Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

жайын кеңінен толғай отырып, Абайдың: «өмір тірлікте басқа шауып, төске өрлеген өнерді ғана қадір тұтайық», – деген сөзі өнердегі алдығақойған талап-мақсаты екенінжазушыоқырманғаескертеді.

«Абай жолы» эпопеясының «Тарауда» атты бөлімінде Абайдың «Болыс болдым мінеки» өлеңі орын алған. Бұл өлеңді жазушы Балқыбек сиязындағы болыс-билердің қылығын суреттейтін кезіне орайлы қолданады. Балқыбек сиязы туралы мәліметтер, сиязға келген ұлықтар мен ояздар, болыстыққа таласқан атқамінерлердің іс-әрекеттерін жазушы өте нанымды етіп суреттейді. Ұлық үйлерінің айналасында сабылып, сапырылып жүрген болыс, тілмаштарды көргенде, Абайдың аузына әзіл өлең үйірілгенін көруге болады.

Атшабар келді лепілдеп, Ояз шықты, сияз бар,

«Ылау!» деп, «Үй!» деп дікілдеп, Сасып қалдым күн тығыз, Жүрек кетті лүпілдеп…

Ұлықтың есігін аңдып топталып жүрген болыстардың әрекетіне кекесін үнмен осы ащы сайқымазақ өлеңін айтқанын жазушы дәл тауып келтіреді. Абайдың кешеден бергі ішкі ызасы бүгін өлеңмен келіп шыққанын жазушы ары қарай жалғастырып береді.

...Қайраттанып халқыма, Сөз айтып жүрмін күпілдеп, «Құдай қосса жұртымның

Ақтармын осы жол сүтін» деп, Қайраттысып, қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп, Оңашада оязға, Мақтамаймын елімді, Өз еліме айтамын,

«Бергенім жоқ» деп белімді» [156, 535].

Абай өлеңінде айтылатын шындықты, өткір сыналатын болыстардың қылықтарын М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопея- сында басты дерек етіп отырғанын байқауға болады. Өйткені Абай поэзиясында ащы сыналатын болыс сайлауы, яғни сайлау

291

алдындағы қарсыластық, бақталастық пен бәсекелестік, парақорлық; ал сайлау қарсаңындағы патша ұлықтарының алдындағы жағымпаздық, екіжүзділік, сатқындық «Абай жолы» эпопеясында нақты образдар арқылы, сюжеттер арқылы қатар-қатар тізіліп өтіп жатады.

«Абай жолы» эпопеясында жазушының тарихи деректерді басты тірек етіп алғанын Л.М. Әуезова атап көрсетеді де: «Абай жолы» роман-эпопеясында өз творчествосында Абай жинақтаған, өмірде болған фактілерді пайдалана отырып, М.О. Әуезов ақын образын жасауда оның творчествосының психологиясын неғұрлым мотивті де шын етіп беруге, оның поэзиясының өмірден алған көздерін табуға тырысты» [79, 216]. М. Әуезовтің ақын образын жасауда оның поэзиясының өмірден алған көздерін табуға тырысқанын, сол арқылы ақын шығармашылығының психологиясын шынайы етіп берген жазушы әрекетін ғалым айтып түсіндіреді.

Бұнымен қоса жазушы бұл тарауда Абайдың екі өлеңінен үзінді береді. Біріншісі «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» атты өлеңі және «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі еді. Осы Балқыбек сиязында Салиха қыздың дауы мәселесі қаралады. Найманның екі руы – Сыбан мен Мұрын арасында қатты қырқысқан дау туады. Ол – жесір дауы. Осы дауға төрелігін айтуға Абай төбе би болып сайланады.

М. Әуезов бұл оқиға туралы «Абай өмірбаянының үшінші нұсқасында» (1944) былай мәлімет береді: «Мұрын қызы күйеуін тең көрмей, өзінің сүйгеніне кетеді. Сыбан қызды қайтарып алмақ. Пәле ұлғайып, ел шабысарман болған соң, екі жағының сөзі Абай алдына келгенде, Абай бітім-тоқтау айтыңдар деп, өз атынан Жиренше мен Оразбайды жібереді. Мұрын қызына азаттық әперіңдер деп арнап тапсырады. Жиреншелер Абайдың айтқанын орындап, қыз басын босатарман болғанда, Сыбанның біреуі «жол осы ма еді, Кеңгірбай аруағы, қайдасың!» деп ұрандап, аруақ шақырады. Осыған қайысқан Оразбай Кеңгірбай жолын бұзғысы келмей, Абайға келгенде, ол: «Кеңгірбайдан әйел әділдік көрген жоқ. Әйел үшін ол қара қабан» атанған деп, өз айтқанын істетеді. Мұрын қызына еркіндік әпереді», – делінген

[229, 321-322].

