Н2-гистаминоблокаторлар+антацидтер+гепатопротекторлар

@ прокинетиктер + гелдік антацидтер+полиферменттер

~ Науқас Х., 63 жаста, эпигастирийде және сол жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді емдәмді бұзуға байланысты ауру сезіміне, жүрек айнуға шағымданады, іш қатуға бейім. 6 ай бұрын холецистэктомия жасалған. Объективті: іші жұмсақ, ауру сезімді, ұйқы безі тұсындағы нүктелерде ауырсыну. Қанда: лейкоциттер – 9,8х109/л, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Копрограммада: нейтралды майлар +++, өсімдік клетчаткасы ++. Сіздің диагнозыңыз:

@ холециститэктомиядан кейінгі синдром, созылмалы панкреатит, өршу кезеңі

@ созылмалы билиарлы тәуелді паренхиматозды панкреатит, жиі рецидивті ауырсынатын түрі, өршуі

@ созылмалы дисметаболикалық гипретпластикалық панкреатит, латентті ағым, өршуі

@ созылмалы алкоголді индуративті панкреатит, астеноневротикалық вариант, өршуі

@ созылмалы алиментарлы обструктивті панкреатит, өршуі

~ Науқас П. 49 жаста, бір ай бойы оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, жалпы әлсіздік байқаған. 2 рет өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кеткен. Қарағанда: терісі мен склерасы сарғайған, телеангиоэктозиялар. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 6 см ұлғайған. Бұл жағдайда дамитын синдром:

@ порталды гипертензия, себебі өңеш веналарынан қан кеткен

@ холестатикалық, себебі сарғаю

@ диспепсиялық синдром, себебі метеоризм

@ гепатореналды синдром, себебі телеангиэктазия

@ гиперпластикалық, себебі бауыр және көкбауыр үлкейген

~ Р. атты науқас 40 жаста. Найзды ұзақ қабылдаған науқасты соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрийдегі кесіп ауру сезімі, күйдіру, қышқыл ауамен кекіру мазалайды.

Тағайындаған дұрыс:

@ мизопростолды

@ маалоксты

@ алмагельді

@ мотилиумды

@ рабепразолды

~ Э. атты 50 жастағы науқас майлы тағам қабылдағаннан 30 мин. кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауру сезіміне, лоқсуға шағымданады. Анамнезінде холецистэктомия. Қанында: глютаматдегидрогеназа, аминотрансфераза белсенділігі және жалпы билирубин жоғарылаған. ЭФГДС: шырышты қабаттың қызаруы мен ісінуі, дуоденальді емізікшенің 1,2 см ұлғаюы анықталады. Клиникалық хаттамаға сәйкес мәліметті зерттеу әдісі:

@ эндоскопиялық панкреатохолангиография

@ бауырды УДЗ

@ колоноскопия

@ дуоденография

@ жалпы қарау рентгенографиясы

~ Науқас Б. 28 жаста 3 апта бұрын жедел дизентериямен ауырған. Құрсақтың төменгі бөлігіндегі тамақ қабылдаған соң 6 сағаттан кейін күшейетін сыздап ауру, сүт тағамдарын қабылдағаннан кейін іш өтуге шағымданады. Колоноскопияда – эрозивті өзгерістер, атрофиялық үрдіс және шырышты қабат жұқарған және бозарған. Сіздің диагнозыңыз:

@ бейспецификалық жаралы колит

@ Крон ауруы

@ ишемиялық колит

@ псевдомембранозды колит

@ тітіркенген ішек синдромы

~ С. атты 30 жастағы науқас тамақтанып болғаннан кейін горизонтальды қалыпта күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, қыжылдау, қышқыл және ащы ішкен тағамды құсу, өңештің ортаңғы бөлігіндегі “бөгде зат” тәрізді сезімге шағымданады. Асқазан сөлі анализінде гиперсекреция. Рентгенде өңеш өткізгіштігі калыпты, кардияның артқы ортаға шығуы және контрасты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі байқалады. Сіздің диагнозыңыз:

