Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

3-тақырып. Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері

31

леуде мемлекет маңызды рөл атқарады. Рыноктық экономикадағы мемлекеттің басты міндеті – бизнесті жүргізу жəне бəсекелестік үшін жағымды шаруашылық жағдайлар тудыру.

Экономикалық жүйенің жұмыс істеуінде мемлекеттің қатысуы мына негізгі міндеттердің орындалуына байланысты болады:

1)экономиканы қажетті ақша мөлшерімен қамтамасыз ету;

2)сыртқы жағымсыз əсерлерді реттеу;

3)қоғамдық (ұжымдық) игіліктерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыру.

4.Институттардың өзгеруі

3.Билік құрған топтар мүдделерінің өзгеріп дамуы немесе тоқырауы

2.Экономикалық жүйе құрылымының жекеленген өзгеріске ұшырауы

(элементтер арасындағы өзара іс-қимыл)

1. «Қорлану» экономикалық жүйе серпініндегі өзгерістер

3.3-сызба. Институционалдық өзгерістердің үдерісі

Жоғарыда көрсетілген үш функция – мемлекеттің еркін рынок жағдайларында істей алатынының ең үлкен мөлшері (максимумы) жəнесоныменқатароныңнақтырыноктықэкономикадане істеп жүргенінің ең кіші мөлшері (минимум).

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Экономикалық жүйе жəне оның элементтері.

Бұл сұрақты қарастыру кезінде мына жаттығуды пайдаланыңдар:

Элементтер

 

Өндіргіш күштер

жəне нысандар

Табиғи

Қоғамдық

Жалпыға ортақ

 

 

 

 

1

2

3

4

Ішкі өндірістік еңбек

 

 

 

бөлінісі

 

 

 

32

Экономикалық теория

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

2

3

 

4

Ғылыми білімдер

 

 

 

 

 

Қоғамдық еңбек бөлінісі

 

 

 

 

 

Еңбек құралдары

 

 

 

 

 

Қазба байлықтар

 

 

 

 

 

Еңбек біліктілігі

 

 

 

 

 

Топырақтың құнарлылығы

 

 

 

 

 

Еңбек кооперациясы

 

 

 

 

 

 

3.1-сызба. Өндіргіш күштердің жіктелуі

 

II. Экономикалық жүйелер үлгілерін жіктеп анықтау.

Бұл сұрақты қарастыру барысында мына сызбаларды пайдаланыңдар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 –

шаруашылық жүргізудің дер-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бес қосалқы жүйесі ретіндегі

 

1

 

 

 

 

 

 

2 –

рынок;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мемлекет шаруашылық жүр-

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

гізудің қосалқы жүйесі ре-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тінде;

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

3 –

қосалқы жүйе ретіндегі нату-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ралды шаруашылық.

 

 

3.2-сызба. Аралас экономиканың экономикалық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жүйесінің құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУБА

 

АЛБАНИЯ

 

РЕСЕЙ

ҚАЗАҚСТАН

 

ШВЕЦИЯ

НИДЕРЛАНДЫ

 

ФРАНЦИЯ

ГЕРМАНИЯ

АНГЛИЯ

 

ЖАПОНИЯ

АҚШ

 

ГОНКОНГ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əкімшілік-

 

 

 

 

 

 

Аралас

 

 

 

 

 

Рыноктық

 

əміршілдік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3-сызба. Елдердің экономикалық жүйелер

 

 

 

 

 

 

 

үлгілері бойынша жіктелімі

 

 

 

 

 

3-тақырып. Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері

33

III. Экономикалықжүйелертиімділігінсалыстырмалыталдау.

Бұл мəселені қарастыру кезінде мына сұрақтарды пайдаланыңдар:

1.Сендердің көзқарастарың бойынша қай экономикалық жүйе тиімді?

2.Экономикалық жүйелер тиімділігін табиғи ресурстар көлемі; халық саны мен оның білімділік деңгейі; жан басына шаққандағы ұлттық табыс; əлеуметтік қорғау деңгейі; халықтың түрлі топтары табыстарының көрсеткіші; қоршаған ортаның жағдайы бойынша салыстыруға бола ма?

3.Экономикалық жүйелердің салыстырмалы талдамасына сендер тағы қандай талаптар қоса аласыңдар?

4.Қай фактор бойынша салыстыру сендерге объективті болып көрінеді жəне неліктен?

5.Кез келген шаруашылық жүргізу жүйесі игілік өндірушілер үшін ақпарат дабылдарын (сигналдарды) қажет етеді. Сендер құннан басқа ақпараттық дабылдарды білесіңдер ме? Қай жүйелерде қандай да бір басқа ақпараттық дабылдар қызмет етеді? Қандай ақпараттық жүйе тиімдірек? Сендерде олардың салыстырмалы тиімділігіне тек логикалық ғана емес, тарихи (практикалық) да дəлелдерің бар ма?

