Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memlekettik_o_1179_u__1241_distemelik_keshen1.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
843.26 Кб
Скачать

2. Лауазымды адамның компетенциясы.

Мемлекеттік қызметке орналасқан адамдар автоматты түрде мемлекеттік қызмет пен еңбек нормаларының жалпы және арнайы құқығы өріс алады. Мемлекеттік қызметке орналасқан әкімшілік қызметкерлер қызметке қабылданған бұйрығының шыққан күніне бастап қызметте деп есептеледі. Көбіне азамат мемлекеттік қызметке белгіленбеген мерзімге орналасады. Жедел еңбек шарты көбіне мемлекеттік қызметкердің уақытша орнына түсу керек кезде жасалады. Мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік қызметке жедел еңбек шартымен азаматтарды бос орынға еңбек заңына сәйкес ала алады. Бұл орайда мемлекеттік қызметкердің жедел еңбек келісімімен жұмыс істеушілердің саны штаттық кестенің 20 пайызынан аспауы керек. Мемлекеттік қызметкерлердің құзіреттілігі Конституциямен және Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” 1999 жылғы 23 шілдедегі Ν453-1 Заңымен анықталады. Мемлекеттік қызметкерлердің құзіреті жалпы және арнайы нормалардың қорытындысымен негізделеді, олар мемлекеттік қызметті реттейді, құқық нормасы қызметтік әдептің бір-біріне әсерін айрықша әлеуметтік және құқықтық қорғауда негізделеді. Ал мемлекеттік қызеткерлердің өкілеттігіне келетін болсақ, ол мемлекеттік орган мен олар орналасқан қызметтерінде мақсаты мен мүдделері анықталады. Сонымен бірге Конституция мен заң анықтаған мемлекеттік қызметкерлердің құқығы мен негізгі міндеттерін және кейбір басқа да лауазымды адамдардың нұсқаулары мен ережелерінен анықталады.

Республика Министрін қызметіне Елбасы тағайындайды және босатады, ол Үкіметтің құрамына кіреді. Министрдің компетенциясы Ережемен анықталған, ол Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі Ν517 Жарлығымен бекітілген.

Министр мемлекетті басқаруда ең тиімді жолдарын іздестіруді, белгіленген саладағы дамудың жағдайына жауапты болады, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Елбасының актілерінің, заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің нақты құқығы мен міндеттері мемлекеттік қызмет туралы заңға сүйеніп, біліктілік нысандағы мінездемелерге негізделеді және лауазымды ережелерде, нұсқауларда мемлекеттік органдардың басшысымен бекітіледі.

12-Тақырып. Мемлекеттік қызметті өткеру

1. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау.

2. Мемлекеттік қызметкрлерді қызметтік міндеттерін орындауда адал ниетті және ұқыптылығы үшін мадақтау.

.3. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.

1. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау.

Барлық әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер тек жүкті әйелдерден басқасы аттестациялаудан өтеді. Мемлекеттік қызметке алғашқы рет келген немесе мемлекеттік қызметке үзіліспен келген адамдар мемлекеттік қызметтің 3 жылы өткеннен кейін аттестациялауға жатады. Ары қарай әр 3 жыл сайын мемлекеттік қызметтегілер аттестациялаудан өтіп тұрулары қажет. Осыған орай аттестация белгіленген мерзімнен 6 ай уақыт ішінде өтілуі керек. Мемлекеттік қызметкердің тікелей басшысы аттестациялаушыға қызметтік белгіленген форма бойынша мінездеме дайындап, оны кадрлар қызметін жіберуі тиіс. Аттестациядан өтетін қызметкерге тиісті қызметтік мінездемесінде оның жеке басының кәсіби қасиеттері мен қызметтік іс-әрекетінің қорытындысы болуы керек. Кадрлар қызметшілеріне әкімшілік қызметкерді оған жасалған қызметтік мінездемесімен таныстыру жүктеледі, ол аттестациялық комиссияның отырысына алдын-ала 3 апта мерзім ішінде таныстырылуы керек. Бұл орайда мемлекеттік қызметкер өзінің келіспеушілігі туралы айтуына құқылы және кадрлар қызметіне өзі туралы ақпарат беруіне құқылы.