292

Салиха қыздың сөзін жазушы былай деп береді: «Сабатардың, кеуіп қалған шалдың, үш қатынының бірі боп бармаймын» деген ойым. Ол ойымнан, қайғымнан қиналғаным сонша, бүгінде мен тірі жүрмін деп жүргем жоқ. Осы аз күн ішінде өлім мен тірліктің дәл ернеуінде тұрмын. Шал сипаған етімді құрт жесін деулімін» [156, 553] Осы сөзді естігенде, Абай үлкен толқынмен өзгеріп, өз ойымен қатып қалады. Көз алдына сұңғақ бойлы сұлу қыздың терең қара суға батып бара жатқан суреті елестеп кетеді. Жазушы осындай суық жайды есіне алып тұрған ақын көңіліне ыстық ағым мен қиялдың келгенін бейнелейді. Осы кезде ақынға өлең жолдары ойдан құралып, ырғақты сөзге ауысқанын былай деп сипаттайды.

Етімді шал сипаған құрт жесін деп, Жартастан қыз құлапты терең суға… [156, 553].

Эпопеядан Абайдың осы өлеңі Салиха тағдырына, соның жүрек жарды сырына байланысты туғанын анық көреміз. Бірақ Абай өзін толқытқан, көзімен көрген оқиғаны сол күйінде көшіре салмайды, қайта оны көркемдік шындық дәрежесіне көтеріп, әсiрелеп бейнелейді. «М.О. Әуезов Абайдың көз алдында биiк құз жартастан суға құлап келе жатқан қыз өлiмiн елестету сәттерiн психологиялық жағынан нәзiк те нанымды өрнектейдi. Абай жанын сергек ой мен елес сүлдесi кернеп, жүрек сөзi өлең жолдары боп төгiле бастайды. Осылайша Абай өмiрiнiң дәйектi шақтарымен тығыз сабақтас алып, жазушы ақынның: «Бiр сұлу қыз тұрыпты хан қолында», – деп басталатын белгiлi шығармасы дүниеге келген мезеттерi дәл кестеленген» [231, 203-204]. Осы тараудың соңында Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін оқимыз. Семей қаласында оқып жүрген Әбіш, Мағаш, Күлбадан және өзі оқуға бергізген бірнеше кедей балаларын сенбінің кешінде жинап, Абай оларға осы өлеңін оқып таныстырады.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім...

Бұл жиында бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес, осы бүгін туған өлеңін оқыды. Арасында:

293

Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім... [156, 563].

Жазушы осы өлеңді ақынға оқытуы арқылы балаларға оқу жайлы, адамшылық жайлы көп сөз қозғайды. Ақынның дер кезінде оқи алмай қалған өкінішін айттырып, ендігі үміт күтер елдің болашағы алдында отырған жасөспірім балалар екенін білдіреді. Соларға қарап әкелік, ағалық батасын бергізеді.

Екінші кітаптың соңғы «Биікте» тарауы «Татьянаның сахарадағы әні» деп аталады. М. Әуезов Абайдың биік ақындық тұлғасы мен зор аудармашылық қасиетіне эпопеяның екінші кітабының соңғы «Биікте» деген тарауын арнайды. Бұл тарауда Абайдың орыс ақыны Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударып, қазақ даласына алғаш әкеліп, қазақша сөйлеткені жайлы ерекше шабытпен жазылады. Осы жерде Т. Ақшолақовтың пікірін келтірген жөн. «Біржанға, өнерге байланысты тараулар, «Татьянаның қырдағы әні» сияқты Абай поэзиясының ақиқатына, үздік өнерге арналған тараулар романының бүкіл құрылым, желісіндегі сарындарымен сабақтаса үн қатады» [216, 126].

Орыс әдебиетін оқып зерттеуге ден қойғанда, Абайдың алдыңғы кезекте оқыған ақындарының бірі – А.С. Пушкин. Пушкиннің «Евгений Онегині» Абай көңіліне тіпті жақын келді. Онегин мен Татьяна бейнесінен қазақ ақыны бірін-бірі сыйлап, риясыз сүйген жас жігіт пен қыздың тіршілік талқысының себептерінен қосыла алмай, опық жеген күйін танытады. Олардың хаттарын аудару арқылы Абай қазақ жастарының арасынан Татьянаға тағдырластардың мұңын жоқтады. Татьяна сөзі қазақ сахарасына ән болып тарады. Осы жөнінде С. Мұқанов: «Қай елдің жастарына болса да үлгі етерлік көркем образдың асқан ақындық шеберлікпен жасалуы, Татьянаның бойындағы кіршіксіз таза махабаттың реалистік тұрғыдан суреттелуі шығарманың мән-маңызын биік деңгейге көтерді. Абай шығармасының осы қасиетін қалтқысыз көре білді және оны жазған Пушкиннің жанжүйесі, айтар ойы өзінің жан-жүйесімен қабысатындығын сезді», –

дейді [232, 194].

