Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_11.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
99.33 Кб
Скачать

Құрылысқа жасалған келісімшарттарды біріктіру мен бӨлу________

7. Әдетте осы Стандарттың талаптары құрылысқа жасалған келісімшарттың әрқайсысына бөлек қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайларда Стандартты бірыңғай келісімшарттың бөлек анықталатын құрамдас бөліктеріне немесе келісімшарттың немесе келісімшарттардың тобының мәнін көрсету үшін келісімшарттар тобына бірге қолдану керек.

8. Келісімшарт бірқатар объектілерді қамтыған кезде олардың әрқайсысы құрылысқа жасалған бөлек келісімшарт ретінде қарастырылуы тиіс; егер:

(а) әрбір объектінің құрылысына жеке жоба берілетін болса;

(b) әрбір объекті бойынша жеке келіссөздер жүргізілетін және мердігер мен тапсырыс берушінің әрбір объекті жөніндегі келісімшарттың бір бөлігін қабылдау немесе орындаудан бас тарту мүмкіндігі болса; және

(с) әрбір объекті бойынша шығыстар мен табыс идентификациясы мүмкін болса.

9. Келісімшарттар тобының, бір немесе бірнеше тапсырыс берушімен жасалған, құрылысқа жасалған бірыңғай келісімшарт ретінде қарастырылуы тиіс, егер:

(а) келісімшарт келісімшарттардың тобынан тұратын пакет бойынша жүргізілетін болса;

(b) келісімшарттар пайданың жалпы нормасымен осы келісімшарттар іс жүзінде бірыңғай жобаның бөлігі болып табыла отырып өзара тығыз байланысты болса; және

(с) келісімшарттар бір мезгілде немесе үздіксіз жүйелілікте орындалатын болса.

10. Келісімшарт тапсырыс берушінің қалауы бойынша қосымша объекті құрылысын салуды көздеуі мүмкін немесе қосымша объектінің құрылысы туралы ережені енгізу үшін өзгеруі мүмкін. Қосымша актив құрылысы құрылысқа жасалған жеке келісімшарт ретінде қарастырылуы тиіс, егер:

(а) объекті өзінің құрылымы, технологиясы мен қызметі жағынан объектіден немесе бастапқы келісімшартпен көзделген объектілерден елеулі түрде өзгешелігі болса; не

(b) объектінің бағасы туралы келіссөздер бастапқы келісімшарттың құнына қарамастан белгіленетін болса.

ҚҰРЫЛЫСҚА ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМШАРТ ТАБЫСЫ _____________________

11. Құрылысқа жасалған келісімшарт табысына мыналар енді:

(а) келісімшартта келісілген табыстың бастапқы сомасы; және

(b) келісімшарттың талаптарынан ауытқулар, наразылықтар мен ынталандыру төлемдері:

(і) олардың табыстың туындауына әкеп соқтыратын деңгейіндегі; және

(іі) егер ауытқулар сомасы сенімді түрде бағалана алса.

12. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс алынған немесе алынуы тиісті өтеудің әділ құны бойынша өлшенеді. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табысты бағалау болашақ оқиғалардың нәтижесіне байланысты болатын әртүрлі екіұштылыққа ұшырайды. Есептік бағалаулар көбінесе оқиғалардың басталуы мен екіұштылықтардың жойылуына қарай қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасы бір кезеңнен келесі кезеңге артуы немесе кемуі мүмкін. Мысалы:

(а) мердігер мен тапсырыс беруші келісімшарт жасалғаннан кейінгі кезеңде құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табысты арттыратын немесе кемітетін ауытқу сомаларын немесе қарсылықты келістіруі мүмкін;

(b) белгіленген бағасы бар келісімшартта келісілген табыс сомасы бағалардың артуына жол беретін ескертулер нәтижесінде ұлғаюы мүмкін;

(с) құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасы мердігердің кінәсінен келісімшартты орындауда кешіктірулер нәтижесінде туындаған айыппұл санкцияларының нәтижесінде кемуі мүмкін; не

(d) белгіленген бағасы бар келісімшарт шығарылатын өнімді шығаруға белгіленген үлесті көздеген кезде құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс шығарылған бұйымдар санының артуына қарай ұлғаяды.

13. Ауытқу - бұл тапсырыс берушінің құрылыс ұйымына құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша орындалатын жұмыстар ауқымының өзгеруіне берген нұсқауы. Ауытқу құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстың артуына немесе кемуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Ауытқудың мысалы объекті сипаттамасының немесе құрылымының өзгеруі және келісімшарт мерзімінің ұзақтығының өзгеруі болып табылады. Ауытқуға құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасы жатады, егер:

(а) тапсырыс беруші осы ауытқудың және осыған байланысты туындайтын кіріс сомасының ықтималдығы болуын мақұлдайтын болса; және

(b) табыс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса.

14. Шағым - құрылыс ұйымы мердігер тапсырыс берушіден немесе басқа тараптан келісімшарт бағасына енгізілмеген шығындарды өтеу ретінде алуға ұмтылатын сома. Шағым, мысалы, тапсырыс берушінің кінәсінен кідірістердің, құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша техникалық сипаттамалардағы немесе құрылымдардағы қателіктер және даулы ауытқулар нәтижесінде туындауы мүмкін. Шағымдар нәтижесінде туындайтын табыс сомасының өлшемінде екіұштылықтың жоғары деңгейі болады және көбінесе келіссөздердің нәтижелеріне байланысты болады. Сондықтан шағымдар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кіріске тек мына жағдайларда ғана жатады:

(а) келіссөздер тапсырыс беруші шағымды қабылдап алуы мүмкін болатын деңгейге жеткенде; және

(b) тапсырыс беруші танитын сома, әлбетте, сенімді түрде бағалана алса.

15. Ынталандыру төлемдері - бұл, егер жұмыстарды орындаудың белгіленген нормалары сақталатын немесе асып кететін болса, құрылыс ұйымы мердігерге төлейтін қосымша сома. Мысалы, келісімшартта мердігердің құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін ынталандыру төлемі көзделуі мүмкін. Ынталандыру төлемдеріне құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс жатады, егер:

(а) жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталуының немесе артып кетуінің мейлінше ықтималдығы болған кезде келісімшарт атқарылу сатысына жететін болса; және

(b) ынталандыру төлемдері деңгейі сенімді түрде өлшенуі мүмкін болған кезде.

ҚҰРЫЛЫСҚА ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМШАРТ ШЫҒЫНДАРЫ______________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]