Аттестациялық комиссия мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен немесе осы орынға лайықты лауазымды адамның бұйрығымен аттестациялық комиссия жасалады. Бұл орайда аттестация мемлекеттік қызметтің іс-әрекетін анықтайтын өкілетті органның белгіленген тәртібі бойынша өткізіледі.

Аттестациялық комиссия барлық ұсынылған құжаттарды зерттеп, үміткермен жүргізілген әңгімелесуден кейін, тесттердің қорытынды бағасы бойынша мемлекеттік қызметінің өкілетті органның осы қызметке белгіленген келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

  1. өз орнына лайықты деген сәйкестілікті және жоғары категориялық қызметке орналасуына мүмкіндігі бар деп кадрлар резервіне ұсынылады;

  2. өз орнына лайықты деп есептеледі;

  3. аттестациядан қайта өту туралы;

  4. өз орнына лайықты емес.

Аттестациямен әкімшілік мемлекеттік қызметкердің қызметтік карьерасы тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметкердің қызметі бойынша жоғарылау жолы оның жоғары тұрған қызмет пен одан жоғары категорияның берілуіне байланысты. Әрине бұл жерде мемлекеттік қызметте өзін жұмыста жақсы жағынан көрсете білген, әр уақытта өзінің кәсіби деңгейін көтеруде еңбек еткен және кадрлар резервіне есепке алынғандардың артықшылығы бар.

.2. Мемлекеттік қызметкрлерді қызметтік міндеттерін орындауда адал ниетті және ұқыптылығы үшін мадақтау.

Мемлекеттік органның басшысы заңға сүйеніп, мемлекеттік қызметкерлерді жұмыста көрсеткен жақсы көрсетікіші үшін мадақтау түрлерін өзі таңдайды. Ол өз қызметтік міндеттерін абыроймен орындағаны үшін, мемлекеттік қызметті мінсіз орындағаны үшін, аса қиын және қиын тапсырмаларды орындағаны үшін мемлекеттік қызметкерлер мынадай жолдармен мадақталады: бір рет берілетін ақшалай сыйлықпен: алғыс жариялаумен, затты құнды сыйлықпен марапаттау; сонымен қатар заңда көрсетілген мадақтаудың бірнеше түрлерімен марапатталады. Мадақтаудың барлық түрі туралы еңбек кітапшасына жазылады.

Көрсетілген мадақтаудың түрлерінен басқа мемлекеттік қызметкерлер ерен еңбектері үшін мемлекеттік сыйлыққа ұсынылуы мүмкін. 1995 жылғы 12 желтоқсандағы және 1999 жылғы 23 шілдедегі Ν462-1 Заңында азаматтарды марапаттаудың тәртібі мен тізбесі берілген және республиканың жоғары марапатына ие болған азаматтар туралы көрсетілген.

Мемлекеттік марапатпен Қазақстан Республикасының азаматтары Республика алдында көрсеткен еңбегі , мемлекеттік қоғамдық, творчестволық еңбегі, батырлығы үшін марапатталады. Сонымен қатар мемлекеттік марапатпен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы алдында көрсеткен ерен еңбегі үшін де марапатталады.

Мемлекеттік марапат “Алтын Қыран” – жоғары дәрежедегі нарық ордені; “Халық қаһарманы” атағы, сонымен қатар басқа ордендер, медальдар, құрметті атақтар мен Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасы болып есептледі.

“Алтын Қыран” орденімен үміткерді марапаттауды Президент белгілейді, ол басқа мемлекеттік марапаттармен үміткерлерді марапаттау Парламенттің басшысына, Үкімет, министрлік, орталық және жергілікті атқарушы органдар және де басқа ұйымдарға беріледі.

