Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_11.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
99.33 Кб
Скачать

16. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға мыналар жатады:

(а) нақты келісімшартпен тікелей байланысты шығындар;

(b) жалпы алғанда мердігер келісімшарты бойынша іс-шараларға жатқызуға болатын және нақты келісімшартқа жатқызылуы мүмкін шығындар; және

(с) келісімшарт талаптарына сәйкес тапсырыс берушілерге төленуі тиіс осындай басқа да шығындар.

17. Нақты келісімшартқа тікелей қатысты шығындарға мыналар жатады:

(а) құрылыс алаңындағы қадағалауды қоса алғанда, құрылыс алаңындағы жұмысшылардың жалақысы;

(b) құрылыс салу кезінде пайдаланылған материалдардың құны;

(с) келісімшартты орындау үшін пайдаланылған негізгі құралдардың амортизациясы;

(d) құрылыс алаңына және алаңынан машиналарды, жабдықтар мен материалдарды көшіріп орнатуға жұмсалған шығындар;

(е) машиналар мен жабдықтар жалдауға жұмсалған шығындар;

(f) келісімшартпен тікелей байланысты конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар;

(g) қателіктерді түзету мен кепілдік жұмыстарға жұмсалған болжамды шығындар, оның ішінде кепілдік жөндеу шығындары; және

(h) үшінші тараптардың шағымдары.

Бұл шығындар құрылысқа жасалған шарт бойынша кіріске енгізілмеген кездейсоқ табыспен, мысалы, келісімшарт орындалғаннан кейін материалдардың артықтарын сатудан және машиналар мен жабдықтардың шығарылуынан түскен табыспен кемуі мүмкін.

18. Тұтастай алғанда құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар, сондай-ақ, нақты келісімшарттарға жатқызылуы мүмкін, ол шығындарға мыналар жатады:

(а) сақтандыру төлемдері;

(b) нақты келісімшартпен тікелей байланысты емес конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар; және

(с) құрылыс бойынша үстеме шығыстар.

Мұндай шығындар ұқсас сипаттамалары бар барлық шығындарға дәйекті түрде қолданылатын жүйелі және ұтымды әдістер көмегімен бөлінеді. Оларды бөлу құрылыс қызметінің қалыпты көлеміне негізделеді. Құрылыс бойынша үстеме шығындарға құрылыс қызметкерлері құрамының жалақысы бойынша деректерді әзірлеуге және өңдеуге жұмсалатын шығындар сияқты шығыстар жатады. Тұтастай алғанда құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар қарыз қаражатын қоса алғанда нақты келісімшарттарға жатқызылуы мүмкін. және, егер мердігер 23 Қарыздар бойынша шығындар (IAS) ХҚЕС-та берілетін баламалы әдісті қабылдайтын болса, қарыздар қаражатын пайдалану бойынша шығындар қосылады.

19. Келісімшарттың талаптары бойынша тапсырыс беруші тікелей алып жүретін шығындар өтелуі келісімшартпен көзделген жалпы әкімшілік шығыстар мен әзірлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігіне қосылуы мүмкін.

20. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша мердігердің қызметіне жатпайтын және құрылысқа жасалған келісімшартқа жатқызылмайтын шығындар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға қосылмайды. Мұндай шығындарға мыналар жатады:

(а) өтелуі келісімшарттың талаптарымен көзделмеген жалпы әкімшілік шығыстар;

(b) өткізу бойынша шығындар;

(с) өтелуі құрылысқа жасалған келісімшартпен көзделмеген зерттеулер мен талдамаларға жұмсалатын шығындар; және

(d) нақты келісімшарт бойынша пайдаланылмайтын тоқтатылып қалған машиналар мен жабдықтардың амортизациясы.

21. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға оған қол қойылған күннен бастап толық аяқтауға дейінгі кезең ішінде құрылысқа жасалған келісімшартқа жатқызылатын шығындар жатады. Алайда келісімшартпен тікелей байланысты және оны жасасу үшін шеккен шығындар да, егер олар жеке анықталатын және сенімді түрде өлшенетін болса, сонымен бірге, егер келісімшарт жасалған болса, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындардың бір бөлігі ретінде жатқызылады. Егер де келісімшарт жасауды қамтамасыз ету кезінде шеккен шығындар олардың туындауы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын болса, егер келісімшарт келесі кезеңде жасалатын болса, олар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға жатпайды.

Құрылысқа жасалған КЕЛІСІМшарт бойынша табыстар мен

ШЫҒЫСТАРДЫ ТАНУ_________________________________________________________

22. Егер құрылысқа жасалған келісімшарттың нәтижесі сенімді бағаланған болса, ол бойынша табыс және шығындар тиісінше есепті күнгі құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстың аяқталу кезеңіне сілтемелер беру арқылы табыстар мен шығыстар ретінде танылуы тиіс. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша күтілетін шығын 36-тармаққа сәйкес шығыстар ретінде дереу танылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]