Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

29.Радиоэкологиялық проблемалар.

Жер шарындағы экологиялық жағдай күннен-күнге шиеленісе түсуде. Бұрын-соңды болмаған саяси әлеуметтік экономикплық даму үрдістерінен өзіне ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығыршықтан шығу жолы іздестірілуде. Дүниежүзілік өркениетті елдер арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастарының молаюы мемлекеттік экологиялық сараптауды күейтуді қажет етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тазалығына сараптама жасау 1980 жылдан бастап қолға алынған. Өйткені химиялық тыңайтқыш арқылы алынған өнімдер әлдеқайда арзан, ал таза өнімдердің бағасы жоғары болып келеді. Күн сайын адамзат алдында экологиялық проблемалардың саны артып, оны шешу жолдары қиындай түсуде.

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарық, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада,183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде – 225, АҚШ – 1032, Қазақстанда - 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккенді көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан және Пәкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин, Яр (Ресей) мен Лобнор(Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.

Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында ұолданылды.Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихында бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар.

Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі болыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған.

30Атом энергиясы

Атом өнеркәсібі — уран кенін өндіру, өңдеумен шұғылданатын, одан атом энергиясын (ядролық энергияны) өндіретін және сол энергияны пайдаланып жұмыс істейтін өнеркәсіп саласы. Ядролық энергия өнеркәсіпте, ғылымда, медицинада және басқа салаларда пайдаланылады. Дүн. жүз. тәжірибеде А. ө-нің әскери және азаматтық бағыттары қалыптасқан. А. ө. атом ядросының ыдырау процесінен туатын энергияны пайдалану принципімен жұмыс істейтін атом электр стансасын (АЭС) салу, ядролық энергияны пайдаланып кеме, поезд жүргізуге және самолет, ракета ұшыруға арналған қондырғы — атом қозғалтқышын жасау негізінде дамыды. А. ө. 50-жылдардың орта шенінде, атап айтқанда, 1954 ж. бұрынғы КСРО-да (Обнинск қ.) тұңғыш АЭС (қуаты 5 Мвт) іске қосылғаннан кейін жеке өнеркәсіп саласы болып қалыптасты. Бұдан кейін Колдерохоллда (Англия, 1956), Шиппингпортта (АҚШ, 1957) АЭС-тары іске қосылды. 1997 ж. барлығы 437 АЭС жұмыс істеді. Олар дүн. жүзіндегі электр қуатының 17ы-ін өндірді. Қазақстан уран қорының молдығы жөнінен дүн. жүз-де 1-орынды иемденеді. 50-жылдардан бастап Қазақстандағы 20 кен орнында уран өндіру жұмыстары жүргізілді.Қазақстанның барлық аймақтарында уран өндірумен айналысатын өндіріс орындары бар. Олардың ең ірілері: Тың тау-кен химия комбинаты (Орт. Қазақстан), Ертіс химия-металлургия зауыты (Шығыс Қазақстан), Каспий жағалауы тау-кен металлургия комбинаты (Батыс Қазақстан), Оңт. Қазақстан кен басқармасы, т.б. Қазақстандағы тұңғыш АЭС Ақтау қ-нда салынған (1973) шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін БН-350 реакторы бар энергия комбинаты. Ол Маңғыстау облысын энергиямен жабдықтайды, сондай-ақ, әлемдегі су тазартатын бірден-бір атомдық қондырғы болып табылады (реакторды 2003ж. тоқтату көзделген). Бұдан басқа Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығында 4 зерттеу реакторы жұмыс істейді. Оның 3-еуі Курчатов қ-ның маңында, 1-еуі Алматы қ-ның жанындағы Алатау қалашығында орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]