Ал егер марапатталушы қылмысы үшін сотталған болса Қазақстан Республикасының Президенті заңға сәйкес сот негізінде көрсетілген тәртіп бойынша емлекеттік марапаттан айырады. Бұл жағдайда мемлекеттік марапаттан айрылған марапатты Республиканың Президентіне құжаттарымен қоса қайта өткізуі қажет. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер заңға қайшы сотталған және толық ақталып шыққан болса, сот шешімімен Республика Президентінің мемлекеттік марапатын қайта алуға толық құқылы.

Мелекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікті қызметтік міндеттерін атқаруда тәртіптік келеңсіздіктерді жасағаны үшін алады. Тәртіптік айыптардың негізгі спецификалық түрлеріне жататындар:

а) нақты мемлекеттік органның қоғамдық ішкі тәртіпті бұзу (белгіленген уақыт, регламент)

б) лауазымды адамның осы мемлекеттік органға байланысты мемлекеттік қызметіне орай бұзуы

в) лауазымды адамның өз қызмет міндеттерін (заңға қайшы келмейтіндей) атқармауы мен орындамай бұзуы

г) кінә мен заңға қайшы іс-әрекеттерінің арасындағы себепті байланыс болуы және лауазымды адамның әрекетсіздігі.

Қызеттік тәртіпті бұзғаны үшін лауазымды адамдар бағынышты түрде жауапкершілікте болады. Тәртіптік жазалауды қолдануда оның ауырлығының жиынтығы ескерілу керек пе? Жасалған айыптың мазмұны мен мағынасы, ол қандай жағдайда жасалды, айып қандай келеңсіздіктер алып келеді, мемлекеттік қызметкердің бұрынғы мінез-құлқы, тәртібі, мемлекеттік қызметтегі еңбек стажы, не басқа да қызметкердің қандай екенін мінездейтін жақтары ескерілуі тиі. Бұл нұсқауды жоғары мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңының 28 бабында жазалаудың қандай түрлері бар екеніне көз жеткізеді.

Тәртіптік айыптар келесі түрлерге бөлінеді: маңызды емес, маңызды және салмақты.

Маңызды емес айыпқа мемлекеттік қызметте бірінші рет жасаса не оның алдындағы айыпты алып тастағаннан кейін жасаса есептеледі, онда ол қызметкерге айып ескерту ретінде, сөгіс, не қатаң сөгіс ретінде беріледі. Маңызды айып болып әкімшілік қызметкер 6 ай ішінде, алдындағы айыбы әлі алынбаай қайта жасаса, онда ол қызметкерге қызметіне сай емес деген ескертпе беріледі.

Салмақты айып жасаған адам еңбек туралы заңға сүйене отырып, мемлекеттік қызмет туралы заңға және Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы күрес заңына сүйене отырып жұмыстан босатылуы мүмкін.

Егер әкімшілік мемлекеттік қызметкер маңызды емес айып жасаса, онда ол жазбаша түрде түсігнік беруі қажет. Егер қызметкер өзінің жасалған айыбымен келіссе, онда мемлекеттік органның басшысы ол қызметкерге ескерту, сөгіс не қатаң сөгіс, қызметтік тергеу өткізбей жариялауына құқылы. Ал егер қызметкер бұл жарлыққа келіспесе, онда мемлекеттік органның басшысы қызметтік тергеу жүргізуіне бұйрық шығарады. Бұл орайда қызметкердің айыбы туралы материалдар жинап, оны жан-жақты объективті тексереді. Қызметкердің жасаған айыбы туралы мәліметтер кез-келген түрде берілуі мүмкін (азаматтар мен басқа қызметкерлердің шағымы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің ьасшыларының түсініктеме хатары), прокурорлық қадағалау актілері және т.б.). Қызметкердің айыбын тексеру барысында өкілеті органның лауазымды адамдары жан-жақты нақты материалдар мен мәліметтерді жинап, оны қызметкердің айыбына байланысты барлық материалды қорытындысымен тәртіптік айыптау комиссиясына тапсыруы қажет. Тексерудің қорытындысы мен тәртіптік айыптау комиссиясының ұсынысы бойынша мемлекеттік органның басшысы қызметкерге өзінің орнына толық лайық еместігі не орнынан қуылғандығы жайлы айыптар туралы шешім қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]