Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

4-тақырып. Меншік қатынастары жəне олардың ...

41

В. Табыстарды бөлу өндіріс құралдарына меншік иесінің мүддесіне қарай шешіледі.

Г. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, əлеуметтік топ, өндірістікұжым, халық, басқаруоргандарыболаалады. Меншікобъектілері: өндірісқұралдары, мүлік, ақша, бағалықағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.

4.3. МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ

Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік құқықтары – бұл адамдар арасындағы экономикалық игіліктерді пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тəртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құқықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды.

Меншік құқықтарының айрықшалануы – бұл меншіктің объектісін, субъектісінжəнеменшіккеиеболутəсілдерінанықтау, меншік иесінің құқықтық өкілдіктерін анықтау.

Меншік құқықтарының экономикалық теориясына сəйкес өз бетімен меншік болып ресурс емес, ресурстарды пайдалану бойынша құқықтардың шоғыры немесе үлесі табылады.

Толық «құқықтар шоғыры» 11 элементтен тұрады (А. Оноре):

1)иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы;

2)пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;

3)басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім жəне қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы;

4)табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нəтижелеріне иелік ету құқығы;

5)егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы;

42Экономикалық теория

6)қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің экспроприациясынан* немесе сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғану құқығы;

7)игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;

8)игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;

9)сыртқы ортаға зиян тигізетін тəсілмен пайдалануға тыйым салу;

10)өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды төлеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;

11)қалдықтық сипатқа құқық, яғни бұзылған құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін процедуралар

мен институттардың болу құқығы.

Меншік қатынасы – материалдық жəне материалдық емес ресурстарға қатысты қолжетімділіктен шығарылу жүйесі. Егер ресурстарға қатысты қолжетімділіктен шығарылу орын алмаса, онда ресурстар ешкімдікі емес, əрі біреуге тиесілі деуге де болмайдынемесеоларбəрінедетиесілідегенжөн, себебіресурстарға еркін қол жеткізу əбден мүмкін.

Меншік нысаны əрдайым шектеулі экономиканың ресурстары болып саналады. Басқаларды ресурстарға қатысты қолжетімділіктенайыруолардыңменшікқұқығынерекшелендірудібілдіреді.

Ерекшелендірудің мəні мен мақсаты – ресурстарды жоғары бағалайтын жəне олардан мол пайда алуға мүмкіндігі бар адамдардың ресурстарға қатысты меншіктік құқық иеленуі үшін жағдай жасау.

РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ 4.4. МЕНШІК НЫСАНДАРЫНЫҢ КӨП

ТҮРЛІ БОЛУЫ

Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тəсіліне тəн өндірістік қатынастар сипатына сəйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.

* Экспроприация – мемлекеттің жылжитын немесе жылжымайтын мүліктен күшпен айыруы.

4-тақырып. Меншік қатынастары жəне олардың ...

43

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тəсілдерінің айырмашылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:

1)жеке иемдену нысандары;

2)ұжымдық иемдену нысандары;

3)қоғамдық иемдену нысандары жатады.

Қандайдабірнысанаясындақандайбіртүрлерболуымүмкін. Осылайша:

1.Жеке меншік: а) жеке; ə) жеке еңбек;

б) жеке капиталистік болып бөлінеді.

2.Ұжымдық меншік: а) серіктестіктер; ə) кооперативтік; б) акционерлік;

в) бірлескен өндіріс болып бөлінеді.

3.Қоғамдық меншік:

а) жалпымемлекеттік; ə) муниципалдық болып бөлінеді.

Шаруашылық тəжірибе меншік үлгі нысандарының жəне түрлерінің мəнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметті ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың арасында диалектикалықбайланысбар. Біржағынан, экономикақұрылымы меншік құрылымына əсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші жағынан, шаруашылық жүргізу нысандары меншік объектілерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бəсекенің негізі болып табылады.

44 Экономикалық теория

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 4.5. МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІН

МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ ЖƏНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу жəне жекешелендіру үдерістерімен байланысты.

Мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланыстымемлекеттіңэкономикадағышектентысрөлінжоюға бағытталған шаралар жиынтығы.

Мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге, бəсекелестік пен кəсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Ол мына бағыттар бойынша жүреді:

1)иемдену үдерістерін мемлекет қарамағынан алу;

2)шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;

3)жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру. Мемлекетиелігіненалуменжекешелендірутығызбайланысты. Жекешелендіру – меншікті мемлекет иелігінен алудың бағыт-

тарының бірі, оның мəні – меншікті жеке жəне заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік жəне муниципалдық кəсіпорындарды жекешелендіру азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен жəне жергілікті билік органдарынан:

кəсіпорындарды жəне олардың кəсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін;

кəсіпорындардың материалдық жəне материалдык емес активтерін;

акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пай, акциялар);

жекешелендірілетін кəсіпорындардың басқа кəсіпорындар

капиталындағы үлестерін (пай, акциялар) меншікке алуын білдіреді.

