Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

11. Биосферанын құраушылары

Вернадскийдің биосфера геологиялық кездейсоқ емес әр түрлі 7бөліктерден тұрады деп есептеді:тірі зат,биогенді,өлі,биологиялық өлі,радиоактивтті ыдыраушы заттар,шашыранды атомдардың заттары және космостық заттар. Мұның ішінде алғашқы 4уі маңызды болып саналады. Тірі зат. әдебиетке бұл ұғымды Вернадский енгізді. бұл химиялық құрамы,энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы. Биогенді зат(көмір,мұнай,әк тас,шым тезек және т.б.)-Жердің бүкіл геологиялық тарихында тірі организмдер құрған, қуатты энергия көзі болып табылатын органикалық және органо-минералдық заттар. Өлі заттар-түзілу процесіне тірі заттар қатыспаған тірі организмдердің тіршілік ету орталары немесе субстрат.Биологиялық өлі заттар тірі және өлі заттардың(үгілу қабаты

12. Биосферадағы атмосфераның рөлi

Атмосфера - бiздiң планетамыздың ғарыш кеңiстiгiмен шектесiп жатыр. Жерден атмосфералық газдың молекулаларын ыдыратып, атомды ионға айналдырады. Сондықтан атмосфераның ен жоғарғы қабаты - иондардан тұрады, оны ионосфера деп атайды. Атмосфера - тропосфера, озон қабаты стротосфера, мезосфера, экзосфера, ионосферадан тұрады. Ионосферадан кейiн ғарыш бар. Әр қабаттың атқаратын функциясы, газдардың құрамы, биiктiк деңгейi, тығыздығы бар.

Атмосферанын газдык курамы:

1. Азот (N) - 78,08%

2. Оттегi (O) - 20,95%

3. Аргон (Аr) - 0,93%

4. Көмiрқышқыл газы - 0,03%

5. Қалған газдар - 0,01%

13.Биосферадағы гидросфераның рөлі.

Гидросфера(гидро грекше су, су қабаты) – тіршіліктің сұйықтық ортасы. Тіршілік алғаш рет ғалымдар суда пайда болған деп есептейді. Гидросфера табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін, жер бетінің жалпы ауданының 71 %-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мəңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді. Гидросферадағы су жер бетіндегі барлық мұхиттармен теңіздердің, өзендер мен көлдердің, мұз тауларының және жер асты сулары жатады.Оның жалпы қоры 2 миллиард текше километрге жуық.Жер бетіндегі ағзалардың денесіндегі су жер шарындағы барлық өзендерден судан бес есе артық. Су жануарлар салмағын 50, ал өсімдіктер салмағының 70-95 пайызындай орын алады. Суда қарапайым өсімдіктердің барлық типтерінің,жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілік типтерінің, омыртқасыз жануарлардың барлық типтерінің және омыртқалылар класының өкілдері өмір сүреді.Бұлардың кейбіреулері (балықтар,ішек қуыстылар, балдырлар, т.б. ағзалар) тек суда ғана өмір сүре алса,ал кейбіреулердің (қос мекенділер) өмірі белгілі бір кезеңде ғана сумен байланысты. Біраз жәндіктердің даму кезеңі де суда өтеді.

14. Су тіршілік ортасы.

Су-тіршілік ортасы. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71 % камтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мəңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.

Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тəн ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз концентрациясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін жатқызамызСуларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді. Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар д.а. Қазіргі кездегі гидросфера тек қазіргі кездегі тірі заттың ғана емес,ертедегі геологиялық дәуірлердің тірі затының тіршілік әрекетінің өнімі болып табылады. Ғалымдардың есептеуі бойынша бүкіл гидросферадағы судың(теңіз, мұхит, өзен, көлдер) биологиялық айналым екі миллион жылда аяқталады. Яғни су планетасының бүкіл тірі заты арқылы айналып өтеді. Әлемдік мұхиттың сулары шамамен 3000 жылда жаңарады.Ағынсыз көлдердің cуы 200-300 жылда өзендердің суы әр 12 күн сайын жаңарып отырады. Тіршілік ортасы ретінде суға тән қасиет оның қозғалғыштығы. Эволюция процесінде суда тіршілік ететін ағзалар судың қозғалғыштығына бейімделген. Мысалы, жасыл және диатомды балдырлар, су мүктері су түбіндегі тастарға бекінеді. Жануарларда да сулы ортаның қозғалғыштығына бейімделушіліктері қалыптасқан. Ағысы қатты өзендерде мекендейтін балықтардың көлденең кесінділері дөңгелек, бұл гидродинамика тұрғысынан ең тиімді пішін болып табылады. Ағынды су қоймаларында тіршілік ететін омыртқасыздар әдетте су түбінде мекендейді, денесі жалпақ,көпшілігінің құрсақ жағында су астындағы заттарға бекінетін әр түрлі мүшелері болады

Қоңыржай ендіктердің суларында мекендейтін су ағзаларының өмірінде ағынсыз су қоймасындағы судың вертикалды қозғалысы маңызды рөл атқарады. Су үш қабатқа бөлінеді: жоғары қабатында температураның маусымдық ауытқуы үлкен, ортаңғы қабаты термоклин д.а.,ол температурасының күрт өзгерістерімен сипатталады,ал төменгі қабатта температураның жылдық ауытқуы болмайды деуге болады. Жаз кезінде судың ең жылы қабаттары судың бетінде, ал салқын су түбінде болады, ал қыс кезінде керісінше.

15.Биосферадағы литосфераның рөлі.

Литосфера (тас қабаты лито-грекше тас, сфера шар қоршау)(тау жыныстары) барлық тірі организмге керекті минералдық элементтермен қамтамасыз ететін экосистемалардың ірі компоненттерінің бірі. Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді.Жердің қатты қабатының 16 км тереңдікке дейінгі химиялық құрамы әр түрлі.Онда бәрінен де оттек көп (50 % жетеді). Кремний оның жартысындай. Алюминий 7 %, ал темір 4 % шамасында кездеседі.Магний, кальций, калий, натрий масса бойынша 10 % орын алса, ал қалған 80 элементтің меншігіне тек 3-3,4 % қана тиеді. Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15 км тереңдікте +100˚С ден асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]