@ өңештің диафрагмалық саңылауының жарығы

@ өңештің қатерлі ісігі

@ кардия ахалазиясы

@ өңеш дивертикуласы

@ өңештің пептикалық жарасы

~ Х атты 26 жастағы ер адам соңғы екі айда салмағының 5 кг төмендегенін, терісінің сарғайғанын байқаған. 1 аптадан кейін терінің қышуы, эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну қосылған. КТ-да холедохтың дистальді бөлімінде 2 см түзілім анықталған. Сіздің диагнозыңыз:

@ холангиокарцинома

@ бактериальді холангит

@ біріншілік склероздаушы холангит

@ өт қабының дискенезиясының гипомоторлық түрі

@ созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі

~ 18 жастағы Л деген науқаста бала кезден диарея, мальабсорбция синдромы байқалады. Кезеңді түрде аглютендік диетаны алады, нәтижесі оң. Диетаны бұзғандықтан, соңғы 6 ай бойына сұйық нәжіс жиілеп кетті. Тиімді ферментті препарат:

@ лактейд

@ ораза

@ креон

@ фестал

@ панзинорм

~ Науқас Т., 36 жаста, тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді ауру сезімі, 3 күн бойына іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопия жүргізгенде науқас айқын ауру сезімін сезді, сонымен қатар жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

@ тітіркенген ішек синдромы

@ Крон ауруы

@ жуан ішектің қатерлі ісігі

@ іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы

@ шамадан тыс микробты контаминация синдромы

~ 51 жастағы ер адам сарғаю және оң жақ қабырға астының ауырсынуымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінде диетаны бұзғанан кейін, оң жақ қабырға астының ауырсыну оқтын – оқтын қайталанып отарған, спазмолитиктерді қабалдағанда оң нәтиже берген. Қанның биохимиялық анализінде: АЛТ – 0,46 микрокат/л, АСТ – 0,41 микрокат/л. Қанда: HДV -РНК және Д-антигендеріне антиденелер, IgM және IgG анықталды. Созылмалы вирусты гепатиттің «Д» этиологиясын дәлелдейтін маркер:

@ РНК-HДV мен Д-антигендеріне антиденелер

@ HbsAg және IgG, НВС және Ag IgM

@ НСV-ДНК және Д-антигендеріне антиденелер

@ НВV-ДНК және Д-антигендеріне антиденелер

@ IgM және IgG-ге антигендер

~ Науқас К., 34 жаста, 2 апта бойы эпигастриядағы «түңгі» және «ашқарынды» ауырсыну шағымдарымен ауруханаға түскен. Эндоскопиялық зерттеуде: алғашқы рет анықталған, 1,2 см көлемдегі, он екі елі ішегінің алдыңғы қабырғасындағы ойық – жара. Биоптатта Helicobacter pylori анықталған. Клиникалық хаттамаға сәйкес емнің адекватты кестесі:

@ омепразол +ампициллин + кларитромицин

@ пантапразол + метронидазол + ампициллин

@ квамател + висмута субсалицилат+тетрациклин

@ фамотидин+висмута субсалицилат+ метронидазол

@ циметидин+ампициллин + кларитромицин

~ 54 жастағы науқас әйел адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, метеоризмге, тәуілігіне түсі майлы жылтыр 3-4 рет іш өтуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Нәжіс анализінде- эластаза-1 – 100 мкг/г. Қан анализі өзгеріссіз. Ультрадыбысты зерттеуде: өт жолдарының тығыздалып, қалыңдауы, ішінде замазкотәріздес өт бар, ұйқы безінің паренхимасының ісінуі және диффузды өзгерістері байқалады. Осы жағдайда клиникалық хаттамаға сәйкес ең адекватты емдеу кестесі:

