Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
247.43 Кб
Скачать

3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының

заңдарына сəйкес қабылдайды.

4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе

прокурордың өтініші бойынша қабылдайды.

Сот шешімі қызметкерлерге ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, ол

ереуілге қатысушыларды сот шешімі туралы дереу хабардар етуге міндетті.

Ереуілді заңсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі дереу орындалуға

тиіс.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор

немесе сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.

5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан Республикасының

заңдарында белгіленген тəртіппен шағымдануға құқығы бар.

304-бап. Ереуілдерді заңсыз деп танудың салдары

Сот ереуілді заңсыз деп танығанда, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға немесе

өткізуге қатысқан қызметкерлерді тəртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін.

305-бап. Локаутқа тыйым салу

Ереуіл өткізуді қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында локаутқа,

яғни қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысуына

байланысты солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушінің бастамасы

бойынша бұзуға тыйым салынады.

5-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

306-бап. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік

саясаттың негізгі бағыттары

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:

1) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілерін əзірлеуге жəне қабылдауға;

2) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық

(секторлық) жəне өңірлік бағдарламаларды əзірлеуге;

3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын əзірлеу жəне жақсарту,

қауіпсіз техникалар мен технологияларды əзірлеу жəне енгізу, еңбекті қорғау,

қызметкерлердің жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі

қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға жəне іске асыруға;

4) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;

5) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми

зерттеулер жүргізуге;

6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды жəне кəсіптік ауруларды есепке алудың

бірыңғай тəртібін белгілеуге;

7) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы

заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;

8) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары

мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тəртібін

нормативті түрде бекітуге;

9) өндірістегі жазатайым оқиғалардан жəне кəсіптік аурулардан зардап шеккен

қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін

қорғауға;

10) ауыр жұмыс жəне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы

техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек

жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге;

11) еңбек жағдайларын жақсарту жəне еңбекті қорғау жөніндегі отандық жəне

шетелдік озық жұмыс тəжірибесін таратуға;

12) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға жəне

олардың біліктілігін арттыруға;

13) өндірістік жарақат алу, кəсіптік ауру туралы мемлекеттік статистикалық

есептілікті ұйымдастыруға;

14) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы біртұтас ақпараттық

жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

15) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы халықаралық

ынтымақтастыққа бағытталған.

307-бап. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік

басқару, бақылау жəне қадағалау

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды,

бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі

уəкілетті мемлекеттік орган жəне өзге де уəкілетті мемлекеттік органдар өз

құзыретіне сəйкес жүзеге асырады.

308-бап. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]