Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ТІРЕГІНДЕГІ ТОЛАМДАР 1.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
977.41 Кб
Скачать

Ұлы ойшылдар – тіл туралы

Тәрбие басы – тіл.

Қашқари.

* * *

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл, бірақ өз тіліңнің қадір-қасиетін жоғалтып, өгейсітпе.

* * *

Көрінеді тілден түйсік білім де,

Біле білсек, жарылқаушы – тіліңде.

Жүсіп Баласағүн.

* * *

Тілі екеудің – діні екеу.

Әбубәкір Кердері.

* * *

Қазақ тілі – түркі тілінің ішіндегі ең бай тіл.

Шоқан Уәлиханов.

* * *

Тіл өнері дертпен тең.

* * *

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Абай.

* * *

Адамдарды алдауға емес, оқытуға келген кісі олардың өз тілінде сөйлеуі керек.

К.Гельвеций.

* * *

Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады.

Р.Эмерсон.

* * *

Рим императоры Карл Бесінші: «Аллатағаламен – испанша, достарыңмен – французша, дұшпандарыңмен – немісше, әйел қауымымен итальянша сөйлескен дұрыс» депті. Өйткені испан тілі - өршіл, француз тілі – сыпайы, неміс тілі – нық, итальян тілі – нәзік тіл. Егер де император орыс тілін жетік білген болса, солардың бәріне де орыс тілінің бір өзі төтеп бере алады дегенді қосқан болар еді.

М.Ломоносов.

* * *

Тіл – ойлау құралы. Тілге қалай болса, солай қарау деген – қалай болса, солай ойлау деген сөз.

* * *

Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.

Л.Толстой.

* * *

… Любой немец может добиваться самой высокой образованности, пользуясь лишь средствами своего родного языка и без всякой чужеземной помощи.

В.Гете

* * *

Язык – дом Бытия.

М.Хайдеггер.

* * *

Француз тілі Европаға қандай әсер етсе, қазақтың тілі түркі мәдениетіне дәл сондай әсер еткен.

* * *

Қазақ тілі – шығыстың француз тілі.

В.Радлов

* * *

Тіркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.

С.Малов.

* * *

Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.

А.Брем.

* * *

Тіл – ұлттық рухтың ең соңғы қорғаны.

Ш.Монтескье.

* * *

Ұлттың ұлттық қасиетін қайтару процесі тілден басталады... Өйткені ұлттың негізгі ұлттық көрсеткіші – тіл. Отарлаушы елдің басым тілі отарланған, соры қайнаған елдің ұлттық тілінің дамуына үлкен кедергі жасайды. Ұлттық құндылықтарға оралу процесінің аяғына тұсау болады. Сондықтан да постколониализм дәуірінде жаншылған ұлттар ең алдымен өзінің мәдениетін, тарихын қалыпқа келтіруге күш салуы керек.

Сандра Камбиселлис.

______________________

Бағдаршам

Өлең-өрім:

... Түс майданға, тілің үшін тартынба,

Топқа кірсең, шарболаттай жарқылда.

Сонда ғана қазақ атың сақталып,

Ана тілің қалар мәңгі артыңда!

Серікбай Қосан,

ақын.

Тарихнама

Қазақ тілінің қалыптасу тарихы

Қазақ тілінің қалыптасу тарихы, түркі тілдерінің негізгі бір тобы ретінде, ежелгі сақ (б.з.д.ғ.), үйсін және қаңлы тайпаларынан басталады. Орта ғасырларда, бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі болып саналған түркі тілдерінің тобына кіреді.

VII-VIII ғ.ғ. – Батыс-түрік қағанаты;

- Түркеш қағанаты;

- Қарлұқ қағанаты.

IX-X ғ.ғ. – Оғыз мемлекеті;

- Қарахан мемлекеті;

- Қимақ мемлекеті.

XI-XII ғ.ғ. - Моңғол-татар шапқыншылығының нәтижесінде құрылған Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттерінің түрік-моңғол ресми тілі;

- Түркі тілдерінен бөліне бастау кезеңі және Дешті Қыпшақ мемлекетінің ресми тілі болып қалыптасуы.

XV-XVII ғ.ғ. – Қазақ ұлтының және Қазақ халықтарының ұлттық және ресми тілі ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы;

XIX-XX ғ.ғ. – Ресей құрамындағы қазақ халқының ұлттық тілі.

1920 ж. 26.08. – Қазақ АКСР-ның ресми тілі.

1923 ж. 20.03. – Іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу жөнінде ҚазОАК- нің Декреті.

1933 ж. 15.05. – Республикалық терминологиялық комиссияның құрылуы.

1936 ж. 05.12. – Қазақ КСР-нің ресми тілі.

1957 ж. 05.11. – «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жетілдіру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.

1989 ж. 22.03. – «Қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.

1991 ж. 16.12. – ҚР Президентінің Жарлығымен қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.

1995 ж. 25.09. – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: 7-бап – Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

1996 ж. 04.10. – ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.

1997 ж. 11.07. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы қабылданды.

1998 ж. 05.10. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасы» бекітілді.

1999 ж. 08.01. – Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2001 ж. 07.02. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілді.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қазақтар ежелгі заманда руна жазбасын қолданған. 1912 жылдан 1930 жылға дейін араб жазу таңбасына, ал 1930 жылдан 1940 жылға дейін латын жазу таңбасына көшірілді. 1940 жылдан қазіргі уақытқа дейін кириллица жазу таңбасын қолданып келеді.

«Тіл кабинеті» әдістемелігі,

Астана, 2006 жыл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]