Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

«Абай жолы» өнер адамы туралы роман-эпопея болғандықтан, ән мен өнер, сөз өнері бұл шығармада шарықтатыла жырланады. Абайды зерттеу арқылы Әуезов қазақ халқының тарихына, өнеріне тереңдеп бойлады. Халқымыздың даналығы мен дарынын, дархандығы мен мейірімділігін, өнерді қастерлеп сүйетін нәзік сезім сырларын ашады. В.С. Ивановтың «Абай жолы» ән туралы роман» деп атауының да мәнісі осыдан болар [215].

«Абайдың эстетикалық көзқарастарының қалыптасуына негіз болып, нақты деректер берген өнер саласы – жалғыз ғана поэзия емес, онымен егіздің сыңарындай тығыз байланысты әнкүй өнерінен алынған да көп әсерлер бар», – деген профессор Ж. Ысмағұловтың сөзі Абайдың ән, әнші жайлы айтқан толғаныстарына үңілуді қажет етеді. Бұл мәселенің «Абай жолы» ро- ман-эпопеясында қалай көрініс тапқандығына талдау жасап көрелік.

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Жайлауда» деген тарауында өнер туралы, өнер адамы жайлы шабыттана жазады. Осы жерде М. Әуезов өзінің эстетикалық биік талғамымен жазушылық тұрғысынан танылады. Белгілі ғалым Т. Ақшолақов: «Романның «Жайлауда» деген тарауында М. Әуезов өзінің эсте-тикалық талғамымен, аса бір суреткерлік үлкен сезіммен, жүрек сүйіспеншілігімен бейнеленген», – деп, шығарманың ең қызықты жерін талдап көрсететіні бар [216, 117].

Мұхтар Әуезов өнерді бар жанымен түсінген. Ол тек халықтың сөз өнерін ғана емес, «құлақтан кіріп, бойды алар» ән өнерін де тани білген, қадірлей, қастерлей білген. Ол да Абай сияқты «есті» ән мен «есер» әнді айыра салыстыра алған. Сол есті ән-өнерді Біржан әні, Біржан өнері арқылы өрнектеген.

Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңіне ұқсас «Абай жолы» роман-эпопеясынан мынадай үзіндіні кезіктіруге болады: «Біржан құп тыңдап, өзі де сүйсіне көтеріліп:

– Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен бол-

сайшы, Абай! – деді» [156, 326].

Абай ауылына халқымыздың атақты әншісі Біржан ақынның келгені оқырманға естен кетпестей әсер қалдырады. Халық өнерпазына, оның өнер талантына деген ел сүйіспеншілігі мен жұрт құрметі эпопеяда көркем әрі әсерлі суреттеледі.

271

Абайдың:

Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар. Әнді сүйсең, менше сүй, –

деген өлең жолындағы ақын ойларын М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында ән мен күй өнеріне қатысты әрбір жерінде келісті пайдаланып отырады. Мысалы: «Ерекше әсері бар күй менен аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай, сол сарын сөзбен қатар, өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір қиял суреттерін, уақыт тасқындарын, жаратылыс, құбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді» [156, 325].

Бұл үзінді Біржанның «Біржан сал» атты әнін майда қоңыр, сырлы сазымен айта жөнелгенде, Абайдың қатып тыңдап қалған сәтінен алынған. Жазушы ән мен өлең сөзді, өнерлінің өзін түгел қосып, бір бітім, бір тұтас тұлғадай қиял суретімен елестетіп отырған Абайды бейнелейді. М. Әуезов Біржанға, өнерге арналған тарауында Абай образын жаңа бір қырынан, жаңа бір биігінен таныстырады. Елінің өнерін емірене сүйген, озық өнерді ой көзімен танығанөнердің қамқоршысы, оныңжанашырыретіндекөрсетеді.

«Абай жаңағы өз ойын аяқтатып тоқтатпақ боп:

– Бай, бағлан боп қадірлі болмайды жігіт Өнерлі боп, сол өнерін ұстай біліп, қадірлі болады. «Өнерпаз болсаң – өр бол» дейді Біржан аға. Жалқы бол, жарлы бол, ол кемшілік емес. «Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң – ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегі жасты тыйсаң, сенен зор, сенен қадірлі болмасқа тиісті! – деп, Абай өз қасында отырған Әйгерім мен інісі Әмірге қарап, бір түйін тастағандай болды» [156, 326].

