Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

41. Ағзалар арасындағы қарым қатынастар

Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік ету барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым – қатынастардың негізгі типтер: бәсекелестік,жыртқыштық, комменсализм, мутуализм,симбиоз,синойкия, паразитизм. Бәсекелестік – бір н.е бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы т.б ресурстардың жетіспеуінентуындайтын қарым-қатынас. Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғары формасы ретінде бағалаған.бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп,екіншісін ығыстырады н.е жойып жібереді.кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқ.емес басқа да(мінез құлық, тұрақ үшін, аумақтық т.б)факторлардың жетіспеуінен де болады. Жыртқыштық- қорек, аумақ т.б ресурстар үшін бірін бірі өлтіру,қуу, жеу арқ.көрініс береді.Жыртқыштық-түрлер арасындағы қарым қатынастардың жоғарғы ф.сы. жыртқыштық орг.р үшін оңайға түспейді. Жыртқыш жемтігін іздеп, тауып,ұстауы к.к. жемтік жауынан қорғану үшін жоғары бейімделушілік қасиетке ие. Олар өсімдіктерде тікен,жағымсыз иіс түрінде берілсе,жануарларда улы без, панцирлер,қорғаныс түстер,түрін өзгерту, қашып кету т.б құбылыстар арқ.жүзеге асады. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мыс.,қасқыр көпқоректі болса,кейбір құстар тек балықпен қоректенеді. Паразитизм – бір түр өкілінің екінші түр өкілін қорек н.е тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқ.тіршілік етуі. Бұл процестер бактериядан бастап жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы ж.е ішкі паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы н.е өте қауіпті ауру тарататын түрлері де бар. Мыс.,біздің жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп,ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, қатерлі аурулар(сүзек,тырысқақ, безгек т.б)таратады. Симбиоз- екі түрге жататын организмдердің кеңістікте біріне бірі еш зиянын тигізбей,керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мыс.,құмырсқа мен өсімдік биті,шаян мен актиния арасындағы селбесіп тіршілік етуі жатады. Комменсализм – бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып, оған ешбір зиянын тигізбеуі.кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы н.е қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мыс.,ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Бұл симбиоздың бір ф.сы ретінде белгілі. Мутуализм – әр түрге жататын орг.дің бір біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі. Мыс.,құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс. Зоохария – жануарлардың орын ауыстыру арқ.өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату. Зоохария-өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәт.де өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер п.б олар құстар, сүтқоректілердің ж.е басқа жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп,осы арқ.алыс кеңістіктерге таралуы. Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын – пассивті (эктозоохория) дейді.ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқ. таралады. Оларды – активті (эндозоохориялық) таралу жолы дейді. Аллелопатия – организмдердің денесіне өзіне тән химиялық заттар шығару арқ. Қарым қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс н.е жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мыс.,кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп,томат т.б)теріс әсерін тигізсе,ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейді. Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқ.қарым қатынас жасаудың тағы бір түрін – аменсализм д.а.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]