Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
247.43 Кб
Скачать

1. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс

түрлерінің күрделілігі Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кəсіптерінің тарифтік-біліктілік

сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың __________жəне басқа да қызметшілер

лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының,

мамандарының жəне басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік

сипаттамалары негізінде белгіленеді.

2. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу жəне

қызметкерлерге біліктілік разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың

жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына жəне

Басшылардың, мамандардың жəне басқа да қызметшілер лауазымдарының

біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кəсіптерінің тарифтік-біліктілік

сипаттамаларына жəне ұйымдар басшыларының, мамандардың жəне басқа да

қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сəйкес

жүргізіледі.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшы

кəсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын əзірлеуді, қайта қарауды, байқап

көруді, бекітуді жəне қолдану тəртібін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган

айқындайды. Əр түрлі экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының,

мамандарының жəне басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік

сипаттамаларын тиісті қызмет саласының уəкілетті мемлекеттік органдары еңбек

жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып əзірлейді жəне бекітеді.

126-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелері

1. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы

төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке жəне (немесе) ұжымдық

еңбек нəтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.

Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде

қалыптастырылуы мүмкін.

Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды (айлықақыларды),

тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды.

Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты

қызметкерлердің кəсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне

жəне олардың түпкі нəтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді.

Еңбекке ақы төлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы төлеудің тарифтік жəне

тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.

2. Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың

сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін жəне

еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.

3. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жəне еңбекке ынталандыру жүйелері

ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында жəне (немесе) жұмыс

берушінің актілерінде айқындалады.

4. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке

алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті

болатын негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз

етуге тиіс.

5. Мемлекеттік бюджет жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы

(бюджеті) есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу

жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

6. Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен

акционерлік қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу жəне оларға сыйлықақы

беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік ереженің

негізінде айқындалады.

7. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,

алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің

еңбегіне ақы төлеу жүйесін қараудың жəне келісудің тəртібін еңбек жөніндегі

уəкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде

айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте жəне Қазақстан

Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген

талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу

Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа кемінде

біржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде

үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының

(лауазымдық айлықақысының) кемінде елу проценті мөлшерінде қосымша ақы

төленеді.

128-бап. Мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу

Мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық)

ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.

129-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу

Түнгі уақыттағы жұмыстың əр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы

негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.

130-бап. Əр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде еңбекке ақы төлеу

Қызметкер əр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне

неғұрлым жоғары біліктілік жұмысы бойынша ақы төленеді.

Жоғары біліктілік қызметкеріне өндіріс сипатын ескере отырып оған тағайындалған

разрядтан төмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке

ақы төлеу оған тағайындалған біліктілік (разряд) бойынша жүргізіледі.

131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюі) жəне

уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы

төлеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]