@ креон + омепразол+урсодезоксихол қышқылы

@ панкреатин+домперидон+холедексан

@ мезим-форте+контрикал+хофитол

@ рабепразол +урсодезоксихол қышқылы+дюфалак

@ омез+лактулоза+ципролет

~ Науқас Ж. 30 жаста, диетаны бұзуына байланысты эпигастрий аймағындағы тұйық ауырсынуға, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Жалпы қарағанда: іші терісінде «рубинді дақтар». Мейо-Робсон, Грей-Тернер симптомдары оң. Қанда: лейкоциттер-8,2 мың, ЭТЖ-27 мм/сағ. Клиникалық хаттамаға сәйкес емдеу кестесі:

@ контролок+ креон

@ креон+одестон+ но-шпа

@ сандостатин + морфин

@ мезим-форте+ грандаксин

@ панзинорм+витаминдер

~ К. атты 45 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң жақ қабырға астында ауру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты В гепатиті. Қарағанда терісі мен склералары сарғайған, телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші кепкен, асцит есебінен ұлғайған. Гепатоспленомегалия. Тиімді емдеу шаралары:

@ өңештің баллонды тампонадасы + жаңадан мұздатылған плазма

@ гептрал + эритроцитарлы масса

@ гептрал + аминокапрон қышқылы

@ эритроцитарлы масса + плазмаферез

@ вазопрессин + В, Е, А, С топтарының витаминдері

~ Өт жолының гиперкинетикалық дискинезиясының формасында емінде қолданылады:

@ спазмолитиктер

@ Н2 – гистамин блокаторы

@ сукральфат тобының препараттары

@ зондсыз тюбаж

@ хирургиялық ем

~30 жастағы науқаста қан аралас диарея, іштің ұстамалы ауырсынуы, қызба пайда болды. Проктосигмоскопияда шырыштан қан кету табылды. Клиникалық хаттамаға сәйкес тағайындау керек:

@ салофальк

@ омепразол

@ рубомицин

@ фуразолидон

@ метронидазол

~ Науқас әйел С. 56 жаста, эпигастрий және пилородуоденум аймағының ауырсынуына, запыранмен құсуға және таңертең аузына ащы дәмнің келуіне шағымданады. Гастроскопияда: эрозиялық гастриттің көрінісі, НР табылмаған.

Емдік шаралар жоспарының ең тиімдісі:

@ домперидон +одестон +сукральфат

@ алмагель +урсофальк +дюфалак

@ мизопростол +алмагель +омепразол

@ амоксицилин +кларитромицин +рабепразол

@ висмут субцитраты +маалокс +фамотидин

~ 82 жастағы Б. науқасты эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну, тамақтан соң эпигастрий аймағының толып кету сезімі, шіріген иіспен кекіру, метеоризм, іш қату іш өтуімен кезектесуі мазалайды. Қарап тексергенде науқастың тері жабыны бозарған, ауыз бұрыштары «кесілген (заеды)», терісі құрғақ, тырнақтары сынғыш.

Болуы мүмкін диагноз:

@ созылмалы аутоиммунды гастрит

@ асқазан қатерлі ісігі

@ он екі елі ішектің жара ауруы

@ созылмалы тассыз холецистит

@ асқазан жара ауруының өршу кезеңі

~ Науқас Л. 56 жаста әлсіздікке, басының айналуына, делсалдыққа, үлкен дәретінің қара түсті болуына шағымданады.

Сіздің диагнозыңыз:

@ 12 елі ішектің жара ауруы өршу кезеңі, қан кету

@ асқазан жарасының перфорациясы

@ асқазан жара ауруының өршу кезеңі

@ созылмалы атрофиялық гастриттің өршуі

@ созылмалы атрофиялық емес гастрит, өршу

~ Тамақтанумен басылмайтын іштің жоғары бөлігінің белбеу тәрізді қатты ауырсынуы, Шоффар, Губергриц аймақтарындағы ауырсыну тән:

