Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
247.43 Кб
Скачать

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, əйелдерге

жүктілігіне жəне босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс

күнге жəне босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі

немесе одан да көп бала туған жағдайда - жетпіс) күнге дейін ақылы демалыс

беріледі.

2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі жəне демалыс əйелге

босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына жəне жұмыс берушідегі

жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.

194-бап. Жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге берілетін

ақылы демалыс

Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың

біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап жəне бала туған күннен елу алты күн

өткенге дейінгі кезеңге ақылы демалыс беріледі.

195-бап. Балалардың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

1. Жұмыс беруші қызметкерге:

1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не əкесіне;

2) баланы жалғыз тəрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне;

3) баланы іс жүзінде тəрбиелеп отырған əжесіне, атасына, басқа туысына немесе

қамқоршысына;

4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа

толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

беруге міндетті.

2. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын

демалыс осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметкердің жазбаша өтініші

негізінде оның қалауы бойынша толық немесе бөлініп пайдаланылуы мүмкін.

3. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын

демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш

жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс

уақыты жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.

18-тарау. ҚОСА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН

РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

196-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты

1. Қызметкер өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі жұмыс

орыны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса атқаратын жұмыс

туралы 2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару

жөнінде сілтеме болуы міндетті.

197-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға қажетті

қосымша құжаттар

Қызметкер басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын

жасасу үшін осы Кодекстің 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негізгі жұмыс

орны бойынша еңбектің сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек

жағдайлары) туралы анықтама табыс етеді.

198-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы

Негізгі жұмыс орны бойынша жəне қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті

жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті

жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан __________артық аспауға тиіс.

199-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жыл сайынғы ақылы еңбек

демалысы

1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін

қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша

демалыспен қатар беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]