Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология бари )))).docx
Скачиваний:
350
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
177 Кб
Скачать

4. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері жəне құрылымы

Экология ғылымы күрделі де көп қырлы. Қазіргі таңда экология тарамдалған жүйелер деп қарастырылады. Мұнда шартты түрде бірнеше үлкен бағыттарды: биоэкология, геоэкология, қолданбалы экология, адам экологиясы, әлеуметтік деп ерекшелеуге болады.Қазіргі кезде экология ғылымы жаратылыстану, техникалақ және қоғамдық құбылыстарды біріктіретін пәнаралық білім. Сондықтан экологияның барлық бағыттарының негізінде биоэкология іргетас идеялары жатыр.Биоэкологиялық жүйелерді зерттеу бойынша биоэкология:

-аутэкология(особьтар және организмдер экологиясы);

-дэмэкология(популияциялар экологиясы);

- эйдэкология(түрлер экологиясы);

-синэкология(қауымдастықтар экологиясы);

- биогеоценология(экожүйелер туралы ілім);

- ғаламдық экология болып бөлінеді.

Органикалық әлемнің ірі систематикалық категорияларын сәйкес биоэкологияны:

  • микроорганизмдер экологиясы;

  • саңырауқұлақтар экологиясы;

  • өсімдіктер экологиясы;

  • жануарлар экологиясы деп бөледі.

Жалпы экология (экзоэкология) – тірі материяның жоғары: организм, популияция, түр, биоценоз, биогеоценоз, биосфера деңгейлерін зерттейді.

Жалпы экологияның негізінде: экологиялық морфология, экологиялық физиология, экологиялық систематика, экологиялық генетика, биохимиялық экология сияқты жаңа пәндер пайда болды. Бұл деңгейлерді экологияның жаңа бөлімі эндоэкология зерттейді.XX ғасырдың 90-шы жылдары экологияда жаңа бағыт – геоэкология дами бастады. Геоэкология қоғамдық, техникалық және жаратылыстанудың көптеген бағыттарымен тығыз байланыста жеке ғылыми бағыт ретінде дамуда.Қазіргі кездегі экологияның басты бағыттары болып адам экологиясы және әлеуметтік экология болып табылады.Адам экологиясы – кешенді антропожүйе мен биосфераның бір біріне әсер етуі заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Әлеуметтік экология – қоғам-табиғат жүйесіндегі қарым қатынастарды, қоршаған ортаның қоғамға әсерін зерттейді.1974 жылы американдық эколог Барри Колемонер биоэкология мен әлеуметтік экология ережелерін толықтырып экологияның негізгі төрт заңын тұжырымдады:

1. Табиғатта бәрі өзара байланысты.

2. Мәңгілік ешнәрсе жоқ.

3. Табиғаттың талғамы күшті.

4. Өздігінен ештеңе болмайды.

Экология - биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады. Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Ікезең. Биоэкологиялык зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдын аяқ шенін камтиды. Мəселен, К. Линей (1707-1788), Ж Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас 71741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан Уəлиханов (1835-1865), т.б. экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.

ІІ кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу жəне даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды.

ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл ғаламдық ғылымдар мен əлеуметтік, экономикалық жағдайлар жəне проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы жəне адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дəрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дəрежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]