Əлемдік тəжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық жəне жарым-жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тəсілі бар.

4-тақырып. Меншік қатынастары жəне олардың ...

45

Жекешелендіру үдерісі – ұзаққа созылатын үдеріс. Жапонияда ол – 10 жыл, ал Батыс Еуропада 10-15 жыл бойы жүрді.

Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу жəне жекешелендіру үдерісін төрт кезеңге бөліп қарауға болады; олардың əрқайсысының өз мақсаттары бар. Бұл үдерістердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа-тұс келеді.

І кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру үдерісінің негізгі бағыты – мемлекеттік орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалау болды. Ол кəсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлікменшігіне жеңілдетілгенталаптармен беру жəне саудаменқызметкөрсетуобъектілерінсату, соныңішіндетұрғынүй купондарына сату жолымен жүргізілді.

ІІ кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына» сəйкес жүзеге асырылады.

Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты – мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық жəне материалдық емес активтерді өтеусіз жəне өтеуімен өткізіп беру жолымен қайтаруы үдерісіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.

Жекешелендірудің екінші кезеңінің бағдарламасы институционалдық реформалардың негізгі бағыттарын анықтап берді:

«шағын жекешелендіру» ол шағын сауда кəсіпорындарының, коммуналдықшаруашылықтардың, тұрмыстық қызмет көрсетудің байқаулары мен аукциондар арқылы жүзеге асырылады;

жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кəсіпорындарды, оның ішінде инвестициялык жекешелендіру купондарына «жаппай жекешелендіру»;

46Экономикалық теория

ірі жəне бірегей мүлік кешендерін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кəсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру;

«мемлекеттік ауыл шаруашылық кəсіпорындарын (со-

вхоздар) жекешелендіру».

Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасына» сəйкес жүзеге асырылды.

Үшіншікезеңбағдарламасыныңбастымақсатыжекешелендіру үдерісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу жəне оны бекіту болып еді.

Үшінші кезең мемлекеттік меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендірілуін қарастырды жəне мыналарды өткізуді көздейді:

мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кəсіпорын;

жекешелендірілуі тұйық технологиялық циклді бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кəсіпорынның өндірістік жəне өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктерін;

кəсіпорын мүлкін, мемлекеттік кəсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;

шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін.

Сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімділікпен басқаруға беруді:

электроэнергетикалық кешендегі;

мұнай-газ жəне мұнай-химия кешеніндегі;

металлургиялық жəне тау-кен кешеніндегі;

көлік-коммуникация кешеніндегі;

агроөнеркəсіп кешеніндегі;

əлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды.

ІV кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы

4-тақырып. Меншік қатынастары жəне олардың ...

47

№683 Қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру жəне мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру бағдарламасына» сəйкес жүзеге асырылды.

IV кезең бағдарламасының басты мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру; есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату жəне мемлекеттік мүлікті конкурстық жəне транспаренттік негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді:

Бағдарламаға сəйкес:

мемлекеттік акцияларды иемдену жəне пайдалану құқықтары салалық министрліктер мен ведомстволарға өткізіп берілді;

10 жетекші кəсіпорын «көгілдір фишка» ретінде анықталып, мемлекетолардаүлесқосушыретіндеқалдырылды;

мемлекеттік мүлікті республикалық жəне коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды жəне аймақтардың міндеттерінен

шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді.

1999-2000 жылдары Мемлекеттік мүлік комитеті мен оның облыстық бөлімшелері 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілерін, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6,2 мың объектіні купондарға жəне Ресей рубльдеріне жекешелендірді; 28 мыңдай объект 1993-2000 жылдары ұлттық валюта енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.

Алғашқыкезеңдежекешелендіруден4144 млн. рубльалынған. 1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруден 215,4 млрд. теңге, соның ішінде акционерлік қоғамдар акцияларын сатудан 90%-дан астамы түсті.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Меншік экономикалық категория ретінде.

Сұрақ мазмұнын ашу үшін 4.1-сызбаны пайдаланыңдар.

