Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТІЛ ТІРЕГІНДЕГІ ТОЛАМДАР 1.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
977.41 Кб
Скачать

Тіл үшін күрескен қайраткерлер

Әлихан Бөкейханов ұлы Абайдың біраз өлеңдерін «Дала уәлаяты» газетіне бастыртқан, ақынның асыл мұрасын бір жүйеге келтіріп, кітап қылып шығартып, Абайды Еуропаның ұлы ақындарының қатарында бағалаған. Ол белгілі «Қарқаралы петициясын» ұйымдастырушы ретінде Ресей патшасы мен Сенат атына қойылған саяси талаптардың ішінде ресми іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізуді талап еткен.

А.В.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 күйі» жинағын шығарғанда Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов құнды мағлұматтар берді деп жазған болатын. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін аты аталмаған Алаш көсемінің еңбектері енді қолға алына бастады…

Тарихтан білетініміз, қазақ тілінің жанашыры, «Ұлт ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсыновтың Қарқаралы өңірінде 1896 жылдан 1907 жылға дейін тұрған ізі бар. Қарқаралыда жүріп «Қырық мысалды» жазады. Қарқаралыда болған он бір жыл туралы, оның ішінде оқу-ағарту саласындағы топтама мақалалары мен зерттеу еңбектері, баяндамалары ғажайып көсемсөз санатына жатады. «Әдебиет танытқыш», «Тіл құралы», «Әліппе» кітаптары – баға жетпес асыл сөзді оқулықтар… Бұларды зерттеу, ұлы реформатор-ғалымды толығырақ тани түсу үшін арнайы бағдарлама қажет.

Алаштың ардақтысы, қуғын-сүргін құрбаны М.Жұмабаев халық өмірінде ұлттық тілдің өлшеусіз рөл атқаратынын ұдайы ескертіп отырған. Ол «Қазақ тілі» туралы арнайы өлең жазып, оның болашақта өзіне лайықты орнын алатындығына сенім білдіреді. Төрт шумақтан тұратын өлеңде, тілінен айырылған елдің қандай бейшаралыққа душар болатындығы поэтикалық тәсілмен сурет болып көз алдыңа тұра қалады. Мағжан: «Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор балғаны» дейді.

Ұлттың ұлт болып қалуының өзі тілге байланысты деген ойды, сол кездің өзінде-ақ орыс тіліне ойыса бастағандарға, ұлтжанды оқырмандарға, ел зиялыларына арнап айтады: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарты - тілі болуы, өйткені бір ұлттың тілінде, сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады» дейді Мағжан.

Қазақ тіліне қатысты үстем саясатты патшалық Ресейден кейін Кеңес өкіметі де жаңылмай жүргізіп отырды. Ал оған қарсылық білдірген қазақ тілі жанашырларының қуғын-сүргінге түскені белгілі.

Қазақ тілінің жанашарлары ішінде аты көп аталмай жүргендердің бірі Мәннан Тұрғанбаев. Тұрғанбаев Қарқаралы уезі, Абыралы болысы, №2 Сарыапан ауылында 1886 жылы дүниеге келген. Ол 1920 жылы Орынборда шыққан «Ұшқын» және «Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген, «Алаш» қозғалысының белсенді қайраткері. Қуғынға түсіп, Семей түрмесінде 1937 жылы атылған. Артында қалған мол мұрасы зерттеуді қажет етеді.

М.Тұрғанбаев – 1919 жылы «Қазақ тілі» (қазіргі «Семей таңы») газетінің негізін қалаушы және тұңғыш редакторы болған кісі.

Имам Әлімбеков 1883 жылы Қарқаралы уезі, Ақсары болысы, Уақ қыстағында туған. Академик Р.Кареновтың «Алаштың аты аталмай жүрген қайраткері» деген мақаласында (Орт. Қазақстан, 31.01.04 ж.) былай деп жазады: Имам Әлімбековтің адам ретінде, азамат ретінде қалыптасуына Ахмет Байтұрсынов көп ықпал жасаған. Әлихан Бөкейхановтың шақыруымен Семейге Ахаң келіп, сабақ береді. 1908-1913 жылдары Имам Әлімбеков орыс-қазақ мектептерінде мұғалім бола жүріп, қазақ тілі және әдебиетінің тарихымен, теориясымен шұғылданды, халықтың көркемсөз мұрасын жинау, жүйелеу, зерттеу ісіне араласты, баспасөзге мақала жазды.

«Қазақстан коммунисі» журналының 1981 жылғы 8-санында: «Имам Әлімбеков – «Алаштың» Семей облыстық ұйымы төрағасының орынбасары, «Алаш» партиясының орталық үні – 1918-1919 жылдары шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің редакторы, «Алаштың атты әскерлер полкін жасақтаушылардың бірі» деп жазылған. Имам Әлімбеков қуғын-сүргінге 1929 жылдан бастап түсіп, НКВД-ның «Голощекинге қастандық жасауды ойластырған топ» деген қылмыстық іспен тұтқындалған 44 адамның ішінде Имам Әлімбеков пен М.Жұмабаев екеуі Кольскі түбегіне айдалады.

1935 жылы жазушы М.Горькийдің әйелі Пешкованың көмегімен Мағжан мен Имамды босатқызып алғаннан кейін, Имам Қарқаралыға қайтып келіп, туған ауылы, өзі салғызған Бесобадағы мектепте мұғалім болып екі жыл істегеннен кейін, 1937 жылы наурызда «халық жауы» ретінде ұсталып, «Алаш орда» партиясының үгітшісі және мүшесі» ретінде ату жазасына кесіліп, сол жылы 17 қыркүйекте атылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]