Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
247.43 Кб
Скачать

14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі

комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу

ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.

15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына əкеп соққан

өндіріспен байланысты əрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға

(ұсынымға) сəйкес еңбек жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша

жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (əрбір зардап шеккен

адамға жеке-жеке) ресімделеді.

Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тəртіппен растаған улану жағдайлары да

еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан,

жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді.

325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру

ерекшеліктері

1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы

органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:

төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;

мүшелері - жұмыс беруші жəне қызметкерлердің өкілі.

2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы

басқаратын комиссия жүргізеді.

3. Қауіпті өнеркəсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия

құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою жөніндегі

мемлекеттік инспектор кіреді.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар

кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою жөніндегі

мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы

болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия

мүшесі болып табылады.

4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық

жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік

орган, ал бес жəне одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан

Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.

5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мəселелерді шешу үшін арнайы

тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары,

ғалымдар жəне бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші

комиссиялар құруға құқылы.

6. Ауыр зардаптарға əкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым

оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын жəне топтық қатерлі улану

жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган белгілеген

нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.

7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куəлерден,

куəгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс

күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым

оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым

салынады.

8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың жəне басқа да

жағдайлардың нəтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды),

жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-

тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының жəне

сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.

326-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын

ресімдеу жəне оларды есепке алу

1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті

қорғау қызметінің жəне ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым

қызметкерлерінің өкілдері қол қояды жəне оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның

мөрімен расталады.

2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-

эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де

қол қояды.

Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып,

оған жұмыс беруші қол қояды жəне нотариалды түрде расталады.

3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сəйкес ресімделуге тиіс.

Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның

туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса,

онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен

жұмыс берушінің кінəсін процентпен айқындайды.

Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі

комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дəлелді

пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы

тергеп-тексеру актісіне»"ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол

қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]