Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

М. Әуезов эпопеяға материал жинамақ болып кіріскенде көп нәрсені аңдамай өткізіп алғанын өкініп айтады. Абайды көргенбілген адамдардың көбі қартайып қалғандықтан, олардың жадынан көп нәрселер шығып кеткені жазушыға қиындықтар туғызады. Абай өмірін биограф ретінде зерттеп жүргенде, М. Әуезов ақын өлеңдерін көп адамның аузынан жазып алып, 40 пайызын ғана қалпына келтіргені туралы мәлімет береді. Абай қайтыс боларынан сегіз жыл бұрын ғана шәкірттеріне өлеңдерін жинастыруды ескерткен. Сол жылдан бастап, ақын өлеңдерінің көбінің нақты жылы белгіленіп отырғанын М. Әуезов атап көрсетеді. Сондықтан «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуда жазушыға Абай өз шығармашылығы арқылы көмекке келгенін мәлімдейді.

М. Әуезовтің өз мәлімдеуіне қарағанда, «Абай жолы» эпопеясына қатысты материалдар тапшы болғандықтан, ақынның әдеби мұрасы басты деректерінің бірі болып саналады. Абай дәуірінің әлеуметтік шындығын терең де дәл түсінуден туған «Абай жолы» эпопеясының тарихи жағынан нақтылығына, оның көркемдік тұрғыдан суреттелуіне ақынның өз шығармашылығы да едәуір көмек болды. М. Әуезов Абай поэзиясын соншалықты терең түсініп, ақын жанының қыры мен сырын тану арқылы Абайдың бүкіл болмыс-бітімін, тыныс-тіршілігін көзбен көрсетіп, қолмен ұстата білді. Абай шығармалары сол дәуірдің әлеуметтік құбылыстарын ашуға көмек беретін жазушы үшін табылмас дерек көздері болды. «Ең анық деректер, – дейді М. Әуезов

– Абай өлеңдерінің соңғы жылдарына жатады, бұл кезде ол өзінің достарына өлеңдерін бір кітапқа тиянақтауға рұқсат етті. Демек, маған өз шығармаларымен Абай көмекке келді, 1885 жылдан бастап оның шығармаларының жылдары көрсетілген» [158, 400]. «Абай жолы» эпопеясын жазарда ақын шығармашылығының көп көмекке жарағанын жазушы атап көрсетеді.

Екінші бір пікірінде жазушы сол ойын онан да гөрі нақтылай түседі: «Екінші кітапта, – дейді жазушы, – мен бірінші кітаптан гөрі Абайдың өлеңдеріне жиірек үңілдім және бұл заңды да, өмірінің бұл шағында Абай өзінің бүкіл ойын, алған әсерлерін өз туындыларында қалдырып кеткен» [158, 403]. Яғни жазушы эпопеяның екінші кітабында Абай өлеңдерін көп келтіргенін ескертеді. Жазушының дерегі бойынша, жұмыстың осы бөлімін-

281

де «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ақын өлеңдері мен қарасөздерінің қолданылуы мен оның жүзеге асуы мәселелеріне зер салып, арнайы зерттеп көрейік.

«Мұхтар Әуезовтің романы, ең алдымен, поэзия сазына толы, сиқырлы сұлу алыс жағалауға жетелейді. Ол алыс жағалау біз үшін кеңістік пен уақыт қойнауында, бірақ сол тылсым әлем бұл кітапта біздің қазіргі болмысымызбен қандай қоян-қолтық жымдасқан, өйткені ол халықтың тағдыры басқалардан ала бөтен ерекше болып саналмайды», – деп Андре Стиль «Абай жолы» эпопеясын оқығанда алған өзінің әсерін шабыттана жеткізеді [223, 42]. Расында да эпопеяны оқып отырған оқырман өлеңмен өрілген поэзиялық шығарманы оқып отырғандай әсерде болатыны анық.

