- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Мемлекеттік қызмет және басқару»
- •5В030100 - «Құқықтану» мамандығы студенттері үшін
- •Мазмұны
- •4. «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәнінің мазмұны
- •4.1 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәнінің тақырыптық жоспары
- •4.2 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәні бойынша дәрістің тақырыптық жоспары
- •4.3 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» бойынша практикалық (семинар) сабақтарының тізбесі мен мазмұны
- •4.4 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәні бойынша студенттердің өздік жұмысының мазмұны
- •4.5 «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша соөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер:
- •Негізгі әденбиеттер:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •6. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /10 сағат/
- •8. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •10. Әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер:
- •Негізгі әденбиеттер:
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1.1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері.
- •1.2. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері.
- •1.3. Мемлекеттік басқару механизмі (тетігі).
- •2.1. Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі.
- •2.2. Мемлекеттік басқарушылардың конституциялық (негізгі) қағидалары.
- •2.3. Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.
- •3.1. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылыќ құрылымының түзілуі.
- •3.2. Мемлекеттік органның жіктелу негіздері.
- •3.3. Мемлекеттік орган: жасалу тәртібі мен копетенциясы.
- •1. Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары.
- •3. Мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары.
- •1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жіктелуі.
- •2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жоспарлау, дайындау және келістіру.
- •3. Нормативтік құқықтық актілер мәтінінің реквизиттері, құрылымы мен жазылу стилі.
- •1. Басқарушылық процесс және оның сатылары.
- •2. Жекеленген құқықтық актілер.
- •3. Басқаратын қатынастар және олардың классификациясы.
- •2. Мемлекетті басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
- •3. Мемлекеттік басқарудың ғылыми қамтамасыз етілуі.
- •2. Мемлекеттік қызмет ұғымы, мәні және принциптері.
- •3.Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері.
- •1. Штаттар мен мемлекеттік органдардың жеке құрамы.
- •2. Мемлекеттік қызметтің жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік қызметке орналасудағы азаматтардың конституциялық құқығы.
- •2. Мемлекеттік қызметте орнын басудың тәртібі мен тәсілдері.
- •3. Мемлекеттік әкімшілік қызметтер котегорияларына қойылатын біліктілік талаптар.
- •1. Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.
- •2. Лауазымды адамның компетенциясы.
- •1. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.
- •2. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы негіздері.
- •3. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері.
- •1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің концептуальды реформасы және кадрлар саясатының негіздері.
- •2. Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен қамтамасыз ету.
- •Глоссарий
- •«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» арнайы курсы бойынша
2.3. Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.
Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) қағидалары салалықпен толықтырылады. Салалық қағидалардың қызметтік рөлі – олар бір басқару саласын екіншісінен шектеу үшін негізін құрайды. Әйгілі ғылыми ереже бойынша басқарудың негізг құрылымдық заңдлығы болып объектінің мақсатқа, басқару субъектісі мен қағидасына анықтаушы рөлі танылады. Осыған байланысты салалық қағида жүйесін құру басқару объектісінде пайда болады.
Кең қолданылуының жалпы сипатына ие конституциялық қағидалардан айырмашылығы, салалық мемлекеттік басқарудың жеке салалары экономикада, әлеуметтік салада және әкімшілік-саяси құрылыста арнайы ерекшеліктерін бейнелейді. Басқарудың салалық қағидалары өіне сәйкес қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды актілерде тіркеледі.
Экономика саласындағы мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары республиканың нарықтық қатынастарының дамуы және заңдылықтың қалыптасу әсерімен құралады.
Еліміздің Президентінің «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына жолдауында мықты нарықтық экономикада қаланатын, мемлекеттің белсенді рөлі мен едәуір шетел инвестицияларын тартумен пайда болатын, экономикалық өсу стратегиясында құрылатын негізгі қағидаларды анықтайды. Бұл жерде мемлекеттік белсенді рөліндегі экономикасына мемлекеттің шектеулі түрде кедергі келтіруі, нарықтық ережеерді сақтауды бақылаудағы, жеке сектор мен ұлттық капиталдың белсенділіген қалыптандыру мен көмек көрсетуде қағидалық мәнге ие негіздік ережелер туралы сөз болып отыр.
Экономиканың бөлек саласындағы басқару қағидалары өндірісті ұйымдастыруға, басқару органдарын құруға, олардың ведомствоаралық кәсіпорындармен және басқа да шаруашылық субъектілермен өзара қатынастарына қойылатын негізгі талаптар түрінде айқындалады, мысалы: 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңында келесі қағидалар құрастырылған: бірлік, бүтіндік немесе толықтық, шынайылық, барлық бюджеттердің биліктілігі мен өзбетіншелігі.
