- •Тіл төңірегіндегі толғамдар
- •Замана талабы
- •Мәселе қайда жатыр...
- •Елбасы айтады
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін
- •Өткен ғасыр сабағы – бүгінге сын Мемлекеттік тілдер («Дала уалаяты», №13, 1891 жыл)
- •(Қазақ тілін мәһкәмаларда жүргізу туралы) Қазақстанның губірналық һәм ояздық сәуәт комитеттерінің төрағаларына
- •Жүз жыл бұрын жазылған құзырхат
- •1905 Жылғы 26 маусым,
- •Ұлылардан – ұлағат
- •Қазақ тілі жоғалмас
- •Міржақып Дулатұлы:
- •Мектеп қай тілде болуы керек?
- •Мұсадан хат келді
- •Олай емес «казахский язык!»
- •Перевод
- •Тіл үшін күрескен қайраткерлер
- •С.Оспанов, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының директоры. Сәкен сынды ұл қайда?
- •Қазақ Мырзажан атаған жанашыр
- •Қазақша хатқа орысша жауап бергені үшін жауапкершілікке тарту керек
- •Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің басшыларына хат
- •Үкімет тілге шындап бет бұра ма?
- •Пікір. Ұсыныс. Тілек. Ортақ тіл ортақ рухты қалыптастырады
- •2002 Жылғы 1 қазан. Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі
- •2002 Жылғы қыркүйек пен 2003 жылғы маусым айларындағы өсу үрдісі
- •Інжу-маржан тіл туралы мақал-мәтелдер
- •Ұлы ойшылдар – тіл туралы
- •Р.Эмерсон.
- •С.Малов.
- •Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
- •Құжаттар сөйлейді
- •Деректер мен дәйектер
- •Тіл туралы:дұрыс сөздер мен бұрыс сөздер
- •Қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек.
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Мұхтар Әуезов.
- •Ғабит Мүсірепов.
- •Халел Досмұхамедов.
- •Ілияс Омаров.
- •Темірбек Жүргенов.
- •Бауыржан Момышұлы.
- •Ескертпе сөз
- •Гейдар Әлиев.
- •... Оларды таптап кетеді
- •Тәуелсіздіктің екі түрі немесе Рух пен Қарын егемендігі
- •Иманғали Тасмағамбетов,
- •Хасен Оралтай,
- •Нәмет Келімбетов,
- •Мұхтар Мағауин,
- •Амангелді Айталы,
- •Бекет Тұрғараев,
- •Владимир Козлов,
- •Ойлы оқиға
- •Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер
- •Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті
- •Өткеннен үлгі
- •Бос сөзге орын қалмайды
- •Адымен мемлекеттік тілді дамытайық...
- •Таза қазақ мектептері көбейді
- •Менімен қазақша сөйлес...
- •Қазақ кодексі
- •Тілдің аяғына тұсау болған себептер
- •Бағдарлама ұсынамын
- •Сот үкімін орындауға «Комсомольская правда-Казахстан» мен «Известия-Казахстан» басылымдары да
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Оралхан Бөкей,
- •Алтын сөз:
- •Тіл тұтастығы туралы
- •Сұлтан Оразалинов,
- •Мемлекеттік тілдің мәселесін партизандық тәсілмен шешуге болмайды
- •Темірхан Медетбек,
- •Ұрымтал сөз:
- •Өзгені ғайбаттауды доғарып, істі ширатайық
- •Сенат селт етті...
- •Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты...
- •Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі...
- •Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі...
- •Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
- •Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Менімен қазақша сөйлес...
... Президент ел зиялыларынан үміт күтіп, салмақ салды. Әр адамның шамасы жететін қарапайым ғана қағиданы ұсынды. Бар болғаны үш-ақ сөз. «Қазақпен қазақша сөйлес». Әр отбасы осы сөздерді шаңырағының төріне жазып, іліп қойса ерсі түгі жоқ.
Қазақпысың?
Иә.
Онда менімен қазақша сөйлес. Мен де сенімен осы тілде сөйлесейін. Сөйтсек қана ана тіліңді үйренесің.
Әркім шүлдірлеген қазақтарға осылай десінші. Мұнысын ол қамқорлық ретінде қабылдайтын болады. Тілге, бір-бірімізге қамқорлық танытайық. Сонда көсегеміз көгереді.
Батық Мәжитұлы,
ақын
(«Егемен Қазақстан», 29.05.01).
Ұсыныс
Қазақ кодексі
Рухқа себі тисін, әуелі өз санамызды өзіміз отарсыздандырайық. Бәрін өзімізден бастайық. Әуелі жартылай орысша аты-жөнімізді Мұқтар Ақанұлы, Пәкиза Оңғарқызы дегендей, қазақшалайық. Құжат ауыстырудың әуресі көп, ол шаруаға шығын да, жігер де керек, оны табандылықпен аяқтап, нағыз қазақ болып алайық.
Балаларымыздың аттарын тек қазақша қояйық.
Бәріміз домбыра тартып, қазақша ән салуды үйренейік. Себебі орыс болып кеткен, өзбек болып кеткендердің үйінен әуелі қазақтың домбырасы, әні, сосын барып тілі құриды екен. Иран батыс музыкасына бекерден-бекер тыйым салып отырған жоқ.
Қыздарға бесік жырын жаттатайық: кейін балалы болып сәбиіне мейірі түскенде, оған «котик, рыбка, солнышко» демесін. Әжемнің айтқан бесік жырлары әлі есімде, қаншама орысша оқығаныммен, орыс болып кетуге жібермеген солар-ау.