М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында, негізінен, көтерілетін мәселе – Абайдың ақындығы мен даналығы. Бізге мәлім тарихтағы Абай – ең алдымен, ақын, ойшыл, философ, сазгер. Абайдың қоғамдық-гуманистік еңбегін оның ақындық қызметінен бөліп алып қарауға болмайды. Өйткені Абайдың «надан зұлымға кектеніп, шиыршық атып толғанғанда», халқын прогресс пен өнер-білімге үндегенде негізгі құрал еткені – поэзия, яғни ақынның өз тілімен айтқанда «улы сия, ащы тіл». Сондықтан да «Абай жолы» эпопеясында оның ақындығы жайындағы тақырыптың көрнекті орын алуы мейлінше табиғи әрі заңды.

«Абай жолы» роман-эпопеясында Абайдың кемеңгер ақын болып қалыптасуы қалай жазылғанын академик-сыншы М. Қаратаев былай сипаттайды: «...Ұлы ақынның кейбір өлеңдері мен әндерінің туу процесіндегі өнерпаздық актілерін, оның философиялық толғануларын сондай шеберлікпен қайта тірілткен. Абайдың ішкі дүниесін суреттегенде Әуезов еш жерде де оның мейлінше нәзік ақын жанының байлығын, сол жанның кереметтей сарындары мен құлпырған құбылыстарын көрсетуге сараңдық, іштарлық қылмайды» [224, 310].

Абай поэзиясы эпопея үшін құнды дерек көздері болды. Бұл мәселе ғалым Е.В. Лизунованың «Современный казахский роман» деген монографиясының «Поэзия Абая – главный документ романа эпопеи» деген бөлімінде сөз етіледі [81]. Аталмыш еңбекте эпопеяда кездесетін Абай поэзиясын шығарма мәтіні-

282

ен салыстыра отырып, «Абай жолы» роман-эпопеясының басынан аяғына дейін Абайдың дәуіріне қатысты оқиғаларды баяндауда, образдар жасауда ақын шығармашылығына сүйенгенін көрсетіп береді.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы ақын поэзиясы туралы академик З. Ахметовтің пікірінде нақты айтылған еді. Мәселен: «Абай поэзиясы ақынның адамгершілік мұраттарын, эстетикалық көзқарастарын жан-жақты және терең түсіну үшін, сондайақ осы поэзияны тудырған әлеуметтік орта мен тарихи жағдайларды түсіну үшін тірек болды» [225, 236].

Өз заманының оқырмандарына жақсы таныс, әрі зор тәрбиелік маңызын кейінгі дәуірлерде де жоймаған Абай поэзиясы эпопея авторы үшін құнды дерек көзіне айналып, соның көмегімен ол ағартушы ақынның шығармашылық мұрасының аса зор қоғамдық мәнін көрсетуге тырысты. Эпопеядағы көптеген көріністерді Абай поэзиясының әсерінен туған деп айтуға толық болады. Бірақ ең бастысы – Абайдың іс-әрекеттерін суреттейтін, рухани дүниесін аша түсетін сәттерді жазушы ақын, ағартушы әрі ойшыл ретіндегі ұлы жетістіктерімен байланыстырады. Шындығына келсек, жекелеген болмаса Абайдың жалпы поэтикалық шығармалары 1886 жылдан дүниеге келген, яғни оларда жасы толысқан (40 жастан асқан) Абайдың өмірінің соңғы жиырма жылындағы ақындық бейнесі, ойлары мен көңіл күйі көрініс тапқан.

