- •Тіл төңірегіндегі толғамдар
- •Замана талабы
- •Мәселе қайда жатыр...
- •Елбасы айтады
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін
- •Өткен ғасыр сабағы – бүгінге сын Мемлекеттік тілдер («Дала уалаяты», №13, 1891 жыл)
- •(Қазақ тілін мәһкәмаларда жүргізу туралы) Қазақстанның губірналық һәм ояздық сәуәт комитеттерінің төрағаларына
- •Жүз жыл бұрын жазылған құзырхат
- •1905 Жылғы 26 маусым,
- •Ұлылардан – ұлағат
- •Қазақ тілі жоғалмас
- •Міржақып Дулатұлы:
- •Мектеп қай тілде болуы керек?
- •Мұсадан хат келді
- •Олай емес «казахский язык!»
- •Перевод
- •Тіл үшін күрескен қайраткерлер
- •С.Оспанов, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының директоры. Сәкен сынды ұл қайда?
- •Қазақ Мырзажан атаған жанашыр
- •Қазақша хатқа орысша жауап бергені үшін жауапкершілікке тарту керек
- •Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің басшыларына хат
- •Үкімет тілге шындап бет бұра ма?
- •Пікір. Ұсыныс. Тілек. Ортақ тіл ортақ рухты қалыптастырады
- •2002 Жылғы 1 қазан. Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі
- •2002 Жылғы қыркүйек пен 2003 жылғы маусым айларындағы өсу үрдісі
- •Інжу-маржан тіл туралы мақал-мәтелдер
- •Ұлы ойшылдар – тіл туралы
- •Р.Эмерсон.
- •С.Малов.
- •Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
- •Құжаттар сөйлейді
- •Деректер мен дәйектер
- •Тіл туралы:дұрыс сөздер мен бұрыс сөздер
- •Қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек.
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Мұхтар Әуезов.
- •Ғабит Мүсірепов.
- •Халел Досмұхамедов.
- •Ілияс Омаров.
- •Темірбек Жүргенов.
- •Бауыржан Момышұлы.
- •Ескертпе сөз
- •Гейдар Әлиев.
- •... Оларды таптап кетеді
- •Тәуелсіздіктің екі түрі немесе Рух пен Қарын егемендігі
- •Иманғали Тасмағамбетов,
- •Хасен Оралтай,
- •Нәмет Келімбетов,
- •Мұхтар Мағауин,
- •Амангелді Айталы,
- •Бекет Тұрғараев,
- •Владимир Козлов,
- •Ойлы оқиға
- •Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер
- •Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті
- •Өткеннен үлгі
- •Бос сөзге орын қалмайды
- •Адымен мемлекеттік тілді дамытайық...
- •Таза қазақ мектептері көбейді
- •Менімен қазақша сөйлес...
- •Қазақ кодексі
- •Тілдің аяғына тұсау болған себептер
- •Бағдарлама ұсынамын
- •Сот үкімін орындауға «Комсомольская правда-Казахстан» мен «Известия-Казахстан» басылымдары да
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Оралхан Бөкей,
- •Алтын сөз:
- •Тіл тұтастығы туралы
- •Сұлтан Оразалинов,
- •Мемлекеттік тілдің мәселесін партизандық тәсілмен шешуге болмайды
- •Темірхан Медетбек,
- •Ұрымтал сөз:
- •Өзгені ғайбаттауды доғарып, істі ширатайық
- •Сенат селт етті...
- •Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты...
- •Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі...
- •Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі...
- •Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
- •Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Өткеннен үлгі
... Әкімшіліктің барлық лауазымды қызметкерлері, уезд басшыларына дейін жергілікті ділді білуі керек; өз аймағының тілін бастапқы деңгейде игеруге бір жыл бөлінеді; тіл білу деңгейі – аудармашыларды бақылай алатындай болуы керек; тілді білу деңгейін одан әрі көтеріп, жетік үйрену үшін әкімшіліктің лауазымды қызметкерлеріне тағы бір жыл қосып беріледі; бұл талап орындалмаған жағдайда лауазым иелерін далалық аймақта қызмет бабында көтеру тоқтатылсын, тіпті оларды іске жарамсыз деп» қызметінен босатуға дейін бару керек...
Ресей патшалығы тұсындағы әскери министр
А.Ф.Редигерге жазылған хат,
1905 жылғы 28 көкек.
Ұрымтал ұсыныс
Бос сөзге орын қалмайды
Халқымыздың тәуелсіздік алғалы тіл мәселесіне шыдамдылықпен, түсіністікпен қарап келген даналығы адам сүйсінерліктей. Бұл бір жағынан әсіре төзім болып көрінуі мүмкін. Бірақ шыдамның да шегі бар екенін біз секілді атқа мінген азаматтар түсініп отырмыз.
Біз қазір мемлекеттік тілді дамытудың жеке бағдарламасын жасауды ойластырып отырмыз, өйткені 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту бағдарламасы жалпылама жасалған, көпсөзділікке ұрынған және елдегі барлық тілдерді дамытуға бағытталған. Біз аталмыш бағдарламаны орындауды нақты жобаларды іске асырумен астастыруды мақсат етіп отырмыз. Сонда бағдарламадағы бос сөзге орын қалмайды.
Қазіргі кезде мемлекеттік тіл мен орыс тілін «жауластыру да» бізге көп нәтиже бермейді. Әр тілге өз орнын беру арқылы қазақ тілінің бірте-бірте барлық саланы қамтуына жол ашуымыз керек. Қазір қазақ тілі, шын жағдайды ашық айтсақ, мемлекеттік емес, бар болғаны этнос тілі ғана. Ал орыс тілі халықаралық өркениет тілі деңгейінде. Сондықтан бас-аяғы бірнеше жылдың ішінде этнос тілі өркениет тілі болуы үшін ірі де нақты қадамдарға баруымыз қажет. Бұл үшін қазақ тілінің даму сатыларын белгілеген жөн. Айталық, оны 4 жыл ішінде мемлекеттік салаларға толық енгізу, 5 жылда қоғамдық ортада мойындату, 10 жыл ішінде ғылыми салада орнықтыру секілді сала-сала бойынша міндеттер қойып, соны іске асыратын іргелі жобалар жасау керек.
Ерден Қажыбек,
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Тіл комитетінің төрағасы
(«Ана тілі», 20.07.06).
Ойбағдар
Адымен мемлекеттік тілді дамытайық...
Мемлекеттік тіл дамыса, барлық тілдерді дамытуға мүмкіндік туады. Ал ол дамымаған жағдайда барлығының халі мүшкіл болады да, түбінде саны аз ұлыстардың тілдері жойылып кетуі мүмкін.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі мемлекеттік тілді дамытудың ұлттық идеяға айналуы – ол алдымен қазақтарды ана тілін білуіне міндеттейді және басқа ұлыстардың тілдері мен мәдениетін дамытады.
Жанұзақ Әкім,
ғалым
(«Қазақ идеясы», Алматы, 2006 жыл).
Бәрекелді!
Таза қазақ мектептері көбейді
«Ана тілі» газетінің редакциясына Ақтау қаласы әкімдігінен жағымды жаңалық арқалаған жедел хат жетті. Хата Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен жергілікті мектептердегі оқыту тілдері қайта бекітіліпті.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатын көздейтін қаулы Ақтау қаласындағы мемлекеттік тілде білім беретін мектептер санын арттыруға, аралас мектептер санын қысқартуға бағытталған. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны былтыр 9 болса, биыл 17-ге жеткен. Оның ішінде он үші қала мектептері. Ал аралас мектептердің саны былтырғы жиырма үштен он төртке дейін кеміген.
- 2008-2009 оқу жылына дейін қала бойынша аралас мектептерді түгелдей бір тілді мектептерге айналдыру шаралары жүзеге асырылуда, - деп мәлімдейді қала әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова ханым.
«Ана тілі», 14.09.06.
Шырайлы шындық