Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабатар 2.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
212.99 Кб
Скачать

3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Жүсіпбек Аймауытұлы қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?

2) Қазақ жұртшылығы үшін Ж.Аймауытұлының орны қандай?

3) Ж.Аймауытұлының еңбектері жайлы не білесіздер?

4) Біз Ж.Аймауытұлы шығармаларынан не білеміз?

4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.

Бұрын, аса, әжептеуір, қыруар, жанында, нағыз.

5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.

Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, ат салысты, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезімталдық.

6. Сөйлесіңіздер.

- Арман, сен қай университетте оқисың?

- ---------------------------------

- Қандай маманықта оқисың?

- ---------------------------------

- Сен Ж. Аймауытұлының шығармаларын білесің бе??

- ----------------------------------

- Жазушының қандай романдары бар?

- ----------------------------------

- Жазушы шығармаларында нені суреттейді?

- ----------------------------------

-Ж.Аймауытұлы кімнің шығармаларын аударды?

- ----------------------------------

Екінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз. М. Әуезов – суреткер

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. «Абай жолында» қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

2. Сөз тіркестерінің мағыналарын сөздіктің көмегімен анықтаңыз, сөйлем құраңыз.

Ғылым қайтаркері, сауатты кісілер, жатқа оқу, киіз үй сахнасы, ғылыми зерттеулер, ұлттық дәстүр.

3. Берілген сөздермен сөйлем құраңыздар.

Мұра, роман-эпопея, шығарма, қазақ қоғамы, ұлттық әдебиет, дүние жүзі.

Үлгі: М.Әуезов мұрасы-аса маңызды мұра.

4. «Мен М. Әуезов жайлы не білемін?» деген тақырыпта өзара сұхбаттасыңыздар.

Үшінші сабақ (1 сағат)

1. Жаңа сөздермен танысыңыз.

Қаламгер – писатель

Тілші – корреспондент

Жерлес - земляк

Өр мінезді – принципиальный

Сағыныш – тоска

Шыншыл – правдивый

2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.

О. Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы

Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. О. Бөкейдің әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ашық кісі болған.

О. Бөкей 1961 жылы Шыңғыстайдың Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектебін бітіріп, сонда пионер вожатыйы, кейін “Алтай” ауылында тракторшы болып еңбек еткен. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, өз өңіріндегі Большенарым ауданында “Еңбек туы” және Шығыс Қазақстан облыстық “Коммунизм туы” газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды. Жиырма бес жасында О. Бөкеев Алматыға келіп, “Лениншіл жас” (бүгінгі “Жас алаш”) газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды.

1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді. «Менің повесть, әңгімелерімнің сюжеттері туған жер, жастық шағымда болған оқиғалар туралы естеліктерге толы», – деп жазды ол.

О.Бөкеев “Үркер” (1971 ж.), “Қайдасың, қасқа құлыным?” (1973 ж.), “Мұзтау” (1975 ж.) жинақтарын шығарды. Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы атойлап тұрады. Шығармаларының әр тармағынан туған жерге ілтипаты танылады. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді. Оның шығармаларының кейіпкерлері – ауыл адамдары – қойшылар, жылқышылар, бұғы өсірушілер, диқандар, орманшылар, ересектер мен жастар. Олар рухани дүниелері бай, бітім-болмысы кіршіксіз, пәк ниетті жандар. Олар қиындыққа төзімді, өздеріне сенімді, адал да аңғал, ақ жүректі, кеңпейілді адамдар. Қай шығармасын алмаңыз, өмірге деген құштарлық, өмірді жақсартуға деген ұмтылыс жеңіп шығады. Қаламгердің кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ТМД елдері халықтарының тілдерінде жарық көрді.