Абай бұл романның ең қызықты ең қажетті жерін іріктеп алып, Татьяна мен Онегиннің жазысқан хаттарын теріп аударды

294

да, ғашықтық оқиғасының ұзын-ырғасын түгел жеткізеді. Жазушы Абайдың Татьяна хатының ырғағы мен нәзік үніне өз жанынан үн қосқан бір жолдарын еске алып, есіне түскен сол сазды өлең уәзініне салып айта бастағанын сипаттайды.

Амал жоқ қайттім білдірмей, Япырым-ау қайтіп айтамын? [156, 567] –

деген екі жолды жазушы келтіре отырып, ақындық шабытпен өлеңнің қалай құйылып келіп туғандығын Абайдың домбырасының қос ішегімен күңіренте суреттейді. Бұл ән қалықтап, қалаға да, далаға да кең тарай бастайды. Ендігі жерде жастар бас қосқан жиылыстарда жиі айтылатын болған. Абай алғаш әнді шығарған күні Мұхаметжан айтқанда тамашалап тыңдаса, сонан соң Әйгерімнің орындауымен тыңдап отыр. Бұл жерде жазушы Абайдың саз өнерінің шебері екенін, яғни тамаша композитор екенін оқырманға таныта түскен.

Өзгеге ешбір дүниеден Еркімен тимес бұл жүрек. Әуелде тағдыр иеден, Қожам сенсің не керек.

...Әуелде кірдің түсіме, Ортақтасып өміріме, Толғау салып ішіме,

Сол күнде-ақ жақтың көңіліме...

Құдайдан болғай деп емі, Құдайыны мол бердім, Көрген жерде-ақ мен сені,

«Осы екен ғой сол» дедім... [156, 585].

Әйгерімнің әндегі сөздің бір дыбысын бұлжытпай, анық етіп, нақышын бар жанын салып орындап жеткізетіні, оған Абайдың да, басқа тыңдаушыларының да тамсанып тыңдайтыны эпопеяда ерекше сипатқа ие болып көрінеді.

«Абай жолы» эпопеясының үшінші кітабынан бастап ендігі жерде Абайдың көптеген өлеңдерімен қоса қарасөздерін молынан кездестіруге болады. «Абай аға» атты Абайдың «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» атты өлеңінен үзінді беріледі. Жазушы бұл өлеңді Базаралының айдаудан келіп, оны қарсы алған

295

көңілдес ағайын, дос-жарандары жиналған топтың арасында Көкбай ақынның айтуы арқылы оқырманға таныстырады. Бұл топты құраған Абайдың жас шәкірттері мен балалары, ақын жастар мен Жиренше, Оразбайлар ортасында арнайы осы өлеңді жазушының Көкбай арқылы көпшілікке жеткізуінде терең мән жатыр. Адам баласын ақыл-парасатқа шақырған шығармаларының ішіндегі ең жүйелі, мазмұнды өлеңін таңдап алып, жазушы осы топқа ақыл-өсиет, адамшылық жолды нұсқайды.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, Ер табылса жарайды, қылсаң сұхбат! [84, 47].

Осы өлең арқылы жазушы Абайдың жастарды адамгершілікке, адамшылық түзу жолға шақырған ұстаздық, даналық тұлғасын танытады.

Ары қарай эпопеяның «Кек жолында» тарауында М. Әуезов Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінің шығу тарихымен оқырманды жете таныстырады. Тәкежан ауылына ел ісінің бір суыт жұмысымен арнайы келген Абай қатал бай мен сараң бәйбіше төңірегіндегі жоқ-жітік, малшы-жалшылардың төмен тұрмысын көріп ыза болғанда, өзінің әйгілі өлеңін табан жолда қағазға түсірген. Келгеннен бері байқаған жайды аңғарып отырған Абай бар шындықты тапжылтпай шаншыла өлеңмен жайып салады.

