Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_11.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
99.33 Кб
Скачать

32. Егер құрылысқа жасалған келісімшарттың нәтижесі сенімді ретінде бағаланбайтын болса:

(а) табыс құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шеккен шығындардың қандай дәрежеде өтелуі ықтимал болғанда ғана танылуы тиіс; және

(b) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар олардың туындауы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылуы тиіс.

Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша күтілетін шығын 36-тармаққа сәйкес шығыс ретінде дереу танылуы тиіс.

33. Келісімшартты орындаудың басталу сатыларында оның нәтижесін сенімді түрде бағалау көбіне қиын болады. Соған қарамастан ұйымның құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шеккен шығындарды өтеуі ықтимал болады. Сондықтан құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кіріс шеккен шығындар өтелуі күтілетін деңгейде ғана танылады. Өйткені келісімшартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмағандықтан пайда танылмайды. Алайда, тіпті егер келісімшартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмайтын болса, келісімшарт бойынша жалпы шығындар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кірістің жалпы сомасынан артып кетуі де ықтимал. Мұндай жағдайларда келісімшарт бойынша күтілетін жалпы шығындардың осы келісімшарт бойынша жалпы табыстан артуы 36-тармаққа сәйкес шығыс ретінде дереу танылады.

34. Мердігер келісімшарты бойынша шығындар, олардың өтелу ықтималдығы нөлге тең болғанда, шығыс ретінде дереу танылады. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шеккен шығындарды өтеу ықтималдығы болмайтын және оларды шығыс ретінде дереу тану жағдайларының мысалдарына мына келісімшарттар жатады:

(а) құқықтық қорғау толық дәрежесінде қамтамасыз етілмеген, яғни олардың заңдық күші үлкен күмәнді мәселе болып қалатын келісімшарттар;

  1. орындалуы күтілетін соттық талқылаулардың немесе заң актілерінің нәтижесіне байланысты;

  2. соттың шешімі бойынша иеліктен айыруы немесе тәркіленуі ықтимал мүлікке қатысты;

  3. тапсырыс беруші өзінің міндеттемелерін орындай алмаған кездегі; не

  4. құрылыс ұйымы келісімшартты аяқтай алмаған немесе ол бойынша міндеттемесін орындай алмаған кездегі келісімшарттар.

35. Егер келісімшарттың нәтижелерін сенімді түрде бағалауға кедергі келтіретін екіұштылықтар болмаса, құрылысқа жасалған келісімшартпен байланысты кірістер мен шығыстар 32-тармаққа сәйкес емес, керісінше 22-тармаққа сәйкес танылуы тиіс.

КҮТІЛЕТІН ЗАЛАЛДАРДЫ ТАНУ______________________________________________

36. Келісімшарт бойынша жалпы шығындар келісімшарт бойынша жалпы табыстан артып кетуі ықтимал болған кезде күтілетін шығын залал ретінде дереу танылуы тиіс.

37. Мұндай шығынның деңгейі мыналарға қарамастан анықталады:

(а) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстың басталуына немесе басталмауына;

(b) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың орындалу сатысына; не

(с) 9-тармаққа сәйкес құрылысқа жасалған бірыңғай келісімшарт ретінде қарастырылмайтын басқа келісімшарттардан алынуы күтілетін пайда сомасы мөлшеріне.

Есептік бағалаулардағы өзгерістер____________________________________

38. Орындалған жұмыстың үлесі бойынша әдіс әрбір есеп кезеңіндегі құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығындардың ағымдағы есептік бағалауларына кумулятивтік негізінде қолданылады. Сондықтан құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығындардың есептік бағалауындағы өзгерістен тиімділік немесе келісімшарт нәтижесі есептемесіндегі өзгеріс тиімділігі есептік бағалаудағы өзгеріс ретінде ескеріледі (8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателіктер (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз). Өзгертілген есептемелер өзгерістер жасалған кезеңдегі және одан кейінгі кезеңдердегі пайда мен шығын туралы есепте танылған табыстар мен шығыстар деңгейін анықтау кезінде пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]