Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабатар 2.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать

7.Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын айтыңыз, жаттап алыңыз..

Байлықтың атасы — еңбек, анасы - жер. *** Еңбегің қатты болса, Татқаның тәтті болар. *** Жаңбырменен жер көгерер, Еңбекпенен ел көгерер. *** Еңбек етсең — емерсің, Ерінбесең — жеңерсің. ***

Жігіттің түсін айтпа, ісін айт. *** Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар. ***

БӨЖ тапсырмасы: Төменде берілген мәтінді оқып, «Қазақ халқының этномәдениеті – ұлттық құндылықтың негізі» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

Ұлттық құндылықтар

Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты ұлттық мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы - бай тарихтың иесі. Қазақ даласы әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әл Фарабиды, Ж.Баласағұн, Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. Олардың қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің  асыл арналары.

Есік қаласынан табылған «Алтын адам» ескерткіші, Орхон-Енисей тас жазулары, ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық шеберлерінің қолөнер туындылары – осының бәрі бүгінгі ұрпақтың  рухани білім көзіне айналды.

Халқымыздың ауыз әдебиеті - мәнділігімен, мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына.  Сол бай құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» т.б., елін, жерін сырт даулардан қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар - халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары.

  Қазақтың музыкалық құндылықтары, өткен ғасырларда Қазақстанда болған шетел ғалымдары мен саяхатшыларын (П.Паллас, Г.Клапорт, В.Радлов, А.Левшин, А.Янушкевич, А.Алекперов т.б.) таң қалдырғаны белгілі. Бұған дәлел ретінде тек Затаевичтің «Қазақтың 500 әні», «Қазақтың 1000 әні» еңбектерін, Ерзаковичтың, Брусиловскийдің шығармашылығын айтсақ та жеткілікті.

Қазақтың ұлттық, этномәдени құндылықтарының бір саласы - халықтың кәсіби және тұрмыстық фольклоры. Халқымыздың тарихи-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты: аңшылығы, саятшылығы, ағаш,  тері, жүн өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері т.б. сан-алуан өнерлері.

Ата Заңымыздың мазмұнында мемлекет ретіндегі белгіленген басты идеал - «Еркіндік, теңдік, татулық». Бұл - халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, ерлікпен қол жеткізген және қорғаған асылы.  Демек, бүгінгі күні қоғам алдында еліміздің елдігі  мен бірлігін сақтайтын, Отаны, халқы алдындағы парызын жауапкершілікпен өтейтін, ұлтжанды  ұрпақ тәрбиелеу міндеті  тұр. 

Ә.О. Қамақ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ж.

2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ж.

3. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1994.

Он төртінші апта

ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ (3 сағат)

Грамматика. Есімше.

Бірінші сабақ(1 сағат)

Есімше – зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүретін сһөз табы. Есімшенің жұрнақтары: -ған, -ген, -қан, -кен; -тын, -тін, -атын, -етін, -қалы, -келі, -ғалы, - гелі.

1 Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.

1. Біздің туыстарымыз «Семей полигоны» деп атал... аймақтан көшіп келді.

2. Денсаулықтың жақсы бол... қандай жақсы!

3. Өсіп келе жат... ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек.

4. Жаңа өмірді жалғастыр... – дені сау жас ұрпақ.

5. Өмірге бақытты болып кел... соң, сол өмірді мәнді етіп сүру керек.

6. Салауатты өмір салтын ұстан... азамат әрдайым бақытты болады.

Хакім Абайдың философиясы.

1.Абайдың қарасөздерін оқып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсінуге тырысыңыз.

Оныншы қарасөзінен:

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?

Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат берді. Ол қуатты кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың.... Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенім – сол. Бұл – құдайдан тілеген емес. Бұл – абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік.

Жиырма тоғызыншы қарасөзінен:

Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгілі, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны бар.

Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын.

«Қалауын тапса, қар жауады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

Жаңа сөздер:

Қартаю – стареть

Түңілмей іздеу – искать.

Қорқыту – пугать

Алдау – обманывать

Іске татырлық – пригодный

Жарамайтын – не пригодный

Жарлы – бедный