Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабатар 2.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать

Он екінші апта қазақ халқының дәстүрлі өнері (3 сағат)

Грамматика: Зат есім тудырушы жұрнақтар.

Зат есімдер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Туынды зат есімдер төменде берілген жұрнақтар арқылы жасалады:

-шы, -ші:жазу (писать) - жазушы (писатель), сурет (рисунок) - суретші (художник), балық (рыба) - балықшы (рыбак).

-ша, -ше: мысалы: кітап (книга) - кітапша (книжка).

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: бала (ребенок) - балалық (детство), дос (друг) - достық (дружба), батыр (герой) - батырлық (мужество, геройство), бай (богатый) - байлық (богатство).

-хана:ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника).

-паз: істемпаз (трудолюбивый), өнерпаз (талантливый).

1. Берілген туынды зат есімдермен сөйлемдер құрастырыңыз.

Мейірбандық, қонақжайлық, азаматтық, дәріхана, қалашық, үйшік, аңшы, шеберхана, әнші, кедейлік, балалық, үгітші, тігінші.

Үлгі: Мейірбандық – жақсы қасиет, т.б.

2. Мәтінді оқып, баяндауға жоспар жасаңыз.

    1. Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған».

Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді.

Халық мұрасындағы көркем мәдениет тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі «жануарлық таңбадан» басталған. Ол бертін келе дәстүрлі зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т.б. кәсібінен көрініс алды.

Қолданбалы өнердің бел туындыларының бірі – тас өңдеу. Оның негізгі түрлері тас ескерткіштер, мүсінтастар. Тасқа қашалып жазылған жырлар («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк») еркіндік аңсаған халықтың бақытты өмірі жайлы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресіп келе жатқан ерлердің қаһармандықтарын келер ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, тәлім-тәрбиелік әсер қалдырған.

Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды әшекейлеу үшін пайдаланылса, жалпы қолданбалы өнері тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланылған мәні бар шығармаларға айналды. Ер адамдар тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеді. Ал әйелдер кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, киіз бастыру, сырмақ сыру, тері киім тігу сияқты өнер түрлерімен айналысқан. Қыз- келіншектердің қолынан тоқылған кілем, алашалар, басылған киіз, текеметтер, сырылған сырмақ, көрпелер әрдайым көздің жауын алады. Бұл өнер де шеберден асқан ісмерлікті, бояу түрлерін сезіне білуді, үлкен эстетикалық талғамды талап етеді.

Самұратова Т.К.

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

3.Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

дәстүрлі қолданбалы өнері – традиционное прикладное искусство

әлемдік мәдениет – мировая культура

әшекейлер - украшения

зергерлік - ювелирный

тас өңдеу – обработка камня

кесте тігу - вышивка

ісмерлік - художественность

эстетикалық талғам – эстетический вкус