Ал эпопеяда болса, Абай тағдырының барлық, яғни он үш жасынан өмірінің соңына дейінгі кезеңдерін көрсету көзделген болатын. 1-кітапта Абайдың он үш жасынан 25-ке дейінгі жасы, 2-кітаптың басында 30-ға тақаған, соңында қырықтан асқан жасы суреттеледі. Осылайша бүкіл 1-кітап пен 2-кітаптың басым бөлігі поэтикалық туындыларында ақынның жас шамасы суреттелген кезеңдерін қамтиды. Ғалым Р. Бердібаевтың сөзіндегі: «Шығарма қаһарманының ақын болуы романистің қиял құсын шарықтата шабытты сөйлеуіне, әлем құбылыстарын ақынның көзімен танып білуіне, романтикалық серпілістерге көтеріліп отыруына мүмкіндік берген», – деген пікірінен эпопеяның бас кейіпкерінің ақын болуы жазушы шабытына айрықша әсер еткенін көруге болады [226, 81]. Дегенмен эпопеяны жазу үстінде

283

Әуезовтің көз алдында оның көркем туындыларындағыдай Абайдың ақындық, азаматтық бейнесі тұрғандығы анық. Сөйтіп, эпопея авторы ақынның әрі ағартушының ішкі жан дүниесін көрсете отырып, басты кейіпкер Абайдың сенім ұялататын көркем бейнесін жасады.

«М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында ұлы ақын бейнесін жасау үшін, оның поэтикалық шығармасына сүйенген. Өйткені ақынның бүкіл жан толғанысы оның өлең жолдарында екенін ғалым Т. Ақшолақов дәл тауып айтқан болатын [227, 174]. Жазушы эпопеясының бас кейіпкері Абайдың өмірімен қоса, оның әдеби мұрасымен, әр шығармасының дүниеге келу, туу жолымен де таныстырады. Абай ақындығының нәр алып, тамыр тартқан тереңімен, халық ауыз әдебиетіне, шығыс пен батыс әдебиетіне қатысынан мәлімет береді. Филология ғылымдарының докторы М. Атымовтың «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы» атты еңбегінде: «Сөйтіп, эпопеяның әр жерінде келтірілген үзінді өлеңдердің өзінен де шығыс пен орыс әдебиетінен үлгі, өнеге алып, оны қазақ топырағында дамытқан, өлеңге өнер, асыл еңбек деп қараған, надандықпен күн кешкен қазақ халқының өміріне күйіне де күйзеле қарап, мол наданның арасында мыңмен жалғыз алысқан, өз дәуірінің реалист философ ақыны Абай бейнесін көргендей боламыз. Осылайша сөз арқылы сурет салудың тамаша шебері М. Әуезов эпопеяға енген өлең жолдары арқылыдаақынАбайбейнесінкөркемдікпенжасапберебілген», – делінген [228, 49]. Ғалымның айтуы бойынша, М. Әуезов эпопеяға ақын өлеңдерін енгізу арқылы Абай бейнесін сомдап, тамаша көркемдік шеберлікпен танылады. Эпопеяның алғашқы кітаптарының көптеген тарауларында жазушы Абайдың шығыс, батыс әдебиетімен қалай танысқандығы және ақынның белгілі бір шығармаларының қандай жағдайда, қалайша туғандығымен де мол таныстырады. Бұл бағыт соңғы кітапқа дейін жалғасын тапқан. Абайдың ақындығын бейнелейтін, оның шығармашылығының психологиясын ашатын эпизодтар «Абай жолы» эпопеясының төрт кітабында да ұшырасады.

Жазушының кейде Абай өлеңдерін тұтас алып өзгертпей сол қалпында қолданатын тұстары бар, кейде ақын сөздерін қарасөзге айналдырып өзгертіп жанамалап та беретін тұстары кездеседі. Осы тарауда эпопеядағы ақын өлеңдерін жазушының

284

өзгертпей қолданатын тәсіліне талдау жасап көрелік. Эпопеяны зер салып, оқып отырғанда байқағанымыз, ақын өлеңдері 3-, 4-кітаптарда көп келтіріледі. 1-кітаптың басында Абайдың:

Юзі раушан, көзі гауһар Лағылдек бет ұшы ахмар, Тамағы қардан әм биһтар,

Қашың құдрәт, қали шигә, [156, 11] –

деген өлеңі ғана беріледі. Бұл – заңды құбылыс. Себебі Абай алғаш өлеңді он жасында жаза бастағаны белгілі. Алғашқы өлеңдерінің саны – сегіз. Оның өзінде алғаш шығыс ақындарына еліктеп жазған. Солардың ішінен М. Әуезов «Шығыс ақындарынша» (Юзи раушан) деген өлеңін 1-кітапқа Абайдың шәкірт болып Семейден оқудан келгеннен кейінгі кезеңін көрсететін кезіне келтіреді. Жазушы өлеңді эпопеяның басында кәрі әжесінің құлағына үшкірген бала Абайдың аузынан айтқызу арқылы таныстырады. Бала ақынның алғашқы ақындық талантының пайда болуы осындай шығыстық үлгіде еліктеуден басталған.

Бұдан кейін 1-кітапта Абайдың жігіттік шағында алғаш ғашық болған сезімінен туған «Ақ етің аппақ екен атқан таңдай» деген өлеңінің қалайша туғандығы баяндалады. Абайдың Сүйіндік ауылына келіп, алғаш Тоғжанды көргенде оған құлай ғашық болған күйі эпопеяда өте әсерлі суреттеледі. Бұрын «ғашық жар» дегенді көп хикаялардан, көп ауызша әңгімелерден естіген болса, енді бұл Абайға ең алғаш кітап емес, әңгіме емес, өзінің анық мүсінімен келіп тұрғандай өз басынан өтеді. Тоғжанға арналған, ең алғашқы «ғашығым» деген жарына арналған «Ақ етің аппақ екен атқан таңдай!» деген жан жыры осы еді.

«Абай жолы» эпопеясының 115-бетінде бұл өлең осы бір-ақ жол «Ақ етің аппақ екен атқан таңдай!» деген сөзбен жас Абайдың бар сырын әсерлі толқынмен ашып көрсетеді. Жазушы эпопеяда осы сәтті: «Ойша, екі-үш ауыз махаббат сәлемін айтып шықты. Бір түрлі оңай, рақат боп өз-өзінен құйылып тұрған тәрізді. Бірақ сол кезде Қарабас үйге қарай шақырды. Екеуі тыста жалғыз қапты. Абай үйге таман келе жатып, жаңағы өлеңін қайта есіне түсірейін деп еді, «Ақ етің аппақ екен атқан таңдай!» дегеннен басқасы есіне әзір қайта түспеді», – деп бейнелейді [156,

285

115]. Өлеңнің осы бір жолынан басқасы жоғалып кеткен. Оны М. Әуезовтің қаншалықты күш салып іздестіргенде де таба алмағаны жайлы «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (Ибраһим Құнанбайұлының ғұмырнамасы) атты еңбекте былай делінген. Мәселен: «М. Әуезовтің өзі Абайдың жігіттік шағында таза махаббат сезімін оятқан аяулы да арманды ғашығы Тоғжанға арнап жазған: «Ақ етің аппақ екен атқан таңдай», – деп аталатын әрі ішкі жан дүниесінің сезімін беретін лирикалық өлеңін қаншалықты күш салып іздестірсе де, ерте жазылып, естеқалмауы себепті таба алмағанын өкіне отырып еске алады емес пе?» [229, 56]. Абайдың алғаш Тоғжанды көргенде неше алуан сезімге бөленіп, ерекше сипатта тұрған сәтіне «Махаббат туралы, жүрек таңы туралы» іштей толғанатын тамаша ой ағымының соңынан жас ақынның жүректен лықсып шыққан ғашықтық өлеңі екенін жазушы оқушыға өте әсерлі жеткізеді.