IV. Экономиканың түрлі үлгілеріндегі мемлекеттің рөлі.

Төмендегі кесте мен 3.4-сызбаны пайдаланып, экономиканы реттеудегі мемлекеттің рөлін көрсетіңдер:

Рыноктық экономика модельдері

Модельдің атауы

 

Негізгі сипаттары

 

 

 

 

 

 

1

 

 

2

 

Америкалық модель:

• мемлекеттік

меншіктің

кішкентай

үлес салмағы

«капитализмнің

жəне мемлекеттің минималды реттеуші күші;

либералдық моделі»

• кəсіпкерлікті

барлық

жағынан

ынталандыру

 

(жаңа жұмыс орындарының 80% шағын кəсіпкерлік

 

есебінен жасалады);

 

 

 

• байлар мен кедейлер болып жіктелуі;

 

 

• халықтың аз қамтылған топтарының қолайлы өмір

 

сүру деңгейі.

 

 

 

 

 

 

 

 

3-3/108-11

34

Экономикалық теория

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңы

 

 

 

 

 

 

1

 

2

 

Жапон моделі

• экономиканың негізгі бағыттарына мемлекеттің

 

 

ықпал етуінің жоғары деңгейі;

 

 

• экономика дамуының жоспарларын құрастыру;

 

 

• фирма басшысы мен қызметкер еңбекақысы дең-

 

 

гейіндегі айырмашылықтың аздығы (17 есе);

 

 

• модельдің əлеуметтік бағытталуы.

Неміс моделі

• мемлекеттің экономикаға жоғары деңгейде ықпал

 

 

етуі;

 

 

 

 

• негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау;

 

 

• еңбекақы

деңгейіндегі

айырмашылықтардың

 

 

аздығы (23 есе).

 

Француз моделі

• мемлекеттің реттеушілік күші өте жоғары (1947 ж.

 

 

бастап 5 жылдық даму жоспарлары жасалады);

 

 

• мемлекеттің тікелей кəсіпкерлігінің үлкен ауқымы;

 

 

• мемлекеттің капитал қорлануы үдерісіне араласуы.

ОңтүстікКореямоделі

• экономикалық дамуды жоспарлау кеңінен қолда-

 

 

нылады(1962 ж.бастап5 жылдықжоспаржасалады);

 

 

• ұзақ уақыт бойы несие-қаржы саласында мемле-

 

 

кеттік монополия қызмет етті;

 

 

• сыртқы экономикалық саланы реттеу экспортты

 

 

ынталандыру мен импортты шектеуге бағытталған

 

 

болатын.

 

 

Қытай моделі

• «орталықтандырылған жоспарлы экономика» мо-

 

 

делінен«социалистікжоспарлытауарлыэкономика»

 

 

моделіне көшу жүзеге асты;

 

 

• рыноктыққатынастардымемлекеттікжоспарлаумен

 

 

ұштастыру;

 

 

 

 

• ауыл шаруашылығында «халық коммуналарынан»

 

 

«отбасылықмердігерлік» жүйесінеөтужүзегеасты;

 

 

• мемлекеттік

сектор кəсіпорындарының қызметін

 

 

«меншік құқығын» «шаруашылық жүргізу құқы-

 

 

ғынан» ажырату жолымен тірілту;

 

 

• кəсіпорындар арасында тура тікелей шаруашылық

 

 

байланыстар орнату;

 

 

 

• рыноктар жүйесін жасау (қор рыноктары, қызмет

 

 

рыноктары, ақпарат, техника, технологиярыноктары).

Швед моделі

• əлеуметтік бағытталу; мүліктік теңсіздікті азайту,

 

 

халықтыңазқамтылғантоптарынқамқорлыққаалу;

 

 

• мемлекет баға қалыптастыру үдерісіне белсенді

 

 

араласады, тұрақтандырылған бағаларды бел-

 

 

гілейді;

 

 

 

 

• мемлекеттік

сектордың

үлес салмағының жоға-

 

 

рылығы.

 

 

3-тақырып. Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері

35

 

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Экономикалық жүйе келесі сұрақтарды шешеді:

а) нені, қалай, кім үшін?

ə) қалай, кім үшін жəне өсу қарқыны қандай? б) қашан, неге, қайда жəне кім?

в) жұмыссыздық пен инфляция себептері қандай?

2.Экономикалық жүйелердің түр-тұрпатын айқындап, ажырататын көрсеткіштер қандай?

а) ресурстарға меншік нысаны; ə) бағыттаушы механизмнің үлгісі;

б) қоғам мүшелерінің əл-қуатының деңгейі; в) а) мен ə) дұрыс.

3.Мына мəселелердің қайсысы экономикалық жүйе үшін бастысы болып табылады?