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай, «Ерте барсам жерімді жеп қоям» – деп,

Ықтырмамен күзеуде отырар бай! [84, 63]. –

деп, Ербол, Дәрмендердің алдында Қаражанға қарата оқыта бастайды. Қаражанның сараң мінездері де өлең жолына түседі. Мәселен:

Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып, Бала шықса асынан үзіп-жұлып, Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,

Үйген жүктің күн жағын орын қылып! Әкесі мен шешесі баланы аңдыр

296

Ол да өзіңдей ит болсын азғыр-азғыр! Асын жөндеп іше алмай қысылады, Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр, [84, 63] –

деп шүйілген жолдармен дүрсілдете жөнеледі.

Тәкежан ауылына келіп, туған ағасы мен жеңгесінің қатігездігінен шегіп отырған малшы-жалшылардың халiн көргенде ыза болып, табанда шығарған «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінің шығу тарихын жазушы осылай баяндайды. Бұл мәселе жайлы мынаны айтуға болады: «Мысал ретінде алсақ, «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінің жазылу тарихы, ондағы балаларға қатысты көрініс өлеңінде болып өткен, Абай өзі тікелей куә болған шындыққа негізделгені М. Әуезовтің ғы- лыми-зерттеу еңбектерінде, әсіресе «Абай жолында» барынша терең ашылған» [229, 36].

М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Абайды дана ақын ғана емес, шебер аудармашы ретінде де кеңінен таныстырып отырады. Абайдың орыс, Батыс әдебиетіне ерекше ден қойғандағы басты мұратын, сол әдебиеттің тұнығына бойлағандағы ақынның таңдап аударған шығармаларын эпопеяның әр тұсында жазушы ақынның шығармашылық өсу жолымен байланыстыра отырып, ретімен келтіріп береді.

Абайдың орыс ақындарының ішінде сүйіп оқығаны – М.Ю. Лермонтов. «Абай тек Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақын көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды. Орыс поэзиясына бейімделе ден қойған Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, өзіне туыстас сезінген адамы Лермонтов еді», – деп, Абай мен Лермонтовтың рухани жақындығын зерттеген З. Ахметов еңбегінде арнайы айтылады [233, 381].

Лермонтовты жанына жақын тартып, өзіне рухани дос деп тапқандығы «Абай жолы» эпопеясында нақты мысалдармен дәлелденеді. «Кек жолында» атты тарауда Лермонтовтың «Вадим» атты өлеңі берілген. «...Ақшоқыда Абайдың іні-достары Лермонтовқа айрықша шұғылданып жатқан-ды. Бұған себепші Абайдың өзі болатын. Ол соңғы күндерде «Вадимге» ерекше қызықты. Осындай ер, өр кедейдің кекшіл ызасына қызыққан.

«Қазақ қауымы білерлік бір алуан асыл жан – мынау Вадим! Мен оның жайын өлеңмен дастан етіп баяндасам деген ниетке

297

бекідім! – деп, күндіз түстік алдында, жас достарына көрікті келісіммен толқыған ұзақ өлең қатарларын оқи берген» [84, 85]. Міне, осылай Абай мен оның шәкірттерінің Лермонтов шығармаларын қызыға оқып, ақынның аударуымен қазақ даласына кең тарап жатқаны жайын жазушы мәлім етеді.

Батар күнге шымылдық көк бұлт кең, Толқынды қызыл торғын өртпенен тең! Өткен дәурен секілді нұры жайнап Арттағы мұнараға береді рең!.. [84, 86].

Абай өзінің қайғысы мен қуанышына ортақ жанына медет болған орыстың классикалық поэзиясының ішінде Пушкин мен Лермонтовтан аударған өлеңдері қазақ әдебиетінде әлі күнге ешбір аударушының жете алмаған биік тұрғысында тұр.

Эпопеяның «Қақтығыста» тарауында Лермонтовтан аударған келесі «Альбомға» атты өлеңі берілген.

Кім білер жабырқаңқы жазған сөзім Жібермей көп тоқтатар оның көзін! Жолаушы жол үстінде тамаша еткен Секілді, өткен жанның бір күмбезін… [84, 211].

Ақын көңiлінiң жабырқаңқы күйiн көрсетедi. Қоңыр кеште баяу қоңыр, мұңды саз сәл шертіліп басталады. Бұл өлеңді жазушы эпопеяда Абайдың ішкі жан дүниесі мен көңіл күйіне дөп келетін тұсына сәйкес келтіреді. Оспан қайтыс болғалы Абай қаралы еді. Абайдың қабағы ашылып, жабық көңілі жадыраған емес. Осындай көңілсіз отырған бір сәттерде Абай қолына Лермонтовтың кітабын алып оқитын. «Абай жолы» эпопеясында:

«– Лермонтовты әперші! – деді.

