Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

3. Мемлекеттік басқарудың ғылыми қамтамасыз етілуі.

Мемлекеттік басқаруды іске асыру, мемлекеттік аппараттың барлық буындарының қызметіне талдау жасау жалпыметодологиялық базасыз мүмкін емес. Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқаруын реформалау концепциясын жете зерттеу мен басқарудың теориялық және тәжірибелік маңызы бар мәселелерді зерттеумен тығыз байланысты, ол философиялық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және басқа да аспектілерді зерттеумен тығыз байланысты, басқарудың кейбір ерекше салаларын қалыптастыру және даму заңдылықтарын зерттеу, республиканың әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістерін есептеу, мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтін жүйесін толығымен көрсету; мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру; мемлекеттік функциялардың тиімділігі мен мемлекеттік органдардың компетенциясына талдау жасау; басқару әдістері, формалары мен стильдерін жетілдіру; мемлекеттік басқарудың шетел концепциялары; республикада емлекеттік басқаруды реформалауды жасап шығарудың негізді болжамына байланысты.

Қазақстан-2030 даму стратегиясында бекітілген бүтіндей басқару концепциясына сәйкес қызметтің барлық түрлері мен аралық сатыларының кез-келген жүйесін жүйелеу соңғы мақсаттар мен басымдықтарға жетуге бағытталуы тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз етудің басты мақсат басқаруды экономикалық, әлеуметтік салалармен және әкімшілік-саяси құрылыспен тиімділігін көтеру жолдарын табу мен мәселелерін сәтті шешумен құралған. Бұл басқарушылық тәжірибеде жақсы нәтижелерге жету жолдарын іздеуде аз ғана күш, қаражат пен уақыттың жұмсалуын білдіреді. Бұл орайда мемлекеттік басқаруға сипаттың нәтижесі қоғамның мүддесімен, адамның және олардың дамуынының тарихи басымдығының көзқарасымен бағаланатынығы тән болады.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезінде әлеуметтік саланың жүйелік жолын пайдалану кере екендігі айтылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ең маңызды мәселе болып – “мемлекеттік басқарудың қоғам мен экономиканың өзгеруі өзін-өзі қиын жүйеден жай жүйеге көшуі тиіс”. Себебі, мемлекеттік аппаратта қандай да өзгерістер болса, ол емлекеттік басқару жүйесіне өзінің әсерін тигізеді. Сондықтан мемлекеттік басқаруға сай жүйе есепке алу және Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті ұйымдастыру болып табылады.

Басқару жүйесінің құрылымын басқа да бөлектенген салалар ретінде қарау, мемлекеттік басқарудың толық, ұйымдастырушылық құралы ретінде қалыптастыру, себебі мемлекеттік органдар жүйесін реформалау ол өзіне-өзі қойылған мақсат емес, оның ішкі себептері де бар. Бұл жерде мемлекеттің өзін құудағы әлеуметтік-саяси және экономикалық факторлары туралы сөз болып отыр, ол басқару процесін осы өзгерістерге алып келу, мемлекеттік аппарат құрылымын тиімді қалыптастыру, функциялардың қайталануларын болдырмау, көпбөлімді бақылау, тікелей басқарудан бас тарту, кейбір мемлекеттік функциялардың жеке меншік секторларына берілуі және т.б. Әрине бұл бағытта идеяларға жүйелі қарау жақсы нышандарды білдіреді, ол мемлекеттік басқарудың әкімшілік-командалық жүйесінен қазіргі базар экономика жүйесінде жұмыс жасау, мемлекеттік басқару жүйесінде еркін де қажеттіліктерге сай жұмыс жасауына септігін тигізеді.

Қазақстан-2030 даму стратегиясы ведомствааралық координацияның тоқтаусыз жұмыс жасауын қарастырады, ол жүйелік жақындау идеясын пайдалануды болжайды. Мемлекет басшысы “ведомствааралық және аймақаралық координация басымдық мақсаттарға тез қол жеткізудің еркін саяси көрінісі ретінде ауаудай қажет” деп көрсетеді. Министрлктер мен басқа орталық органдар арасында координацияның (үйлесімділіктің) жоқ екені, сондай-ақ аймақ арасында республиканың әлеуметтік-экономикалық өмірінде кризистік жағдайлардың бірі екені белгілі.

