Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

3.Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік биліктің мәселелері мен функцияларын іске асыруға бағытталған қызметтік өкілеттіктерін орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі. Аталған анықтама мемлекеттік қызметтің кәсіби қызмет ретіндегі кеесі мәнді белгілерін көрсетеді:

А) мемлекеттік қызмет мемлекет ішіндегімен қатар сыртында мемлекеттік мәселелер мен функцияларды іске асырумен байланысқан;

Б) мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік саласы және әкімшілік-саяси құрылысты дамыту бойынша мәселелері мен функциялары мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқарудың кәсіпқойлық қызметі, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі арқылы шешіледі. Бұл қызмет көптүрлі, басқарушылық функциялардың көлемділігімен, күрделілігімен және ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда мелекет пен бүкіл қоғамның қажеттілігі мен мүддесі айқындалады. Бұл аспектідегі мелекеттік қызметшілердің қызметі осы мүдделер мен қажеттіліктерді, мемлекеттік әлеуметтік мәселелері мен функцияларын іске асыруға қанағаттандыруға тікелей бағытталған.

В) мемлекеттік қызмет қоғамдағы басқарушылық іске асыруды қамтамасыз ететін, арнайы аппарат шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметік сала мен әкімшілік-шаруашылық құрылыс саласын дамыту бойынша қызметі органдар жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Г) мемлекеттік қызметтің спецификасы басқару функцияларын жүзеге асырумен байланысқан. Соңғылары мемлекеттің мәселелері мен функцияларын іске асыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік жұмысының объективті қажетті бағытталуы ретінде көрінеді. Нақ осы басқару аппаратында мемлекет функциясының мемлекеттік органдар функциясымен қосылуы болып жатады, сол сияқты мемлекеттік органдардың мәселелері мен функциялары мемлекеттің мәселелері мен функцияларына сәйкес болуы қажет;

Д) мемлекеттік қызметшілер мемлекет атынан сөз сөйлейді, сондықтан да олар өздеріне жүктелген басқару фукцияларын жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерге ие;

Е) мемлекеттік қызмет қатаң түрде Конституцияның нормаларына, заңдарға, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделеді.Басқаша айтқанда мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының талаптарына сәйкес болуы қажет;

Ж) мемлекеттік қызмет – тәжірибелік, ұйымдастырушылық қызмет, атқарушылық сипатқа ие. Мемлекеттік қызметтің барлық мағынасы мемлекеттік басқаруды әлеуметтік процесстермен ұйымдастыру үшін, өзіне сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін құрылатындығымен түсіндіріледі.

З) мемлекеттік қызмет нұсқаушылық сипаттағы қызмет, ол мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген басқару функциясын жұзеге асыру барысында өз шеңберінде заңды-биліктік нұсқауларды қолдануға құқылы болуын білдіреді. Нұсқамалық қызмет қажетті жағдайда басқару актілерінің басып шығарылуын болжайды (сонымен қатар нормативтік-құқықтық), осының көмегімен ведомтсвалық объектілерге мақсатты бағытталған әсері және олардың негізгі қызметінің бағыты қамтамасыз етледі;

И) мемлекеттік қызмет деосаясаттық сипатқа ие. Бұл мемлекеттік қызметшілерді өзіне жүктелген қызметтік функциялары мен өкілеттіктерін орындау барысында тек қана заң талаптарын басшылыққа алуы қажет және өзін қандай да бір партияның, қоғамдық бірлестіктердің не оның органдарының шешімдерімен байланыстырмауы керек. Мемлекеттік қызметшілер өзінің басқарушылық қызметінде әрекеттегі заңда көрініс тапқандай, тек шекті жағдайда мемлекеттің мүдделері мен саясатын басшылыққа алады.

Көрсетілген белгілер (критерийлер) өзінің жиынтығында мемлекеттік қызметті өзінің әлеуметтік мәні мен мазмұны бойынша күрделі кәсіби қызмет түрі ретінде сипаттайды.

9 – Тақырып. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары.

1. Штаттар мен мемлекеттік органдардың жеке құрамы.

2. Мемлекеттік қызметтің жіктелуі

3. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]