Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

78 . Популяция анықтамасы.

Популяция (лат.populus-халық, тұрғын халық) – белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың пайда болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы жән үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы, бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статикалық сипаттамалары(саны,тығыздығы,ареалы,орналасуы,жас ерекшелігі,жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статикалық сипттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу,санау арқылықысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипаттамаларын анықтау ұзақ мерзімді(бір ұрпақ жаңаратындай)қажет етеді; Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады.Сондай-ақ,популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Кейбір жануарлардың(шегіртке,бөкендер т.б) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі.

Популяция терминін 1903ж.Дания биологы В.Иогансен енгізді.Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық,генетикалық,экологиялық бағыттарды біріктіретін биологиялық жаңа саласы-популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу,зиянды түрлердің санын тежеу,экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде(интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.

79. Генотип анықтамасы.

Генотип (ген және грек.typs-пішін,үлгі)- тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы."Генотип" терминін 1909ж. Дания генетигі В.Иогансен ұсынған.Оған барлық геном(ядролық гендер) мен плазмогендер(цитоплазмалық гендер) жатады. Генотип организмдегі тұқым қуалаушлық қасиеттің негізі болып есептеледі.Генотип болашақ организмнің дамуында,құрылысында,тіршілігінде,яғни барлық белгілерінде,қасиеттерінде,фенотипінде көрінеді. Организмнің тұқым қуалау белгісі немесе қасиеттері, оның дамып қалыптасуы генотиптің құрамындағы белгілі бір геннің қызметіне байланысты болады,сондықтан бір геннің қызметі өзін қоршаған генетикалық ортаға байанысты.Мыс.,өсімдік жапырағына жасыл түс беретін пигмент хлорофильдің түзілуін белгілі бір ген анықтайды.Ал ол ген өз қызметін атқару үшін оған қолайлы жағдай,яғни жарық қажет.Сонда ғана жапырақ жасыл түске боялады.Ал ол ген өз қызметін атқару үшін оған қолайлы жағдай,яғни жарық қажет.Сонда ғана жапырақ жасыл түске боялады.Егер өсімдікті қараңғы жерде өсірсе, ол бозарып кетеді,себебі,ген өзінің қызметін толық атқара алмағаны.Генотиптің сыртқы және ішкі орта жағдайларымен байланыстылығы организмнің фенотиптік белгілерін дамытады.Кейде организмдердің генотиптері ұқсас болғанымен,әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамуына байланысты,фенотиптері түрліше қалыптасады.Мыс., бір енеден туған егіз қозыны екі түрлі ортада өсірсе, күтімі жақсы болғаны тез өсіп жетіледі де,ал күтімі нашар болғаны көтерем болып қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]