Баланы тек қазақ балабақша, мектебіне берейік. Қазақ Рухы тек сондай мекемелерде ғана таза, биік, мықты болады. Жетім бала үйлерін тек қазақша жұмыс істеуге көшірейік. Қазақтың баласын ешкімге жәбірлетпейік, шетелдіктерге бермейік – артық бала жоқ.
Баланы еврейлер сияқты «сен бәрінен артықсың, ақылдысың» деп тәрбиелеу қазақ діліне, гуманизміне қайшы, олай тәрбиеленген бала шолжаң болып өсіп, рухсыз, ақымақ, маскүнем болады. Одан гөрі қазақша «адам бол, ер бол, батыр бол, талантыңды тап, дамыт, өз несібеңді теріп жеп, бай бол, ел-жұртыңа қызмет етіп, бақытты бол» деп тәрбиелейік.
Әрбір қазақтың, Құдай берсе, кем дегенде бес баласы болуы керек. Құдай бермесе, оған дауа жоқ.
Жастар! Қайратымыз тасып тұр! Оны ішкілікке, дау-дамайға, төбелеске сарп етпей, талантымызды дамытуға, спортқа жұмсайық! Біздің талантымыз – ұлттық қор, елдің, қазақтың меншігі. Талант пен еңбек келешекте бақытқа да, дәулетке де жеткізеді.
Келіншектер! Ата-ене, қайынаға, апа-сіңлі, қайындардың атын тура атамай, қазақ салты бойынша жанама атпен атаңыздар. Қазір келіншек болсаңыз, ертең бәйбіше боласыз. Ұрпақтың, қазақтың келешегі біздің қолда.
Аталар заманында елде жетім-жесір болмаған: 40-тан аспаған (бұл туа алатын) әйел жесір отырмаған. Ондай жағдайда ол жылы өткесін марқұмның бір жақынына қосылып, ұрпағы жетімсіремеген. Ал қазір қаншама келіншек көздері мөлдіреп жесір отыр, қаншама бала жетім? Жасы 25-тен асқан кәрі қыз болмауы керек, ал бізде ондай қыз қазір 50-60 мың. Олардың келешегі қандай? Тамақ асырау, күн көру, жұмыс, бизнес, ғылым, әрі кетсе ойнастан бір бала тауып, жетім, тексіз адам өсіру. Қыздарды бұған қию күнә, бұл табиғатқа қайшы. Бұған кім айыпты? Ерлер, жігіттер айыпты, қазақы рухтан айырылып, құлдық психологиядан арыла алмаған біз айыптымыз. Абайды тоқалдан туды деп кім кемсіте алады? Құнанбайда әйел екеу болмаса, Абай тумас еді. Рас, кез келген жігіт Құнанбай емес, бірақ Құнанбайдай жігіт жүзден біреу болсын шығады. Тек оның бәйбішесі Бөрте, Күнке, Ұлжан, Айғыздай болуы керек. Қазір «Еркектің жаманы жер қориды, қатынның жаманы ер қориды» дегеннің кері келіп жүр. Салиқалы бәйбішелер де, жастар да дұрыс түсінеді деп сенемін.
Әйел затына әлімжеттік көрсетуге үзілді-кесілді тыйым салу керек.
Қазақ киносына, театрына барайық, қазақ баспасөзін, қазақ өнерін қолдайық.
Қазақша білмейтін адам Қазақстан азаматтығын ала алмайтын болсын.
Кей қазақ «егін егіп, мал өсіру керек» десең, «не, қазақ тек мал бағуға жаралған ба?» деп ұнатпайды. Испан, чукча, не басқа біреу сенің малыңды бағып бермейді. Әркім өз малын өзі бағып, өз қотырын өзі қасуы керек, біреуге қасытсаң, ушығып кетуі мүмкін: қазба байлықтарымызды біреулерге сатқызып, мұзға отырғанымыз естен кетпес сабақ болуы тиіс.
Әдебиет пәнін оқытуда қазақ-кеңес жазушыларының күшеніп жазғанынан гөрі халық ауыз әдебиетін (ертегіден бастап, мақал-мәтел, қисса, батырлар жыры, терме, толғау), халыққа танымал ақын, жырау, билердің ой, сөздерін, оған қоса әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқыту керек. Ал басқа пән бойынша (биология, математика, физика, химия) қайтадан велосипед ойлап тауып жатпай-ақ, әлемдегі үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударып, солармен оқыту керек. Сонда қазақ мектебінің түлегі Рухы қазақ, көзі ашық, бүкіл әлемнен хабардар, білім деңгейі барлық елдің мектеп түлегінің білім деңгейінен жоғары болады. Ол үшін әуелі мұғалім жағдайын көтеру керек. Жоғарғы оқу орындарында да осылай жасау қажет.
Қазір іс қағазы, жарнамаға сын айтушылар да (Кафесі «Динара» кафе деу масқара) шаршап, кәрі бәсеңдей бастаған сияқты, бірақ рухты көтеру үшін шаршауға болмайды. Бөтен әліппемен, бөтен тілде жарнама жазғызып, қарап отыру – құлдық психологияның сорақысы. Өз елімізде мұндай ынжықтыққа жол бермейік: соттасуға дейін барып, ондай кемшіліктерді жою керек.
Қазақтың бас көтерер азаматтары! Біз жалтақтауға хақымыз жоқ. Ғ.Мұстафин «Біз ұлтшылдықпен күресіп ек, сендер ұлтсыздықпен күресіңдер» деген екен. Бұл – коммунизм кезінде еңіреп өткен барлық елдердің бізге қалдырған өсиеті.
«Рух» гуманистік клубының төрағасы
Мақсұт Оразай деген қазақ
(«Жас қазақ», 31.03.06).
Әбдуәли Қайдар, академик: