Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабатар 2.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать

5.Мәтінді берілген жоспар бойынша топқа бөліп баяндаңыз.

  1. Алғашқы театрлар.

  2. Кәсіби театрлар және оның алғашқы әртістері.

  3. Театрдаға тың серпіліс.

6.Сұхбаттасыңыз.

  • Раушан, бүгін кешке қолың бос па?

  • Иә, қолым бос.

  • Сен Астанадағы қазақ театрында болдың ба?

  • Бір-екі рет барғанмын.

  • Ол кімнің атында екенін білесің бе?

  • Жоқ, есіме түспей тұр.

  • Ол театр Қазақстанның халық әртісі Қалибек Қуанышбаевтың атында. Ол кісі - қазақ киносы мен театрына көп еңбек сіңірген адам. Бүгін осы театрда «Абылай хан» атты спектакльдің премьерасы болады екен, бірге барып көрейік. Қалай қарайсың?

  • Барсақ, барайық. Билет бар ма?

  • Иә, менде екі билет бар, Назгүл екеуіміз бармақшы болғанбыз. Ол, апасы науқастанып қалып, ауылға кетіп қалды.

  • Жарайды, рахмет.

  • Иә, киініп, дайын тұр. Өзім хабарласамын.

7.Қосымша оқуға. Астана Опера (театр)

«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылыс барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Театр шымылдығын тұңғыш ашқан Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектаклі болды. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толды.

«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сахна астында, 12 метр тереңдікте, «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орналасуына есептеліпті.

«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Бұдан басқа ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.

  1. Kk.Wikipedia.Ord/wiki

1.Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтаңыз, мағынасын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

    1. Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толды. Театр бірнеше кезеңдерден өтті: 1934 жылы Алматыда «Қазақтың музыкалық театры» болып ашылды, 1937 жылы оған қазіргі атауы берілді, 1941 жылдан бастап ол «академиялық» болды, ал 1945 жылы театрға ұлы Абайдың аты берілді.

Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық жағынан өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері болып атанды.

Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық «Айман-Шолпан» спектаклімен ашылып, таңқалдырар табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде Қанабек Байсейітов былай деп жазады: «15 мамырға дейін «Айман-Шолпан» 100 рет қойылды. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып, жұрт гуілдеп оның әндерін айтып жүрді».

Қазақстанның опера өнері тарихында 1944 жыл жаңа бір үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Театрға жаңа буын жас әншілер келіп қосылды. Олар Байғали Досымжанов, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаевтар еді. Біраздан соң өз композиторларымыз жазған алғашқы ұлттық операларымыз да дүниеге келді.

Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы Мәскеуде, Үлкен театрда көрсетіліп, зор шабытпен шырқалды. Мәскеуліктер қазақтың бірінші операсына аса зор ықыласпен сүйсініп, ұзақ қол соқты. Әсіресе бұлбұл әнші Күләш Байсейітова талғампаз Мәскеу халқының жүрегін баурап алды.

«Абай» операсы Ленинград, Берлин, Дрезден, Лейпциг, Тәшкен, Ярославль қалаларында көрсетілді. Ол 1958 жылы Мәскеуде Үлкен театр сахнасында басты рольді Ришат Абдуллин орындаған «Абай» операсы зор құрметке ие болды. «Біржан-Сара» операсы 1946 жылы жарық көрген еді. Осы декадада бұл опера да Үлкен театр сахнасында қойылып, зор табысқа ие болды. Мұқан Төлебаев бірден қазақ музыка өнерінің классигі боп шыға келді.

malimetter.kz