Бірінші кітапта Абайдың бұдан басқа өлеңдері кездеспейді. Оның орнына Абайдың көбінесе халқының ауыз әдебиетінің ін- жу-маржандарымен танысқандығы, шығыстың асыл жауһарларын оқып білгендігі жайында көптен-көп сөз болады. Барлас ақын мен Байкөкшенің жайлауға келіп, ән мен жырға, халық даналығына толы терме толғауларымен Абайдың құлақ құрышын қандырғаны баяндалады. Жазушы осы оқиға тұсында Барластың айтқан өлеңдерінен бірнеше үзінділер беріп, Абайға берген батасынан мысал келтіреді. Ары қарай Абайдың Қарқаралыға барғанда Шөже ақынды көріп, өлеңдерін тыңдауы сипатталады. Сонымен қатар Балта ақынның да жырын нөсерлетіп береді. Бірінші кітапта жазушы Абайдың ақындық қуатының басталу тамыры тереңде жатқанын көрсетеді.

Ал екінші кітапта жазушы Абайдың ақындық қалыптасуының арналарымен таныстырады. Осы жөнінде айтқан ғалым А. Нұрқатовтың мынадай пікірі еске түседі: «Романның бүкіл өн бойына біз Абайдың творчествосын нәрлендірген және оны тудырған себептерді, ақынның белгілі бір шығармаларының қандай жағдайда, қалайша жасалғанын біліп отырмыз» [8, 120]. Ғалымның айтуы бойынша, эпопеядан Абай өлеңдерінің қандай жағдайда қалайша туғандығымен де танысып отырамыз. Сонымен қатар бұл кітапта халық әндері, өлең-толғаулар, жыр дастандар, мақал-мәтелдер, яғни ел арасында айтылатын халқы-

286

мыздың інжу маржандарының небір тамаша үлгілері де кеңінен орын алған. Жазушы халқының әдет салтымен қоса, оның рухани бар қазына байлығын: бай ауыз әдебиетін, шешендік импровизациялық өнерін терең білетіндігін танытады. Бұл туралы Б. Шалабаев еңбегінде былай делінген: «Эпопеяның екiншi кiтабы да стилистикалық жағынан аса шебер жазылған, баяндау жағы да өте тартымды, бедерлi. Ол халық әндерiмен, өлеңдерiмен, ма- қал-мәтелдерiмен, бейнелi, өткiр сөйлемдермен көркем безендiрiлген. Абайдың өз халқының тағдыры туралы күйiнiшке, шерге толы өлеңдерi орынды қиюластырылып пайдаланылған» [230, 102]. Б. Шалабаев пікірінде жазушы екінші кітапта Абайдың халық тағдыры туралы шерлі өлеңдерін қиюластырып орынды пайдаланғанын айтады.

Эпопеяның екінші кітабынан бастап Абайдың өлеңдері көптеп жиі кезігіп отырады. Енді сол мәселеге зер салып көрейік. «Абай жолы» эпопеясының 2-кітабының «Тайғақта» атты тарауында Абайдың алғашқы махаббатынан сыр шертетін өлеңі берілген.

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да, Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ Саған жар менен артық табылса да… … Сорлы асық сағынса да, сарғайса да, Жар тайып жақсы сөзбен жаңылса да, Шыдайды ырза болып жар ісіне

Қорлық пен мазағына табылса да… [156, 297]. –

Бұл өлең эпопеяның өн бойында төрт рет беріледі. Жазушы бұл өлеңді үнемі бас кейіпкері Абай мен Тоғжан арасындағы махаббат, ыстық сезім сырларын сөз еткенде пайдаланып отырады. Әуезов-суреткер эпопеяда Абайдың өлеңдерiнiң қандай жағдайда және қалай дүниеге келгенiн әңгiмелегенде нақты шындықтың ауқымын үнемi берiк сақтай бермеген. Шығармашылық еркiндiктерге барған. Шын мәнiнде, қалың оқырманға қай шығарманың қашан жазылғанынан гөрi, оның танымдық, эстетикалық тұңғиығына тереңiрек бойлау мәндiрек, пайдалырақ. Демек, автор мәселенiң осы жағына көбiрек көңiл бөлген. Бірінші ретте бұл өлеңнің қалай туғандығымен жазушы оқырманға ақын шы-

287

ғармашылығының психологиясын өте әсерлі етіп суреттейді. Құнанбайды Меккеге шығарып бара жатқан кезде бір күймеде келе жатқан Абай мен Мәкіштің сырласуы әңгімесінің үстінде осы өлең алғаш айтылады.