Әйгерімге Лермонтов кітабы күнделік үй іші дүниелігіндей таныс. Тозыңқыраған томды Әйгерімнен алысымен, Абай арнаулы бір бетті шапшаң ашып, үңіліп қалды», – деген [84, 211].

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай өлеңдері, аудармаларымен қоса қарасөздерін де сәтті пайдаланып, оқиға желісіне арқау етіп отыратын тұстары байқалады. Абайдың бірнеше қарасөздерін жазушы эпопея барысында өзгертпей сол қалпында қолданады және қажет жерінде өз сөзіне айналдырып ұтымды пайдаланып отырады.

298

«Абай жолы» эпопеясының «Қапада» тарауында жазушы Абайдың бірнеше өлеңдерінің мәтінін қатарынан келтіреді. Мәселен:

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан! [84, 411].

Жазушы бұл өлеңді Әйгерімнің Мәкенге оқытуы арқылы таныстырады. Жазушы Абай өлеңдерін сүйіп оқитын оқырмандарының күннен-күнге көбейіп келе жатқанын айтады. Ақын өлеңдерінің халық арасына таралып, қанатты сөздерге айналып бара жатқаны туралы оқырманын хабардар етеді.

Өзіңде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден. Күндестігін қоздырып, Азапқа қалма езбеден. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға! [84, 412].

Абайдың жастарды оқу-білім мен өнерге шақырған өлеңіндегі әрбір сөзін салмақтап оқып әрі тыңдап отырған Әйгерім мен Мәкеннің ықыласын жазушы нақтылы көрсетеді. Оларды Абай өлеңдерін пір тұтушы, қадірлеуші ретінде танытады.

Осы өлеңнен кейін «Антпенен тарқайды» атты өлеңі беріледі. Бұл өлеңді жазушы Базаралының Әзімбай, Шұбарлардың мінездері туралы айтқан бір әңгімесіне қарай қолданады. Базаралының айтуынша, бұлардың қылықтары топ қасқырдың үйреншікті әдеті сияқты. «Мыналар да сондай ұялас, қанды ауыз, дәніккен бөрілер. Алыстан жемін аңдып алып, бас қосқанда анттасып, баталасып бірін-бірі қайрайды. Жауыздыққа, жаулыққа баталасады. Жазығы жоқ жақынды, жалғыз бен жалқыны жем етуге анттасады», – дегенде, жазушы Әзімбай тобын бөрілердің әрекетіне ұқсатып тұр [84, 413]. Әзімбайдың бұл қылықтарын жазушы Абай өлеңінен алғаны білінеді. Мәселен:

299

Антпенен тарқайды Жиылса кеңеске, Ор қазып байқайды Туа жау емес пе? Аз адам шаршайды Ебіне көнбеске, Басы ыңғай қайқайды

Амал жоқ өлмеске! [84, 413].

Абай өлеңіндегі атқамінер жуандардың топтасып, анттасып, жақтасып, жік-жікке бөлісіп атысқан жағымсыз жайларын М. Әуезовэпопеядаобраздысуретпеноқушының көз алдына елестетеді.

Осы өлеңмен қатарлас Абайдың «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек» деген өлеңін осы беттен оқимыз. Әзімбайдай жауыздар туралы Абай айтқан ащы мысқыл, атақты өлеңдердің осы күндерде туып жатқаны жайын айта келіп, жаңағы өлеңнің мазмұнына ұқсас өлеңді таңдап алып тағы да келтіреді.

Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек? Жұрты сүйген нәрсені о да сүймек! Ішің берік, нәпсіге тыю салып, Паңсымай, жайдақсымай ірі жүрмек.

Кісімсі қайда жүрсең олжаға тоқ, Шоқыма халық көзінше қарғаша боқ! Жұрт бала, еш нәрсесін тартып алма,

Білдіртпей еппен алсаң залалы жоқ! [84, 413].

Бұл өлеңдерді Абайдың шәкірттері Мағаш пен Кәкітай және басқалардың аузынан айттырып, кішкене молданың қағазға көшіріп, оқытып жатқан балаларына жаттатуын М. Әуезов осы тарауда сипаттай отырып, ақын мұрасының таралу жайы мен оның халықтың жүрегінің тереңінен орын алып жатқан сырларын баяндайды.

«Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары – «қарасөз» деп аталады», – деп «Абай» энциклопедиясында мәлімет беріледі [234, 327]. Өмірдің бірталай белесіне келіп, ақындық кемеліне әбден толған шағында Абайдың асыл сөздері енді өлең арнасынан асып қарасөзге айнала бастайды. Өлеңдерінде қозғаған өмір, дүние, адам, заман, қоғам, дін, мораль мәселелерін ақын енді өзі-

300

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]