Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_11.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
99.33 Кб
Скачать

Ақпаратты ашу____________________________________________________________

39. Ұйым мыналарды:

(а) кезең ішінде табыс ретінде танылған келісімшарт бойынша табыс сомасын;

(b) кезең ішінде танылған келісімшарт бойынша табысты анықтау үшін пайдаланылған әдістерді; және

(с) орындалу барысындағы келісімшарттардың орындау сатысын анықтау үшін пайдаланылған әдістерді ашуы керек.

40. Есепті күні орындалу барысындағы аяқталмаған келісімшарттар үшін мына төмендегілерді ашуы тиіс:

(а) ағымдағы күнгі шеккен залалдар мен танылған пайданың жалпы сомасы (танылған пайданы шегергенде);

(b) алынған аванстар сомасы; және

(с) ұстап қалулар сомасы.

41. Ұстап қалулар осындай төлемдер үшін келісімшартпен көзделген талаптарды орындағанға дейін немесе ақаулар жойылғанға дейін төленбейтін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша аралық шоттар түрінде ұсынылған сома болып табылады. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша аралық шоттар - бұл тапсырыс берушінің төлегеніне немесе төлемегеніне қарамастан, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша орындалған жұмыс үшін қойылған сомалар. Құрылыс ұйымының тиісті жұмысты орындағанға дейін алған сомалары аванстар деп аталады.

42. Ұйым мыналарды есептілікте:

(а) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіден алынуға тиесілі жалпы сомасын актив ретінде; және

(b) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіге төленуі тиісті жалпы сомасын міндеттеме ретінде көрсетуі тиіс.

43. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіден алынуы тиісті жалпы сома - бұл нетто-мөлшер:

(а) шеккен шығындар, оған қосу танылған пайда; алу

  1. орындау процесіндегі барлық келісімшарттар үшін танылған шығын және ұсынылған аралық шоттар сомасы, оларда танылған пайдамен (танылған шығындарсыз) сомадағы шеккен шығындар ұсынылған аралық шоттардан артық болады.

44. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушіге төленуі тиіс жалпы сома - бұл нетто-мөлшер:

(а) шеккен шығындар, оған қосу танылған пайда; алу

(b) танылған шығындар мен аралық шоттар сомасы

іске асыру үрдсіндегі барлық келісімшарттар үшін, олардағы ұсынылған аралық шоттар шеккен шығындар және танылған пайда (танылған шығындарсыз) сомасынан артық болады.

45. Ұйым 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес кез келген шартты міндеттемелер мен шартты активтерді ашады. Шартты міндеттемелер мен шартты активтер кепілдік жөндеуге арналған шығындар, шағымдар, айыппұлдар немесе ықтимал шығындар сияқты баптарға байланысты туындауы мүмкін.

Күшіне ену күні___________________________________________________________

46. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1995 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңді қамтитын қаржы есептілігіне қатысты күшіне енеді.

__________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

76

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]