- •Тіл төңірегіндегі толғамдар
- •Замана талабы
- •Мәселе қайда жатыр...
- •Елбасы айтады
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін
- •Өткен ғасыр сабағы – бүгінге сын Мемлекеттік тілдер («Дала уалаяты», №13, 1891 жыл)
- •(Қазақ тілін мәһкәмаларда жүргізу туралы) Қазақстанның губірналық һәм ояздық сәуәт комитеттерінің төрағаларына
- •Жүз жыл бұрын жазылған құзырхат
- •1905 Жылғы 26 маусым,
- •Ұлылардан – ұлағат
- •Қазақ тілі жоғалмас
- •Міржақып Дулатұлы:
- •Мектеп қай тілде болуы керек?
- •Мұсадан хат келді
- •Олай емес «казахский язык!»
- •Перевод
- •Тіл үшін күрескен қайраткерлер
- •С.Оспанов, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының директоры. Сәкен сынды ұл қайда?
- •Қазақ Мырзажан атаған жанашыр
- •Қазақша хатқа орысша жауап бергені үшін жауапкершілікке тарту керек
- •Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің басшыларына хат
- •Үкімет тілге шындап бет бұра ма?
- •Пікір. Ұсыныс. Тілек. Ортақ тіл ортақ рухты қалыптастырады
- •2002 Жылғы 1 қазан. Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі
- •2002 Жылғы қыркүйек пен 2003 жылғы маусым айларындағы өсу үрдісі
- •Інжу-маржан тіл туралы мақал-мәтелдер
- •Ұлы ойшылдар – тіл туралы
- •Р.Эмерсон.
- •С.Малов.
- •Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
- •Құжаттар сөйлейді
- •Деректер мен дәйектер
- •Тіл туралы:дұрыс сөздер мен бұрыс сөздер
- •Қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек.
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Мұхтар Әуезов.
- •Ғабит Мүсірепов.
- •Халел Досмұхамедов.
- •Ілияс Омаров.
- •Темірбек Жүргенов.
- •Бауыржан Момышұлы.
- •Ескертпе сөз
- •Гейдар Әлиев.
- •... Оларды таптап кетеді
- •Тәуелсіздіктің екі түрі немесе Рух пен Қарын егемендігі
- •Иманғали Тасмағамбетов,
- •Хасен Оралтай,
- •Нәмет Келімбетов,
- •Мұхтар Мағауин,
- •Амангелді Айталы,
- •Бекет Тұрғараев,
- •Владимир Козлов,
- •Ойлы оқиға
- •Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер
- •Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті
- •Өткеннен үлгі
- •Бос сөзге орын қалмайды
- •Адымен мемлекеттік тілді дамытайық...
- •Таза қазақ мектептері көбейді
- •Менімен қазақша сөйлес...
- •Қазақ кодексі
- •Тілдің аяғына тұсау болған себептер
- •Бағдарлама ұсынамын
- •Сот үкімін орындауға «Комсомольская правда-Казахстан» мен «Известия-Казахстан» басылымдары да
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Оралхан Бөкей,
- •Алтын сөз:
- •Тіл тұтастығы туралы
- •Сұлтан Оразалинов,
- •Мемлекеттік тілдің мәселесін партизандық тәсілмен шешуге болмайды
- •Темірхан Медетбек,
- •Ұрымтал сөз:
- •Өзгені ғайбаттауды доғарып, істі ширатайық
- •Сенат селт етті...
- •Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты...
- •Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі...
- •Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі...
- •Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
- •Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті
50 елінің қатарына қосу жөніндегі стратегиясын жүзеге асыру
мақсатында жасалған Үкіметтің 2006-2008 жылдарға
арналған іс-қимыл бағдарламасынан:
Қазақ тілін және Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру маңызды басымдық болып қалады. Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі барлық азаматтардың белгілі дәрежеде мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау болып табылады. Өңірлік деңгейде облыстарда мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталықтарын құру үшін ресурстар бөлінуі тиіс.