48 Экономикалық теория

II. Меншік құқықтарының экономикалық теориясы.

Бұл сұрақты қарастыру кезінде мына тапсырмаларды пайдаланыңдар:

а) ғалым өзінің ғылыми жаңалығына меншік иесі; ə) кəсіпкер өз фирмасын басқарады;

МЕНШІК

 

 

 

МЕНШІК

СУБЪЕКТІЛЕРІ

 

 

 

СУБЪЕКТІЛЕРІ

адам, отбасы,

 

субъектілік-

адам, отбасы,

əлеуметтік топ,

 

объектілік

əлеуметтік топ,

өндірістік ұжым,

 

қатынастар

өндірістік ұжым,

халық, басқару

 

 

 

халық, басқару

органдары

 

 

 

органдары

 

 

 

 

 

субъектілік-

 

субъектілік-

объектілік

 

объектілік

қатынастар

 

қатынастар

 

 

 

 

МЕНШІК ОБЪЕКТІСІ

 

Меншік

жер, табиғи ресурстар,

Меншік

өндіріс құралдары, мүлік,

объектісі

ақша, бағалы қағаздар,

объектісі

 

ақпарат, интеллект,

 

 

жұмыс күші

 

 

 

 

Субъектілік-объектілік жəне субъектілік – субъектілік меншік қатынастарының жалпы сызбасы

б) үкімет, өзінің билік өкілеттіктерін жүзеге асыра отырып, өз экономикалық бағдарламасын орындауға ұмтылады; в) институт өзінің интеллектуалдық жəне физикалық əлеуетін өткізу арқылы студенттерді оқытуды жүзеге

асырады.

4-тақырып. Меншік қатынастары жəне олардың ...

49

Ұсынылып отырған мəлімдемелерді сараптап, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Меншік құқықтары түсінігінің ойын ережелері ретіндегі маңызы қандай?

2.Меншік құқықтарын жүзеге асыру кезіндегі «ойын ережелерінің» мəні неде?».

Неге өркениет əлемде өркениетті адам бөтен біреудең затын ұрламайды?

Өйткені:

а) қылмыстық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктен қорқады;

ə) қоғам салттарына бағынады; б) бұған оның моральдық сенімдері жол бермейді; в) барлық жауаптар дұрыс.

3.Перу– кокаинөндіруүшіннегізгішикізаты, сондай-ақкока- коланың бір құрамдас бөлігі – кока жапырақтарын негізгі өндірушілердің бірі болып табылатын ел. Коканы көбінесе ауқатсыз шаруалар заңсыз жолмен өсіреді, олар үшін кока жапырақтарын нашамен сауда жасайтындарға сату – өмір сүрудің жалғыз амалы. Есірткі бизнесімен күрестің экономикалық тұрғыдан тиімді тəсілін көрсетіңдер:

а) заңды бұзушыларға қарсы мəжбүрлеу (репрессия) шаралары;

ə) кока-кола өндірісін қысқарту; б) жерге меншік құқықтарын айрықшалау жəне мем-

лекеттің кока егістеріне тыйым салу құқықтарын са-

тып алуы; в) кокаөсіругесалықтаренгізу, одантүскентабыстардың

бəрі полицияны қаржыландыруға жұмсалады.

III. Меншікнысандарыжəнеолардыңрыноктықэкономикада көптүрлілігі.

Бұл сұрақты қарастыру кезінде мына тапсырмаларды пайдаланыңдар:

1.Экономикалық еркіндіктің құрамдас бөліктерін зер сала талдап, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

4-3/108-11

50 Экономикалық теория

а) экономикалықеркіндікжағдайындағыжекеменшіктің рөлі қандай?

ə) қазіргі нарықтық шаруашылықтағы мемлекеттік меншіктің маңызы қандай?

б) қоғамдық меншік деген не жəне оның экономикалық эволюциядағы маңызы қандай?

2.Теледидарлық хабар таратуды сəтті ұйымдастыру үшін осы мақсатқа бөлінген жиілік диапазондарын телекомпаниялар арасында айқын үлестіру қажет. Бұнда қандай

меншік жүйесін пайдалану неғұрлым тиімді болмақ?

а) мемлекеттік, жиілікдиапазондарынуақытшапайдалануға лицензия беру;

ə) ұжымдық, бүкіл хабар таратушы компаниялардың қатысуымен;

б) жеке, телекомпаниялар лицензия сатып алады; в) меншік құқықтарының жоқтығы, бірінші хабар тара-

туды бастаған компанияның басымдығы принципін пайдалану.

Қазақстан Республикасындағы меншік нысандарына сипаттама беріңдер.

IV. Қазақстан Республикасында меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу жəне жекешелендіру.

1.Мына мəліметтерді пайдалана отырып, шағын жекешелендіруге сипаттама беріңдер.

Жекешелендірудің I жəне II сатылары шеңберінде жекешелендірілген кəсіпорындардың бір бөлігі қызмет көрсету саласына жатады. 1991-2000 жж. ішінде шағын жекешелендіру бойынша жекешелендірілген кəсіпорындар саны 26804 бірлікті құрады, олардың ішінде сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық кəсіпорындары бар. 34531 жекешелендірілген кəсіпорындар мен мүліктік кешендердің 8887 бірлігі сауда мен қоғамдық тамақтандыруға келеді.

2.Берілген кестені пайдаланып, мына сұраққа жауап беріңдер: Жекешелендірудің экономикалық нəтижелері қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]