Көптен қаладан шықпаған Абайға жаңа көктем ерекше әсер етіп, айнала сар дала, жай созылған сахара, Семейтау, қоңыр жел – бәрі өзгеше бір суретті елестетіп, көңілін сергітеді. Жазушы жердің көркін, ақын көңілімен тұтастыра бейнелейді: «Мынау салқын лебі айықпай ескен күншуақты көктем күніне Абай жүрегі өзгеше бір еміреніп келеді. Кеудеде талай ыстық толқын сезімдер сыя алмай сығылысқандай... Өлең әнге оралып, еркеленіп келеді... Үзіле алмай ырғалады. Абай байқамапты. Бұның бар өлеңін Мәкіш тыңдап отыр екен. Бөтен біреудің өлеңі емес, інісінің өз өлеңі екенін де біліп отырыпты» [156, 296]. Әннiң әуенi бұрынғы, сөзi жаңа «Жарқ етпес қара көңiлiм» деп басталатын арман мен өкiнiшке толы нәзiк те шерлi жолдар. Бұл – Абайдың отызды алқымдап, бiрсыпыра толысқан шағы болатын.

Келесі ретте осы өлеңнің алғашқы төрт жолы эпопеяның 310-бетінде беріледі. Абай мен Ерболдың Шілікті кезеңіне келіп, «Тоғжаннан айнымаған» Әйгерімді тұңғыш кезіктірген сәтін суреттейтін кезіне келтіреді. Ұйқыға кеткен екі жолаушыны «Топайкөк» әнімен оятқан Әйгерімді алғаш көргенде, Абай ақыл, сезімінен айырылып, бір жұмбақ, тұман мұнарға батады. Түс артынан болған жүрек құйыны қуаныш-сыр аралас шымшытырық көңіл күйдегі Абайдың қонақ үйде «Жарқ етпес қара көңілім» әнін өз аузынан айтуы арқылы жазушы бұл өлеңді тағы бір қырынан көрсетеді. Бұл жерде бұрынғы айтылғандай арман емес, жалын, сенім тәрізді жарық сәуле елесі бар. Иесін тауып, соған арналғандай. Бұл күнге дейін арылмай келген көңіл кірбіңі, дәл осы сәтте, өз-өзінен айығып, жадырап кеткендей. Қиял шабыт жолы да кеудеде саңғырап ашылғандай.

Бұл өлеңмен эпопеяда төртінші рет 485-бетінде кездесеміз. Бұл соңғы жолы өлең Абайдың қыстыгүні аң аулап жүрген аңшылармен бірге қарлы боранда адасып, Тоғжан ауылына тап болған кезіндегі оқиға үстінде айтылады. Абайдың асыл арманы, шын ғашығы Тоғжанмен эпопеяда бұл соңғы кездесуі еді. Боранға адасып кетіп, денесін суық шалып, дерт аралас жатқан

288

кезінде көз алдында бұған қарап отырған Тоғжанды көреді. Тоғжанға деген өз өлеңін, оған қарай аласұрып айтқысы келетінін жазушы нанымды бейнелеп көрсетеді.

«Абай жолы» эпопеясының «Тайғақта» тарауында ақынның әйгілі «Көзімнің қарасы» әні беріледі. Тоғжаннан айнымаған ғашығын тауып, ендігі жерде бар тілегі, арманы Әйгерімге ауады. Осы сапарында Шыңғысқа қарай қайтып келе жатқан жолда алғаш рет Абайға «ақын болсам керек» деген ой келіп, оны Ерболға айтады. «Өлең асығып, қыстығып шыққандай, неше алуан бұралып, тез-тез оралып келеді. ...Қазіргі термелеп келе жатқан өлеңдері де дәл осы жүрек күйіне сай, үзік-үзік шығады. Дірілдеген шолақ тыныстай боп, жиі-жиі ауысып, сан бұралады. Сан рет ырғағынан жаңылып, құбыла түсіп, лықсып-лықсып шығады. Әншейінде өз өлеңі жөнінде, Абай өзі іздейтін бір қалыпты айнымас ырғақ, аумас «уәзін» жоқ. Бір кезде ол:

Сенсің – жан ләззәті, Сенсің – тән шәрбәті… [156, 312-313] –

дейді. М. Әуезов осы жерде «Көзімнің қарасы» өлеңінің туған сәтін ерекше шабытпен бейнелейді. Абайдың шығыс ақындарының үлгісімен Әйгерімге арнап жазған ғашықтық сезімінен туған өлең екенін оқырманға білдіреді.

Жіңішке қара қасы сызып қойған Бір жаңа ұқсатамын туған айды.. [156, 313] –

деп, толқыған сәтте Тоғжан мен Әйгерімнің жіңішке қастарын көз алдына елестетіп, тоқтаусыз жыр жолдарын төгеді деп ақынның ішкі жайын түсіндіреді.

Ары қарай эпопеяның «Оқапта» атты тарауынан Абайдың «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» өлеңін кездестіреміз. М. Әуезов бұл өлеңді Әмір мен Үмітейдің махаббатын суреттейтін оқиға тұсына келтіреді. Үмітей мен Дүтбайдың тойы үстінде асқақ сері, әнші Әмір ғашық қызының қасынан бір елі шықпай айырылмай қояды. Абай Әмір мен Үмітей үшін мына жұрт өсегінен қысылып, тойды да, қызықты да тастап кете барады. Жолда келе жатып, өзінің сан кітаптан ғашықтық, махаббат туралы оқыған

289

дүниелерін есіне алды. Шын ғашықтар, ынтызар жүректерді көз алдына елестетті. Жаңағы асқақ сұлу, сері қыз бен сал жігіттің жүзіндегі сәулеленіп тұрған ынтызар нұрын ойлады.

Жазушы оқиға барысын осындай нәзік те шынайы сезіммен оқырманға жеткізе отырып, Абайдың махаббат сезімін тереңінен толғайтын сырлы өлеңін дәл тауып келтіреді. Осы уақытта Абайға бір ырғақ келіп, шыншыл сөз, күңіренген ән орала берді деп, ақын өлеңін береді:

Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл, Сүйісер жастар, қате етпес, Мейлің илан, мейлің күл… –

деген, қыңыр туған бір шумақты қоя алмайды» [156, 441]. Махаббатты асқан шынайылығымен таныған Абайды жазу-

шы асқар биіктен көрсетеді. Абайды махаббатты жоқтаушы етіп, ұлы жүрекпен, шынайылықпен сүйіп, сүйсінген үлкен сезім иесі етіп бейнелейді.

«Абай жолы» эпопеясының «Жайлауда» атты тарауында ақынның «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңі берілген. Бұл тарауда қазақтың әнші, ақын, сал-серісі Біржан сал мен өнерлі жастардың кең сахараны ән мен жырға бөлеп, өнердің көгінен көрінген биік тұлғалары сомдалады. Қазақ даласына аты шыққан белгілі Біржан салдың Абай ауылына келіп, үлкен өнер, асқақ ән әкелуі Абайға қанат бітіріп, ақындық шабытына қуат берген. Жазушы елінің өнерін емірене сүйген, озық өнерді ой көзімен түсінген Абайды жаңа бір қырынан танытады. Осы орайда жазушы жаз бойы Біржанды тыңдап, әннің құдіретін түсініп, өнердің қасиетін бағалаған Абайға «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін айтқызады.

Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй! [156, 345].

Жазушы Абайды өнерді терең талғай білер ойлы, парасатты сыншы, әнге тамсана білер талғампаз ретінде бейнелейді. Өнер

290

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]