а) өндірістің техникалық жағдайын анықтау; ə) жұмыссыздық пен инфляцияны жою; б) əділетті қоғамдық құрылыс орнату;

в) жекелеген экономикалық субъектілер қызметін сəйкестендіру.

36 Экономикалық теория

4.Экономикалық мəселелерді жартылай рынок, жартылай үкімет шешкен кезде, экономика:

а) əкімшілік жүйе; ə) рыноктық; б) табиғи; в) аралас.

5.Əкімшілік-əміршілдік экономиканы қалай сипаттауға болады?

а) ресурстар мен капитал салымдарын жоспарлы түрде бөлу; ə) меншік нысандарының көп түрлілігі; б) рыноктық реттеушілер қызметі; в) бəсекелестік.

6.Еркін сауда экономикасы немен сипатталады?

а) бəсекелестікпен; ə) бір шаруашылық бірлігі аясында өндіріс пен тұтынудың тікелей

байланысымен; б) жоспарлы баға қалыптастырумен;

в) экономиканы орталықтандырылған жоспарлаумен.

7.Технология экономикалық жүйе үшін маңызды, өйткені ол:

а) өндірістік мүмкіндіктердің шектерін белгілейді; ə) экономиканы басқарады; б) ол тауар бағасына ықпал етеді;

в) жұмыс күшіне меншік қатынастарын қалыптастырады.

4-ТАҚЫРЫП

МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

 

4.1. Экономикалық жүйеде меншік

 

қатынастарының орны...................................

38

4.2. Меншіктің экономикалық мазмұны ...............

39

4.3. Меншік құқықтарының теориясы...................

41

4.4. Рыноктық экономикадағы меншік

 

нысандарының көп түрлі болуы....................

42

4.5. Қазақстан Республикасында меншік

 

объектілерін мемлекет иелігінен

 

алу жəне жекешелендіру...............................

44

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

47

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

51

38Экономикалық теория

4.1.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОРНЫ

Меншік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады (4.1-сызба).

Меншікке деген екі көзқарасты ажырата білу керек: Бірінші көзқарас меншікті нақты экономикалық категория

ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нəтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.

Екінші көзқарас меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.

Меншік қатынас ретінде бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылады (4.2-сызба).

 

 

 

 

 

 

МЕНШІК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық қатынастар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысанын екі жолмен

жүйесінің негізі болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өзгертеді: эволюциялық,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

революциялық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əлеуметтік топтардың

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық нысандары өзара

орнын анықтайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

байланысты болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарихи дамудың

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

нəтижесі

4.1-сызба. Меншіктің қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлі

Меншіктің экономикалық жəне құқықтық мазмұнын ажырата білу қажет.

 

4-тақырып. Меншік қатынастары жəне олардың ...

39

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иемдену қатынастары

 

Меншік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүлікті шаруашылықта

 

 

 

 

 

 

 

қатынастарының

 

 

 

пайдалану қатынастары

 

 

 

 

 

 

 

жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меншікті экономикалық

 

 

 

 

 

 

іске асыру қатынастары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2-сызба. Меншік қатынасының құрылысы

 

 

4.2. МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: иемденушеттету;

ə) оқшауландыру-қоғамдастыру; б) өндірістің жеке жəне заттық факторларын біріктіру тəсілі; в) табыстарды бөлу тəсілі; г) субъектілік-объектілік талдау.

А. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі жағдайда талдау негізінде ашып көрсетуге болады. Бір жағынан

– қандай да бір қауымдастықтың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдарын жəне қызмет нəтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан – олардың басқа шаруашылық бірліктерден жəне тұтас қоғамнан шеттетудің сəйкес формалары.

Иемдену деген қандай да бір қатынастар объектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сəйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Алшеттетуқандайдабіробъектінісубъектініңөзіндік өмірлік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.

40 Экономикалық теория

Ə. Оқшаулану деген əрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тəуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің қоғамдық өндіріс жүйесіне қосылуы қызмет нəтижелерін айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдастыру деген қоғамдық еңбек сипатының дамуын білдіреді. Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі жəне өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кəсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, қоғамдық еңбек сипатына байланысты, олардың бəрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.

Б. Меншік қатынастарының алғашқы негізін өндіріс факторларын біріктіру тəсілі құрайды.

Біріктірудің екі тəсілі ажыратылып жүр: тікелей жəне

дəнекерлік.

Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс үдерісінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тəсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады – өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі жəне материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, бірдей емес субъектілердің артынан бекітіледі; біріншісінде

– өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, екіншісінде – жұмыс күшіқызметі. Бұлжағдайдажұмысшыөндірісқұралдарынаншеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарының меншік иесі еңбек рыногында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық жəне жекефакторлардыңбірігуіжұмыскүшінсату-сатыпалуактісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары дəнекерлігі арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы дəнекерлік деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]