@ созылмалы панкреатиттің ауырсыну түріне

@ асқазанның жара ауруының өршуіне

@ созылмалы пиелонефритке

@ бүйректік коликаға

@ созылмалы тассыз холециститтің өршуіне

~ Науқас әйел А, 66 жаста жүрек аймағына берілетін және майлы тағамнан кейін пайда болатын оң қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Өзін 3 жылдан бері ауру санайды. Объективті: дене қызуы 38,20. Өт қабы проекциясында ауырсыну, Ортнер симптомы оң мәнді. Қанда: лейкоциттер 9,8мың, ЭТЖ 18мм/сағ. Өтті зерттегенде: барлық порцияларда шырыш пен лейкоциттер. Мүмкін болатын патологияның өршуі:

@ созылмалы тассыз холециститтің

@ созылмалы гепатиттің

@ созылмалы панкреатиттің

@ өт қабы дисфункциясының

@ 12 елі ішектің жара ауруының

~ 86 жастағы ер кісі бел аймағына берілетін ішінің ауру сезімі, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында шырыш пен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен арықтауға шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішектің бөлігіндегі полиптер. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімі байқалады. Қанында: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ - 52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см қуыстың циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Мәліметті зерттеу әдісі:

@ нысаналы биопсиямен колоноскопия

@ эзофагофиброгастродуоденоскопия

@ ректороманоскопия

@ іш қуысы мүшелерінің УДЗ

@ іш қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы

~ 72 жасар әйел эпигастрий аймағының сыздап, үдемелі ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, соңғы 4-5 айда 12 кг азу шағымдарымен ауруханаға келіп түсті. Ауырсынудың сипаты соңғы 3-4 айда өзгерген: тағамнан кейінгі ұстама тәрізді ауырсынулар сыздаған түріне ауыстқан. Қарап тексергенде салмақ жоғалтқан, тері жамылғылары бозғылт. Рентгенологиялық зерттеуде: асқазанның төменгі үштен бір бөлігінде, үлкен иінінің бойында, қатпарлардың ригидтілігі бар толу дефекті анықталды. Қосымша ем тактикасы:

@ операциялық ем

@ ерітілмейтін антацидтер

@ антибактериялық терапия

@ спазмолитиктер, холинолитиктер

@ наркотик емес аналгетиктер

~ Әйел 82 жаста, ішінің ұстамалы ауырсынуы мазалайды, жиі сұйық дәретке тәулігіне 6-8рет шырыш және қан аралас, әлсіздік, буындарының ауырсынуы, температурасының 38 гр көтерілуіне шағымданады. Екі рет қан шырыш аралас дизентерия қойылып госпитализацияланады. Қарағанда деснасы жеңіл қанайды. Ішінің тоқ ішек аймағы жіті ауырсынады. Қанда: лейкоцит - 11,8 мың. Ирригоскопияда: тоқ ішек тарылған, гаустр контуры дурыс емес, айқын емес. Ең ақпаратты зерттеу әдісі:

@ колоноскопия прицельді биопсиямен

@ эзофагогастродуоденоскопия

@ ректороманоскопия

@ УЗИ іш қусы ағзаларының

@ іш қуысының обзорлы рентгенограммасы

~Ер адам 42 жаста, созылмалы вирусты гепатитпен ауырады, лабораторлы зерттеуде: билирубин - 35 мкмоль/л, тимол сынамасы - 8 ед, АЛТ -1,2 мкмоль/л, АСТ - 0,9 мкмоль/л; серологиялық зерттеуде оң мәнді анти-Hbs және анти-HBc IgG; HBV–ДНК, HBeAg және HbcAbIgМ.

Емдеу тактикасына міндетті түрде қосу керек:

@ вирусқа қарсы

@ прокинетиктер

@ гепатопротекторлар

@ В, К витамин топтары

@ өт айдаушы

~ 30 жастағы ер кісі салмақ жоғалтқан, тәбетінің болмауына, әлсіздікке, бас айналуына, тәуілігіне 40 рет болатын қан, ірің, шырышпен араласқан сұйық нәжіске, дефекация актісіне дейінгі ішінің ауруына шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары айқын бозарған, тізесінің сыртқы бетінде көптеген түйіндер, терісі күлгін түсті.

