Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабатар 2.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать

5.Берілген мақалдарды жаттап алыңыз.

Жігітке жетпіс өнер де аз.

Жігіт көркі - өнер

Өнерліге есік ашық

Қол өнері – кілемде, сөз өнері - өлеңде.

Өнер алды қызыл тіл

Үшінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен баяндаңыз. Ұлттық байлық

Ұлттық байлық - бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар.

Материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар. Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. кіреді.

Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұражай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар да жатады.

Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 15 бөлігін құрайды. Тұрғындардың өз бастарының мүлкінің құрамына ұзақ мерзімге қолданатын заттар енеді –олар: үй жиһазы, картина, жеңіл машиналар және т.б.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.

Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан Австралиядан, АҚШ-тан және Қытайддан кейін ғана үшінші орын алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі.

referat kz.

2. Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

Ұлттық байлық – национальное богатство

рухани игіліктер – духовные ценности

қоғам меншігі – общественная собственность

ұлттық мүлік – национальное имущество

табиғи ресурс – природный ресурс

негізгі өндірістік қор – основной производственный фонд

шабындықтар – орашаемые земли

жайылым - пастбища

3. Қазақстанның үлттық байлығына не жататынын көрсетіңіз.

Үлгі: жер, орман, ...

  1. Мәтіннен шылауларды тауып, олардың мағыналық түрін анықтаңыз.

Үлгі: және – жалғаулық шылау, т.б.

5. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Ұлттық байлыққа не жатады және ол қанша түрге бөлінеді?

  2. Ұлттық мүлік пен табиғи ресурстарға нелер жатады?

  3. «Негізгі өндірістік қор» деп нені айтамыз?

  4. Бүгінгі күні еліміздің ұлттық байлығы қандай?

6.Сұхбаттасыңыз.

  • Қазақстандағы қандай ескерткіш, ежелгі құрылыстарды білесіз?

  • ................................................................................................................... .

  • Сіздің туған өлкеңізде өзен-көлдер бар ма, болса, қандай?

  • ................................................................................................................... .

  • Сізді таулы аймақ қызықтыра ма, қызықтырса, неліктен?

  • ............................................................. .

  • Сіз өз туған жеріңізді неліктен жақсы көресіз?

  • ......................................................................................... .

  • Қазақстан ормандарының бүгінгі жайы туралы оқыдыңыз ба, ол қандай?

  • ................................................................................................ .

  • Біздің еліміздің ұлттық байлығы туралы не айтар едіңіз?

  • ................................................................................................ .