№3-Тақырып. Мемлкеттік басқарудың ұйымдастырушылыќ құрылымы
3.1. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылыќ құрылымының түзілуі.
3.2. Мемлекеттік орган негізінің жіктелуі.
3.3. Мемлекеттік органның жасалу тәртібі және компетенциясы.
3.1. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылыќ құрылымының түзілуі.
Мемлекеттік басқарудың қоғамдық дамуы объективті жақтарымен қоса субъективті факторларға да байланысты. Мемлекеттік басқарудағы жұмыс объективті жағдайлар мен факторлары ішкі ортаны құрайды. Бұл жағдайларды ескермеу немесе басқа да мемлекеттік басқару құрылымына өзгешеліктер енгізу жақсы жағдайларға алып келмейді. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын шетел модельдеріне көшіру не механикалық көшіру әр мемлекеттің басқаруына және өз жеріне сай келуіне көп пайда алып келмейді. Ал өз жергілікті жағдайын есепке алса ол мемлекеттік басқаруда өзінің моделін жасап шығуға көр мүмкіндіктер туғызады. Объективті басқару жағынан мемлекетті басқаруда ұйымдық құрылымына өз әсерін құрылым және басқару объектілерінің жағдайы көрсетеді.
Соның ішінде нақты ұйымдастыру құрылымы жоспарлау кезінде ең үлкен мағына береді және басты мемлекеттік орган құруды, оның құзырын білдіруді айқынайды.
Субъективті мемлекеттік басару жағынан мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымы ең алымен мемлекеттің функциясы. Бұның соңғы кезеңі болып ұйымдастыру құрылымы және мемлекеттік органның компетенциясын белгілеу қазіргі уақытта мемлекеттің функциясының қажеттілігін білу; мемлекеттік басқаруды жақсарту үшін қорытынды және органдардың арасында тиімді нұсқаларды іздеуде болады.
Мемлекеттік басқарудың ішіндегі субъективті факторлар арасында мемлекеттік аппараттың кадрларын атап өтуге болады. Мемлекеттік бақаруда ол кадрлардың дайындық деңгейі мен құзіреттілігі үлкен әсерін тигізеді. Ал дайындығы мен компетенциясы төмен кадрлардың жұмысы мемлекеттік аппараттың жұмысына кері әсерін тигізеді.
“Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында былай делінген: “қазіргі кезеңде біздің елімізді мемлекеттік аппаратта қызмет жасайтын адамдардың арасында жоғары кәсіпқой деңгейде өзін көрсете алатын, патриотық және стратегиялық міндеттерді шеше алатын қызметкерлер өте аз. Мемлекетіміздің басшысы мемлекеттік аппараттың құрылымын реформалаумен қатар кадрлар саясатына өте көп көңіл бөліп отыр. Бұл сұрақтар бір-бірімен тығыз байланыста. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеруде, аппараттың алуан қызеті мен Республиканың бюджеін үнемдеу жолында 1997 жылы 4 наурыздағы Ν2377 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен “Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін реформалау жолдары” атты жолдауына байланысты дербес мемлекеттік органдардың саны 47-ден 25-ке дейін қысқартылған, соның ішінде министрліктер саны 20-дан 14-ке қысқартылып отыр.
Мемлекеттік орган – мемлекеттік аппараттың және мемлекеттік механизмнің негізгі элементі болып табылады. Бірақ олардың сандары мен біліктілігіне қарамай мемлекеттің өзіне тән ортақ қасиеттері бар. Әрбір орган бірнеше адамдар ұжымынан құралады (кейде бір адамнан), басқаруда, қоғамдық еңбекті бөлуде мемлекет тарапынан мемлекеттік өкіметтің мәселелерін шешуге қатсуға құқылы мемлекетік органға тапсырылған, ішкі құрылымның мәселелерін шешуде және де белгілі бір қаржылық, материалдық-техникалық құрадармен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік органдар өзіне тән белгіленген тәртіппен жұмыс жасайды:
а) мемлекеттің қалауы бойынша органдардың заң жүзінде құрылуы;
б) мемлекеттік аппарат құрылымында органның орны мен рөлі;
в) мемлекеттің функциясы мен мәселелерінің туындау жағдайына қарай ерекшелендірілген функцияларын және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс түрлерін атқарады;
г) салалық қызметіне сәйкес мемлекеттік өкіметтік өкілеттіктерін бөлу;
д) мемлекеттік құрылымның заң жүзінде бекітілуі (бөлімшелер, мемлекеттік қызметтер);
е) мемлекеттік органдарда жоғары деңгейде өзінің біліктілігін көрсете алатын жеке дара адамдар реті (мемлекеттік қызметкерлер);
ж) мемлекет және өз атынан сөйлей алуы (азаматтардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау және кепілдік беру);
з) мемлекет алдында жауапты болу.