Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ТІРЕГІНДЕГІ ТОЛАМДАР 1.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
977.41 Кб
Скачать

Халел Досмұхамедов.

* * *

Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мәні зор.

… Көне сөздің бәріне күмәнді қарауға болмайды. Тіл – халықтың перзенті, ол адамзаттың тарихымен тығыз байланысты. Заманның талаптарына сәйкес әр уақытта жаңа сөздер пайда болады, кейбір сөздер пайдаланудан шығып қалып отырады. Сонымен қатар өзінің бастапқы мағынасын өзгертіп, жаңа мағынаға ие болатын сөздер де кездеседі. Бұл – барлық тіл атаулыға тән құбылыс.

* * *

Түркістанда түрік қалады. Оны жоғалту ешкімнің қолынан келмек емес. Біз бұған кәміл сенеміз. «Мемлекет аппараттарын ұлттандыру» жүзеге асырыла қалған күннің өзінде, біздің тіліміз өз жерімізде екінші орынға ығысады. Бұл ретте біздің ана тіліміз «ұлы орыстың рухани мәдениетін таратушы техникалық құралдың» рөлін ғана атқаратын болады…

Мұстафа Шоқай.

* * *

Ғашықпын қазақ тіліне. Осындай сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

* * *

Адамға ауа қандай үздіксіз керек болса, қалған өміріңде тіл де сондай қызмет атқарады.

Нұртас Оңдасынов.

* * *

Бір тілді білген – бір адам, екі тілді білген – екі адам.

* * *

Ана тіліңді біл, орыс тілін де және басқа тілдерді де біл, игер. Көп тілді меңгеру – мәдениеттіліктің белгісі, ғылым биігіне көтерілудің жолы, азаматтық саналылықтың, естіліктің, парасаттылықтың белгісі.

Құдайберген Жұбанов.

* * *

Біздің қазақ тілінде диалект жоқ екенінде ешкімнің таласы болмауы керек. Кейбір бар деушілер екі-үш дәлел келтіреді. Ерекше кәсібіне қарай кейбір аймақтарда басқа өңірде жоқ сөздер болады… Бірақ бұл – тіл шұбарлығы емес, тіл байлығы.

… Бір затты әр төңіректе әр түрлі атайды. Бірақ келе-келе сол атаулардың ең күштісі, заттың тың мәнін толығырақ, нанымдырақ қамтитыны жеңіп шығып, сөздікте азаматтық право алады.

… Бұл – кәдімгі дарвиннің «табиғи сұрыптау» деген қағидасын еске түсіреді. Дәл осындай кірген жаңалықты әр түрлі атау қазақ тілінде мол кездеседі.

… Бұларды «диалаект» деп ноқталау ағаттық. Бұл жаңа сөздің туу, таралу процесі деген жөн…

* * *

Қисық тілді шығарма сақау адам секілді, кәрі құлақты кеседі, жас құлаққа жаман үлгі болады, балаң авторды үстірттікке үйретеді.

* * *

Тіл тұтастығы – ел тұтастығы.

Ілияс Омаров.

* * *

Қазақ тілі байыса, басқа мәдениетті жұрттардай өз шаруашылығына керекті өз тілінде түсіндіре алатын болса, былайша айтқанда, адам баласының барлығы бірдей білімге бет бұрса, халық мәдениетінің өскені ғой.

… Кейбір кертартпалардың түпкі тілегі халықтың сезімін өсірмей, бұрынғы надан қалпында қалдырмақ еді, сол үшін олар қазақтың тілін де ескі қалпында ұстап қалғысы келді; бұл мақсатқа жету үшін саясат, шаруашылық жүзіндегі өзгерістер туғызған жаңа сөздерді қазақ тіліне кіргізбеуге тырысты. Егер жаңа түсінікті кіргізе қалса, оларды жер үстінің барлық халқына бірдей түрінде қабыл қылмай, өзгертіп, ешкім түсінбейтін қылды, иә бүтіндей басқа сөзбен айтатын болды.

Темірбек Жүргенов.

* * *

Егер ана тілін білмесең, ол ұлттың баласы емессің.

Ғұмар Қараш.

* * *

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.

* * *

Бір тіл білген адам – бір елдің баласы, екі тіл білген адам – екі елдің баласы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]