Өзекті сөз
«Қай мемлекетте отырсың?»
… Темірбек Жүргенов 1936 жылы халық комиссарларын жинап алып, қазақ тілінде мәжіліс өткізіпті… Сонда «түсінбедім» деген орысқа «қай мемелекетте отырсың?» деп қарсы сұрақ қойған екен…
«Ана тілі», 13.10.05.
Өнеге деп осыны айт!
Асыл топырақ
(Эфиопия ертегісі)
Еуропалық екі оқымысты Эфиопияға арнайы сапармен келіпті. Олар Эфиопияның тау-тасын қалдырмай аралап танысыпты. Асқар тауын, жосылған жолын, өзен-көлдерін мұқият картаға түсіріпті.
Қауесет жерде жатқан ба, хабар императорға жетіпті. Еуропалықтардың өз елін картаға түсіріп жүргенін білген император олардың қасынан екі елі қалмайтын қосшы қосыпты. Еуропалықтар араға жылдар салып ісін аяқтайды. Сол сәтте баяғы қосшы императорға келіп, мән-жайды баяндайды:
- Оқымыстылар бар көрген-білгенін қағазға түсірумен болды, - дейді ол. – Ніл өзені бастауын, өзендердің таудан қалай құлап ағарын бақылады. Тауда алтын мен күмістің қаншалық екенін байқады. Жосылған жолдар түгілі соқыр соқпақтарға дейін картаға түсіріп алды.
Император қонақтардың қандай іс тындырғанын түсінді. Елдеріне аттанғалы тұрған еуропалықтарды көргісі келгенін айтып, шақыратын шапқыншы жіберді.
Оқымыстыларды жылы жүзбен қарсы алған император оларды аста-төк дастарханда күтіп, қонақ етіп, баға жеткісіз қымбат сыйлықтар тартулады.
Жағалауға дейін олардың аяғын жерге тигізбей император қызметшілері аса зор құрметпен жеткізіп салды. Қонақтардың да көңілі шат еді.
Еуропалықтар корабльге отырар сәтте оларды императордың қызметшілері тоқтатты. Аз аялдап, аяқ киімдерін шешуді өтінді. Сөйтті де қонақтардың бәтеңкелерін қағып-сілкіп, мұнтаздай етіп тазалап, өздеріне қайтарды. Ғаламда жоқ тосын дәстүрге таңқалған қонақтар:
- Бұларың қандай дәстүр? – деді.
- Сіздер мұнда алыс та алып мемлекеттен келдіңіздер, - дейді сонда императордың қызметшісі, - Эфиопияның әлемдегі ең сұлу ел екенін көздеріңізбен көрдіңіздер. Туған жер – біздің асылымыз. Туған жер топырағына егін егіп, тіршілік етеміз. Малымызды туған жер нәріне жаямыз. Шаршап-шалдықсақ туған жер төсіне аунап-қунап демаламыз. Бауырлар көз жұмса – туған жер қойнына тапсырамыз. Сіздер тау-тасты аралағанда, орман-тоғайды кезгенде көрген жолдар мен сан түрлі соқпақтарда ата-бабаларымыздың ізі жатыр сайрап. Біз де, біздің ұрпақтарымыз да сол жолдармен жүреді, сол соқпақтармен армандарға беттейді.
Эфиопия жері – біздің Анамыз. Эфиопия жері – біздің Атамыз. Туған жер – біздің Бауырымыз. Сіздерді қонақжай бейілмен қарсы алып, қымбат тартулармен аттандырып тұрмыз. Алайда, Эфиопия жері, Эфиопия топырағы – соның бәрінен де жоғары, бәрінен де асыл, біздегі бар байлықтан да қымбат. Туған жер топырағына баға жетпейді. Сондықтан да туған жер – туған топырақтың титімдей қиыршығын да жат жұрттықтарға қимаймыз.
... Бәтеңкелеріңізді қағып-сілкіп жатқанымыз сол...
Аударған Құлбек Ергөбек,
ғалым.