Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

80. Фенотип анықтамасы.

Фенотип(грек.phaino-көріну және тип)- организмнің онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерініңжиынтығы.Фенотип организмнің тұқым қуалау негізі болатын генотип пен сол организмнің дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайлары өзара әрекеттесуінен пайда болады.1909ж.фенотип терминін алғаш рет дат ғалымы В.Иогансен ұсынды.Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды,ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады.Генотип пен фенотип арасында нақты күрделі байланыс болмайды,яғни генотиптің өзгеруі әрқашан фенотиптің өзгеруімен қатар жүрмейді.Сондықтан генотиптері толық түрде бірдей болып келетін бір жұмыртқалы егіздердің өзі әр түрлі тіршілік жағдайларында дамып жетілген болса,олардың арасында айтарлықтай үлкен фенотиптік айырмашылықтарды байқауға болады. Микроэволюция барысында сұрыпталу дара бастардың фенотиптері бойынша жүріп отырады.Соның нәтижесінде популяцияда генотип арқылы бақыланатын қажетті деген фенотиптері бар даралар сақталып отырады.Популяцияда генотипі әр түрлі дара бастар болған жағдайда фенотип б.ша сұрыпталу генотип б.ша сұрыпталуға алып келеді. Генотиптік өзгергіштік болған жағдайда фенотип б.ша сұрыпталу ешқандай нәтиже бермейді.Мұны Иогансен таза линияларға жүргізген сұрыпталу тәжірибелер арқылы көрсетіп берді.

81.Абиотикалық фактор анықтамасы.

Абиотикалық факторлар-өлі табиғатты әсері (жылу, жарық, қысым, ылғалдылық, радиоактивті сәулелер, жел, судың химиялық құрамы)

Абиотикалық факторлар қасиетіне байланысты:химиялық және физикалық болады.

Химиялық факторлар: ауа құрамы, ондағы әр түрлі заттар, су түбіндегі қалдықтар.

Физикалық факторлар: ауа ылғалдылығы, су буының мөлшері, газ қысымы,күн сәулелерінің радиациясы.

82.Биотикалық фактор анықтамасы.

Биотикалық фактор,биогендік фактор-организмдердің тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері.Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы,мұнда әр түрге жататын организмдер бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді.Мысалы,жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір организм екінші бір организмді қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді,т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мыс., ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері,ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы,т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады.Түрішілік биотикалық факторға жануарлар,өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез құлығы т.б. әсерлер жатады. Түраралық биотикалық факторға комменсализм(сіңісу),симбиоз(селбестік),нейтрализм(бейтарап селбесу),масылдық(басқа организм есебінен күн көру),жыртқыштық әсерлер жатады.Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекшк ауытқуы организмдердің қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей болмайды,соның нәтижесінде табиғи тепе теңдік бұзылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]