Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

34 Либихтің минимум заңы

Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б жатады.

Оптимум ережесі. Кез келген фактордың организмге оң әсер ететін шектері болады. Фактордың жоғары немесе төмен дәрежедегі әсері организмге теріс әсер етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдіктің өсуіне кері әсер етеді. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық фактордың опттимум вймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмнің тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум аймағы жатыр.Шектеулі факторлар ережесі – бұл ереженің маңыздылығы сол, жеткіліксіз, тапшы немесе мөлшөрден көп факторлар әсері организмге теріс әсер етеді, сонымен қатар басқа факторлардың да мүмкіндіктерін тіпті ол фактор оптимум жағдайда болса да төмендетеді.

Неміс ғалымы Ю.Либих (1840 ж.) топырақтағы әр түрлі химиялық элементтердің өсімдіктерге әсерін зерттей келе мынадай тұжырым жасады: «Өнімділік ең аз мөлшердегі затқа (факторға) байланысты». Бұл пинципті минимум ережесі немесе Либих заңы деп атайды. Либих өз заңын тұжырымдай келе шектеулі мүмкіндіктер ретінде аса маңызды топырақтағы аз мөлшердегі аз мөлшердегі химиялық элементтерді есептеді. Олар микроэлементтер деп аталады.

Шектеулі тек абиотикалық фактор болмауы да мүмкін. Мысалы, інжірдің отаны жерорта теңізі, ал тозаңдатушы-Blastophaga psenes арасы болып табылады. Калифорнияға жерсіндірілген інжір тозаңдатушы араларды алып келгенше жеміс бермеген.

35.Шелфордтын Толеранттық заңы

Толеранттық, төзімділік – адамның әлеуметтік өмірдегі тұрмыс-тіршіліктегі әр түрлі процестерге, қоғамдағы әртүрлі қайшылықтарға барынша сабырлы және орнықты қарым-қатынасы. Адамның жеке өміріндегі, қоғамның дамуында кездесетін көптеген қиындықтар, үйлесімсіздіктер, ауытқулар объективтік сипаттағы заңды құбылыстар. Олар тұлғаның жеке өміріндегі әлеуметтік субъектінің рухани жетілу барысында қажетті асулар, маңызды баспалдақтар. Қиындықтарды жеке білу адамның әлемге деген қатынасының белгілі бір оңды бағытта, құндылықты бағдарда қалыптасуына негіз болады. Сонымен қатар осы қатынастардың негізінде дүниетанымдық жүйеде мағыналық негізде шынайы руханилықпен, мәнділікпен көмкерілген құрылымдардың қалыптасуына мүмкіндік ашылады. Толеранттық адамның дүниеге қатынасындағы қарапайым шыдамдылықпен біршама биікке көтерілген деңгейі. Өйткені шыдамдылық адамның табиғи қасиеттерінің маңызды көрінісінің бірі болса, төзімділік осы шыдамдылықтың сабырлықпен астасқан сапалы көрінісі болып табылады. Шыдамдылық табиғи қайсарлық, табиғи рухтың мықтылығы көмектессе, төзімділікке парасаттылық пен зерделіліктің, ақыл мен руханилықтың өзара бірігуі негіз болады. Сондықтан толеранттық ешкашанда пенденің кез-келген шешімге басын шұлғып, қиынсыз әр нәрсеге көнгіштік танытумен, принципсіз іс-әрекеттерімен, қоғамды бұзушыларды қолданумен айқындалмайды. Ол адам үшін негізінен ақиқаттың шынайы жолына, тұлғалық жетілудің биігіне баратын алғашқы баспалдақ іспетті. Толеранттық өзінің дүниетанымдық көкжиегіне құрамдас бөлік еткен адам ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, парасаттылық пен зұлымдықтың ара жігін ажыратуға мүмкіндік алады.

Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер етеді.

Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 ж. В.Шелфорд болды.

Шелфордтың толеранттық заңы: экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латынша tolerantia-шыдау, төзім), яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]