Диагнозды анықтауға зерттеу әдістерінің тиімдісі:

@ колоноскопияны

@ іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясын

@ ішектің контрасты рентгенографиясын

@ ФЭГДС

@ іш қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуді

~ 48 жасар ер кісі, ішімдікті көп қолданған, оң қабырға астының ауырсынуы, сарғаю, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Бес күн бұрын өңештің варикозды кеңейген тамырларынан қан кету болған. Жалпы қарағанда тері жамылғылары және көздері сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 6-7см шығыңқы, тығыз, сезімтал. Көк бауыр 5см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ 47мм/сағ. Жалпы билирубині 67мкмоль/л, тікелей фракциясы жоғарылаған.

Емдік шара жоспарының ең тиімдісі:

@ гепатопротекторлар, жаңа мұздатылған плазма, С,К дәрумендері

@ кортикостероидтар, өт айдағыш дәрмектер, ферменттер

@ гепатопротекторлар, эритромасса, өт айдағыш дәрмектер

@ темір препараттары, кортикостероидтар, өт айдағыш дәрмектер

@ прокинетиктер, ферменттер, өт айдағыш дәрмектер

~ Цитолитикалық синдромның индикаторы болып табылады:

@ АЛТ белсенділігінің жоғарылауы

@ сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

@ холинэстераза белсенділігінің жоғарылауы

@ 5-нуклеотидаза белсенділігінің жоғарылауы

@ тікелей емес гипербилирубинемия

~ Науқас 48 жаста,төс арты аймағының қыжылы мен ауырсынуы мазхалайды, тамақ қабылдаудан кейін және еңкейіп жұмыс жасағанда, қысып белдік таққанда пайда болуына шағымданады. Негізгі ықтимал диагноз:

@ гастроэзофагеальді-рефлюксті ауру

@ ИБС. Стенокардия 1 ФК куштеме

@ өңеш дискинезиясы

@ өңештің пептидті жарасы

@ диафрагмадағы өңештіңгрыжасы

~ Науқас 56 жаста, эпигастий аймағының ауырсынуы мен тойыну сезіміне, ішкен тамағын иіспен құсуға, азуға шағымданады. Анамнезінде асқазан жарасы. Объективті: айқын плеск шуылы, және көзге көрінерлік асқазан аймағының перистальтикасы. Негізгі ықтимал асқынуы:

@ привратник стенозы

@ малигнизация

@ пенетрация

@ перфорация

@ асқазаннан қан кету

~ Әйел 38 жаста, эпигастрий аймағының жіті ауырсынумен, кешірек барлық ішке таралған, ауырсыну кезінде бір реттік құсумен түсті. Объективті: тері қабатының түсі бозғылт, суық тер. Аяғын ішіне бүгіп арқамен мәжбурлі қалыпта жатыр. Тыныс алуы беткей, терең тыныс алу іштегі ауырсынуды күшейтеді. АҚ - 90/40 мм рт.ст. ЖЖЖ - 50 мин., симптом Щеткина- Блюмберга – оң мәнді. Рентгенограммада іш қуысындағы бос газдар. Негізгі ықтимал диагноз:

@ перфорация

@ пенетрация

@ қан кету

@ перивисцерит

@ привратник стенозы

~ 74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тағамнан кейін пайда болатын және оң жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну бар, Ортнер, Френикус, Мюссе симптомдары оң. Дене қызуы 370С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

@ созылмалы калькулезді емес холециститтің өршуі

@ жедел аппендицит

@ созылмалы дуодениттің өршу сатысы

@ өт қабы дискинезиясының гипотониялық түрі

@ созылмалы токсиндік гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі

~ Науқас 68 жаста асцитпен айқын гепатомегалия қосылған, әлсіз сарғыштық, қызба, іштегі ауырсыну, қандағы аз өзгерісті анемия, лейкоцитоз, жоғары СОЭ, қан сарысуында альфа-фетопротеин концентрациясының жоғарылауы. Негізгі ықтимал диагноз:

