Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

3. Мемлекеттік әкімшілік қызметтер котегорияларына қойылатын біліктілік талаптар.

Тестілеуді мемлекеттік қызмет істерінің өкілетті тестілеу администраторлары өткізеді және тестілеу өткізуде керекті мамандарды тартуына болады. Тестілеудің объективті шынайы өтуін, өту мерзімін, қорытындыларды есептеуде, тестілеудің нұсқауын, тесттердің мазмұнын, сонымен қатар жемқорлыққа жол берілмеуін администраторлар жазбаша түрде қамтамасыз етеді.

Бос әкімшілік мемлекеттік орындарға үміткерлердің тестілеу бағдарламалары негізінен Республиканың Заңдарын білуден тұрады және логикалық тесттер, ҚР Заңын білудегі тесттер: Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Қазақстан Республикасының Президенті туралы” Конституциялық заңды, “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР Заңы, “Жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңы, “ҚР тілдер туралы” Заңы, “Әкімшілік процедуралар туралы” Заңы, “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңы, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп ережелерін білуден тұрады. Логикалық тесттер адамның ауыр жұмыс істеуі, жылдам тез, шапшаң шешім қабылдауын, оның интеллектуальды шама мөлшерін анықтауын көрсетеді.

Тестілеу процедурасы 4 сатыдан тұрады: тестілеуге дайындық, нұсқаудан өту, үміткерлерді тестілеу және қорытындысын есептеу.

Тестілеуге дайындық кезінде администраторға кіріспе сөз сөйлеу үшін, үміткерлерді нұсқаулармен таныстыру үшін, үміткерлердің сұрақтарға жауап беруі үшін және тесттерді орындау үшін жететіндей уақыт белгіленуі керек. Тестілеудің барлық материалдары ерте дайындалып, тексерілуі қажет. Әр текстке өз нұсқауы бар және тестілеу кезінде өткізілетін бөлме барлық қойылған талаптарға сай болуы керек.

Тестілеудің қорытындысымен үміткерлерді таныстыру үшін ол тестілеудің қорытындысы шыққан қағазға қол қою арқалы беріледі. Тест аяқталғаннан кейін қорытынды қағаз өкілетті органда сақталады, қорытынды туралы ақпарат конкурстық комиссияға өткізіледі. Тестілеудің қорытындысы туралы ақпарат үміткерлердің тізімі, алған бағасы, қрпытындысы белгіленген нұсқау бойынша жасалады. Тестілеудің қорытындысы шыққан тізімі жабық түрде болады (конфиденциальды). Ол тізімдерді шығаруға, беруге, көшірме жасауға тек конкурстық комиссияның мүшелеріне рұқсат етілген және тестілеу өткізген өкілетті органдар мен қатыстырылған мамандарға ғана рұқсат етіледі. Үміткердің тестілеудің жақсы көрсеткіші белгіленген ауырлау бағдарламасы бойынша тестілеуден көрсеткен көрсеткіші оның бос орынды алуына қатысуына болатынын көрсете алады және егер тестілеудің соңғы бағдарламалары бірдей не ауырлық деңгейі төмен болатын болса қатыса алады.

Кейбір бөлек қызметтерге белгіленген орындарға, үміткерлердің тестілеу бойынша тестілеу өткеннен кейін үш айдан кейін сол тестілеудің бағдарламасы бойынша қайтадан екінші рет тапсыруға құқылы, сондай-ақ егер ол тестілеудің бағдарламасы өзгеріссіз сол күйінде қалатын болса, тест қорытындысы тест тапсырғаннан кейін 1 жыл сақталады.

Конкурстық комиссия өзінің соңғы отырысында үміткерлердің тапсырған құжаттары, тестілеу қорытындысын әңгімелесу барысында оларды бос әкімшілік орынға тағайындау туралы баға береді. Конкурстық комиссия үміткерлердің қатысуынсыз ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Егер конкурстық комиссияның соңғы қорытынды отырысында бос орындарға үміткерлер сай келмеген болса, онда мемлекеттік орган қайтадан конкурс жариялауы мүмкін.

11-Тақырып. Мемлекеттік қызметті өткеру

1. Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.

2. Лауазымды адамдардың компетенциясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]