Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабатар 2.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать
  1. «Заман жаршысы» газеті.

  2. Жамбыл мен ленинградтықтардың достығы

08 Желтоқсан 2012ж.

2.Жаңа сөздердің мағынасын, сөздікті пайдаланып, біліп алыңыз. Оларды тұлғасына қарай талдаңыз.

Тұлға, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, батасын алу, татулық, қиындықтар, опасыздық, жан тебірентер, өшпенділік.

3.Берілген жоспар бойынша әңгімелеңіз.

1.Бала ақын.

2.Батырлықтьы дәріптеу.

3.Жаңа заман жаршысы.

4.Жауға атылған оқ.

4.Өлеңді жаттап алыңыз.

Ленинградтық өренім

Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің, Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін. Көпіріне қарасам, Көмкерген су көлемін. Өркеш-өркеш жарасқан, Шоқылардай дер едім. Жауда қалып Ленинград, Жаралған жоқ көнгелі. Жасағанмын өмірді – Жау біткенді жеңгелі! Саудыратып сүйегін, Топыраққа көмгелі. Қазақстан жерінен, Тұтанғандай ел кегі! Құс ұйқылы көнемін, Қайтып ұйқы көремін! Жетсін деймін сендерге, Жыл құсындай өлеңім! Қаласында Лениннің, Сайыпқыран өренім!..

4.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Ақын неліктен ленинградтықтарды «мақтанышым» деген?

2) Ақынның жауға оқ боп атылған сөздері қай шумақтан аңғарылады?

3)Ақын Ленинград халқына деген ыстық ықыласын қалай білдірген?

5.Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы ... . 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте ... . Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын ... . Жамбыл ақын ерлікті, елдікті .,.. , халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан ... . Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті ... . Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, жамбыл рухына ... .

Керекті сөздер: орын алады, тұлға, бас иді, арашалаған, аңғарылады, өте мол болған, дәріптеген.

6. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

  1. Мен Жамбыл шығармаларын сүйіп оқимын.

  2. Біздің облысымыз Жамбыл ақынның атымен аталады.

  3. Жамбыл шығармаларының бірнеше томы жарық көрді.

  4. «Сұраншы батыр» - Жамбылдың күрделі эпикалық шығармасы.

7-тапсырма. Мәтіннен есімшелерді теріп көшіріңіз.

Үшінші сабақ (1 сағат)

Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады.

Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. «Жастарға» деген өлеңінде жастарды адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді.

1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911).