Абайдың бұл сөзі Біржан өнерін сонша зор көтеріп, ақын мен әншіге елдің көңіліндегі мұңын жырла деген ақыл айтады. Яғни бұл жерде Абайды біз халық өнерінің мұңдасы, өнердің жақтаушысы ретінде танимыз. Абайдың өз сөзінде де бұл ой анық айтылған:

Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң, арқалан.

272

«Әсемпаздықтан өнерпаздықты артық санаған байсалды Абай өлеңмен тудырған ғажап қағидаларында да, сазды лирикасында да, фәлсапалық толғауларында да қазақ топырағында баянды эстетиканың үлгісін жасай білді», – деген Т. Әлімқұлов пікірі Абай шығармаларындағы эстетикалық танымның тереңдігін дәлелдейді [214, 43].

Біржанмен әңгімесіндегі осы отырыста Абай сөз қадірін кетіріп жүрген ақындар мен ән қадірін түсіріп жүрген арзан өнер жайында айтады. Эпопеядағы Абайдың сөзі арқылы берген ақын мен әншіге айтар сынын М. Әуезов ақынның өз өлеңінен алғаны байқалады.

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап, Жат елде қайыршылық қылып жүріп, Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап.

Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап, Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап. Қазаққа өлең деген бір қадірсіз, Былжырақ көрінеді соларды аңдап.

Абай мал үшін тілін безеп, әнін малға айырбастап жүрген өнердің қадірін кетіруші жандарды өткір тілмен сынайды. Олардың жанын жалдап жүріп, біреуді алдап, біреуді арбап, мал сұрап, жат елде қайыршылық қылып жүрген жат әрекеттерінен адамды жирентеді. Соларға қарап өлең қадірсіз былжырақ көрінеді деп ескертеді. Ақын өлеңіндегі әрбір ойды М. Әуезов эпопеяда Абайдың Біржанмен әңгімесі үстінде келтіреді.

– Өзге өзгеңді не қылайын, Біржан аға, – деп бастап, қонағына жаңа бір қуаныш жүзімен қарады. – Ел ақтаған бір ақын болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленшілікпен байды сауып, сөз қадірін сол кетіруші еді. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Әр кез, әр мырзаның қосалқысы. Ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдай, арзан етіп еді. Сен әнді босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам [156, 326]. М. Әуезов Абай өлеңіндегі ойды дәлме-дәл қайталайды. Яғни тілін безеп, жанын жалдап, тіленшілікпен байды жағалап, сөз қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды сынайды. Абайдың

273

өлеңіндегі осы ойды жазушы оқиға желісіне қарай өрбіте түседі. Кім көрінгеннің қосшысы, әр мырзаның қосалқысы болып ән қадірін түсіріп жүрген әншісымақтарды өткір тілмен түйрейді. Ән қадірін бір атым насыбайдай арзан етіп жүрген олардың қылықтарын әшкерелейді. Өнер қадірін кетіруші ақын мен үн түзеуші әншіден аулақ болу керектігін айтады. Абайдың да, Мұхтардың да арманы – шынайы нағыз өнер болып табылады. Біржанның тамаша өнеріне тамсанып: «әнді босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам», – деп Абайға айттыруында үлкен мән бар. Арманы әнді босағадан төрге шығарған өнер саңлағы екенін танытады.

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Жайлауда» тарауын өте қызықты әрі әсерлі етіп, бүкіл ауылды өнерге бөлеп, әнмен қалықтатып асқақтата жазады. Әннің құдіретіне ерекше көңіл бөліп, оның қасиетін оқырманның жүрегіне жеткізіп, алпыс екі тамырына әсер етіп беруде жазушы алдына жан салмайтын қас шебер болып көрінеді.

