Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_11.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
99.33 Кб
Скачать

23. Белгіленген бағасы бар келісімшарт жағдайында құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша нәтиже мына төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде сенімді бағалануы мүмкін:

(а) келісімшарт бойынша жиынтық табыс сенімді түрде бағалануы мүмкін;

(b) келісімшартпен байланысты экономикалық пайдалардың ұйымға түсуі ықтимал болғанда;

(с) құрылысқа жасалған келісімшартты аяқтау үшін қажетті келісімшарт бойынша шығындар, сондай-ақ есепті күнгі құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың аяқталуының сатысы сенімді түрде бағалануы мүмкін; және

(d) құрылысқа жасалған келісімшартқа жатқызылатын келісімшарт бойынша шығындар айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін, демек құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша іс жүзінде шеккен шығындар бұрын жүргізілген есептік бағалаулармен салыстырылуы мүмкін.

24. Шығындарды қосу келісімшарты жағдайында құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде дұрыс бағалануы мүмкін:

(а) келісімшартпен байланысты экономикалық пайдаларды ұйым алу ықтимал болғанда;

(b) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар, олардың нақты өтеуге жатқызылуына немесе жатқызылмауына қарамастан, оған жататын шығындар айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін.

  1. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысына қатысты табыстар мен шығыстарды тану көбінесе орындалған жұмыстың үлесі бойынша әдіс деп аталады. Осы әдіске сәйкес келісімшарт бойынша табыстар белгілі бір аяқталу сатысына жету кезінде шеккен келісімшарт бойынша шығындармен қатыстылықта болады, бұл ретте олар есептілікте жұмыстардың аяқталған бөлігіне жатқызылуы мүмкін табыстар, шығыстар және пайда туралы хабарлама беріледі. Бұл әдіс құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың көлемі және кезең ішіндегі қызмет нәтижелері туралы пайдалы ақпарат береді.

  2. Орындалған жұмыстың үлесі бойынша әдіске сәйкес құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс тиісті жұмыс орындалған кездегі есепті кезеңдердегі пайда мен шығын туралы есепте көрсетіледі. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар әдетте жұмыс орындалған кезде осы кезеңдерге жататын жұмыс орындалған кезде есепті кезеңдердегі пайда мен шығын туралы есепте көрсетіледі. Алайда келісімшарт бойынша сомалық шығындардың келісімшарт бойынша сомалық кірістен күтілетін артуы 36-тармаққа сәйкес шығыс ретінде дереу танылады.

  3. Мердігер болашақ қызметпен байланысты құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар шегуі мүмкін. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша мұндай шығындар, егер оларды өтеу ықтимал болса, актив ретінде есептеледі. Мұндай шығындар тапсырыс берушіден алынуы тиісті сома болып табылады және көбінесе құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша аяқталмаған өндіріс болып бағаланады.

  4. Құрылыс келісімшартының нәтижесі ұйым одан экономикалық пайда алуы ықтимал жағдайында ғана, сенімді түрде бағалануы мүмкін. Алайда, ендігі жерде құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кіріске енгізілген және ендігі жерде пайда мен шығын туралы есепте танылған соманы алу мүмкіндігіне қатысты екіұштылық туындаған кезде алынуы мүмкін емес сома, немесе өтелуі ықтимал болудан қалған сома құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасын түзету ретінде емес, қайта шығыс ретінде танылады.

  5. Әдетте, ұйым келісімшарт жасалғаннан кейін сенімді бағалаулар жүргізуі мүмкін, ол мыналарды белгілейді:

(а) ыңғайласпа өтеуге қатысты әрбір тараптың заңды құқықтары;

(b) қарсы орын толтыруды; және

(с) есеп айырысудың нысаны мен шарттарын.

Ұйымның, сондай-ақ, қаржылық жоспарлары мен есептілігінің тиімді ішкі жүйесі болуы қажет. Келісімшарттың орындалуына қарай ол құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығыстарды тексереді және қажет болған жағдайда оларды қайта қарайды. Мұндай қайта қараудың қажеттілігі келісімшарт нәтижесінің сенімді түрде бағалануы мүмкін емес екенін білдіреді.

  1. Келісімшарттың орындалу сатысы бірқатар әдістермен анықталуы мүмкін. Ұйым ол әдістерден орындалған жұмыстың сенімді түрде өлшенетінін қамтамасыз ететін әдісті пайдаланады. Келісімшарттың сипатына қарай бұл әдістерге мыналар жатуы мүмкін:

(а) есеп жасалған күні жұмыстарды орындау үшін шеккен құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындардың құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жалпы шығындардың есептік деңгейіне қатынасын айқындау;

(b) орындалған жұмыстарды байқау; не

(с) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша орындалған жұмыстардың қандай да бір табиғи үлесін нақты есептеу.

Тапсырыс берушілерден алынған аралық төлемдер мен аванстар көбінесе орындалған жұмыстың нақты көлемін көрсете бермейді.

  1. Орындалу сатысы есеп жасалған күні шеккен келісімшарт бойынша шығындарға қатынасы бойынша анықталған кезде, тек орындалған жұмысты көрсететін құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар ғана белгілі бір күнге шеккен шығындарға жатқызылады. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша орындалған жұмыс дәрежесін көрсетпейтін шығындардың мысалдары мыналар болып табылады:

(а) құрылыс алаңына жеткізілген немесе келісімшарттың орындалуы жағдайында пайдалану үшін кейінге қалдырылған, бірақ әлі пайдаланыла қоймаған немесе, егер осы материалдар осы келісімшарт үшін арнайы дайындалмаған болса, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша пайдаланылмаған немесе қолданылмаған материалдардың құны сияқты, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша болашақ қызметке жататын шығындар; және

(b) көмекші мердігер келісімшарттары бойынша орындалған жұмыстар есебіне көмекші мердігерлерге алғы төлемдер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]