@ бауырдың біріншілікті рагі

@ бауыр циррозы

@ созылмалы алькоголді гепатит

@ Вильсона – Коновалова ауруы

@ бауыр эхинококкозы

~ Ер адам 25 жаста, іштің оң аймағының басып ауырсынуына, сұйық үлкен дәрет тәулігіне 6-8 рет, соңғы 2 жылда 8кг азған, ірі буындардағы ауырсыну, ұзақ субфебрилитет. Зерттеу кезінде: екі тізе буындағы түйінді эритема, оң мықын аймағының айқын ауырсынуы. Қанда: лейкоцит – 12,6х109/л, СОЭ - 56 мм/сағ, жалпы белок - 49 г/л, альбумин - 39%. Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатының қуысты терең жарасы. Преднизолон тағайындалған. Негізгі емге міндетті қосу керек:

@ сульфасалазин

@ бускопан

@ эспумизан

@ азатиоприн

@ координакс

~ Ер адам 35 жаста, оң қабырға астының батып ауырсынуына, мұрыннан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде вирусты гепатит В. Қарағанда: телеангиэктазия, гепатоспленомегалия. Қанда: СОЭ-22 мм/сағ, тимол сынамасы -9 ед., АЛТ-3,2 мкмоль/л, АСТ-3,8 мкмоль/л.

Созылмалы вирусты гепатит В белсенділік дәрежесі:

@ әлсіз

@ жоғары

@ минимальді

@ төмен

@ нөлдік

~ Науқас 49 жаста, сол жақ қабырға астының батып ауырсынуымен госпитализацияланды; ауырсынумен құсу және азу, тұрақсыз нәжіс. Анамнезінде: 5 жыл алдын жара ауруымен ота жасалынған, перфорация асқынуымен. Келесі жылында ем-дәм сақтамаған, ем алмаған. Объективті: тамақтануының төмендігі, тері мен шырышты қабатыны бозғылт. Іші жұмсақ, сол жақ қабырға асты мен эпигастрий аймағы ауырсынады. Қан анализі мен зәр анализі патологиясыз. Нәжістің Грегерсен реакциясы (+++).

Бірінші кезекте күмәнданамыз:

@ анастомоздық пептидті жара @ гипогликемия синдромы @ агастральді астения @ алып келуші ілмектік синдром

@ созылмалы диареялық синдром

~ 47 жастағы әйелді эпигастрий аймағындағы тамақтанғаннан соң 60-80 минуттан кейін ұстама тәрізді ауыру сезімі, қыжылдау, қышқылмен кекіру мазалайды. Объективті – эпигастрий аймағында аздаған ауырсыну сезімі. Рентгендік тексеруде: асқазанның кіші иінінің төменгі 1/3 бөлігінде 0,6х0,8 см өлшемді «ойық» анықталды.

Болуы мүмкін диагноз:

@ асқазанның ойық жарасы

@ асқазан полипі

@ асқазанның қатерлі ісігі

@ Менетрие ауруы

@ асқазанның пенетрацияланған ойық жарасы

~ 37 жасар әйелді түнде аш қарынға пайда болатын, тамақтанған соң басылатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну мазалайды. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, эпигастрий аймағында ауырсыну бар. Емдік шаралар жоспарының ең тиімдісі:

@ кларитромицин, метронидазол, париет

@ омепразол, де-нол, маалокс

@ метронидазол, де-нол, алмагель

@ тетрациклин, омепразол, квамател

@ нафуратель, флемоксин солютаб, гастроцепин

~ 52 жастағы әйел келесі шағымдармен келіп түсті: тамақтанумен байланыссыз эпигастрий аймағында сыздап ауырсыну, жүрек айну. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағы аздап ауырсынады. Қанды, зәрді, нәжістерді зерттегенде патология анықталмады. ФЭГДС: асқазан денесінің төменгі үштен бір бөлігінде және антральді бөлігінің үлкен иінінде – домалақ формалы 0,5-тен 1,0см дейінгі көптеген полиптер анықталды.