8-Тақырып. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің пайда болу тарихы.

2. Мемлекеттік қызмет ұғымы, мәні және принциптері.

3. Мемлекеттік қызметтің спецификалық белгілері.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің пайда болу тарихы.

Мемлекеттік қызмет терең тарихи тамырға ие. Оның тарихы мемлекет және құқық тарихымен бірге дамып келе жатыр десек те болады. Алғашқы мемлекеттік қызмет ежелгі египеттіктер мен гректерге таныс болған, себебі оларда әділет істері құқық тәртібімен малшылық бойынша арнайы департаменттері болған.

Ежелгі римдіктер мемлекеттік қызметке иерархиялық бастаманы дамытып отырған – оларда әділет, әскери, қаржы және салық, сыртқы және ішкі істер саласы жөнінде барлық империялар вертикалі тағы басқа департаменттер пайда бола бастады. Ең көп тарихы бар мемлекеттік қызмет Қытайда кездеседі. Дәл осы Қытайда алғашқы рет қызмет жүйесінің элементі пайдаланылған. Мемлекеттік қызметке тұру үшін арнайы жазбаша емтихандардан өту қажет болды. Объективті және шынайы болу үшін тесттер анонимді яғни жасырын түрде, жауаптың атауларын көрсетудің орнына, олар арнайы сандармен шифрланған болды. Ортағасырларда мемлекеттік қызмет қоғамның феодалдық құрылымының әсерінің бағынуында болған. Феодалдың және корольдердың құлдары чиновниктерге, ақсүйектерге айнала бастады. Қызметтік міндеттері нашар анықтал ды, орталық билік қызметінің күшею шаралары сатылды.

Европада мемлекеттік қызметтің қазіргі жүйесінің негіздері XVII ғасырдан бастау алады. Бірнеше ғасырлар тоғысында мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы формасын берген жүйесі дамыды.

Барлық постсоветтің мемлекеттерге мемлекеттік қызметтің адекваттық жаңа шарттарын құру мәселесінде жалпы проблемалар тән болды. Көбіне бұл советтік ақсүйектер саясатпен өте тығыз байланыста болды, бірақ заң нормаларымен жеткіліксіз деңгейде байланыста болғанымен, мемлекет аппарат қызметкерлерін таңдау мен іріктеу олардың жеке еңбектерімен өкілеттігі негізінде жүзеге асырылғандығымен түсіндіріледі. Бұдан басқа, маңызды мәселенің бірі мынада болды, кадрлардың елеулі бөлігі жұмыс тәжірибесіне тек мемлекеттік партиялық аппарат экономикалық және қоғамдық аспектінің дерлік барлығын қадағалаған жағдайда ие болатын, жаңа талаптар бойынша кадрлар мемлекеттің тез әрі жылдам өзгеру рөліне тез ыңғайланып қабылдауы қажет болды.

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, ұлттық әдет-ғұрыптар сияқты халық стандартқа да жауап бере алатынын ескере отырып, мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы жүйесін құру проблемасы тұрды. Қазақстанда мемлекет қызмет жүйесін институттандыру бастамасы 1995 ж 26 желтоқсанда қабылданған “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарғысы болды. Онда Республикада мемлекеттік қызметті ұйымдастыру негіздері, мемлекет қызметшінің құқықтық жағдайы және мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастардың әлеуметтік қорғалуы мен реттелуі белгіленген.

Аталған Жарғы қабылданған кейін 1999 ж 23 шілдеде “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР Заңы қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік биліктің мәселелері мен функциясын жасауға бағытталған өзінің қызметтік өкілеттігін орындау бойынша мемлекеттік орындаудағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында мемлекеттік қызметті толық жетілдірудің негізгі бағыты белгіленген. Осыған орай мемлекеттік қызметті реформалауды жылдамдататын және оны 2000 жылға дейін бітіру мәселесі тұрды. Стратегиялық курсқа сәйкес 2000 жылдың басына қарай Қазақстанда мемлекеттік қызметтің жаңа заң шығарушылық және институтционалдық базасы құрылды.

Жоғарыда аталған заңның 2 бабына сәйкес мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конститутциядан, аталған Заңнан, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]