Абай өз ауылына Тобықтының әнші, күйші жігіт-желең, қыз-келіншегін жинап, оларды Біржанға таныстырып өнерлі жастарға ақын әншінің қасиет-қадірін танытып көп қызық мәжілістер құрады. Жастар кезекпен өз өнерлерін ортаға салады. Ән жағалап Әйгерімге де келеді. Әйгерімнің ән салып отырған кезін жазушы былай деп береді: «Өрге, өнерге шақырайын бар үніммен. Иықтан басқан зілден, мынау делсал күйден өтші!.. Сонда...

сонда осы толқынды торғын желек астындағы жас сұлудай, жанындағы жарындай, осының нәркес көз, бұлбұл нақыс үніндей, ақ тамақ, алгүл жүзіндей жас жарастық, жарқын өнер төгілер еді өзіңнен! Шықшы іркілмей, бұқпашы баяу! Мені де еліктір, өзің де өрлеп желікші, желпінші! Мынау нәзік қоңыр сәулелі көлеңке сияқты қорғалақ асыл өнеріңді ашшы!» [156, 333]. Әйгерім ән салып отырғанда, Абай барды ұмытып құлағы үн мен әуенде болады. Әйгерім әні Біржанды да ұйытады.

Жазушы Әйгерімнің ішіндегі бұғып жатқан өнердің, тартынып ашылмай қалған жан сырдың сипатын оқырманға осылай түсіндіреді. Әйгерімнің ішкі бұлқыныс сезімдерін білдіре отырып, автор өнердің жасырын тығылып жатқаны өнер иесінің жанына бататынын, жүрегіне ауыр соғатынын дәл психологиялық шеберлікпен береді.

274

Абайдың өнер туралы эстетикалық талғамы және өнерпаз туралы сыншыл толғамдары мен М. Әуезовтің жазушылық суреткерлік шеберлігі қосылып келіп, шабытты шалқар туынды туғызды. ...»Абай жолы» эпопеясы – қазақ прозасы шыққан ең биік заңғар, ұлттық көркемдік дамуындағы жаңа тенденциялардың, жаңа қайнарлардың басы. Бұл шығармалардың әсемдік, сұлулық қасиеттерін, ғажап поэтикалық рухын, идеяларын, көкейкесті сарындарын, етжүректі елжірер күйлерін толқын-толқын ұрпақ өз тарапынан қайта-қайта ашары хақ» [5, 25].

Абайдың поэзиядағы эстетикалық танымы М. Әуезов шығармаларында проза тілімен көркемделіп жарқырай түсті. Ақынның өнер туралы айтқан эстетикалық толғаныстары жазушы туындыларында биік талғаммен көрініп, суреткер шеберлігін танытады.

275

III бөлім

АБАЙ МЕН М. ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІНДЕГІ КӨРКЕМДІК ҮЙЛЕСІМДІЛІК

3.1. Абай поэтикасының «Абай жолы» эпопеясында іске асуы

Әдебиет пен мәдениеттің даму жолына көз жіберетін болсақ, әрбір қаламгердің өзінің шығармашылық өмір жолында аса ықыласпен зер салып оқып, танып, зерттеп, оны санасында мәңгі аялап, тербетіп келетін сүйікті тақырыптары болады. Бұндай айтулы тақырыптар үшін жазушының көп жылдар тынымсыз еңбек етіп, өзінің саналы өмірін арнайтын да кездері бар. Кейде бұл тақырыптар қаламгердің өмірлік мұраты мен тағдырының бір бөлігіне айналып та жатады. Осындай белгілі бір тақырыбына ғұмыр бойы ынтық болып, өзінің арманы мен аңсарына айналдырып, оған қалтқысыз берік әрі тұрақты болған жазушы М. Әуезовті ерекше атап айтуға болады. Бұндай құбылыс әдебиетте сирек кездеседі.

М. Әуезовтің осындай тынымсыз іздеп-зерттеген, ұзақ уақыт бойына шұғылданған тақырыптарының ең бастысы, негізгісі – халқымыздың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасы және ақындық қызметі. Бұл тақырып оның шығармашылық өмірінің басты мақсатына айналды. Абай тақырыбы жазушының шығармашылығының биік шыңы болды. «Абай менің өмірлік тақырыбым болды», – деген М. Әуезовтің өз сөзі Алматы қаласындағы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында алтын әріптермен жазылып, жазушының қолы қойылып, көпшілік қауымға мәлімет беріп тұрғанын көруге болады.