Ең тиімді әдіс:

@ биопсия материалының цитологиялық зерттеуі

@ тәуліктік рН- метрия

@ асқазанның рентгеноскопиясы

@ асқазан сөлін фракциялық зерттеу

@ асқазан сөліндегі сүт қышқылын зерттеу

~ 36 жастағы ер кісі 3 ай көлемінде ашқарынға пайда болатын, эпигастрий аймағындағы «түнгі» ауырсынуға, тамақтан кейінгі эпигастрийдегі ауырлық және толып кету сезіміне, жүрек айнуға шағымданды. Зерттеулерде (тыныстық уреазалық тест, ФЭГДС) ешқандай патологиялық өзгерістер анықталмады.

Емдік шара жоспарының ең тиімдісі:

@ мотилиум, рабепразол

@ де-нол, но-шпа

@ мотилиум, маалокс

@ рабепразол, алмагель

@ амоксициллин, клацид

~ Бір жыл бұрын өттас ауруы жөнінде холецистэктомия жасалған әйелде, сол қабырға астының ауырсынуы, жүрек айну, іш өту пайда болды. Ауырсыну ұстама тәрізді, ем дәм тәртібін бұзған соң пайда болады. Зерттегенде: іші жұмсақ, эпигастрийдің сол бөлігі ауырсынады. Қанда: орташа лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, копрограммада амилорея, креаторея, стеаторея. Клиникалық хаттамаға сәйкес емдік шара жоспарының ең тиімдісі:

@ спазмолитиктер, ферменттер

@ анальгетиктер, спазмолитиктер

@ протеаза ингибиторлары, ашықтыру

@ дезинтоксикациялық дәрмектер, аналгетиктер

@ анальгетиктер, протеаза ингибиторлары

~ Мына симптомдардың жиынтығы: гепатомегалия, гипергликемия, терінің гиперпигментациясы, қан сарысуында темір деңгейінің жоғарлауы тән патология:

@ гемохроматоз

@ бүйрек үсті безінің гиперфункциясы

@ вирусты этиологиясымен созылмалы гепатит

@ Вильсон-Коновалов ауруы

@ Жильбер ауруы

~ 51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ.

Клиникалық хаттамаға сәйкес болжам диагнозыңыз:

@ созылмалы холецистит, өршу

@ созылмалы панкреатит, өршу

@ өт қабының дисфункциясы

@ созылмалы гепатит, өршу

@ Одди сфинктерінің дисфункциясы

~ 17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

@ Верльгоф ауруы

@ Мэллори-Вейса синдромы

@ бейспецификалық жаралы колит

@ тоқ ішектің дивертикулы

@ Миккеля дивертикулы

~ 28 жасар әйел, оң қабырға астының тұйық ауырсынуына, стресстік жағдайларда ауырсынудың пайда болуына, дене температурасы жоғарламайды, үлкен дәреті тұрақсыз, ашуланшақтық, ішінің ауруымазалаған соң, аймақтық терапевтке келген. Қолында зерттеу нәтижелері бар:қан анализі, копрология қалыпты. Холецистограммада: өзгеріссіз. Дуоденальды зондтауда патология анықталмады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

@ өт жолдарының дискинезиясы

@ созылмалы холецистит

@ ішектің тітіркену синдромы

@ нейроциркуляторлы дистония

@ Одди сфинктерінің дисфункциясы

~ 27 жасар науқас, стационарға сол жақ мықымының толғақ тәрізді ауырсынуына, кілегей және қан аралас сұйық нәжістің тәулігіне 6-8ет, 8 кг салмақ тастауға, ұзақ уақыт бойы субфебрилитет болуына шағымданып, түсті. Ішті палпациялағанда сол жақ мықым аймағында ауырсынады, бауыры жіне көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ-нің жоғарлауы, гипопротениемия. Капралогия: нәжіс ботқа тәрізді, шырыш және қан көп мөлшерде. Коланоскопия: гиперемия болмауы түйіршіктілік, іркістердің сигма тәрізді ішекте көптеген жаралардың болуы, саңылаудай ірің және қан.

Соседние файлы в папке 22-02-2016_08-49-44