Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабатар 2.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать

2.Мәтінге жоспар құрыңыз.

3. Мәтінде кездесетін туынды зат есімдердің жасалу жолын түсіндіріп, олармен сөйлем құраңыз. .

Мемлекеттік, Академиялық, музыкалық, қайраткер, табыс, естелік, әнші, ұлттық, мәскеулік, талғампаз.

4. Төменде берілген зат есімдерге екінші бағандағы жұрнақтарды тіркеп, олармен сөйлем құраңыз.

өнер қой

жақсы қор

сән гер

бір ды

бас ма

мұра сыз

мирас інші

туын шы

шығар ды

жағым қой

ұнам лық

ұлт паз

5. Оқып, есте сақтаңыз.

  1. Қазақстандағы ең бай жұлдыздар

2011 жылғы қазақстандық ең бай жұлдыздардың ондығына қарар болсақ, онда жұлдыздарымыздың тапқан-таянғандары миллионға да жетпейді. Ал Форбестің Топ-100 әлемдік жұлдыздардың жылдық көрсеткіші 4.5 млрд. Дегенмен алынған деректерге қарасақ, қазақстандық ең бай жұлдыздардың көш басында МузАрт тобы келеді екен.

1. MuzArt/МузАрт тобы. Жылдық табыс: 800 мың доллар

Аталған топтағы негізгі солистер Сәкен мен Кенжебек болса, топтың тағы да бір белді мүшесі Мейрамбек 2011 жылы «Ғашық жүрек – 2» киносында негізгі рөлдердің бірін орындап, мамандардың айтуынша, 2011 жылдың ең қымбат актері атанды. Әр күнгі кино түсіру алаңында 7000 доллардай сыйақы алып отырған. Ал, жалпы топқа келетін болсақ, МузАрт тобы 2003-2004 жылдары Қытай мен Ресей қалаларын аралап, мол табысқа кенелген. Ал 2006 жылы Түрік нарқына дендеп еніп кетті. 2007 жылы топ мүшелерінің қатары тоғыз адамға көбейіп, ән әлемінде өзіндік өрнектер салды. 2011 жылы өздері жеткен жетістіктер турасында документальдық кино түсірді.

2. Батырхан Шүкенов. Жылдық табысы: 720 мың доллар

Қазақстанның белгілі әртісі, композиторы. Өнердегі жолы 1982 жылдан басталған. Бастапқы кезде «Арай» ансамблінде Роза Рымбаеваны сүйемелдеуде саксофоншы болды. 2009 жылы ЮНИСЕВ-тің Қазақстандағы өкілі болды. 2010 жылдың мамырында «Абайлаңыз, сүйкімді қыз» атты жеке төртінші альбомын шығарды.

3.Баян Есентаева. Жылдық табысы: 700 мың доллар

Журналист, жүргізуші, қазақстандық бес жобаның авторы. Сарапшылардың айтуынша, «Ғашық жүрек» киносынан 350 мың доллардай кіріс кірген. «Ғашық жүрек – 2» киносының бірінші қойылымында-ақ 5 млн теңге тапқан. Ең негізгі жобасы - жылдық табысы 300 мың доллар құрайтын «КешYou» тобы. 2012 жылдың көктемінде продюсерлік орталық «Ел Арна» телеканалымен бірлесіп, екінші рет «Қазақ аруы» сұлулық байқауын өткізді.

Massaget.kz

БӨЖ тапсырмалары. Қазіргі қазақ өнері жайлы шағын шығарма жазыңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы. 1998.

2. Құлсариева А..Мәдениеттану сөздігі .-Алматы, 2001.

Он үшінші апта

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТАМЫРЫ (3 сағат)

Грамматика: шылау және оның түрлері.

Бірінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

    1. Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнері

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби–музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп табылады. Айтыс қазақ даласында XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет – ғұрып, салт–дәстүрі басты себеп болды. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалы түрде орындалуы. Айтыстың ең ежелгі түрі – «Бәдік» айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатады. Бәдік айтысынан басқа өлі мен тірінің, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасқан.

Айтысты XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарды.

Ақындар жекпе–жек ұрысқа шыққан батырлардай бір–біріне күш көрсетіп, өздерінің мықтылығын айтып, қорқыта сөйлейді. Сонымен қатар, өз жерінің, елінің шыққан ортасының кереметтігін жырлайды. Әрине, жеңу мақсатын көздеп келген ақын басқасының мін-кемшіліктерін тізе жырлайды.

Айтыс түйіні – шындық. Қандай тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып құтылып кете алмаған, сондықтан оның бәрі де тек шындықпен айтылған аталы сөзге тоқтап, бас иетін болған. Айтыс ақындардан тапқырлықты, білімдарлықты, өмір тануда сергек сезімталдықты және өзгеге ұқсамас өзіндік ерекшелігін талап еткен.  Ертеде өткен ақындар айтысының дүлдүлі Біржан мен Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті және т.б. атауға болады. Олар рулы елдің ар–намысын қорғаушылар болған.

Қазіргі кездегі айтыскерлер сөз шеберлігі мен тапқырлығының арқасында көрермен қауымның көңілін көтеріп, қошеметтерге ие болып жүр. Қазақ халқының өнер сүйер қауымына танымал ақындар - Қуаныш Мақсұтов (Қарағанды), Сара Тоқтамысова (Семей), Айтақын Булгаков (Талдықорған), Аманжол Әлтаев (Астана), Кенжебай Жүсіпов (Қызылорда), Ринат Зайытов (Семей), Дәулеткерей Қапыұлы (Астана), Айбек Ережепов (Талғар), Асылбек Ишанов (Орал), Жандос Бөгембаев (Алматы облысы), Күміс Сарсенбаева (Жамбыл облысы), Нұрлан Мұсаев (Маңғыстау) және Аманжол Зағыпарұлы (Қызылжар), Сырымбек Сәрсембаев (Құлсары) және т.б.

referat.kz