Абай тақырыбы М. Әуезов үшін қаншалықты маңызды екені академик С. Қирабаев еңбегінде де айтылады. Мәселен: «Әр жазушының өзіндік бір етене тақырыбы болады. Мұхтар Омарханұлы үшін Абай тақырыбы осындай еді. Ақын өмірін, оның өмір сүрген дәуірін, одан қалған тарих сабағын Мұхаң тым жақсы білді, оны айтпай, жазбай тұра алмайтын дәрежеге жетті. Абай жазушы өмірінің мән-мағынасына айналды. Сондықтан да

276

ақын туралы еңбекке бүкіл өмірін арнады. Оның шығармаларын жинап бастырды, зерттеулер жасады, жоғары оқу орындарында ақын өмірі мен творчествосынан лекция оқыды, пьеса, киносценарий жазды. Ең соңында төрт томдық ұлы эпопеясын тудырды», – делінген [217, 51]. Ғалым М. Әуезовке Абай тақырыбы өте жақын екенін айта келіп, ол тақырыпты одан артық ешкім жақсы білмейтінін аңғартады. Ақын өмір сүрген дәуірді, оның әдеби мұрасын жазушының өте жақсы білетінін, сол білгендерін айтпай-жазбай тұра алмайтын әрекетін де түсіндіреді.

Ұлы Абай шыққан ортада тәрбиеленіп, жастайынан өлеңдерін жаттап, санасына сіңіріп өсуі – М. Әуезовтің биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал еткен асыл арналардың бірі. Абай өскен өлкенің тіршілік болмысын, тарихын, ертегі-аңызын, қис- са-дастанын жетік біліп, бұл байлықты болашақ шығармаларына арқау етті. М. Әуезов Абай өлеңдерінен нәр алып, мол мұрасына қанығып, ақын рухымен тербеліп, тал бесікте өсті. Жазушының ақын өмірге келген ортада туып, жасынан көп дүниені көзбен көріп, өз үйі, ел арасы айтатын өткендегі шежірелі әңгіме-аңыз- дарға қанығып өсуінің де шешуші мәні болған. Сондықтан М. Әуезов барлық өмірін тұтас дерлік ұлы ақын ғұмырнамасы мен шығармаларын жинап зерттеуге, насихаттап бастыруға арнады. Оның жазушылық лабораториясында бір ғана көркемдік идея – ұлы Абай тағдыры асқақ міндет ретінде оның бүкіл өмірінде құлшынысына қанат берді де, өзінің өзекті тақырыбы да Абай болды, шығармашылық өмір жолының басталуында Абай тұрса, ғылыми қызметінде де Абай тұлғасы басты зерттеу нысаны болды. Яғни М. Әуезов Абай тұлғасын әдебиетте екі жақты ғылыми әрі көркемдік тұрғыдан сомдап жасады. Абайды алдымен ғылыми тұрғыдан зерттесе, кейіннен ақынға арнап көркем туындылар «Абай» трагедиясы мен «Абай жолы» роман-эпопея- сын жазды. Осы мәселе туралы айтқан ғалым Д. Ысқақұлының пікіріне зер салсақ: «Оның қазақтың ұлы ақыны Абай туралы зерттеулері «Абайтану» ілімінің негізін қалады. Ол Абайға арнап үлкенді-кішілі мақалалары, монографиялары бар – барлығы елуден аса ғылыми еңбек жазыпты. Абай туралы зерттеулер М. Әуезовтің бүкіл шығармашылық өмірінің биік нысанасына айналып, үлкен көркем жинақтауларға ұласты; «Абай» трагедиясы жазылып, төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы әлемдік

277

әдебиеттің асыл қазынасына қосылды», – дейді [218, 344]. Ғалымның пікірінен М. Әуезовтің Абайға арналған елуден артық ғылыми зерттеулер жазып, абайтанудың негізін салудағы еңбегінің өлшеусіз екенін танып білеміз.

М. Әуезов Абайға арналған еңбектерін жазуды ерте кезденақ ойлаған. Сөйтсе де ол Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардан бастап-ақ Абай мұрасының жиналуы мен зерттелуі туралы мәселеге қызу араласа бастаған еді. Абай тақырыбына жазушының нақты қай кезден бастап кіріскені туралы Л.М. Әуезованың деректерінен мынадай мәлімет алуға болады: «М.О. Әуезов өзі мұғалімдер семинариясының шәкірті, ал содан кейін Ленинград университетінің студенті болып жүрген кезінің өзінде-ақ Абайға ерекше ынта қоя бастағанын жазған болатын. Болашақ эпопеяның авторы осы жылдардың өзінде-ақ Абайдың жақындары – зайыптары Әйгерім (1918 жылы қайтыс болды), Ділдалармен (1924 жылға дейін өмір сүрген), ақынның әкесі Құнанбайдың тоқалы Нұрғаныммен, ақын Көкбаймен және басқаларымен әңгімелесіп, сұрастыра жүріп, өз кейіпкерлерінің өміріне тікелей қатысты көптеген қызықты фактілер жинап алған еді. Сондай-ақ қазақ әдебиеті классигінің өмір тарихына байланысты көптеген қызықты мәліметтерді жазушының атасы Әуез айтып берген болатын. Ол Абай Құнанбаевты жақсы білетін, оның үстіне ақынның замандасы еді» [79, 18].

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазуды мақсат еткен соң, қалайда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын терең зерттегені сөзсіз. Алайда Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын жазуға кірісерден (1937 жылдан) әлдеқайда бұрын Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеп келгені ақиқат. Бірақ шындап Абай туралы кесек көркем туынды жазуға бел байлаған жазушы арнайы қосымша деректер, материалдар іздеп, бұрыннан білетіндерін толықтырап, тағы көп еңбектенген. «Бұл жерде атап айтатын нәрсе – тарихи деректер, өмірде болған деген оқиғалар. Абайдың өзіне, айналасындағы адамдарға қатысты нақтылы жайлар, сондай-ақ Абай заманын сипаттайтын кезеңдер – бұлар қанша мол, қаншалықты құнды болғанымен көркем шығармаға тек тірек боларлық мағлұматтар ғана. Ендеше Әуезов абайтанудың негізін салған теңдесі жоқ ғұлама ғалым болғанымен,

278

егер ол сонымен қатар ұлы суреткер болмаса, «Абай жолы» дүниеге келмес еді дей аламыз», – деген З. Ахметовтің пікірінен көп қорытынды жасауға болады [219, 68].

«1942 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабының шығуы қазақ әдебиетінің ғана емес, республиканың мәдени өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі болды» [220, 404]. «Абай жолы» роман-эпопеясының жариялануы өте күрделі әрі маңызды жол болды. М. Әуезов алғашында Абай туралы романын үш кітап етіп жазып, «Телғара» деп атамақшы болады. Жазушы 1940 жылы күзде «Абайдың» алғашқы кітабын бітіреді. Қолжазбаның ортасынан асқанда шығарма көлемдене түсіп, 2-кітапқа жалғасады. «Телқара» деген аттың орнына «Абай» деп жазылады. Латын әрпімен жазылған қолжазбаны басып шығаруда көптеген қиындықтарға ұшырайды. Ең бірінші, 40-жылы графика ауысып, орыс графикасымен қайта жазуға тура келеді. Бірақ ұзақ талқылаудан соң роман латын әрпімен терілуге жіберіледі. Сол уақытта баспаның бас редакторы болып тұрған профессор Кенжебаев ешкімнің рұқсатынсыз 1942 жылы кітапты басып шығарады. Сол үшін Кенжебаевтың жеке басына көптеген қиындықтар туғызады. «Міне, осындай қысталаң, өзексіз тар, өңезе кезеңде Бейсембай Кенжебаевтың тәуекелі – қайталанбас рухани ерлік, қайталанбас кісілік», – деп Қ. Ергөбек ғалымның ерлік ісіне тәнті болады [221, 35]. Байқап отырсақ, Кенжебаевтың азаматтығы мен батылдығы болмаса, «Абай» романының шығушықпауы, әрі қарай жазылуы-жазылмауы неғайбыл еді. Осылайша, «Абай» халқының қолына тиеді.

«Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының ұлттық мақтанышы, дана кемеңгері Абайдың өлмес-өшпес, жанды бейнесі суреттеледі. «Абай жолы» әлем әдебиеті тарихында ұлы шығарма ретінде қабылданған. Ол ізгілік пен сұлулықтың шарайнасындай, ақындық даналық пен нәзік сыршылдықтың телегей теңізі іспетті. Суреткердің негізгі мақсаты – Абайдың өмір-тарихын ежіктеп көрсетуемес, оныңруханикесек, бірегейтұлғасын баршаадамзатқа, ғаламзатқа ортақ өнердің жарық жұлдызы екендігін таныту. Жазушы Абайдың кемеңгерлік, ақындық, қайраткерлік, адамгершілік болмысын жан-жақты терең аша білген», – деп ғалым С. Негимов «Абайжолы» эпопеясыныңқұндылығынатапкөрсетеді[222, 107].

279

«Абай жолы» – қазақ халқын әлемге танытқан ұлы шығарма. Халқымыздың дана ойшылы, кемеңгер ұлы, классик ақыны Абай Құнанбаевтың ақындық, гуманистік, демократтық, қайраткерлік тұлғасын сомдай отырып, қазақ елінің жарты ғасырлық тарихын, өмір болмысын, тыныс-тіршілігін, салт дәстүрін кең құлашпен суреттеп берген дәуірлік туындысы. Мұхтар Әуезовтің атын әлемге жайған, әлем әдебиетінде суреткерлік қолтаңбасын қалдырған бас кітабы. Роман-эпопея мәңгілік тақырыпты қозғаған әр заманда да өзекті болып келетін, сан ғасырлар адам баласының сүйіп оқи берер, рухани нәр берер байлығы болып қалады.

Өмір тәжірибесі мен суреткерлік шеберлігі ұштала келе Әуезовтің тарих тереңіне бойлай отырып, басты кейіпкер – Абай образы арқылы бүкіл бір дәуірдегі халықтың әлеуметтік, тарихи шындығын көрсететін көлемі жағынан ірі эпикалық туынды жазу идеясы туындайды. Бұл идея жазушыға аяқ асты келген жоқ. Абай шығармашылығына деген оның қызығушылығы жиырмасыншы жылдардан пайда бола бастайды: ұлы ойшыл-ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы деректерді жинастырып, зерттеп, ол туралы мақалалар жазады; ақынның жеке өлеңдерін бастырады; өзітапқантың деректерментолықтыраАбай өмірбаянынжазады.

Абайдың өміріне байланысты жазба деректердің аздығы жазушыға көп қиындық туғызады. Сол уақытта болған көптеген оқиғалармен М. Әуезов жас кезінен таныс болған. Эпопеяда өзі сомдап шығатын болашақ кейіпкерлерінің кейбіреулерімен кездеседі. Ақынның өміріне қатысты жазба материалдармен қоса, ауызша деректерді жинағанын М. Әуезов өзі жазған болатын. «Мен роман жазбақ болғаннан кейін, керекті материалды әртүрлі жолмен өзім жинай бастадым. Абайдың жасы қазір жүз онға жуықтады, өзі маған кездескен жоқ. Сондықтан мен оның балалық, жастық шағын, жігіт кезін көрсету үшін, Абайды көзбен көрген адамдардың аздаған естеліктеріне сүйенуге мәжбүр болдым. Рас, өзімнің сол Абай шыққан жердің қазағы болғандығымның біраз пайдасы тиді: жасаңдау кезімде Абайды жақсы білетін адамдармен – кемпір-шалдармен кездескенім бар. Олардың кейбіреулері тіпті Абайдан бірнеше жас үлкен де адамдар еді...», – деп жазушы эпопеяға қалай материал жинағанын оқырманға түсіндіреді [82, 109].

280

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]